45.Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудің негізгі бағыттарын көрсетіңіз
Нарықтық экономикаға өту кезеңі(1990 жылдан бастап)
Оның мақсаты нарықтық экономиканың негізін салу болды. Бұл үшін 3 негізгі міндетті шешу қарастырылды .
Экономикалық іс- әрекетке еркіндік беру (Либерализациялау лат libaralis- еркін)
Мемлекеттік меншікті жеке иелерге беріп ,жеке меншікті шаруашылықтар құру ( жекешелендіру)
Шет елдермен жан жақты шаруашылық байланыстарын қалыптастыру ( Әлемдік шаруашылық интеграциясы)
Қазақстанның ол кезде ұлттық валютасы болған жоқ . Сондықтан, қайта құруға Ресей үкіметі өз ықпалын жүргізді. Ол “ шұғыл радикалды қайта құрудың” ауыр жолын таңдады . Ондағы басты нәрсе бір мезгілде бағаны босату және мемлекеттік шығынды қысқарту болды.
Бұл уақыт та өз ішінде екі кезеңнен тұрды .
Біріншісіне : (1992-1998) ең ауыр жоспардан нарыққа өтудің тығырықты жағдайы сәйкес келеді . Ол бұрын болып көрмеген бағаның ущығуымен , өндірістің, өмір сүру деңгейінің құлдырауымен ерекшеленеді. Бірақ , дәл осы кезде болашақтағы дамудың негізі жасалды . Бұл кезеңге жататын негізгі шаралар :
Либерализациялау
Жекешелендіру
Ұлттық және басқа банктердің құрылуы:
Төл теңгенің енгізілуі :
Кәсіпорындарды шет елдік компаниялар басқаруына беру
Осы аталған шаралар экономикалық саясаттағы өз бетімен атқаратын істі қамтамасыз етіп , өндірісті жандандыруға көмектесті.
Екіншісіне : (1999-2006) Экономикалық өсудің онжылдығы деп атауға болады . Оған қолайлы жағдай туғызған Қазақстандық экспорттың (шетке шығарудың ) негізін құрайтын мұнай мен металлға әлемдік бағаның өсуі еді. Осы жағдай экспортқа бағытталған мұнай мен металлдың экономикасын құруға себеп болды. Ол әлемдік экономиканың жағдайы мен халықаралық нарықтағы бағаға тәуелді.
Әлемдік экономика дамып, баға көтерілген кезде Қазақстанға кіріс мол кірді. Халықтың өмір сүру деңгейі көтерілді . Еліміз экономикалық және әлеуметтік мәселелелерді шешумен айналысып , Қазақстанның алтын валюталық қоры жасалды . Әлемдік экономикалық тығырық кезеңінде мұнай мен металлға сұраныс қысқарып , баға күрт төмендеді. Бұл жағдай өндірістің құлдырауына , жұмыссыздыққа әкелді . Бұрын жиналған қор ғана дағдарыстын әсерін жеңілдетті . Ал оның салдарын толық жеңу тек әлемдік экономикамен байланысты .
Бұл тәуелділікті азайтудың жалғыз жолы –экономикалық әлеуметтік әлуетті нығайту болып табылады .
Достарыңызбен бөлісу: |