Байланысты: « аза станны азіргі заман ы тарихы» п ні о амды тарихи санан
55.«Халық тарих толқынында» тарихи зерттеу бағдарламасы жобасы 2013 жылдың 12 шілдесі күні «Халық тарих толқынында» тарихи зерттеу бағдарламасы жобасын даярлау бойынша жұмысшы тобы отырысы болып өтті.
Елбасы біздің ортақ сәйкестігіміз халықтың тарихи сана-сезімінің арқауы болуы тиіс екендігін айта келе, «Халық тарих толқынында» атауымен тарихи зерттеулердің арнайы бағдарламасын әзірлеу мақсат-міндетін жүктеді. Ғылыми бағдарламаның мақсаты:
- Қазақстанның тарих ғылымының алдыңғы қатарлы әдіснама мен әдістеме арқауында сапалық секірісті жүзеге асыруына жағдай жасау;
- қазақтардың ұлттық тарихының көкжиегін кеңейту, ұлттың жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру;
- Қазақстанның жаңа тарихының жиырма жылының мәнін пайымдау.
- алдыңғы қатарлы әдіснама және әдістеме негізінде қазақ этносының объективті тарихын және оның ежелгі заманнан қазіргі кезге дейінгі тарихи тағылымы, этникалық және мемлекеттік территориясының тарихи қалыптасуы, Қазақстан халықтарының полиэтникалық қалыптасу кезеңдерін қайта жасап шығару болып табылады.
Ғылыми бағдарламаны 2014-2016 жылдары жүзеге асыру көзделіп отыр.
Бүгінгі күні Қазақстанның қазіргі заманғы тарих ғылымының алдында маңызды міндеті : еліміздің азаматтарының мінез-құлқы мен санасында болып жатқан логикалық өзгерістерді, әлемдік тарихнама тәжірибесін ескере отырып, жаңа теориялық-методикалық мақсаттармен қазақ халқының тарихын қайта жаңғырту тұр. Уақыт пен қоғам тарихшы ғалымдардан Қазақстан территориясында тарихи үрдістерді тек тарихи зерттеулерден басқа зерттеудің пәнаралық сипаттағы кешенді тәсілін талап етеді.
«Халық тарих толқынында» бағдарламасы аясында қазақтың ұлттық тарихының шеңберін кеңейту және ұлттың жаңа тарихын дүниетанымын қалыптастырудағы мәні, маңызы зор. Осы «Халық тарих толқынында» бағдарламасы аясында еліміздің Тарих және этнология институты, Мемлекеттілік тарихы институты, Шығыстану институты басқа да университеттер тарапынан ғалымдар тартылып, ғылыми экспедициялар мен іс-сапарлар нәтижесінде Қытайдан, Ресей ден табылып жатқан дүниелер. Оның барлығы қазір ғылыми айналымға еніп жатыр. Зрттеушілер бұған дейін де осындай көне мұрағаттардың материалдарын жинақтаумен айналысып келеді. Сонау тастағы Сына, Руна жазуларын зерттеуде. Қазір жалпы түркі тілінің руналогиялық ескерткіштерінің корпусын жасап жатыр. Сібірдегі, Моңғолиядағы және тағы басқа сонау Күлтегіннен бастап, көне түркілердің мекендеген жерлерінен табылған тастардағы жазуларды анықтау жұмыстарын атқарып келеді. Түркілерден бұрын Ғұн, Сақ дауірлеріндегі ескерткіштерді жинақтап, дүниежүзінің негізгі ғалымдарының еңбектері нәтижесінде соларды кітап ретінде басып шығармақ ниетте.
Жалпы айтқанда «Халық тарих толқынында» бағдарламасының халық алдында маңызы, ол бұрыңғы ата – бабалармыздан келе жатқан салт – дәстүрлерімізді, және олардан қалған бағалы заттарды қастерлеу. Сонымен қатар, шет елдерден, Қытай , Ресей және тағы басқа біздің тарихымызға жататын құнды заттарды табуда.
56 сұрақ Мәдени мұра - орны толмас құнды рухани, мәдени, экономикалық және әлеуметтiк қазына. Мұра осы заманғы ғылым, бiлiм мен мәдениеттiң де қайнар көзi. Бұл, табиғи байлықтарымен қатар, ұлттық өзiн-өзi сыйлауы мен әлемдiк қоғамдастықты мойындатуына басты негiз болып табылады.
2009-2011 жылдарға арналған "Мәдени мұра" стратегиялық ұлттық жобасының Тұжырымдамасы (бұдан әрi Тұжырымдама) Мемлекет басшысының 2008 жылғы 13 маусымда өткен "Мәдени мұра" бағдарламасын iске асыру жөнiндегi Қоғамдық кеңестiң отырысында берiлген тапсырмасын орындау мақсатында әзiрленген.
Бұл Тұжырымдамада 2004 - 2006 жылдарға арналған "Мәдени мұра" мемлекеттiк бағдарламасын (бұдан әрi - Мемлекеттiк бағдарлама) iске асырудың негiзгi аспектiлерi және 2007 - 2009 жылдарға арналған "Мәдени мұра" салалық бағдарламасының (бұдан әрi - салалық бағдарлама) екi жылдық нәтижелерi талданып, оны алдағы жылдары iске асырудың басым бағыттары көрсетiлген.
Тұжырымдаманың өзектiлiгi Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұра құндылықтарына деген мемлекет көзқарасын жүйелi жетiлдiрiп отырумен айқындалады. Өткен кезеңдердегi саяси және әлеуметтiк-экономикалық өзгерiстердi қайта зерделеу мен бағалау процесi барынша күшейiп келе жатқан қазiргi уақытта ақиқатқа объективтi, нақпа-нақ және сындарлы тұрғыдан қарап, мәдени мұраны сақтау мен тиiмдi пайдалану перспективаларын терең бағамдау қажеттiлiгi туындап отыр.
Осы Тұжырымдама халықтың әлеуетi мен iзгiлiк бағытын паш етiп, оның тарихи тәжiрибесiн байытқан және ұрпақтар жалғастығының сенiмдi тiрегiне айналған стратегиялық ұлттық жобаны одан әрi iске асыру жөнiндегi 2009 - 2011 жылдарға арналған "Мәдени мұра" салалық бағдарламасының iс-шаралар жоспарын жасауға негiз болады.
Мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру Қазақстан тарихындағы шын мәнiнде теңдесi жоқ, аса жемiстi гуманитарлық акция болды. Отандық мәдениет пен ғылымды жоғары деңгейге көтеруге мүмкiндiк беретiн жаңа құнды тәжiрибе алынды.
Елiмiздiң тарихи-мәдени мұрасын зерделеу, айрықша маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткiштерiн қайта қалпына келтiру жөнiнде ауқымды жұмыс атқарылды. Бүгiнгi күнi мемлекеттiк мұражайларда екi миллионнан астам мәдени құндылықтар сақталуда.
Ұлттық мәдениет пен жазудың сан ғасырлық тәжiрибесiн қорыту, әлемдiк ғылыми ой-сананың, мәдениет пен әдебиеттiң үздiк жетiстiктерi негiзiнде гуманитарлық бiлiмнiң мемлекеттiк тiлдегi толыққанды қорын құру жөнiнде жұмыс жүргiзiлдi.
Мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру барысында 35 тарих және мәдениет ескерткiштерiнде жаңғырту жұмыстары, 30 қалашық, қоныс, тұрақ пен қорғанда археологиялық зерттеу жұмыстары жүзеге асырылды.
Қытай, Түркия, Моңғолия, Ресей, Жапон, Египет, Өзбекстан, Армения, АҚШ, бiрқатар Батыс Еуропа елдерiне ғылыми-зерттеу экспедициялары ұйымдастырылып, ғылыми ортаға бұрын белгiсiз болып келген Қазақстанның тарихы, этнографиясы, өнерi туралы бес мыңға жуық қолжазба мен баспа басылымдары табылды. Экспедициялар барысында тек Қытайдың өзiнде ғана Қазақстанның тарихы мен мәдениетiне қатысты бұрын зерттелмеген үш жарым мыңға жуық тың дерек табылды.
Осы зерттеулердiң нәтижесiнде, қазiр Қазақстанда қазақ хандары мен сұлтандарының Қытай, Қоқан, Хиуа және де басқа шектес жерлердiң билеушiлерiмен хат алмасуы жөнiнде көптеген тарихи маңызды деректер жиналды, бұрын белгiсiз қыпшақ жазбаларын иелендiк.
Жүздеген жазба ескерткiштер Еуропа мемлекеттерiнiң кiтапханалары мен дипломатиялық мұрағаттарынан табылды.
Шет елде Орталық Азиядағы көне көшпелi халықтардың шаруашылық құрылысы мен антропологиялық түрiне, олардың тiлдерiнiң өзара ықпалына және өзара қарым-қатынастарына қатысты этнологиялық деректердiң табылуының маңызы айрықша зор.
Қожа Ахмет Иассауи кесенесi мен Тамғалы археологиялық кешенi сияқты екi ғажайып ескерткiш ЮНЕСКО-ның Дүниежүзiлiк Мұралар Тiзiмiне ендi. Аталған тiзiмге ұсынылған келесi ескерткiш ежелгi Отырар қаласы болып отыр.
Мемлекеттiк бағдарлама аясында 230 аталым кiтап жарық көрдi, арасында тарих, археология, этнография жөнiндегi аса құнды сериялар, жаңа энциклопедиялық сөздiктер бар. Мысалы, "Бабалар сөзi" сериясы жүздеген жылдар бойы жасалған қазақ халқының бай ауыз әдебиетiн жинақтауға мүмкiндiк берсе, "Қазақтың ата заңдары" жинағы қазақ халқының құқықтық санасының даму тарихын ашып көрсетедi.
Мемлекеттiк бағдарлама ТМД елдерiнде ғана емес, сонымен қатар алыс шетелдерде де аса жоғары бағаланды. 2006 жылғы сәуiрде Париж қаласындағы ЮНЕСКО-ның Штаб-пәтерiнде оның тұсаукесерi табысты өттi.
Оны iске асыруға мемлекеттiк бюджеттен 2,7 миллиардқа жуық теңге бөлiндi.
Мемлекеттiк бағдарлама тарихи-мәдени мұраны қайта қалпына келтiрумен ғана шектелмейдi. Оның басты мақсаты - қоғамдық санада оң өзгерiстерге қол жеткiзу және нақ осы тұрғыда ол маңызды идеологиялық, жалпымемлекеттiк мәнге ие.
Бiрiншiден, мемлекеттiлiктiң аса маңызды рухани негiзi болып табылатын ұлттың тарихи санасының көкжиегiн кеңейту және рөлiн күшейту туралы сөз болып отыр.
Мемлекеттiк бағдарламаны әзiрлеу барысында зерттеулер жүргiзу ауқымын тарихи диапазонын концептуалды түрде анықталды. Ол қола дәуiрiнiң соңынан бастап темiр дәуiрiне дейiнгi екi мың жылдан асатын кезеңдi қамтиды.
Нәтижесiнде Еуразия кеңiстiгiне атты көшпелiлердiң шығуы және осы оқиғаның әлемдiк дiндер пайда болған "осьтiк дәуiрге" әсерi, далалық өркениет пен қазақ хандықтарының жарқын әрi драмалық тағдыры, Ұлы Жiбек жолы бойында қалалардың пайда болуы, олардың гүлденуi, құлауы мен қайта өркендеуi, отарлану, империя құрамында болу, егемендi мемлекет ретiнде болашаққа жол iздеу сияқты iргелi тарихи оқиғалар назарға алынды.
Екiншiден, Мемлекеттiк бағдарлама ұлттық сана-сезiмнiң қалыптасуы және нығаюына байланысты сұрақтарға жауап болды.
Үшiншiден, Мемлекеттiк бағдарламаның iске асырылуы елдiң жаңа тарихи-мәдени ландшафтының қалыптасуына игi әсерiн тигiздi.
Төртiншiден, Мемлекеттiк бағдарламаның iске асырылуы қазақстандықтардың өз тарихына және мәдениетiне қызығушылықтарын арттыра түстi.
Бесiншiден, Мемлекеттiк бағдарламаның елдегi этносаралық өзара түсiнiстiктiң артуы мен ұлтаралық қатынастардың үйлесiмдiлiгi тұрғысынан алғандағы зор әлеуетiн де атап көрсету қажет.
Жалпы алғанда, Мемлекеттiк бағдарлама бойынша өте қомақты нәтижелерге қол жеткiзiлдi, ол елдегi және шетелдiк зиялы қауым тарапынан жоғары бағаға ие болды.
Елдiң мәдени мұрасын зерделеуге, сақтауға, қалпына келтiруге және тиiмдi пайдалануға бағытталған шаралар кешенiн iске асыруды қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 10 желтоқсандағы N 1203 қаулысымен 2007 - 2009 жылдарға арналған "Мәдени мұра" салалық бағдарламасы бекiтiлдi, ол Мемлекеттiк бағдарламаның қисынды жалғасы болып келедi.
"Мәдени мұра" салалық бағдарламасын iске асырудағы 2 жыл iшiнде (2007 - 2008 жж.) 16 тарих және мәдениет ескерткiштерiнде жаңғырту жұмыстары аяқталды, 39 қалашық, қоныс, тұрақ пен қорғанда маусымдық археологиялық зерттеу жұмыстары жүргiзiлдi. Ұлттық мәдениет үшiн айрықша маңызы бар тарихи-мәдени, сәулет және археология ескерткiштерiнде 8 қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзiлдi, Қазақстанның тарихы, археологиясы, этнографиясы және мәдениетiнiң мәселелерi жөнiндегi басылымдардың жаңа серияларын әзiрлеп шығару бойынша жұмыстар жалғастырылды.
Салалық бағдарламаны iске асыруға 2007-2008 жылдары мемлекеттiк бюджеттен 3,2 миллиардқа жуық теңге бөлiндi.
Сонымен қатар, Мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру тәжiрибесi қысқа мерзiм iшiнде рухани-мәдени, гуманистiк әлеуеттi толығымен ашып жүзеге асыруға мүмкiндiк бермейтiн бiрқатар тенденциялардың бар екендiгiн де көрсеттi.
Егер Мемлекеттiк бағдарламаның алдағы кезеңi негiзiнен аса ауқымды мәдени мұраны, соның iшiнде, фольклор, салт-дәстүрлердi зерделеу, ұлттық мәдениет үшiн маңызы айтарлықтай зор тарихи-мәдени және сәулет ескерткiштерiн қалпына келтiру, ұлттық әдебиет пен жазудың көпғасырлық тәжiрибесiн жинақтау бағытындағы игi iстермен сипатталса, оны одан әрi iске асырудағы мақсат - мол тарихи-мәдени мұраны қоғам игiлiгiне айналдыруды қамтамасыз ету болып табылады.