«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы маңызын айшықтаңыз


жылғы Қазақстандағы халық санағы, халықтың этникалық және әлеуметтік құрылымындағы өзгерістерге талдау жасаңыз



бет36/46
Дата05.05.2023
өлшемі167,79 Kb.
#90372
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   46
50. 2009 жылғы Қазақстандағы халық санағы, халықтың этникалық және әлеуметтік құрылымындағы өзгерістерге талдау жасаңыз

1999 ж ақпан , наурыз айларында Қазақстанда әр он жыл сайын жүргізілетін тұрғындар санағы жүргізілді . Санақтың БҰҰ ның статистикалық комиссиясының нұсқауларына сай , халықаралық практикада қабылданған әдістемемен өткізілгені жарияланды . Санақ қорытындысы бойынша Қазақстанда 14 млн 952.7 мын адам тұратыны анықталды .


2009 жылғы халық санағы бойынша Қазақстан Республикасының халқы 17 200 000 санына тең болды, ал 2011 жылдың 1 қаңтарына 16 441 959 адамды құрады. 2010 жылдың басында халық саны 16 204 617 адам болатын[1].
Оның ішінде, 8763,9 мың (57,3%) адамды қалалық тұрғындар, 7537,5 мың адамды (42,7%) ауылдық тұрғындар құрап отыр.
2006 жылдың қаңтар-маусым аралығында республика халқының табиғи өсімі 63370 адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 8,3 (8,1) адамнан келді.
2006 жылдың қаңтар-маусымында АХАЖ органдары тіркелу көрсеткіші бойынша 143210 (138882) туу фактілерін тіркеді. Туғандардың саны қалалық және ауылдық елді-мекендерде өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, 3,3%-ға және 2,9%-ға өсті де, тиісінше 83566 және 59644 адамда құрады. Бала туудың жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 18,6 (18,4) сәбиді құрады.
Осы кезең ішінде өлгендер саны 79840 (80978) адамды құрап отыр, соның ішінде қалалық елді мекендер үлесі — 51186 (51661) және ауылдық жерлер — 28654 (29317). Өлімнің жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 10,29 (10,33) адам.
Өлімінің негізгі себептері қан айналымы жүйесі аурулары болып табылады, олардың үлесіне барлық тіркелген өлім оқиғаларының 52,9% (52,5%) тиесілі екендігі хабарланып отыр.
Осы кезең ішінде республикада 1 жасқа дейінгі 2049 (2087) баланың шетінеуі тіркелген. Нәрестелер өлімінің коэффициенті 1000 туғанға 14,7 (14,5) шетінеу. Перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар нәрестелер өлімінің ең көп тараған себептері болып табылады, одан ағымдағы жылдың қаңтар-маусымында 1037 (1021) нәресте шетінеді. Цифрлар тілімен айтқанда, барлық нәрестелер өлімінің 50,6% (48,9%)-ы осы жағдайға тиесілі болып табылады.
Биылғы жартыжылдықта некелесу мен ажырасулар саны, тиісінше 54994 және 17467 (48271 және 15183) құрады. Некелесу мен ажырасудың жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 8,5 (7,7) некені және 2,3 (2,1) ажырасуды құрады.
Елде халық көші-қонының оң айырымы сақталып келеді, 2006 жылдың 1 жартыжылдықтағы оның шамасы 18746 (14148) адамды құрады. 2006 жылы қаңтар-маусым аралығында Қазақстанға келгендер саны 2005 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5008 адамға немесе 13,2%-ға, ал Қазақстаннан кеткендер саны 9606 адамға немесе 1,7 есе азайды. ТМД елдерінен келгендер мен сол елдерге қоныс аударғандар үлесі олардың жалпы санына шаққанда, 86,1% және 87,9% (88,7% және 66,4%) құрады.
Ал ел ішіндегі көшіп-қонушылардың саны 137220 (131019) адамды құрап отырған жайы бар.
Республикада қазақтардан басқа 131 ұлыстың өкілдері тұрады. 2013 жылы өткізілген халық санағының қорытындысы бойынша халықтың этноқұрамы келесідей болды: қазақтар - 65,2%, орыстар - 21,8%, өзбектер - 3%, украиндар - 1,8%, ұйғырлар - 1,4%, татарлар - 1,2% , немістер - 1,1%, корейлер - 0,6%, түріктер - 0,6%

Халықтың орналасуы


Халықтың қоныстануы әрқилы. Алтай, Тянь-Шань таулары өзен атыраптарында жиірек қоныстанған. Қазақстанның ірі қалалары немесе облыс орталықтарының көпшілігі (Астана, Қарағанды, Жезқазған қалаларынан басқасы) шекараларға айнала жақын орналасқан. Халық тығыздығы ең жоғары облыстыр Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстары, ең сирек қоныстанған облыстыр Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстары.


51. Үкіметтік емес ұйымдардың , кәсіпорындардың , азаматтық қоғам институттарының дамуы.
1999 жылы іс жүзінде барлық өңірлерде «Үкіметтік Емес Ұйымдар ақпарат орталықтары» ашылды, олардың басты міндеті өңірлік үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау, оларға консультативтік көмек, ақпараттық және әдістемелік қолдау көрсету болды.
2000 жылы мемлекеттік билік органдарымен (бұдан әрі – билік) өзара іс-қимыл тетіктерін жасау үшін Үкіметтік Емес Ұйымдар күш-жігерін шоғырландыратын Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарының конфедерациясы құрылды.
2003 жылы ел Үкіметі үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың 2003 – 2005 жылдарға арналған бағдарламасын бекітті, соған сәйкес облыстық (қалалық) бағдарламалар әзірленді.
2003 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен бірінші Азаматтық форум өткізілді. Ол үкіметтік емес сектордың саяси танылуын белгіледі және азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының жүйелі тетіктері қалыптасуының бастауы болды. 2005 жылы екінші Азаматтық форум өткізілді, ол елдің қоғамдық өміріне қатысуға бизнес-қауымдастықтардың тартылуына ықпал етті.
Орталық және жергілікті деңгейлерде «билік – қоғам» серіктестігінің ұзақ мерзімді тұрақты тетіктерін және түрлі үндесу алаңқайларын құру жөніндегі жұмыс белсенді жүргізіле бастады. Қорытындысында, 2005 жылғы сәуірде «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданып, ол билік органдары мен Үкіметтік Емес Ұйымдардың өзара қатынастарының принциптік жаңа жүйесінің құрылуына мүмкіндік берді.
2003 – 2005 жылдары бірін бірі алмастыра отырып, азаматтық қоғамды одан әрі демократияландыру және дамыту жөнінде ұсыныстар тұжырымдау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін кеңес пен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Демократия мен азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі ұлттық комиссия жұмыс істеді.
2006 жылғы наурызда Қазақстан Республикасында демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды, оның жұмысына саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысады.
Сөйтіп, өткен жылдары елде азаматтық қоғам институттары – саяси партиялар, коммерциядық емес (үкіметтік емес) ұйымдар, кәсіподақтар, ұлттық-мәдени бірлестіктер, мемлекеттік емес БАҚ және тұтастай алғанда мемлекеттік емес секторды білдіретін басқа да институттар қалыптасып, қазіргі уақытта мейілінше тез дами бастады. Бүгінгі күні Қазақстанда 12 саяси партия, түрлі бағыттағы 5820 Үкіметтік Емес Ұйымдар, 3340 қоғамдық қор, 1072 заңды тұлғалар қауымдастығы, 471 ұлттық-мәдени бірлестік, 40-тан астам конфессиялар мен деноминацияларды білдіретін 3340 діни бірлестік, түрлі меншік нысанындағы 6646 БАҚ ресми тіркеліп, жұмыс істеуде. Осы және басқа да азаматтық қоғам институттары елді одан әрі демократияландырудың маңызды ресурсына айналды.
Сонымен бірге, қоғамда азаматтық қоғамның одан әрі өсуіне ғана емес, елді әлемдік жаһандану процесіне барған сайын тартып бара жатқан қыр көрсетулерге де байланысты бірқатар проблемалық мәселелер көрініс бере бастады. Олар тұтастай алғанда елдегі азаматтық қоғамды одан әрі үйлесімді дамытуды тежейді, оның әр бөлігі үшін сипаттамалық ерекшеліктері бар және өз шешімін талап етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет