«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы маңызын айшықтаңыз


ҰЛТАРАЛЫҚ КЕЛІСІМНІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҮЛГІСІ ЖƏНЕ ОНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ



бет37/46
Дата05.05.2023
өлшемі167,79 Kb.
#90372
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   46
52. ҰЛТАРАЛЫҚ КЕЛІСІМНІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҮЛГІСІ ЖƏНЕ ОНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
Бүгінгі таңда Қазақстан ұлтаралық жəне дінаралық келісім мен ымырагершілікті негізге алған 140 астам ұлт өкілдері мен 40 астам дінді уағыздайтын үш мыңға жуық діни бірлестіктердің отаны болып отыр. Қазақстан тəуелсіздік жылдарында бұл стратегияның өміршеңдігін көрсетіп, оның бүкіл адамзат
қауымының дамуындағы халықтардың өзара қарым-қатынас мəдениетінің қазақстандық үлгісінің қажеттілігін танытты. 
Əлемдегі кез-келген Қазақстан секілді көп ұлтты мемлекеттің өзінің тұтастығы мен тəуелсіздігін сақтаудың негізгі шарттарының бірі – ол оның азаматтарының ұлтқа бөлінбей, бір қауымға, тұтас халық дəрежесіне біріктіру мəселесі алынады. Сондықтан да, Қазақстан билігі өз азаматтарының ұлттық ерекшелігін сақтай отырып, жалпы қазақстандық ұлт дəрежесіне біріктіру саясатын ұстанған. Бұл бағытта негізгі назар əр ұлт өкілдерінің республика азаматы ретінде саяси топтасуы қарастырылған жəне ол ұлттардың мүдделерінің ортақтығына қатысты құрылып, мемлекеттік саясаттың жалпыұлттық құрылысында есепке алынуы қажет.
Қазіргі таңда Қазақстандағы жалпы ұлттық құрылыстың негізгі құрамының бірі ретінде ұлттық плюрализм алынып отыр. Аталынған бағыттың жүзеге асырылуы барысында біршама жетістіктерге қол жеткізілген. Мысалы, біріншіден, əлеуметтік зерттеу деректеріне сай қазақстандық тұрғындардың басым бөлігі өздерін Қазақстан Республикасының азаматы деп санайтынын мəлімдеген. Екіншіден, Қазақстанда тұратын ұлт өкілдерінеөздерінің ұлттық-мəдени мүдделерін жүзеге асыруға қолайлыжағдай жасалынған.
Қазақстан өз тəуелсіздігінің алғашқы жылдарынан бастап-ақ көп ұлтты жəне түрлі дінді ұстанатын қоғамда этностардың өзшілігі мен бірігуін сақтауға негізделген ұлтаралық қатынастарды қамтамасыз ететін өзіндік айрықша үлгініқалыптастырған. Ұлтаралық қатынастардың қазақстандық үлгісі бірнеше негізгі деңгейде жүзеге асырылады:

  • тұжырымдамалық деңгей;

  • саяси-құқықтық (конституциялық) деңгей;

  • институционалдық деңгей жəне ғылыми-əдістемелік деңгей.

Тұжырымдамалық деңгей еліміздің ұлтаралық қатынастарындағы тұрақтылықты қамтамасыз етеді жəне ол: əлеуметтік-экономикалық, мəдени, ождандық, тұрмыстық жəне басқа да өзара тəуелді, толықтырушы факторларды есепке алу, Қазақстан ұлттарының өз мəдени дамуын еркін қамтамасыз ету жəне олардың мүдделерін қорғау мен жүзеге асыру принциптеріне сүйенеді. 
Саяси-құқықтық немесе конституциялық деңгей мемлекеттің ұлтаралық қатынастар саласын реттейтін заңнамалық актілер жəне ұлттық саясатты жүргізуге қатысты басқа да құжаттардың негізінде жүзеге асырылады. Ұлтаралық келісімнің құқықтық негізі ретінде Қазақстан Республикасының Ата Заңы танылады.
Тіпті Ата Заңның 39-шы Бабы: «ұлтаралық келісімді бұзатын кез-келген əрекет конституциялық емес деп танылады» деп көрсетілген.
Қазақстандағы ұлт өкілдері Қазақстан халқы Ассамблеясы арқылы өздерінің ұлттық мүдделерін еліміздегі жоғарғы трибуна арқылы шешеді.
ҚХА Қазақстан ұлттарының мүддесін қорғаушы нақты механизмге айналды. 
Институционалдық деңгейде ұлтаралық келісімді қамтамсыз етуші негізгі ұйым ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясы танылады. Ассамблеяның қол астында 22 республикалық жəне аймақтық ұлттық-мəдени орталықтар жұмыс істейді. Олар өз кезегінде 470 астам облыстық, қалалық жəне аудандық ұлттық орталықтарды біріктіреді. ҚХА жұмысын жүргізуде оның аймақтық бөлімшелері – Кіші Ассамблеялар маңызды рөл атқарады.
Қазақстан территориясының ауқымдылығы мен оның аймақтарында ұлт өкілдерінің топтасып орналасуы ұлт мəселелерін шешетін арнайы ұйымдардың қажеттілігін тудырды.
Ұлтаралық келісімнің ғылыми-əдістемелік деңгейде жүзеге
асырылуы төмендегідей шаралар арқылы жүргізіледі:

  • ұлтаралық қатынастардың дамуының үрдісі мен жағдайының мониторингі;

  • қауіп-қатерлерді айқындау;

  • факторлық талдау мен қажетті ұсыныстар жасау. 

Ұлтаралық келісімінің қазақстандық үлгісі бірнеше негізгі принциптерге, яғни мемлекеттік саясаттың негізге алатын идеялардың, ұстанымдардың өзара тəуелділігіне сүйенеді. Оның ішінде маңыздылары ретінде:

  • ашықтық пен жариялылық;

  •  заңдылық, қолданыстағы күштер, қаржы мен əдістерді заңды
    тіркеу мен құқықтық реттеу, ұлттық құрылыс мəселелерін саясат- сыздандыру;

  • ождандық бастамаларда гуманизм, əділеттілік жəне адамгершілікті ұстану;

  • өзара көмек пен қолдау;

  • қайшылықтардың алдын алу шараларын қарастыру жəне т.б. аламыз.

 Көптеген зерттеулер мен өмірлік тəжірибе көрсетіп отырғанындай ұлттар арасындағы келісім мен татулық этностардың өзара түсіністігі жағдайында ғана қол жеткізіледі. Бұл бағыттамəдениеттер арасындағы диалог қоғамның толеранттылығын артырады. Осыған сай Қазақстанда тəуелсіздіктің өткен жылдары стандарттарын зерттеп, республикада қабылдаумен қатар, осы саладағы қазақстандық тəжірибені де ұйымның күн тəртібіне ұсыну негізгі мақсат болуы керек.Бірақ, ұлтаралық қатынастардың қазақстандық үлгісін ЕҚЫҰ-на мүше-мемлекеттер үшін бейімдеу үшін тиімді жолын айқындап, Ұйымның мүшелері қатынасының əлеуметтік-саяси жүйесіне кірігу мүмкіндігін қарастыру қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет