Жастардың рухани,мәдени,білім алуы,кәсіби қалыптасуы,дене тәрбиесін дамытуы үшін әлеуметтік-экономикалық,құқықтық,ұйымдастырушылық жағдайлар мен кепілдіктер жасау
Байланысты: « аза станны азіргі заман ы тарихы» п ні о амды тарихи санан
53.Жастардың рухани,мәдени,білім алуы,кәсіби қалыптасуы,дене тәрбиесін дамытуы үшін әлеуметтік-экономикалық,құқықтық,ұйымдастырушылық жағдайлар мен кепілдіктер жасау Жастар — келешегіміздің негізі ретінде өз білімімен, жасампаз еңбегімен және күш-жігерімен өз болашағын құрудың жаңа мүмкіндіктерін алу қажет. Ол ХХІ ғасырда Жаңа Қазақстанның — дамыған, бәсекеге қабілетті және әлемдегі сыйлы мемлекетті қалыптастыруды белсенді жалғастыруы қажет.
Жастар саясатын жүзеге асыру елді жаңашылдыққа,интеллектуалды бәсекелестікке жетелейді.Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев: «кез-келген ел өз келешегін болашақ ұрпағымен байланыстырады »,-деген болатын.
Қазақстан Республикасының Президентінің №73 жарлығымен 2009 жылдың 28-ші тамызында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты» туралы концепциясы бекітіліп бүгінгі күнге дейін жастар мәселесін шешетін негізгі құжат болып келеді. Қазақстан Республикасының Үкіметінің қолдауымен осы концепцияны жүзеге асыруда 2010-2012 жылдарға «Қазақстан жастары» атты нақты бағдарлама қабылданды. Басым бағыттарға ең бірінші азаматтылық пен патриотизмді дамытуға, жастардың рухани-адамгершілік қасиеттерін жоғарылатуға көп орын берілген.
Облыстарда, Астана және Алматы қалаларда «Ауыл жастары» жалпы ұлттық бастамасын іске-асыру мақсатымен үлкен жұмыс жасалады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 29 мамырдағы №76 өкімімен ауыл жастарының дамуына жағдай жасау және қолдау мақсатында 2009-2011 жылдарға арналған «Ауыл жастары» жалпы ұлттық бастамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген. 2009-2011 жылдарға арналған «Ауыл жастары» жалпы ұлттық бастамасының іске асуына бағытталған қаржының жалпы көлемі - 10 млрд. 738 млн. теңге, соның ішінде 2009 жылға – 2 млрд. 806 млн. теңге, 2010 жылға – 3 млрд. 379 млн. теңге, 2011 жылға – 4 млрд. 552 млн. теңге.
Ауылдық жерге жұмысқа келген жас мамандарға көтерме жәрдемақысын беру қарастырылған.2009-2011 жылдарға арналған «Ауыл жастары» жалпы ұлттық бастамасын және ауылға жас мамандарды тарту мақсатымен «Дипломмен – ауылға!» жоба бойынша кең іс-шаралар жүргізіледі.
Бүгінгі таңда Елбасының қолдауымен мемлекеттік жастар саясаты концепциясы бекітіліп, барлық облыстарда жастар саясаты бағдарламасы қабылданып, үкіметте және жергілікті басқару органдарының ішінен жастар ісі бөлімі ашылып, жұмыс істеуде. Мәселен, осындай бағытта бекітілген «Қазақстан жастары –2009» бағдарламасы жеті бағытты қамтыған:
- жастардың еркіндігі мен құқығын қорғау;
- жас азаматтардың жан-жақты білімі мен тәрбиесі;
- әлеуметтік-экономикалық қолдау мен қамтамасыз ету;
- жастардың денсаулығын қорғау;
- жастардың адамгершілік-мәдени және рухани қалыптасуы;
- жас отбасыларды қолдау;
- жастар саясатының инфраструктурасын дамыту.
Бұл бағдарламаның мақсаты мемлекеттік жастар саясатын іске асыратын құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық механизмдерін ойластыру. Осы бағдарламаны қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттен, халықаралық ұйымдардың грандтарыннан бөлінуі тиіс.