«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы маңызын айшықтаңыз



бет40/46
Дата05.05.2023
өлшемі167,79 Kb.
#90372
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   46
Байланысты:
« аза станны азіргі заман ы тарихы» п ні о амды тарихи санан

57 сұрақ
Қ.Р Президенті Н.Ә.Назарбаевтің Ұлытаудағы сұхбатында « Біздің еліміздің қазақ жұртының арғы түбі ғұндардан басталады.Ғұндардан кейін көк түркіге жалғасады.Одан кейін Алтын Ордаға орнығады.Сөйтіп ханық дәуірге ұласып, біртіндеп Тәуелсіздікке келіп тіркеледі.Осындай үлкен тарихымыз бар.Жастарымыз мұны білу керек. Біз кеше ғана пайда болған мемлекет емеспіз» деді.
«Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» деп Шәкәрім атамыз айтқандай, Ұлытау төріндегі әңгіме бұрынғы сұхбаттардан өзгерек болды. Оның бірнеше себебі бар.
Біріншіден, Ұлытау – ешбір әсірелеусіз біздің арғы-бергі бабаларымызға құтты қоныс болған қасиетті мекен. Мұндай орындардың ерекше аурасы, қазақша айтқанда киесі болады. Тумысынан таза қазақша тәрбие алған Елбасымыз мұны айрықша сезеді. Ұлтымыз үшін киелі саналатын орындардың барлығын қадірлеп, зиярат етуді ұмытқан емес. Міне, осындай киелі орындар адамға қанат бітіріп, оның ойына ерекше қозғау салады. Соны біреу түсініп, біреу ұғына алмауы мүмкін. Ұлттық тәрбиеге уызынан жарып өскен Елбасымыз – ерекше түйсігі бар адамдар ғана қабылдай алатын осындай жайларды елден ерек сезіне білетін айрықша жан. Ұлытау төріндегі сұхбат осындай жағдайда дүниеге келді деп ойлаймын.
Екіншіден, Елбасы – Ұлытау өңірін ерекше жақсы білетін адам. Оның жастық шағы, азамат болып қалыптасқан кезі Сарыарқа төрінде өтті. Дәл мағынасында Сарыарқаның шығысы Қарқаралы болса, батысы тура осы Ұлытау, ал екеуінің ортасында Қарағанды тұр. Қаныш Сәтбаев Қазақстанның металлогениясын жасағанда Ұлытау-Жезқазған өңірін Орталық Қазақстаннан ешқашан бөліп қарамаған. Қаныш Сәтбаев қазба байлықтардың кен орнын айқындайтын геолог болса, Нұрсұлтан Әбішұлы – сол кендерді қорытатын металлург. Сондықтан Сәтбаев еңбектерін бүге-шігесіне дейін білетін Елбасы – Ұлытаудың қасиетін ғана емес, қазынасын да жақсы білетін адам.
Үшіншіден, Елбасымыз Қазақстанның жаңа елордасын таңдау барысында Ұлытаудың да бар мүмкіндігін саралап шықты. Басқа біреу болса, «аудан орталығы қалай елорда болуы мүмкін» деп, бірден-ақ Ұлытаудың кандидатурасын ысырып тастар еді. Елбасы қазақ үшін ерекше киелі өңірдің бар мүмкіндігін таразыға салып, әбден зерттеген, тіпті оны соңғы турға дейін алып келген.
Төртіншіден, Елбасымыздың мен білетін кейінгі 20 жыл ішіндегі сұхбаттарында Қазақстанның өз ішіндегі коммуникация мәселесіне айрықша мән беріп келді. Кешегі Кеңес Одағының қордаланып қалған мың сан мәселелері орайымен шешілгеннен кейін Елбасымыз Ұлытауды Қазақстанның барлық тарапымен бірдей байланыстыратын теміржол салуды қолға алды. Көп жылдар бойы жүрек төрінде сақтап келген ойының жүзеге асуымен тұспа-тұс келген сапарда Нұрсұлтан Әбішұлы төгілте сұхбат берді және оның бұрынғы сұхбаттардан өзгерек болуының сыры осында деп білемін


Ұлытау – Еуразия құрлығындағы ӛркениет тарихында ерекше орын
алатын аймақ. Ұлытау – ұлы тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғаларды еске
салатын қасиетті мекен. Ол ӛзінің айрықша археологиялық ескерткіштерімен
де ерекшеленеді: Теректі Әулие тастағы таңбалары, қола дәуірінің
металлургиялық орталықтары, түркілік тас мүсіндер, сақ қорғандары мен
оғыз-қыпшақ қалалары.
Елбасымыздың Ұлытау тӛріне барған сапарында берген сұхбатын шын
мәніндегі тарихи маңызы зор сұхбат дер едім. Бұл - саяси баяндама емес,
елім деген Ұлт Кӛшбасшысының шын жүрегімен халқына ақтарыла айтқан
сыры. Ендігі міндет осы тарихи сӛзді негізге ала отырып, елге қызмет ету
болмақ.
Оймақтай ой айтса да, әрбір сӛзін тереңнен толғап, саралап, салмақтап
айтар Президент бұл жолы да ұлтымыздың тарихы мен руханияты,
экономикасы мен саясаты жӛнінде парасатты ой қозғады. Әңгіменің тарихы
бай, табиғаты ӛзгеше Ұлытаудың тӛрінде ӛтуінің ӛзінде үлкен мән-мағына
жатыр. Әулиетаудың етегіндегі Әулиебұлақ басындағы сұхбатында Елбасы
«Ұлытауымыз бен Ордабасымыз досымызға да, дұшпанымызға да ұялмай
кӛрсетер айбарымыз, ардағымыз, асылымыз болуға тиіс» деп қадап айтты.
Тарих тереңіне үңілсек, бұл екі киелі мекен де қазақ халқының басынан
ӛткен қилы замандарында бірлікке, ынтымақтыққа арқау болғанын, ұлтты
ұйытуға себепкер болғанын кӛреміз. Сондықтан да Елбасы Ордабасы мен
Ұлытауда келелі, ұлт мүдесін кӛксеген әңгімелер ӛрбітті [2].
Елбасының Ұлытау тӛріндегі толғанысы да бұдан бұрынғы сӛздері
сияқты жүректен шығып, жүрекке жетті. Себебі, ол сӛздер – іштен шыққан
шын сӛз. Мұхаммед пайғамбар айтқандай: «Шын сӛз – құдіретті сӛз». Кісіге
қарап сӛз алма, сӛзіне қарап кісіні ал» деген хакім Абай ойын еске салған
Ұлытау тӛріндегі ұлы толғаныс еліміздің бүгіні бекем, келешегі бүгіннен де
жарқын екенін, Елбасының кемел данышпандығын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Ел тарихынан бастап тіл тағдыры, діннің жай-жапсары, экономика мен
саясаттың ӛзекті де ӛткір мәселелері тӛңірегінде ӛрбіген ӛрелі әңгіме алшы
58 сұрақ
Алтын Орда Еуразия далаларында XIII ғасырда пайда болған шыңғыс хаан ұрпағы мемлекеті.Оның құрылу тарихы ханның үлкен ұлы Жошының үлес иелігінің қалыптасу тарихына байланысты. Шыңғыс дәуірінде (1155-1227) мемлет өмірінде рулық принцип қолданылды Шығыс хан халықтық ғұрыпқа бағынып, өзі тірі кезінде ақ ұлдарына жерін бөліп берді. 1207-1208 жылдары Шыңғыс хан Енисей қырғыздары мен Сібірдің оңтүстігіінің басқа да орман халықтарын бағындырған кезде , 1240 жылы «Аса құнды аңыз » деп аталатын моңғол хроникасында , әкесі Жошыға осы жерлерді береді. Кейін келе, хан Орта Азияны бағындырғаннан кейін Ертістен Қойлыққа пен Хоремнің шекарсынан батысқа қарай Еділ болгарлары патшалығының шекарасына дейінгі ұлан ғайр жерді сыйлады.
1227 ж. Жошы өлген соң орнына ұлы Батый отырды. Ол Батыс Дешті-Қыпшақ даласына, Еділ бұлғарлары жеріне, одан әрі батысқа шапқыншылық жорықтар ұйымдастырды. Ірі орыс князьдіктері талқандалды, Польша, Венгрия, Чехия және басқа көптеген елдер тонауға ұшырады. Жеті жылға созылған жорықтарынан кейін Батыйдың қол астына Қырымды қоса, Еділден Дунайға дейінгі жер, Солтүстік Кавказ, Батыс қыпшак (половецтер) даласы қосылды. Осыдан кейін Батый Еділдіңтөменгі аясында Алтын Орда атты жаңа монғол мемлекетін құрды. Оған Жошы ұлысының жері — Шығыс Дешті-Қыпшақ, Хорезм мен Батыс Сібірдің бір бөлігі және батыстағы жаңадан жаулап алынған жерлер карады. Батый әскерінен жеңілген орыс князьдіктері бағынышты тәуелділікте болды. Орыс князьдері Алтын Ордаға тәуелділіктерін мойындап, ұлы ханның қолынан князь атағын алып, алым-салық төлеп тұрды.
Батый құрған мемлекет шығыс деректерінде Жошы ұлысы деп, сондай-ақ Жошы ұрпактары— хандардың атымен (Батый ұлысы, Берке ұлысы, т. б.) аталды. Астанасы Сарай-Бату (Астрахань маңында), кейіннен Сарай-Берке қаласында болды.
Алғашында Алтын Орда Монғолиядағы үлы ханға тәуелді болды. Алайда 1260 ж. Монғол империясы бірнеше тәуелсіз ұлыстарға ыдырап кетті.. Алтын Орда Батыйдың інісі Берке ханның (1256 — 1266 жж.) түсында-ақ тәуелсіздікке кол жеткізген. Одан кейінгі Мөңке хан (1266 — 1280 жж.) өз атынан теңге шығара бастады.
Алтын Орданың тарихы ішкі қайшылыктарына коса, орыс князьдіктерімен, Ирандағы Күлағу ханның әулетімен, Ак Орданын және Хорезмнін билеушілерімен үздіксіз соғыстарға толы болды. Алтын Орданың XIV ғ. алғашқы жартысында, әсіресе Өзбекхан (1312 — 1342 жж.) мен одан кейінгі Жәнібек ханнын (1342 — 1357 жж.) тұсында кұдіреттілігі арта түсті. Ханның дара үстемдігі орнап, құрылтай шакыру аяқсыз калды, билік бір адамның колына жинакталды.
1312 ж. Өзбек хан ісләмді Алтын Ордадағы мемлекеттік дін деп жариялады. Далалык. түркі-монғолдык мәдениет Еділ бойы (бұлғарлар) және Орта Азия (Хорезм) мүсылмандык, салт-дәстүрлерінін әсерімен ісләмді кабылдай бастады.
XIV ғ. екінші жартысында Алтын Орда алауыздықтан әлсірей бастады. 1357 жылдан 1380 жылға дейін такка 20-дан астам хандар отырып, бірін-бірі елтіріп, орнын тартып алып жатты. 1380 ж. Алтын Орданың билеушісі, түменбасы Мамай Дмитрий Донской бастаған орыс әскерінен Куликово даласында тас-талкдн боп женілді. Жошы ұрпағы Токтамыс хан осы жағдайды пайдаланып, Алтын Орданың билігін тартып алды. Өз билігін соғыс жеңістерімен бекіте түспек болған ол 1382 ж. Мәскеуді ертеп жіберді, Мәуереннахр мен Закавказьеге бірнеше рет жорық жасады. Тоқтамыстың соңына түскен Әмір Темір Алтын Ордаға кайта-қайта шабуыл жасап, халқын қырып, байлығын тонап, енді кайта көтеріле алмастай етіп тұралатты.
XV ғ. ортасына карай бірнеше үлкен үлыстар өз алдына хан сайлап, Алтын Орда біржола қүлады. Бүл ұлыстардың ең ірісі XV ғ. 30-жылдары Еділ мен Днепрдің аралығында қүрылған Ақ Орда болды. 20 — 60-жылдары Ноғай Ордасы, Сібір, Қазан, Қырым, Астрахань хандықтары бөлініп шықты.
Кейіннен Ақ Орда тайпалары Қазақ Хандығының құрылуында үлкен рөл атқарды.
Қазақ хандығы туралы бізге жеткен нақты жазба деректердің бірі Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегі. Жалпы бұл еңбек Моғолстан хандығы тарихына арналған. Алайда сол кездегі саяси жағдайға байланысты Қазақ хандығы туралы да көп мәлімет келтірілген. Абулғазы, Қадырғали Жалайыри өз еңбектерінде Қазақ хандығы, оның билеушілері туралы мәліметтер қалдырды. Сонымен қатар Қазақ хандығы кезеңіне байланысты шығыс деректерінің маңызы зор. Қазақ хандығы — шаруашылықтың дамуы, өндіргіш күштердің өсуі, феодалдық қатынастардың қалыптасуы нәтижесінде ерте заманнан бері Орта Азияның ұлан-байтақ өңірін мекендеген көшпенді тайпалардың бірыңғай этникалық топ — қазақ халқының негізінде бірігуі арқылы XY-ғасырдың орта шенінде құрылды. Қазақ хандығының құрылуына 1457-жылдан кейін Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілхайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап шығыс Дешті-Қыпшақтан батыс Жетісу жеріндегі Шу мен Талас өңіріне қоныс аударуы мұрындық болды. Ол кезде Жетісуді билеген Моғолстан ханы Есенбұға (1434—1462-жылдары билік еткен) қоныс аударған қазақтарды Әбілхайырға қарсы пайдалану үшін қарсы алып, қоныс берді. Осы оқиға жөнінде тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегінде былай дейді: «Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шегіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді. Олар барып орналасқан соң, Әбілхайыр хан дүние салды да, өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі-ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан, Жәнібек ханға көшіп кетті. Сөйтіп, олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды өзбектер - «қазақтар» деп атады. Қазақ сұлтандары 870 жылдары (1465—1466) билей бастады...». Алғашында Қазақ хандығының территориясы батыс Жетісу жері, Шу өзені мен Талас өзенінің алабы еді.
Жалпы алғанда жоғарыда айтып кеткен мәлімметтерге сүйенсек қазақ елі аяқ астыныан қалыптасып кеткен мемлекет емес.Оның әкесі,балалары бабалары бар.Қазақ хандығының әкесі Алтын Орда , ал бабалары Шыңңғыс ханға,одан ары кетсек сақтарға барып тіреледі. Қазақ хандығының сонау сақтардан бері ел болып бірігуіне кедергі болған --- ол этносаяси қауымдастыұығ жоқ болуы, ішкі қарама қайшылықтар(төре тұқымдарының таққа таласы), басқыншылық жорықтар жіне де тағы да басқа саяси мәселелер.
Қ.Р Президенті Н.Ә.Назарбаевтің Ұлытаудағы сұхбатында « Біздің еліміздің қазақ жұртының арғы түбі ғұндардан басталады.Ғұндардан кейін көк түркіге жалғасады.Одан кейін Алтын Ордаға орнығады.Сөйтіп ханық дәуірге ұласып, біртіндеп Тәуелсіздікке келіп тіркеледі.Осындай үлкен тарихымыз бар.Жастарымыз мұны білу керек. Біз кеше ғана пайда болған мемлекет емеспіз» деді.
1) Географиялық тұрғыдан Алтын Орда жерінің 40% астам бөлігі бүгінгі таңда Қазақстанның құрамына кірді.
2)Этникалық тұрғыдан Алтын Орда құрамында болған ру тайпалардың 20 нан астамы қазақстандықтардың құрамында
3)Антропологиялық тұрғыдан XX ғасырдағы Қазақстанның қазіргі халқымен
XVI ғасырдағы Алтын Орданың көшпелі халқынан айырмашылық жоқ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет