«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы маңызын айшықтаңыз


) Біртұтас экономикалық кеңістік құру идеясы және оны жүзеге асыру туралы



бет43/46
Дата05.05.2023
өлшемі167,79 Kb.
#90372
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
64) Біртұтас экономикалық кеңістік құру идеясы және оны жүзеге асыру туралы. 2003 жылғы 19 қыркүйекте Беларусь, Қазақстан, Ресей және Украина президенттері Біртұтас экономикалық кеңістікті құру туралы Келісімге келіп, оның Тұжырымдамасына қол қойды. Ол Достастық кеңістігінде экономикалық интеграцияның жаңа оңтайлы жолдары мен тәсілдерін қарастырудың нәтижесінде жүзеге асырылды. Осылайша Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (бұдан әрі – ТМД) елдері Жалпы ішкі өнімінің 90% үлесіне ие экономикалық дамыған 4 ТМД мемлекеті интеграцияның жаңа сапалы әрі жоғары деңгейіне көшу туралы шешім қабылдады.

Қол қойылған құжаттар тек экономикалық сипатқа ие. Олар инфрақұрылымдық жүктемені төмендетуге бағытталған. Ал бұл өз кезегінде ортақ кеңістікте тауар өндірушілердің өзара қарым-қатынасын жеңілдетіп, бәсекелестік қабілетін көтереді. Біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастыру туралы келісімде және Тұжырымдамасына енген интеграциялық үлгі әлемдік экономиканың қазіргі заманғы талабына жауап беріп, әлемдік шаруашылықтың ғаламдану үрдісіне енеді.


Ресми құжаттар Өңдеу
Біртұтас экономикалық кеңістікті (бұдан әрі – БЭК) қалыптастыру туралы келісім 2004 жылғы 20 мамырда заңдық күшіне енді.
Президенттердің 2003 жылғы 23 ақпандағы мәлімдемелеріне сәйкес БЭК-ті құру бойынша Жоғары деңгейдегі топ құрылды (ЖДТ).
Жоғары деңгейдегі топтың міндетіне тауарлардың, капиталдың, қызмет көрсетудің және жұмыс күшінің еркін қозғалысын қамтамасыз етуге және экономиканың әртүрлі саладағы мемлекеттік Заңнамаларын үйлесімдендіруге бағытталған, құжаттарды, тетіктерді және институттарды дайындау кіреді.
Осыған орай БЭК-ті қалыптастыру жөніндегі негізгі шаралар кешені (құжаттар 22 бөлім мен 116 шарадан тұрады), техникалық тапсырма, сонымен бірге жұмыс жоспары дайындалып бекітілген.
Құжаттар өзара қарым-қатынастың негізгі бағыттарын - кедендік- тарифтік реттеуден жеке тұлғалардың қозғалыс еркіндігін қамтамасыз етуге дейінгі басты бағыттарды анықтайды.
ЖДТ-да (жоғары деңгейдегі топ) Қазақстан тарапын 2006 жылғы қаңтар айынан бастап ҚР сауда және индустрия министрі В.С.Школьник басқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет