59 сұрақ Көне түркі ескерткіштері
Тарихты білу, оның бастау алар кезеңдеріне үңілу, бүгінгі күнге қажетін табуға ұмтылу – барлық халықтарға тән дәстүр. Қазақ тілі ғайыптан пайда болған жоқ және оқшау жаратылған тіл емес. Оның шыққан ата-тегі бар. Қазақ тілі түркі тілі деп аталатын алып бәйтеректің аса бір ірі тармағына жатады. VІ-VІІІ ғасырларда біз бүгінде дүние жүзінде түркілерден тараған қырықтан астам ұлт болса, солардың барлығын бір ғана атаумен «түркілер» деп атаған. Сол кезде бабаларымыз Түркі қағанатын құрған. Түркі этнонимі қытай жылнамаларында 542 жылдан белгілі. Ал түркілердің мемлекеттік дәрежеге көтерілуі 552 жылдан басталады. Түрік қағанаты Солтүстік Кавказ бен Қара теңіздің солтүстік жағалауына дейін үстемдік етті. VІ ғасырдың жартысындағы Түрік қағанатының билігі Азияның біраз аймағын қамтыды. Түрік қағанатының негізгі құрамы түрік тілдес халықтар болды. Олардың ішінде қырғыз, оғыз, ұйғыр, дулу, үйсін т.б. тайпалар болды. Қағанатты Бумын қаған биледі. Одан кейін Істемі қаған биледі. Қағанат бірде әлсіреп, бірде күшейіп отырған. Бір күшейген тұсы – Елтеріс атанған Құтлығ қағанның екі ұлы жас болғандықтан, билікті інісі Қапаған өз қолына алады. Ол әуелде елін, жерін кеңейтіп, күшті хан болады, бірақ көп кешікпей ешкімді елемейтін, қарсы келгендерді аяусыз жазалайтын қатыгез қағанға айналады. Соның салдарынан тайпалар бірінен соң бірі бұл қағанаттан бөлініп, табғаштардың қол астына кіріп жатады.
Қапаған бір көтерілістен қайтып келе жатқанда қаза табады. Ел билеу ісі Білге қағанға қалады. Білге қаған түркі мемлекетінің күш-қуатын нығайтуда көп жұмыс атқарады. Білге қаған былай дейді: «Түркі елінің аты, заты жоқ болып жоғалмасын деп, өзімді тәңірі есіркеп таққа отырғызды. Таққа отырғанда, ел-жұрттың халі әлсіз еді, асар асы жоқ, киер тоны жоқ, аянышты мүшкіл елдің қағаны болдым. Інім Күлтегінмен бірге сөзге, іске бекіндік. Хан иеміз ата-бабамыз билік орнатқан ел-жұрттың аты, сұсы жойылмасын деп түркі елі үшін түнде ұйықтай алмадым, күндіз отыра алмадым, інім Күлтегінмен бірге елі шад қосылып, өліп-талып арпалыстық, жиғанымызша жиып, елдің бірлігі, берекесін от-су қылмадық»[1,27].
Әлемдегі өзге халықтар сияқты, түркі халықтарының да –өзіне тән қалыптасу, даму тарихы бар. Ешбір тайпа, халық және ұлт тарихсыз болмайтыны белгілі. Әрбір халық ұлт болып қалыптасу үшін талай тарихи кезеңдерді басынан өткізеді.
Түркі тайпалары халық ретінде біздің дәуіріміздің VІ ғасырында дүние жүзіне белгілі бола бастады. Түркі тайпалары туралы құнды деректерді, әсіресе, Батыс Еуропадағы Византия материалдарынан көбірек кездестіруге болады. Сонымен бірге түркі халықтары жөніндегі қыруар мәліметтерді біз сол түркі тайпаларының өшпес мұрасы – өздері жасаған жазба нұсқалар арқылы да біле аламыз. Мұндай жазба нұсқалар түркі халықтары үшін баға жетпес тарихи және мәдени ескерткіш болып табылады.
Түркі халықтарының тарихи мұралары тарих, мәдениет және тіл тұрғысынан алғанда аса құнды қазына екенін бағалай білу, таныту – кезек күттірмейтін негізгі міндеттердің бірі. Біз көне түркі жазба нұсқаларынан тасқа қашалған мынадай сөздерді кездестіреміз:
Бұны көрү білің! Түрк бүдүн бүдүн аты йоқ болу бармыс ерті өлтечі ерті. Ічре ашсыз, ташра тонсыз йабызйаблық будунта мен өзүм қаған олуртым. Іл йеме іл болты, йеме болты.
Мұны көре білің(дер)! Түркі халқы аты жоқ бола бастаған еді. өлімші (болған) еді. Іші ассыз, сырты киімсіз нашар халыққа менің өзім қаған (болып) отырдым. Ел еңді ел болды, халық енді халық болды.[2,73]
(Ескерткіштен үзінді)
«Түркі бектері мен халқы, мұны естіңдер! Қандай сөздерім бар болса, соларды мәңгі тасқа жаздырдым. Оларды көріңдер, ұғыңдар».
Бұл арнау сөздер түркі халықтарының кейінгі ұрпақтарына арналған.
Мұндай тасқа қашалған ескерткіштер туралы жазылған деректер аз емес.
Түркі тілдерін зерттейтін әдебиеттерде «Орхон-Енисей жазулары» руника жазуы деп те аталады. Руна – ежелгі гот тайпасының құпия деген сөзіінен алынған. Өйткені бір кездері Орхон, Енисей өзендері бойынан табылған таңба жазудың қай тілде екені оқылмай, көпке дейін құпия болып келген.
Көне түркі жазу нұсқалары сонау І Петрдің тұсынан бері белгілі болса да, оларды ешкім зерттеп, сырын ашпаған.
1889 жылы фин ғалымдары Енисей өзені бойынан табылған тастағы белгісіз жазулардың атласын жариялайды. Сол жылы орыстың География қоғамы Моңғолияға арнайы ғылыми экспедиция ұйымдастырады. Көрнекті орыс ғалымы Н.М.Ядринцев осы сапарында Орхон өзені бойынан бірнеше жазуы бар бірнеше тасты кездестіреді.
1889 жылы көрнекті орыс ғалымы В.В.Радлов Орхон-Енисей өзендерінің бойынан табылған таңба жазуы бар тастарды өзі барып, тексеріп қайтады. «Солтүстік Моңғолияда VІІІ ғасырға қатысты жазба ескерткіштердің бар екендігі ғылым соншалықты қажет, Орхон өзені бассейніндегі ескерткіштерді тереңірек зерттеу үшін өте қажет. Сондықтан Императорлық Ғылым академиясы ғылыми экспедиция ұйымдастыруы қажет деп есептелінеді»[3,96].
Осы екі экспедициядан кейін Моңғолиядан табылған жазулардың атласы жарияланады.
Сөйтіп, Орхон, Енисей өзендері бойынан табылған құпия жазулар біртіндеп дүние жүзі оқымыстыларына белгілі бола бастайды.
1893 жылы Дания елінің ғалымы В. Томсен тұңғыш рет ескі түркі (орхон-енисей) жазуларының оқылу кілтін тауып, оның сырын ашуға мүмкіндік туғызды. «Он пытался самым детальным образом сначала изучить соотношения одних букв с другими. Для В.Томсена при этом выяснилось, что неоторые буквы могут быть в близком соседстве с рядом других букв, другие же нет. Это привело Томсене к мысли о делении букв на два класса по числу звуков переднего ряда. А все это вело мысль к строю тюркских языков. И, наконец, 25 ноября 1893 года ему удалось уже найти полный ключ к своему этих до этого неизвестных надписей с берегов Енисея и Орхона»[8,68].
В.В.Радлов бірінші болып, Орхон, Енисей өзендері бойынан табылған үлкен-үлкен ескерткіштердің аудармасын жасап, жұртшылыққа таныстырды.
Даңқты түрколог С.Е.Малов та өзінің ғылыми еңбектерінің көбін осы көне түрік жазу нұсқаларының сырын ашуға арнады.
Орхон Енисей өзендері бойынан табылған ескерткіштер – VІ-VІІІ ғасырлардағы түркі тайпаларының сол кездегі қоғамдық құрылысы, күн көрісі, мәдениеті мен тілі жөнінде мол деректер беретін құнды материалдар.
Орхон-енисей ескерткіштері жұртшылыққа ХVІІ ғасырдың екінші жартысынан бастап белгілі болса да, ХІХ ғасырдың соңына дейін олармен ешкім арнайы шұғылданбады. Жазба ескерткіштері сол құпия қалпында қала берді. Оларды ешкім арнайы зерттемегендіктен, тастағы жазулар жөнінде ғалымдар арасында әр түрлі пікірлер мен теріс болжамдар да айтылып жүрді.
Бұл белгісіз жазуға алғаш көңіл бөліп, оның сырын ашуға әрекет жасаған шетел ғалымдарынан Т.Байер 1729 жылы мұны ескі кельт жазуы болар деп жорамалдады. А.С.Паллас 1793 жылы көне готтар жазуы деп ұйғарды. 1818 жылы орвыс ғалымы Г.Спасский бұл жазуларды алғаш қалмақ және моңғол жазуы деп ұйғарып, моңғолдар мен қалмақтар бұрын ұйғырлар арқылы соғды жазуын қабылдағанын да ескермеді. Кейінгі бір еңбегінде (1857 жылы) бұл жазуларды славьян жазуларына жатқызып, тіпті қателесті. Сол дәуірдегі көрнекті ғалымдардың бірі А.Ремозе 1822 жылы құпия жазуларды индогот ұрпақтарының жазуы болуы мүмкін деген жорамал жасады. М.А.Кастрен ерте кездегі фин жазуы деп есептеді. Ю.Клапрот 1824 жылы оны грек жазуының негізі деп қарады.
Жазуларға көбірек мән берген В.Томсен, В.Радлов,П.Мелорианский т.б. оны ескі қырғыз жазуы деп есептесе (ХІХ ғасырдың аяғы), 1933 жылы Г.Ксенофонтов бұл жазуларды якут тіліне қатысты қарады.
Қалай болған күнде де, белгісіз болып келген құпия жазулардың оқылу кілтін тауып, олардың қай халықтікі екендігін анықтау керек болды.
Ескерткіштердегі жазуды оқу, талдау Дания елінің ғалымы В.Томсеннің үлесіне тиді. Көне түркі жазуларына кезінде мән берген Г. Спасский мен В.Р.Розеннің «Келешекте Сібір ескі жазуларының өз Шампольені (ескі грек жазуының оқылу кілтін тапқан ғалым) болуы мүмкін» және оның «күні бүгінге дейін құпия болып келген жазулардың сыры ашылмай ХХ ғасырға өтеді дегенге сенбеймін деген қағидалары жүзеге асты[6,49].
В.Томсен өз заманындағы білгір фонотисьтердің бірі. Ол кісі түрколог емес еді. Сонда да бұл дәуірге дейін құпия болып келген жазуларға ерекше мән берді. Томсен, ең алдымен, ескерткіштердегі таңбаларға назар аударды: таңбалардың бір-бірімен қатар келу және келмеу ерекшеліктерін байқады. Жазуда жуан және жіңішке дыбыстардың барлығын, ол түркі тілдеріндегі үндестік заңына қатысты екендігін жете түсінді. Бұдан кейін ғалым жазудың солдан оңға қарай емес, оңнан солға қарай оқылатындығын ажыратты. Енді ескерткіштерді қанша таңба барлығын анықтады. Орхон ескерткіштерінде – 38, ал енисей ескерткіштерінде 150-ден аса таңба бар екенін айқындады.
Күлтегін және Білге қаған ескерткіштерінен дейтін сөздерді бөліп алып оларды қытай тілдеріндегі түрлерімен салыстырып, олардың теңрі (көк, аспан), Күлтегін бектің аты, білге (білгіш, дана) деген сияқты түркі сөздері екенін оқып білді. В. Томсен осыдан кейін Күлтегін және Білге қаған ескерткіштеріндегі сөздерді түгелімен оқып шығады.
Сөйтіп, 1893 жылғы желтоқсан айының 15-і күні Дания королінің ғылыми мәжілісінде бұл дәуірге дейін құпия болып келген жазудың оқылу кілтін тауып, ол түүркі халықтарының жазуы екендігін дүние жүзі ғалымдары алдында дәлелдеді. Мұның өзі түркология ғылымына қосылған жаңа зор үлес болып есептелді. Сол дәуірдегі көптеген ғалымдар В.Томсеннің бұл еңбегін жоғары бағалады.
Бұдан соң, көп ұзамай В.Радлов бірқатар ескерткіштерді өзінше бұл игілікті дәстүрді одан әрі жалғастырды. Жазба ескерткіштер кейін көптеген ізденімпаз ғалымдардың зерттеу обьектісіне айналды.
Ескерткіштердің түрлері туралы қысқаша мәлімет
Көне түркі жазба ескерткіштері түркологиялық әдебиеттерде негізінен үш топқа бөлінеді. Олар:Енисей ескерткіштері. Бұған Енисей өзенінің жоғарғы сағасы мен Тува Якутия Моңғолия жерлерінен табылған көптеген ескерткіштер жатады. Енисей ескерткіштерін зерттеуде В.В.Радлов, С.Е.Малов, Х.Н.Оркун, С.В.Кислев, И.А.Батманов т.б. көп еңбек сіңірді.
Талас ескерткіштері. Талас ескерткіштерінің табылуы (1896-1898 жылдары, бұрынғы Әулиеата) қазіргі Жамбыл уезінің әкімі, Талас жазуларын табушылардың бірі – В.А.Каллаурдың есіміне байланысты. Талас ескерткіштерінің саны қазір 10-нан асты. Талас ескерткіштерін тауып, аудармаларын жасап, жариялауда Г.Гейкель, В.Радлов, П.Мелиоранский, С.Малов, Ю.Немет, Х.Оркун, С.Киселев, И.Батманов және Л.Кызласов, т.б. шұғылданды.
Орхон ескерткіштері. Бұған VІІ ғасырдың соңы мен VІІІ ғасырдың бас кезіндегі Құтлығ қаған, Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк, Күлі-чор сияқты ірі ескерткіштер мен он шақты майда ескерткіштер жатады. Орхон ескерткіштерін зерттеуге көптеген ғалымдар ат салысты
61) Тәуелсіз Қазақстанда халықтың ауызша тарих айту дәстүрінің,шежіренің, жазбаша тарихнаманың: Мұхаммед Хайдар Дулатидің ,Қадырғали Қасымұлы Жалайридің аса көрнекті еңбектерінің маңызының жаңаша бағалануы «Тарих-и-Рашиди» көтерген мәселелердің ауқымы өте кең. Автор қазіргі Орталық Азия, Қазақстан, Шығыс Түркістан, Пәкістан, Ауғанстан, Үндістан және тағы басқа елдерді мекендеген халықтардың сол замандағы саяси жағдайы, мәдениеті, тарихы, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі жайында жан-жақты танымдық маңызы мол деректерді келтірген. Бұл еңбек, осы кітапты құрастырушылардың айтуынша, этнографиялық, этникалық, географиялық, археологиялық, астрономиялық мәліметтердің, тарихи деректердің соншалықты молдығымен ерекшеленеді. Қазақ хандығының қашан құрылғандығы туралы нақты мәліметті де бізге алғаш рет Дулати осы «Тарих-и-Рашиди» кітабында жазып қалдырған. Сондай-ақ онда қазақ хандығының бір ғасырдан астам саяси тіршілігінің жай-жапсары жөнінде, қазақ елінің өсіп-өркендеуі туралы, Моғолстан мен Ұлы Моғол империясы хақында біздер үшін тың мәліметтер жазып қалдырған. Бұл еңбек ұлтын сүйетін әрбір азамат үшін құнды екені анық. Сонымен қатар мемлекет тарихымен айналысатын тарихшылар, әдебиетші, мәдениет танушы, философтар, дінтанушылар, географтар, астрономдар, әскери басшылар үшін аса құнды мұра болып табылады. Осы еңбектегі өлеңдерді аударған ақын Болат Шарахымбай. Бұл көлемді еңбек 48 баспа табақтан, 768 беттен тұрады.
Қадырғалидың бұл шежіресі ертедегі қазақ тілінде жазылған тұңғыш тарихи еңбек екені аян. Ғұлама ғалым Шоқан Уәлиханов бұл кітаптың аңыздан гөрі ақиқаты басымырақ деп бағалаған. Оразмұхаммед пен Қадырғали бастаған қазақтардың Ресейде болу оқиғасын көрнекті жазушы М.Мағауин «Аласапыран» атты романында кең және көркем баяндаған. Сонымен қатар академик Әлкей Марғұлан 1981 жылы«Қазақ әдебиеті» газетінде жарық көрген «Күміс сандық құпиясы» атты мақаласында Қадырғалиға аса жоғары баға берген. Соңғы кездері аталған еңбекті Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры М.Қойгелдиев арнайы зерттеп жүр. «Жылнамалар жинағының» жалғыз көшірме данасын Қазан университеті кітапханасына татар ғалымы И.Халфин тапсырған. Сол көшірмені шығыс қолжазбалар жинағына бастырған профессор И.Березин былай деп алғы сөз жазыпты: «Біз шығармаға қандай ат берілгенін білмейміз, бірақ кітаптың негізгі бөлігі Рашид ад-Диннің әйгілі туындысының қысқаша аудармасынан тұрғандықтан, біз оның атын да қолжазбамызға бере аламыз». Сөйтіп ол Қадырғали еңбегін оның нағыз аты анықталатын көшірмесі табылғанша «Джами ат-Таварих» - «Жылнамалар жинағы» деп атауды ұсынған. Тарих ғылымының докторы, профессор М.Қойгелдиев 1994 жылы жарық көрген «Қазақ тарихы» журналында «Өкінішке орай, қолжазбаның кейінірек Петербордан табылған екінші көшірмесінде де еңбектің автор берген аты жоқ болып шықты да, ол сол «Джами ат-Таварих» - «Жылнамалар жинағы» атанған күйінде қала берді. Бұл жағдай тарихшы ғалымдар арасында Қадырғали еңбегінің дербес деректік мәнін тура бағалауға едәуір кедергі жасады, басқаша айтқанда, оны Рашид ад-Дин жұмысының түрікше нұсқасы ретінде ғана қарауға негіз болды» дейді.
62. „Мəңгілік ел“ идеясының мәні мен маңызы Елбасының биылғы «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Жолдауының тарихи маңызы ерекше. „Мəңгілік ел“ идеясы қазақ халқының қаншама ғасырлар, аңсап келе жатқан, арманына апаратын, мақсатына жеткізетін, бірден-бір мəңгіліктің жолы. Елбасы өз Жолдауында „Мəңгілік ел“ болып қалу үшін бүгінгі заманға сай не істеу керектігін нақтылап айқындады. „Мəңгілік ел“ — ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман-əлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, əлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тəуелсіз Мемлекет атану еді… Біз үшін болашағымызға бағдар беретін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол — „Мəңгілік ел“ идеясы» деп Елбасымыз бұл идеяның аса қажеттіліктен туындағанын ерекше атап өтті. «Мəңгілік ел» идеясының негізгі мақсаты — елімізді қарышты дамыған мемлекетке айналдыруда ұлттық мүддені, рухани дүниені жаңғыртуды жəне өзіміздің қазақ ұлтының мерейін асыруға, қалыптасқан тарихи үрдістерін жаңғыртуға арналған құжат деп білуге болады. Президенттің жалпы ұлттық идеясы — еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мəңгілік ел» — елімізді өз мақсатына талай дəуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы бастама. Осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз. Бұл үшін бізде барлық мүмкіндіктер: ресурстар, білімді адамдар, жұдырықтай жұмылған ұлтымыз бар, деді Елбасымыз. Ел басшысы өз сөзін ары қарай жалғастыра келе: «Біз бəріміз бір атаның — қазақ халқының ұлымыз. Бəріміздің де туған жеріміз біреу — қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол — тəуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тəуелсіз елімізді «Мəңгілік Ел» етуді мұрат қылдық. «Қазақстан-2050» Стратегиясы осынау мəңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі. Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері жəне жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз «Мəңгілік Ел» боламыз. Тəуелсіздік алғаннан кейін небір тар жол, тайғақ кешулерден сүрінбей өттік. Бүгін Қазақстанды бүкіл əлем танып отыр. Қазақстан таяудағы жылдар ішінде əлемдік бəсекеге барынша қабілетті елдердің қатарына кіруі тиіс. Бұл дегеніміз — бəсекеге төтеп беру. Əлемдік бəсекеге төтеп берудің басты шарты — күшті рух пен білім. Елбасы Жолдауында білім саласы қызметкерлерінің алдына да үлкен міндеттер қойды. «Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыстар күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3–6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту əдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту-деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс жəне, ағылшын тілдерін білуге тиіс», деп атап көрсетті. Осыған орай, үлкен жауапкершілік жүктеліп отырған мұғалімдерге жаңашылдықпен жұмыс жасауға тура келеді. Жаһандану заманы, баршаға мəлім, елдер мен ұлттарға аса қатал талап қоюда. Ең бастысы — ұлттық тіл ұлттық сананың, ұлттық намыстың жоғарылығына, оның қажеттілік-деңгейіне байланысты екенін жадымыздан шығармауымыз қажет. Қазіргі таңда өзін ешкімнен артық та, кем-де емес дəрежеде сезіну халқымызға жетпей отыр. Ал мəселеге тереңірек үңілсек, істің тетігі, яғни қазақ тілінің тағдыры қазақтың өз қолында.