«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы маңызын айшықтаңыз


) Қазақстанның сыртқы саяси қатынастар саласындағы басымдықтары



бет42/46
Дата05.05.2023
өлшемі167,79 Kb.
#90372
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
Байланысты:
« аза станны азіргі заман ы тарихы» п ні о амды тарихи санан

63) Қазақстанның сыртқы саяси қатынастар саласындағы басымдықтары 1991 жылы 2 желтоқсандағы прези¬денттік сайлау қорытындыларына байла¬нысты өткізген баспасөз конференциясында Президент Н. Назарбаев Қазақстан Еуропа мен Азияны жалғастыратын кө¬¬пір болуы керек. Әлемнің барлық мем¬лекет¬терімен экономикалық және саяси байланыстарды қамтамасыз ете¬тін көпвекторлық сыртқы саясатты таң¬дайды – деп көрсетті. Президент өзінің «Қазақстанның Егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» атты 1992 жылғы еңбегінде «Қазақстан жаңа халықаралық ортаға тап болды. Оның сыртқы саясатының бағыты ұлттық-мемлекеттік мүдделерге сәйкес өзіндік логикамен дами бастады. Сонымен қатар, Қазақстанның сыртқы саясаты жалпыадамзаттық қуатқа ие. Ол халықтардың әлемдік қауымдастықтан өз орнын таба білгенін жақтайды», – деп ескертті. Осыған орай, Қазақстан Рес¬пуб¬ликасы өзінің сыртқы саясатында көп¬векторлық принципін ұстауда.
Қазақстан өзінің сыртқы саясатында әлемдік тартылыс күштерінің орналасуын есептеуге ұмтылды. Қазіргі жаһандық қатынастардағы көпполярлық саланы басшылыққа алды. 1991 жылы Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстан өзінің сыртқы саясатында Қытайдың, Жапонияның, Ресейдің, Үндістанның, Еуроодақтың күшейе түсуін басшылыққа алды. Қазақстан геосаяси аренада шынайы ойыншыға айналуды мақсат тұтты және осы дәрежеге ол біртіндеп көтеріліп келе¬ді. Ел түрлі алпауыт державалар арасында әртүрлі қарым-қатынастар жүргізіп, өз мақсат-міндеттерін шешуде біршама табыстарға қол жеткізуде.
1992 жылы Қазақстан Солтүстік атлант¬икалық әріптестік Кеңесіне мүше болды. Бұл ұйым 1997 жылдан бастап Еуроатлантикалық әріптестік ұйымына айналды. НАТО ұйымы бұрынғы Кеңес Одағы құрамынан шыққан тәуелсіз мем¬лекеттермен және Шығыс Еуропа мемлекеттерімен бірлесіп «Бейбітшілік жолындағы әріптестік» бағдарламасын жүзеге асырды. Ондағы мақсат, осы ел¬дер¬мен бірлесіп, аймақтық әскери қақтығыстардың алдын алу, терроризмге қарсы ортақ іс-қимылдарды үйлестіру болды. Қазақстанның қарулы күштері АҚШ пен НАТО-ның алдыңғы қатарлы әскерилерінен соғыс техникасы мен тактикасын меңгеруді үйренді. Бірлескен жаттығулар өткізу жыл сайынғы дәс¬түрге айналды. НАТО-мен әріптестік Қазақстанның қауіпсіздігін нығайтуға өз ықпалын тигізді.
Қазақстан шетелдермен екі жақты қатынастар орнатуда белсенді шаралар жүргізді. Соның нәтижесінде 1993 жылы Қазақстан Республикасын егеменді ел ретінде 111 мемлекет танып, олардың 92-мен дипломатиялық қатынастар орнатылды. 2010 жылы Қазақстанмен 120-дан астам мемлекеттер дипломатиялық қатынастар жасады. Екі жақты және көпжақты сыртқы қатынастар 2009 жы¬лы Президент Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының сыртқы саясат концепциясы» негізінде жүзеге асырылуда. Бұл Концепцияда қазіргі халықаралық қатынастардың негізгі даму бағыттары анықталып, дипломатиялық қызметтің міндеттері көрсетілді. Қазақ¬станның сыртқы саясатының негізгі мақсаты елдің ұлттық мүддесін қорғау екендігі ескертілді.
Қазақстанның әлемдік қауымдас¬тықтағы беделі, оның ядролық қарусыз ел ретіндегі статусына байланысты өсе түсті. Әлемде қуаты жағынан 4 орын алатын ядролық қаруларды Қазақстан АҚШ пен Ресейдің көмегімен 1995 жылдың 26 мамырында толық демонтаждап біт¬ті. Қазақстан стратегиялық шабуыл қару¬ларын қыстарту, ядролық қаруларды таратпау, ядролық сынақтарға тыйым салу туралы жалпыға бірдей келісім-шарттарға қол қойды. Қазақстан нақты шаралары арқылы әлем мемлекеттерін ядролық қауіп¬ті жоюға шақырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет