ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет125/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   153

отыр  едім,  ойыма  әлденелер  түсті.  Қой  бүйтпейін,  не  қылсам  да  дәулет  жетеді  ғой,  әкем  бетімнен 

қақпайды,  халық  аузында  жүрерлік  бір  іс  істейін  деп  ойладым.  Сол  шаһарға  қараған  балташы,  ұста 

барлығын жиып алып, шаһардың орта тұсын көрсетіп: «Осы жерден сыртын неше өрнекпен безендіріп, 

маған тамаша бір сарай саласыздар. Қараған адам қайтып көзін алмайтын болсын. Алтын, гауһар, інжуден 

салынсын, қараңғы түнде неше шақырымдай жерді жарық қылып тұратын болсын. Бұл дүниеде оған тең 

сарай болмасын, мен өзім сарай біткен кезде келіп бір-ақ көрермін. Және қырық есігі болсын, әр есік әр 

қабырғадан шығатын болсын. Егерде осы айтқандай болмаса тегіс бастарыңды аламын», – дедім. «Құп 

тақсыр», – деп шу ете түсті. Осымен жүріп кеттім. 

Мен сарай салғызып жатырмын деп әкеме айтпадым. Сонымен аң аулап, саяхаттап жүре бердім, жарты 

ай аңда болсам, жарты ай үйде болам, осы сауықпен бір жыл өтті. Бір күні қасыма қырық нөкерімді ертіп 

алып  сарайымның  біткен-бітпегенін  көруге  келдім.  Келсем  біткен  екен.  Өзіме  хабар  етіп,  көрсетуге 

күтініп  отыр  екен.  Байқап  қарасам,  сарайдың  сыртына  адам  баласының  көзі  тояр  емес,  алтын-күміс 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              850 bet 

жалатыпты. Қайран қалып көзімді айырмадым. Бұл алтын күмбез сарайдың сұлулық тамашасын көрген 

адам соған қарап тұрумен-ақ өмірінің қалай өткенін білетін емес. Енді ішін көрейік деп, бір есігінен кіріп 

едім, есім шығып кетіпті, қайдан келіп қайда баратынымды ұмытып кеттім. Қырық жігіт қасымда, әлгі 

сарайды үш күн аралап зорға бітірдім. Ішінде жүріппіз де қойыппыз. Бой жазып біраз жүрген соң бір жігіт: 

«Мұнымыз қалай, түк көрмеген кісіше жан-жаққа қарап жүріп алғаны-мыз», – деді. Артыма жалт қарап: 

«Қанша уақыт болды», – дедім. Жігітім: «Бүгін біз келгелі үш күн етеді», – деді. «Ендеше қайтайық», – 

деп далаға қарай жүріп едік, жол таба алсақшы. Әрі бері жүріп едік, жол таба алмадық. Сонан соң үй 

салған бір балташы есіктен шығарды. Қайтып келген соң әкеме хабар салдым. 

–  Жарайды,  –  әкем  қырық  уәзірін  қасына  ертіп  сарайды  көруге  кетті.  Аралап  жүріп  қайтты.  «Жасым 

алпысқа келді, неше жыл патшалық дағуасын құрдым, осы уақытқа дейін артыма мұра болып қаларлық 

бір іс істемеген екенмін. Балам, қайырлы болсын», – деп әкем маған риза болды. Кешікпей мен сарайға 

кірдім. Кірген соң қырық есігіне қырық күзетші қойдым. Қайыршы келетін болса, әр есігінен бір мың 

ділдә беретін қылып қойдым, сөйтіп салтанатпен бірнеше уақыт өмір сүрдім. Бір күні нөкерім қасымда, 

көңілім шаттанып, әңгіме-дүкен құрып отырып: «Осы дүниеде менен де салтанатты патшазадалар бар ма 

екен, шіркін бақ мынау, дәулет мынау, жомарттық, сарай салтанат мынау, енді осыларыма лайық ай мен 

күндей бір сұлу жарым болса», – дедім. Нөкерлерім үндемей отырды да: «Тақсыр, олай демеңіз, дүниеде 

кім жоқ дейсіз, дүниеге кім келіп, кім кетпеді осы күнде. Мысыр шаһарының Ыбрайым атты патшасының 

Шамшибану деген қызы бар, оның сұлулығына теңдесетін жан жоқ, он төртінен туған айдай, көзі түскен 

адамды еріксіз елжіретіп әкетеді. Оның қазіргі патшалығы және жомарттығы сізден он есе артық, оның 

да осы секілді сарайы бар. Мың жерден есік шығарған, келген қайыршы болса, сол есіктің бәрінен қайыр 

алады, бір алғанда қайыршы басы он жүз мың ділдә алады. Оның бұл жалғанда теңдесі жоқ және сол 

жерге келген қонақты, қандай асығыс шаруаң болса да, үш күн қондырмай жібермейді. Сол қыз келсе, 

әрине  бұл  сарайыңыз  мұнан  да  артық  гүлденер  еді.  Бірақ  ол  келмейді  ғой»,  –  деді.  Мына  сөз  маған 

мейлінше ауыр тиді. Қатты қаһарым келіп: 

–  Сен,  лағнат,  аузыңа  келгеніңді  оттап  не  деп  былжырап  отырсың,  осынша  халықтың  алдында 

масқараладың, – деп әлгі нөкерімді жазалайтын болып, екі жендет шақырып алып: «Мынаны дарға тарт!» 

– дедім. Екі жендет тартып жөнелгенде: «Тақсыр, дат», – деді. Көз көрген жолдас қой, айта қой датыңды 

дедім. Көзінен жасы ағып, «Тақсыр, мен сізге айтқанда сізді кемітейін деп, болмаса қорлайын деп ойлаған 

жоқ едім. Көп қызмет істегенімнен, сізге тәуір әйел керектігін ойлап не қылса да соны алсын деп едім, 

сізге еш қастандығым жоқ, енді менің сізден сұрайтыным, хан әмірің екі емес қой, мені қазіргі өлімнен 

босатып, қашан Шамшибану қыздың сондай екенін білгеніңізше зынданға сала тұрыңыз, егер менің осы 

сөзім өтірік болса, ризамын, басымды алыңыз, болмаса, рас болса, қайтесіз, нақақ қанымды төкпейсіз бе?» 

– деп, еңіреп қоя берді. Мен бұл сөзге тоқталдым да: «Ашу үстінде жаза бердім, қанша жазасы болса да 

кештім», – дедім. Ол: «Жоқ, тақсыр хан әмірі біреу, мені зынданға салыңыз, қыздың хабарын білген соң 

босатарсыз»,  –  деді.  «Жарайды»,  –  деп,  оны  салдырып  тастап  қанша  сауыт-сайманмен  Шамшибануды 

іздеп жүріп кеттім. Шамшибануды іздеп кеп қаңғырдым. Арып-ашып шаршадым. Өзім жаяумын. Әлде 

қандай  заман  болады  деп  істетіп,  киіп  шыққан  темір  етік  таусылып  оймақтай  қалғанда,  темір  таяқ 

таусылып тебендей қалғанда, екі көзіме көк шыбын ұялап, қыбырлап қана келе жатыр едім, бір мезгілде 

алыстан ызылдаған дауыс шықты. 

Дауыс шыққан жаққа қарап байқасам, ат үстіндегі адамдай алдына бір нәрсе салып айдап жүрген секілді. 

Азырақ тұрдым да, «қой, неде болса бұған барайын» деп ойлап, ептеп аяңдап жүріп келе жаттым. Өмірден 

күдер үзгендей таяп келсем адамзат екен. Келе амандасып жөн сұрастық. Мен шалға Мысыр шаһарының 

қызы Шамшибануды іздеп келе жатқанымды  баяндадым. Қойшы шал менің сөзімді  тыңдады да:  «Ой, 

байғұс, оған жолығып амандасам деп әуре болма, өзі осы күні ауру, адамзатқа көрінбейді, не себептен 

болғанын білмеймін. Үстіне әкесі де кірмейді дейді. Сыртынан барған сен бір мүсәпір адамсың, жолығам 

дегенге  боларма  екен.  Ал,  барам  десең  сол  Мысыр  шаһары  осы  арадан  түстік  жерде,  мен  сол  ханның 

отардағы койын бағып жүрген кісімін», – деді. Қойшының жөнімен шаһарға қарай жүріп кеттім, күн бата 

шаһарға жеттім. 

Шаһардың сән-салтанаты адам қарап тоймайтын сұлу екен. Жолыққаннан патшаның сарайын сұрайын 

деп, тамашалап бір көшемен жүріп келе жатыр едім, бүйір жақтан «тоқта» деген дауыс шықты, қарасам 

бір адам жаныма келіп: «қайда барасыз, тоқтаңыз, бүгін мынау үйде қонақ боласыз», – деді. Патшамыздың 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              851 bet 

әмірі бар: «Қонақ қылмай адам баласын өткізбе», – деген, үш күн мұнда боласыз да, баратын жеріңізге 

сонан соң барасыз», – деді. 

Тоқтағым келмей, не болса да патша сарайына барып жетейін деп едім босатпады. Амал барма еріп үйіне 

келдім. Кіріп келсем ол үйдің өзін қонаққа деп арнап салдырған екен. Қарап отырдым, осы қонақ үйдің 

өзі сарайыма таяу бар екен. Отырысымен тамақ әкелді. Жасаған сайманы көрмеген қымбатты нәрселерден 

екен. Ішіп болған соң ыдыс-аяқты апарды да, енді біздің мүліктен шықты деп, бір бұрышқа үйіп тастады. 

Аздан соң ет әкелді, оған да жасаған нәрселері анадан артық, көзді тойдыратын, адам баласының қолына 

қалай түсті екен, бұл нәрсе тек періде ғана болуы мүмкін ғой деп ойладым. Сонымен үш күн жаттым, 

тамаққа жасаған нәрселердің бірін-біріне қоспады, бірінің артынан бірін бағанағы бұрышқа үйе берді. 

Мерзімді уақытым толған соң жүруге ұлықсат сұрадым. Енді ұлықсат берді, бірақ сізге айтатын сөз мынау: 

«Үйілген нәрсе біздің мүліктен шыққан, тағам берген соң сіздің мүлкіңіз болып қалған, бірге ала кетіңіз», 

– деді. «Жоқ, рахмет, көлігім жоқ, алып жүре алмаймын, керегі жоқ», – деп едім: «Жоқ болмайды, патша 

білсе басымызды алады, мұны алмай кете алмайсыз», – деді даяршы. Алмаймын деп едім, еріксіз берді, 

амал  бар  ма,  алып  шығып  арқалап  келе  жатыр  едім,  жолда  бір  қайыршы  кездесіп,  құдай  алдында 

қарыздығым жоқ деп нәрселерді әлгіге беріп, патшаның сарайының жөнін сұрап алып жүріп кеттім, енді 

көшенің  ортасына  жете  бергенде  және  біреу  ұстап  алып  қонасың  деп  жібермей  тағы  қондырды. 

Байлаудағы  адамдай  қонбайым  десем  болмайды.  Бұл  да  әлгіні  істеді,  сонымен  қыздың  сарайына 

жеткенше  тоғыз  қондырды.  Сол  арада  берген  нәрсе  шаһардың  мүлкіне  тұрады  деуге  болар.  Бұдан 

құтылып өтіп қыздың сарайына келдім. Бір адам жүгіріп шығып, үйге кіргізді. Кірген соң жөн сұрасып 

отырдық,  әлдене  уақытта  бір  бәйбіше  адам  келіп  жайымды  білген  соң,  бір  жендетін  шақырып  менің 

шаруамды айтты. Жаңағы келген кісі қыз Шамшибанудың даяршысы екен де, бәйбіше шешесі екен. Ол 

отырды да:  «Ой, шырағым, сенің қолыңнан келмейді  ғой,  – деді.  – Себеп осы күні  оңтүстік жақта бір 

патшаның баласы бір көк өгізге жылында бір дүре салып, артынан өзі зарлап жылайды екен. Өмірі осымен 

етіп келе жатса керек. Сол не себептен сөйтеді, соның кінәсін біле алмай, Шамши қазір қайғы үстінде, 

кімде кім соны біліп келсе, мейлі қайыршы болсын, мен соған тиемін дейді», – деді. «Жарайды, оны мен 

табам», – дедім де, соны іздеймін деп жүріп кеттім. 

Сонымен айлар, жылдар жүріп отырып, айтқан жөнмен іздеп, арып-шаршап бір шаһарға келіп жеттім-ау. 

Бір көшенің бойын өрлеп жүріп келе жатыр едім, бір шал адам ұшырасты. Шалдан: 

– Ата, бұл шаһар не деген шаһар, – дедім. Шал тоқтап: 

– Балам, өз жолың болсын, қайдан келесін, – деді. 

– Айтқаның келсін, мен бір мүсәпір баламын, баласы жоққа бала болам, – дедім. 

– Ой, қарағым, перзент көре алмай өмірім жылаумен келе жатыр еді, маған бала боласың ба? – деді қарт. 

– Жарайды, ата, болам, – дедім. 

Шал  қошаметтеп,  бетімнен  сүйіп,  үйіне  ертіп  алып  келді.  Бір  кемпірі  бар  екен,  ол  да  қуанып  жылап 

көріскендей болып жатыр. Сол уақытта күн сәске еді. Шал мен кемпір айтты: «Балам, біз мына халықпен 

бірге баратын жеріміз бар, сен осында отыра тұр», – деді. «Қайда барасыздар», – деп сұрап едім, «көк 

өгізді жігітке барамыз», – деді. «Ата, мен де барайын, сізге бала болдым ғой, осы бастан ел таниын», – 

дедім. 

Менің көңілімді қия алмай екеуі: «Жүрсең жүре ғой», – деді. Қуанып кеттім. Өне бойларына қара киіп 



алды, маған да кигізді, далаға шықсақ бүкіл шаһардың халқы қара киген, батысқа қарай шұбырып кетіп 

бара жатыр екен. Барлық халық шаһардан үш шақырымдай бір тоғайдың жанына барып, қаз-қатар тізіліп 

отырды. Бұлар біраз отырғаннан кейін бір көк өгіз мінген жігіт келді, артына мінгескен бір жігіті бар, 

жарты шақырым жерге келіп түсіп, артына мініп келген жігіттің қолындағы қоржынынан бір кесені алып, 

мінгескен жігітке берді. 

Ол  отырған  топқа  жүгірді.  Халықтың  бәріне,  басынан  аяғына  дейін  кесені  көрсетіп  өтіп,  қайтып 

жолдасына келді. Кесені қолынан алды да жар салып, үш бөліп, қылышпен жігіттің басын қағып тастап, 

көк өгізді жігіт зарлап кеп жылады. Жылаған уақытта шыққан дауысына адамның сай-сүйегі сырқырайды. 

Тыңдаған халықтың бәрі төмен қарап жыласып отыр, біреуі жоғары қарамайды. Бағанағы жігіт жылап-

жылап  өгізіне  мініп  ап  жөнеле  бергенде  мен  соңынан  тұра  жүгірдім.  Кетіп  бара  жатқанда  жанымда 

отырған шал: «Қайда барасың, қарағым, өлтіреді», – деп, жылап қоя берді. Оған болайын ба, іздеп келген 

шаруамның өзі  сол  еді. Жүгіріп бара жатқанымда бір жігіт,  «мынау  адамды  жын  соққан ба, ұстаңдар, 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              852 bet 

жібермеңдер, ажал түртіп жүрме, өзінің дені сау адам емес, босатпаңдар» деп, ұстап, жібермей-ақ қойғаны. 

Енді қайтерімді білмедім, онан босап баруға тұратын мекенін пәнде білмейді, адасып қалдым. Ызаланып 

енді  екінші  жылға қалдым.  Сол  баяғы  алғашқы  келген  шалдың  қолында  мен  бала,  ол  әке болып  жүре 

бердім. Жыл он екі ай өткен уақытта көк өгіздің келер уақыты жетті, әке, шешем қал деді, мен барам деп, 

ақырында  менің  көңілімді  қимады,  ертіп  жүрді:  «Бірақ,  ана  жылғыдай  тағы  жүгіріп  жүрме,  өлтіріп 

тастайды, ол жігіттің алдына ешкім барған емес», – деді әкем. Мен  «жарайды» деп алдап жүріп топқа 

келдім. Отырғаннан кейін әрі беріден соң көк өгізді жігіт келді. 

Баяғысындай кесе беріп, жігітті жіберді. Жігіт елге көрсетіп болып қайтып барған соң кесені сындырып, 

жігітті өлтіріп, ой, зарлап жылады дейсің. Сонан соң, өгізіне мініп жүре бергенде, артынан тағы жүгірдім. 

Отырғандар,  «ой  мына  жігіттің  дені  сау  емес,  ұста»  деп,  тағы  жібермей  қалды.  «Досым,  замандасым, 

қайғысына ортақ едім, жібер» деп халыққа жалынып едім, әке-шешем «өтірік айтады» деп, ешкім мені 

босатпады. Содан сорым қайнап, жылай-жылай үшінші жылға қалдым. 

Тағы шал мен кемпірдің қолында тұра бердім. Ол екі байғұс өз баламыз деп мені жақсы күтеді, жанын 

үзеді. Кейде «қарағым, сен неге күліп-ойнап жүрмейсің, әрқашанда ренжіп жүресің, не ойың бар, айтшы? 

Әлде тамағың аш па? Болмаса, киімің жаман ба?» – деп сұрайды. «Жоқ, ата, өзімнің мінезім солай», – деп 

айтпаймын, тек жүрем де қоям. Сонымен тағы бір жыл өткен соң елдің баратын уақыты болды. Дәл ертең 

барамыз дегенде: «Әке, мен бір жерге барып келем», – деп, кешке жақын кетіп калдым. Жігіттің келетін 

жолындағы белгілі тоғайға келіп, жасырынып, бұғып елге көрінбедім. Ертеңінде дәл түсте жігіт шаңды 

бұрқыратып  келе  жатыр  екен.  Алдынан  жүгіріп  шығайын  дедім  де,  қой,  оным  асығыс  болар,  қайтқан 

бетінде жолығайын деп тұрдым. Баяғыдай өгізінен түсіп, елге кесені көрсетіп, қайтып барғаннан кейін 

кесені сындырып, жігітті өлтіріп, жылап-жылап зарлап болып, бір ақырып қалды. Отырған ел ағытқан 

қозыдай шаһарға қарай жөнелді. Олар кеткен соң жігіт те жөніне қарай қайтты. Жүре бергенде артынан 

жүгірдім. Тақай бергенде артына жалт қарап, қылышын суырып ала ақырып, маған тұра ұмтылды. Мен 

«бәрі бір өлетін адаммын, онанда осы менің қаныма сіз ортақ болып, басымды алып тастаңыз»,  – деп, 

басымды ұсына бердім. 

Таяу келіп, қылышын қынына салды да: «Бұдан былай жүрме, егер жүрсең басыңды алам», – деді де жүріп 

кетті.  Мен  қарап  тұрмадым,  артынан  тағы  жүгірдім.  Барлық  қаһарын  тігіп  алып  маған  қарсы  шапты. 

«Басымды алып тастаңыз, ақыр өлем», – деп басымды ұсындым. 

Басымды шаппады, қайрылып жүріп кетті, мен де жүрдім, енді қайрылып қараған жоқ, жүре берді, мен 

де жүре бердім. Әлден уақытта бір үлкен күмбезге келіп кірді, артынан мен де келіп кірдім, келсем көк 

өгізді бір бағанаға байлап қойыпты. Үлкен сарайдың жан-жағы есік, төрдегі бір есіктен дауыс шығады, 

соған  қарай  аяңдап  келдім,  бұрынғыдай  емес,  бойым  үйренді,  қорқу  кетті.  Барлық  мұратыма  жеткен 

болып жүрмін. Әлгі үйге келіп кірсем, жігітім зарлап, жылап отыр, өзінен басқа адам жоқ. Есік аузында 

садақ ұстап бір адам тұр, түрінен адам шошитын. Сарайдың кірер аузында қорқып тұрдым. Жігіт жылап 

болып бір ақырып қалып еді, бір есіктен өңкей қара киген бір келкі жігіт кіріп, бәрі де төмен қараған күйі, 

өң жоқ, түс жоқ айнала отырысты.  Оң жақта бір  шымылдық  құрулы тұр,  оның ішінде бір қыз жатыр. 

Әлден уақытта бір ақырып қалып еді, бағанағы отырғандар қасқырдан үріккен қойдай топырлап кірген 

есіктен  шығып  кетті.  Олар  кеткен  соң  жігіт  шымылдықтың  ішіне  кіріп,  ой  зарлап  жылап  еді  дейсің, 

даусының зары қара тасты жібітетіндей. Мен үйдің ішіне кіріп отырдым. Мұның қалай деген ол жоқ, өз 

ісімен  әуре.  Жылап  зарлап  болып,  көзін  сүртіп,  қыздың  іргесінен  бір  жуан  таяқты  алып  шығып,  бір 

ысқырып қалып еді қылыш асынған бір-екі жендет жетіп келді. Қөк өгіздің төрт аяғына төрт қазық қағып, 

мықтап байлап қойып дүрені салды. Кейін өз қолынан жонына жүз таяқ және салды. Ол жарамай сынған 

соң, өгізді шалқасынан салып қойып және бір таяқпен бауырын тілгілеп, екі бүйіріне екі жүз таяқ салды. 

Өгіз  өкіргенде  құлындағы  даусы  құраққа  шықты.  Әрі-беріден  соң  өгіз  шала  жансар  қалды.  Төрт  жүз 

таяқты салып болып өгіздің ауыз-басын торғын орамалмен сүртіп жіберіп кілемнің үстіне құс төсек салып, 

жатқызып қойды. 

Қайтып  үйіне  келіп  отырды,  аздан  соң  тамақ  әкелді,  оны  ішіп  болды  да,  мені  қасына  шақырып  алып: 

«Кәне, шырағым, бейнет көрген адамға ұқсайсың, өлімге жанынды қиғандай тірліктен үлкен не арманың 

бар, айтшы?», – деді. Айтшы дегенде қуанғанымнан жылап қоя бердім. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              853 bet 

Мен өзімнің кім екенімді, басымнан кешкен уақиғамды бастан-аяқ қалдырмай баян қылдым. Көк өгізді 

жігіт:  «Ой  сіздікі  ештеңе  емес,  құдай  сені  ертең-ақ  жарылқайды,  себеп  менің  уақиғамды  біліп  алып 

қайтасың, өмірі өлгенше қайғы жайлап кететін мені айтсаңшы», – деп сөз бастады. 

– Мен де бір патшаның баласы едім, әкемнің ешбір перзенті болмай үш қатын алған екен. Ең, кіші қатыны, 

менің әжем, екі қабат болған уақытында, әкем баламның өміріне кітап ашып бер, бақытты бола ма, жасы 

ұзақ  бола  ма,  қыз  бола  ма  деп  шаһардағы  барлық  бақсы-балгерді  жиып  алып  сұрапты.  Бақсылар 

кітаптарына қарап, балдарын ашып-ашып, бәрі де үндемейді, патша: «Неге айтпайсыңдар, не көрдіңіздер», 

– деген екен, сонда бір ішіндегі ғұлама үлкені: «Әйеліңіз ер бала табады. Атын Әшім қойыңыз», – депті. 

Онан соң он екі жасқа келгенше жер астына сақтаңыз, әйтпесе өмірі қысқа болады. Өзінің көргені бейнет 

болады  деген  екен.  Әкем  еркек  бала  деген  соң  қуанып,  бірнеше  жұмыскер  жиып  алып,  жерден  сарай 

жасатқан.  Оны  болған  соң  он  екі  жылға  жететін  азық  үйдіріп,  шешемнің  айы-күні  толған  уақытында 

қанша  даяршымен,  мені  оқытатын  молла  мен  бәрімізді  жер  астына  түсіреді.  Шешем  сол  жер  астында 

босанып, сонда асырап, сонда тәрбиелеп жүріп жатады. Мен іштеме білмеймін, кәдімгідей сейіл құратын 

жері бар, сарайы бар, жақсы оқып жүрдім. 

Сонымен жасым он бірге келді, бір күні сейіл құратын жерге барып қыдырып әрі-бері жүр едім, жоғарғы 

жақтан бір болымсыз жарқыраған саңылау көрінді, әлгіні тамаша қылып қарап тұрып едім, әрі беріден 

соң алтын таққа мінген дүниеде теңдесі жоқ, бір сұлу қыз әлгі тесіктен түсіп қасыма келіп, мені алдына 

алып құшақтап, қысып-қысып оң бетімнен бір, сол бетімнен бір сүйді де қайтадан ғайып болып, жоқ боп 

кетті. Ешбір тұрағын білдірмей кетіп қалды. Ол кетісімен әлгі жерде талып қалыппын. Әрі-беріден соң 

көзімді  ашсам  шешемнің  екі  көзі  бұлаудай,  молда  дем  салып  отыр,  ғашық  оты  ішімді  күйдіріп  әкетіп 

барады. Не болды деп молда мен шешем сұрайды, айтуға аузым жоқ секілді. 

Әкеме хабар салып, жер үстіне алып шықты. Ат жетер жерден бақсы іздеп, еш бірі ем қыла алмай қойды. 

Ақыры шаһарымыздағы бір ғұлама қарап: «Бұл бала жазылмайды, бұл ғашық болған болу керек, пәлен 

шаһарда бір дәрігер бар, соның бір қарағанынан қалмайды, баланы сонда жіберіңіз, бәрі бір шақырғанмен 

ол келмейді, мен өзім бастап апарайын, дәрігерге қанша тарту сыйлықпен жіберіңіз», – деді молда. Мұны 

есітіп әкем пақыр мен жазылғандай болып қуанып, ырғап-жырғап жүргізді. Арада бірнеше күн жол жүріп 

дәрігерге келдік. 

Әлгі дәрігердің әдеті халқын жылында бір қарайды екен. Елінде жөнді ауру болмайды, адамды ажалға да 

талғап қана құдайдан қорыққаннан береді екен. Сонымен мен барған кезде елінің жиылып көрінетін уағы 

болып қалыпты. Шаһардан бес шақырым шамасындай жерде сарайы бар екен, соның алдына елі жиылып 

қаз қатар отырады екен. Өзі жалаңаш келіп, елді қарайды. Сол елмен бірге мен де келіп отырдым, дәрігер 

келіп, басынан төмен қарап-қарап, қайсыбіріне ауруың жоқ деді, әлдеқайсына бір жапырақ кағаз берді, 

қайсыбіріне дәрі берді, бәрі де оңалып тарап, кетіп қалды. Маған келді де бетіме қарап өтіп кетті, өзімнің 

түсім сарғайып, өңім бұзылып кеткен болуым керек. 

Анау қарамаған соң жаннан күдер үзіп, «өледі екем ғой» деп ойлап отырдым. Әбден ел тарап болған соң 

шал келіп, мені ертіп өз сарайына алып келді. Үйіне кіріп бір үлкен шкафка алып келіп, аузын ашып, 

астыма орындық қойды. Шкаф толған кітап: «Мынаны оқи бер» деді де, өзі кетіп қалды. Оқып отырмын, 

еш нәрседе шаруам жоқ, күн сайын тәуір болып келе жатқан секілдімін. 

Шүкір жаман емеспін, кітаптардың бәрін алты ай ішінде оқып бітірдім. Бір күні бір кітапты оқып отыр 

едім,  ұстазым  бір  аурулы  шалды  алып  келіп  шалқасынан  жатқызып  қойыпты.  Кітапты  оқып  отырсам 

кітапта: «Көсеу темірді отқа қыздырып, бісмілла деп, аурудың басына таяп апарсаң мойнына жабысып 

тұрған кенедей дерт темірдің басына жабысып шығады, темір ыстық болса, шал өліп кетеді» делінген 

екен. Әлгі өзімнің ұстазым шалды осылай емдегелі жүр екен. 

Ұстазым темірді ысытып алып кетті. Байқасам темір ыстық. Таяп, тиіп кетсе өліп кететін. Ауруға жаным 

ашып: «ата, өліп кетеді», – дедім. Сол-ақ екен темірді лақтырып жіберіп, шашын, сақалын жұлып, ойбай 

салып,  үйден  шығып,  безіп  кетті  де  қалды.  Онда  жұмысым  болған  жоқ.  Жүгіріп  келіп,  темірді 

суытыңқырап  жіберіп,  аурудың  басындағы  дертін  алып,  тұрғызып  қоя  беріп,  жүгіріп  далаға  шықсам, 

ұстазым жарылып өліп қалыпты. Бұл не деген ғажап болып кетті деп жүрсем, ол кісі, мынау өзімнен қалай 

асып отыр деп, күншілік етіп жарылып кетіпті. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              854 bet 

Сонымен  шалды  ақ  жауып,  арулап  қойып,  сарайларын  аралап  жүрсем,  бір  бөлмеде  кішкене  ғана  бір 

сандық тұр. Ашып қарасам, ылғи дұғалық, ісми ағзам дұғасы. Әлгілерді қолыма алып, оқып көрсем, пері 

байлау шарттары бар екен, алып оқып, ойлап отырдым. 

Баяғы  қыз  осы  періден  шығар,  бұларды  байлайын  деп,  бір  дұғалықты  алып  оқыдым.  Әлден  уақытта: 

«Жаным, бұл не қылғаның қырасың ба мұнша»,  – деп, жиылып келіп тұрған ылғи перілер.  «Сендерде 

менің  шаруам  жоқ,  патшаларыңның  қызын  әкелсеңдер  босатам,  болмаса  бәрінді  қырам»,  –  деп  едім, 

Жымыр деген бір ұшқын жіберіп патшаның қызын алдырды. Өзімнің неше жыл зарығып сал ауру болған 

Шахинорды  есіктен  алып  келгенде,  есімді  білмей  талып  кеттім.  Әлдене  уақытта  көзімді  ашсам, 

баяғысындай алдына алып, су бүркіп отыр екен. Құшақтап, көрісіп, «жә, құдай, тілекті бердің»,  – деп 

мауқымды  бастым.  Байлаған  перілерді  босатып,  некемді  қидырып,  осы  сарайымды  өзіме  бөлек  етіп 

салдырып, өзіме арнаған үйге кіріп сәт күні екеуміз қосылып жатқан едік. Сырт жағымнан бір дауыс: «Ой, 

ақымақ, тозаққа кетесің, қойныңдағы ісмиағзам дұғасын бері әкел», – деді. 

Байқағам жоқ, суырып бере салдым, қолына түскен соң таптыра ма, алды да кетті. Сөйтсем мені перілер 

алдап, аңдып жүреді екен. Өздерін байлайтын дұға қолдан кетіп қалды. Ана шымылдықтың ішінде жатқан 

қыз не өлі емес, не тірі емес шала жансар. Көк өгіз сол дұғалықты сұрап алған пері. Ұстап алып, жылында 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет