ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет124/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   153

шапқылап ханға  қабар жеткізді.  Хан  қырық күн  ойын,  қырық  күн  той  жасап,  екі  той  бір  болсын  деді. 

Шолпанды маған тигізді. Мен Шолпанды алған соң ханға уәзір болып қызмет істедім. Менің атымды хан 

Жолдыаяқ қойды. Бұрынғы өз атым Қакім болатын. Сонымен жақсы тұрмыста төрт жылды өткіздім. Үйлі-

баранды,  бала-шағалы  болдым,  ханға  қызметім  жақты.  Хан  сондайлық  маған  сенді.  Басқа  уәзірлерден 

жасырын сырларын маған ғана айтатын еді. 

Бір күні түнде жүгіріп Сағила деген жеңге келіп, суық хабар жеткізді. Сағиланың сөзіне қарағанда, сол 

күннің өзінде қырық уәзір сыналып, ханның бұйрығы бойынша мені дарға аспақшы болыпты. Мұны естіп 

Шолпанға ақылдасып едім, Шолпан мен мұны естідім. Бірақ сен айтқан боларсың деген сұраққа сенбедім. 

Сенбеген соң саған айтпаған едім. Менің естуімше сені сынайды деді. Бірақ ханның қызы куәлік беріп, 

бұрын бір диудың соңынан қақпа тастың қуысына еріп кіргенін көріп едім, – депті дегенде менің зәрем 

ұшып кетті. 

Көп ойландым. Ханның алдына барып бастан-аяқ қал-жайымды айтсам ба екен дедім, шырақ диудан өзі 

қорқып тұрған хан ұстап алып өлтіреді ғой деп ойлап және қорықтым. Қашу керек дедім ішімнен. Бірақ 

Шолпанға бұл сырымды айтпадым. Амал қанша Шолпанды тастап, сол түнде шаһардан шығып қашып 

жөнелдім. Соңынан менің қашып кеткенімді естіп іле бүкіл шаһар халқы болып, таңды бетке ала іздеді. 

Қарағайдың арасында маған жетіп жабыла шаһар болып, ортаға алып қуды. Мен қашып келемін, қалың 

жұрт қуып келеді, желдің лебіне түріліп көтерілген етегімнен әне ұстайды-ау, міне ұстайды-ау деген кезде 

менің көзіме маржан елестеді. Бас салдым, көтеріп алып жөнелді. Жұрт артымда шулап, не деген керемет 

деп қала берді. 

Маржанның астында баяғыдай салбырап келемін. Әлде не замандарда бір қамысқа келіп аяғым ілініп еді, 

көзімді ашып жібердім. Ештеңе де жоқ, қалың қамыстың ішінде қалыппын. Жан-жағыма бұрылып қарап 

едім, биік құм таудан басқа көзіме еш нәрсе көрінбеді. Неде болса осы таудың басына шығайын деп екі 

етегін беліме түріп алып, әрең дегенде тауға шықтым. Таудың арғы жақ бетінде, тек қана жалғыз, көк 

шатырлы күмбез көрінді. Аяңдап отырып күмбезге келіп едім, есігінің алдынан күзетші әйел кез болды. 

Кіруге рұқсат сұрап едім, тұра тұрыңыз, сөйлесіп келейін деп, тұра жөнелді. 

– Кіруге рұқсат, – деді. 

Күзетші әйелдің соңынан есіктен кіріп, аралап сарайға келсем, асыр салып билеп жүрген қырықтай жас 

қызды көрдім. 

Қадиша деген ханның жалғыз қызы, қасындағылары соның ерген күзетшісі екен. Бұрын ешкімді іштеріне 

жібермейтін тәртіптері болса да, бұл жолы маған ондай тәртіп қолданған жоқ. Не керек, өздерімен бірге 

күмбезде  асыр  салып  ойнап  көп  уақыт  өткердім.  Қадишамен  жақсы  таныс  болдым,  мені  сарайдан 

шығарғысы келмеді, бірақ мен ол өмірге риза болмадым. Менің есі дертім туып өскен шаһарым болды да 

тұрды. Жатсам, тұрсам осылардың есігінен қалай шығып құтылармын деймін. Бір үні барлық қыз жапа-

тармағай сыртқа шықты, мен де шықтым, ойнап жүріп қыздардың арасынан сытылып қаштым. Тұра қуды, 

құтқармауға айналды. Састым, не қыларымды білмедім. Енді ұстаса оңдырмас, ханға айтып дарға асады 

ғой деп ойлаймын. Енді ұстайды-ау дегенде ойламаған жерден тағы да маржан сап ете түсті. Шап бердім, 

көтеріп  ала  жөнелді,  қайда  алып  барады,  қай  жерге  тоқтайды,  онда  менің  жұмысым  жоқ,  шынында 

ондайды ойлауға мұршамды келтірмеді. Ұшқанда жылдамдығы сондайлық, көзіңді аштырмайды ғой. Не 

заманда табаным жерге тиіп, қолым босап, көзім ашылып кетті. Қарасам өз шаһарым, өзіміздің мешіт тұр, 

мешітке қарай жүгірдім. Келсем жұрт жиналып, намаз оқығалы жатыр екен. Мені көріп құшақтап бірінен 

соң бірі аузымнан сүйіп, төсіне қысып мәз болды да қалды. Менің қайда, қалай барып келгенімді сұрады, 

несін  жасырайын  бәрін  айттым.  Жұрт  былай  деп  жорыды,  ол  сенің  маржан  дегенің  бақыт  құсы,  анау 

бастапқы уәзірдің қызы бірінші жұбың, екінші құдай қосқан жұбың Қадиша, ол саған туғаннан ғашық еді, 

сені күтіп жатқан беті болатын. Сен онан бекер қаштың, – делі. 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              846 bet 

Мұны естігенде жаман өкіндім. Расында Қадишаны алып кетуім керек екен, ол бір өмірлік өкініш болды. 

Мен содан бері қатты өкінішті болдым. Қайғырып мешіттің төбесіне мінбеге шығып алып, мезгілсіз зікір 

шақыратын себебім сол. Бақыт құсы тағы келеме деп үмітті болам. Зікір салмасқа менде еш бір дәт қуат 

қалған жоқ. Еріксіз бақырамын да тұрам, кейбір шаһар қалықтары мені жынданған деп те сөз қылатын 

көрінеді. Олардың сөзі ішіме де кірмейді. Міне менің мезгілсіз зікір салатын себебім осы, – деді азаншы. 

Атымтай азаншының аузынан әңгімесін естіп болған соң, рұқсат сұрап мініскердің шаһарына жүріп кетті. 

Көп  уақыт  жүріп  шаһарға  келді.  Шаһарға  келіп  мініскерге  азаншының  мән-жайын,  азаншының  өзі 

айтқандай қылып түп-түгел айтып шықты. Мініскер: «Атымтай, – деді. Енді мен мініскерлік жайымды 

айтайын, сен құлақ салып түгел тыңда», – деді. 

–  Менің  шаһарым  осы  арадан  мың  шақырым  шамасында,  шаһардан  қашып  келіп  отырған  мен  бір 

қашқынмын. 

Менің әкем жәй ғана қолөнерші еді, әкемнің тәрбиесімен мен де қолөнер жұмысына жасымнан берілдім. 

Қолымнан  келмейтін  өнер  жоқ,  он  қолымнан  өнер  төгілді.  Мен  темір  де  соғамын,  темірден  түйін  де 

түйемін, ағштан жасамайтын, түймейтін түйінім болмайды. 

Атадан жалғыз едім, әке-шешем қартайып мені үйлендірмекші болды. Көп уақыт қыз таңдадым, лайықты 

сұлу қыз кездеспеді, осы қандай ай мен күндей сыншы болып кеткенімді білмеймін. Бір күні үйіме бір 

ақсақал келіп қонды. «Балам, – деді, қалыңдығың бар ма»,  – деп мені айналдырды. Жайымды айттым. 

Маған сұлу керек еді, сұлу таба алмадым дедім. Сенің көзің сұлу зат жасап әбден машықтанып қалған. 

Саған жуырмаңдағы өңі сұлу қыздар ұнай қоймас деді. Ақсақалдың мұнысы рас еді. 

– Я ақсақал, өзіңіздің табар сұлуыңыз барма, – дедім. 

– Менің табар сұлуым саған ұнайды, ондай сұлу дүниеде болмауы керек, болса мұнан артық сұлу бұл 

өмірде көргенім жоқ деді. 

Шамасы ақсақалдың жасы алпыс жастан асқан еді. Алпыс жылдық өмірімде мұнен артық сұлу көрмедім 

дегенде, жүрегімді тас сендірді. 

Ақыр ақсақалға еріп, ақсақалдың айтқан сұлуын іздеп бардым. Барсам дүниеде жоқ сұлу десе сұлу екен. 

Бар сын көзіммен қарап сынасам да, тұрған бойынан түймедей мін таға алмадым. 

– Ақсақал, – дедім, сіздің мынау көрсеткен сұлуыңыз көңілге ұнады, мен мұндай сұлу көргенім жоқ едім. 

Мақтауға сөз таба алатын емеспін, – деп ем, ақсақалым қарқылдап күлді. 

Сол жол ақсақалдың жәрдемімен құда болып, қалың малын төлеп сұлуды алдым. Сұлудың аты Айсұлу 

еді, Айсұлуды алғаннан бері жұмыс істеп кәсіп қылуға мойын жар бермеді, желкеден бір нәрсе тартып 

тұратын  сияқты.  Қасынан  шықсам,  көзінен  таса  болсам,  жаным  шығып  кете  жаздайды.  Айсұлу  да 

мойныма  оралып  қасынан  шығарғысы  келмейді,  еңбек  істеп,  мал  тауып  күн  көру  керек  еді.  Ол  менде 

болмады. Кемпір-шал өлді, тұттай болып кедейлендік, қолдағы бар таусылды, осы жоқшылықтың бәрі де 

Айсұлудың қасында отырғанда ойға кіріп те шықпайды. 

Бір  күні  біреулермен  еріп  жолаушы  шығатын  болдым.  Менің  жолаушы  шығатынымды  Айсұлумен 

ақылдасып  бір  ай  бұрын  шештік.  Сонымен  жүріп  кеттім.  Жолаушының  еркі  өзінде  болатын,  «құдай 

қонақпыз» деп бір үлкен ақ ордаға келіп түсе қалдық. Бес-алты адам едік, күтті. Түнде бір құмалақшыға 

бәріміз де құмалақ салдырдық, менің кезегім келгенде құмалақшы бетіме бір қарап алды да, жәйіп қойған 

құмалағына қарап алып:  «Балам, – деді, сенің ажалың әйеліңнен болады»,  – дегені ғой. Сенгенім жоқ, 

оттап отыр деп ішімнен ұрыстым, бетіме қарап маған сенбей ішіңнен ұрсып отырсың ғой, айеліңнің таңға 

жуық еті мұздап, еркекпен бірге тамақ ішпейтіні распа дегенде шошып кеттім. Осы иттің айтып отырғаны 

сандырақ, сандырақ та болса мынау сөзді тауып айтты-ау деп қорықтым. 

Шынында Айсұлу басқа еркек түгіл өзіммен бірге отырып тамақ ішпейтін еді. Және таңға жуық еті мұздай 

болатын, ойлаушы ем, еркекпен бірге тамақ ішпеуін, таңға жуық етінің мұздауын бір себептер бар ғой, 

сол себептерін сұрасам көңілі қаларма екен дейтін ем. Барған соң енді сұрамай болмас деген ойға келдім. 

– Ал бәлгер, рас-ақ болсын, енді барған соң сүйтіп ол әйелмен айырылысу керек бе? – дедім. 

– Енді жан керек болса айырылысасың, болмаса әйеліңнен өлесің, бұл екі арасын өзің таңдауыңша, – деді. 

Мен сол қорыққаннан қорқып, қорқынышты ұстай үйге жеткенше таудай қылып үйіп алдым. Үйге келген 

соң, әйелімнің бетіге қарасам, жүрегім аузыма тығылып, кеудемнен бір бәле тіреп тұрған сияқты болды 

да қалды. Қорықсамда қайтейін, «менімен бірге тамақ іш, және таңға жуық етің неге мұздайды, айт», – 

деп жабыстым. Ашулануға айналды, өңі өзгеріп бұрылып барады екен, табан тіреп сөзімде тұра алмадым. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              847 bet 

Ойпырмай сұлуым-ай, неге ашуландың деп қорыққанымнан мойныма оралдым. Жан тәтті ғой, жанымды 

қоярға  жер  таппай  жаман  сасқаным.  Сонымен  неде  болса  қашып  кетейін,  қашқын  болайын  деген 

қорытындыға келіп, сұлудан қайтып безудің ақылын таба алмадым. Бір күні мұрныма мақтаны тығып, 

ауа кірместей, шықпастай тығып тастадым да, сұлудың қасында өтірік ұйықтадым да жаттым. 

Түн ортасында төсектен атып жерге түсті, сандықты ашып, жақсылап киінді, айнаға қарап таранды, бір 

нәрсені алып келіп мұрныма иіскетті, маңдайымды уқалап жіберді де шамды өшіріп үйден шықты. Бұл 

қайда бара жатыр, соңынан қалмайын деп мұрнымдағы мақтаны алып тастап, соңынан ердім де отырдым. 

Үлкен көшемен аяңдап отырып басынан шығып, ордалы жыланның ішіне келіп жылан суретіне кірді де 

кетті.  Мұны  өз  көзіммен  көрдім,  бұрынғы  қорқыныш  қорқыныш  па,  қорқыныш  онан  жаман  зорайды, 

ізімше қайтып келіп орныма жата қалдым. Мұрныма мақтаны тығып қойдым, ойлаймын, бұл сайтан ба, 

әлде диу, періме деймін де тағы да ойланам. Не заманда таңға жуық келді, шешініп келіп орнына жатып 

еді, еті маұздай екен. Әрине жер бауыры суық келеді ғой, жыланмен ойнап күліп, жерден шығып келген 

соң солай болу керек. 

Сонымен ертеңінде түнде өз үйімнен өзім үркіп, қашқын болып шаһарымнан шығып, міне осында келдім. 

Мен келгелі бір қыдыру жыл болды, артымның не күйде болып қалғанын білмеймін. Мұнда келген соң 

ағаштан  түйін  түйіп,  кімге  не  керек,  керегіне  қарай  нәрсе  жасап  шығарамын.  Сол  қолымнан  жасап 

шығарған нәрсем сондайлық сұлу болып шықса, отырамын да осы сіра сұлуда менің не жұмысым бар, 

басыма  тиіп  еді  ғой  деп  жерге  ұрып  быт-шытын  шығарамын  да,  өзімді  өзім  басқа  ұрып  ақырында 

қарқылдап күлетінім сол. Бұған да шүкіршілік, басым аман қалғанына қуануым керек деймін. Міне менің 

барлық қал жайым осы деп мініскер Атымтайға әңгімесін аяқтады. 

Атымтай мініскердің жалпы жайымен танысып, әңгімесін естігеннен кейін аттанып жүріп кетті. Атымтай 

сол жүргеннен жүріп Қаридың шаһарына келіп, қарияның өз үйіне түсті. 

Қарияға мініскерің жайын сөйлеп, енді қарияның өз жайын сұрады. 

Қария: 

– Мен ұры едім, ұры болғанда мал яки зат ұрлайтын кәдуелгі ұры емес, осы адам ұрлайтын ұры едім, – 



деді. 

Ол  күнде  менде  төл  ат  қып  мініп  жүрген  Тобышақ  деген  атым  бар  еді.  Атымның  орамдылығы, 

шапшаңдыағы,  шабысының  дәрежесі  сондайлық,  атылған  оқпен  жарысатын.  Сол  атпен  жүріп  бір 

шаһардың адамын көшеден, кез-келген жерден алдыма өңгеріп, ала қашып екінші шаһарға алып барып, 

құлдыққа сатып жіберетінмін, осыны кәдімгі кәсіп қып жүрдім. Бір күні бір шаһардан бір адамды екінші 

шаһарға сатып келе жатсам, айыр жолдың тарауында бір ақсақал отыр. Жақындай бергенімде ұшып тұра 

келіп амандасты. Сол уақытта менің ойымда құдай сол ақсақалды оңынан берді ғой, өңгеріп ала кетіп бір 

жерге құлдыққа сатып жіберейін деген ойыма кірді. Бірақ, аман сәлемнен кейін: «балам дос болалық», – 

деді. Мен жөнді жауап бермеп ем, «менсінбей тұрмысың» деді. Және «балам қандайлық кәсіп істейсің 

деген сұрақты көлденеңнен қойып жіберді». «Кәсібім ұрлық» дедім. «Адал кәсіп істеуге болмай ма?» деді, 

«адал кәсібіңіз не?» дедім. «Дос болсаң мен адал кәсіпті үйретемін, дос болалық» деп жабысты. «Болсақ 

болалық» дедім. 

– Олай болса ер соңымнан деп ақсақал алдыма түсіп жортып жөнелді. Шауып келемін, тобышақтан тері 

де шықты, нәсілі тобышаққа жеткізетін емес  сияқты. Ол жүрген бетімен жүріп келіп сәскелікте үлкен 

дарияға кездестк. Ақсақал кәлімгі қара жерден жүгіргендей судың бетіне жүгіріп алып жөнелді. Мен суға 

келіп тіреліп тұра қалып едім, жүр деп айғайды салды. Мен де суға тобышақты салып жіберіп жүзіп өте 

шықтым. Алдымыз биік жартас еді, шатқа келіп тірелдік, атты саяға байлап жоғары шыңырауына шықтық. 

– Балам, – деді қорықпа, сескенбе және масаттанба, – дегені ғой. 

– Жарайды деп тәуекелге кірдім, келе үлкен жартасты етекке домалатып жердің құлағын тапты. Үңіліп 

қарасақ терең, үлкен аңырайған қуыс, ақырындап жел сызғып тұр. Жүр деп шал бастап кіріп кетті. Мен 

де соңынан еріп келемін, арырақ барған соң, арғы жағы үй болып шықты. Бір есікті ашып кіріп келіп еді, 

байлаулы тұрған дәл менің тобышағымдай он екі тобышақ тұр. Онан ары жүріп еді алдымыздан шалқыған 

жалын,  сықырланған  айдағар  жылан  не  түрлі  зиянды  қайуандардың  бәрі  ауыздарын  ашып,  тілдерін 

жалақтатып қарсы шықты. Ақсақал қамшысын иіріп ашуланып еді, жолын сөніп, хайуандар бүйірін соғып 

жата кетті. Онан әрі және бір есікті ашып кіріп келдік, ай мен күндей бір сұлу қыз кездесті. Ақсақал қызды 

көре ақырып, «шешін» деп зекіріп қамшысын иіре беріп еді, қыз жалбарынып адамның ішіне кірерлік не 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              848 bet 

түрлі тәтті сөздерді айтып шешінбеу айласына кірісті. Ақсақал онан сайын өршеленіп қамшыны қыздың 

арқасына түйілтіп қояды. Ақыры жанын қоймады, көйлегін шештіріп, енді іш киміңді шеш деп бұйырды. 

Қыз  ғауретімді  ашамын  ба  деп  жыламсырап  жабысып  еді,  ақсақал  онысына  көнбеді,  еріксіз 

тыржалаңаштанды.  Қыздың  бұлшық  еттері  құйған  шамдай,  еті  аппақ  қардай  адамның  аққуы  екен. 

Ғауретін ашқанға мазаланды білем, шалқасынан құлады. Қыз құлап еді аузынан ақ көбік бұрқырап ағып, 

үйдің  ішін  көбік  басып  кетті.  Дәл  сол  уақытта  ақсақалдың  қызды  жалаңаштағанына  мен  де  ішімнен 

наразылық білдіріп тұр едім, ақсақалым көңілсізденіп, «Балам, – деді, сен көңіліңді мықтап ұста, маған 

да өзіңе де жаман болады, былқылдама»,  – деді. «Осы есіктен шыға алмай қалармыз, көңіліңді мықты 

ұстайық», – деді. Маған десе қызды қуырып жесін деп бекіндім. Қыздан өтіп және бір есікті ашып кіріп 

едік, адам айтқысыз жиһаз қазына мүлкіне кездестік. Кейін қалған он екі тобшақты айдап келіп қазына 

мүлік жиһазды теңдедік. Сүйтіп тобышақтарды мен сыртқа айдап жөнелерде, ақсақал қыздың аузынан 

шыққан көбіктен бір қуық көбік алды. Келген жолымызбен тобышақтарды айдап қосылған тарау жолға 

келдік. Ақсақал тұра қалып: «Ал балам, мынау қазынаның қаншасын аласың, дос едік және адал кәсіпке 

баулымақшы болып уәде берген едім», – деді. 

– Досыңнан түйе сұрасаң қорыққаннан бие береді, – деп мен тобышақтың жүгімен қақ жарымын сұрадым. 

Ақсақал қынжылмады. «Балам бөліп, жартысын ал», – дегені. Алты тобышақты жүгімен айдап алдыма 

салып, ақсақалға қоштасып, жөніме жүріп кеттім. Былай шыққан соң ойыма келді, «апыр-ау бәрін неге 

сұрамадым, сұрасам да беретін еді ғой» деп көңіліме келе берді. Тұра қалып қолымды бұлғап айғайлап 

шақырдым,  жетіп  келді,  «не  айтасың  досым»,  –  деді.  «Мынау  өзі  бір  жақсы  адал  кәсіп  екен,  сізді 

шақырғаным анау алты тобышақты жүгімен маған беріңіз, керек болса өзіңіз тағы да аласыз ғой», – дедім. 

«Ал  балам,  достан  кісі  мал  аяйма»,  –  дегені.  Сүйтіп  ұялмай  он  екі  тобышақты  айдап  және  жөнелдім. 

Пендешілік  қандай,  көңіліме  тағы  бір  жаман  ой  келді.  Осы  он  екі  тобышақтан  анау  қыздың  аузынан 

шыққан  көбік  артық  шығар  деп  ойладым.  Шақырдым,  аяңдап  жетті,  не  айтасың  балам  деді.  Көбіктің 

жайын  сұрайын  деп  едім,  ол  неменеге  керек,  мүмкін  ол  көбік  мынау  он  екі  тобышақтан  қымбатырақ 

шығар  дедім.  Ақсақал  біраз  үндемей  тұрды  да,  мынау  көбікті  адамның  көзіне  жақса,  дүниенің  бәрі 

ұжымақ болып көрінеді деді. Жабыстым, ал ақсақал менің көзіме жақ, ұжымақты көрсет дедім. Қуықтың 

аузын шешіп, көбікті бармағына жағып алды да, екі көзіме жағып келіп жіберіп еді, көзім соқыр болды 

да қалды. Он екі тобышақты алдына салып ақсақал айдап жөнелді. «Ақсақал еке ақсақал, көзімді жазып 

кет», – деп жалынып ем, көзің жазылады «еннама ағләлі беннети» деп айта бер, – деді. Сол жолдың үстінде 

қақсадым да отырдым. Жүргіншілер кездесіп шаһарыма алып келіп тастады, сонан міне осы күнге дейін 

көзім  жазылама  деп  күні-түні  қақсаймын  да  отырамын.  Былайғы  жұрт  менің  не  қылып  отырғанымды 

білмейді, әйтеуір бір аят сөзді оқып отырған соң «қари» деп ұғынады. Мен қаншалық қари болайын, өмірі 

басым сәждеге тиіп көрген емес деді. 

Атымтай қаридың әңгімесін естігеннен кейін, онан аттанып Гауһаршашбаның шаһарына, Гауһаршашбаға 

келді.  Гауһаршашбаға  қаридың  барлық  жайын  айтқан  соң  Гауһаршашба  гауһардың  қайдан  шығып 

жатқаннын айтты. 

Он  алты  он  жеті,  шамасында  Гауһаршашба  өз  шаһарында  Зейніл  деген  байдың  қолында  малайлықта 

болады. Малайлық өмір, кісі есігі қандай қиын, адамның өмірі өксиді екен деп әңгімені өз өмірінің кісі 

есігінде жүрген күннен бастайды. Байдың қолында екі ақбоз тұлпары болды. Бір күні бай жолаушылап 

барып  келді  де,  дәл  түнде  таңасып  тұрған  атты  маған  суарып  отқа  қой  деді.  Аттарды  суарып  құдық 

басында тұр едім, көлденеңнен екі ұры пайда бола кетті. Мен басында ұры екен деп ойлағаным жоқ едім, 

жәй адам ғой деп қашпадым. Жақындап келді де тізгінімнен шап беріп аттан аударып тастады, өзімді тіл 

ауыздан  қалдырып  өлімші  қылып  сабады.  Беті-аузымды  қан  жауып  кетті,  ұрылар  атты  алып  жөнелді. 

Есімді жинаған соң аяңдап байға келіп істің мән жайын айтып ем, сенбеді. Өзің қолыңнан жөнелтіп келдің 

деп басыма келіп міне түсті. Тепкілеп көгала қойдай қылып серейтіп босағаға салып қойды. Ыңырсып 

жатыр едім, мынау сорлыға обал болды-ау деген ешкім болмады. Есімді жинап алып, басымды көтеруге 

айналсам,  бай  және  келіп  ұрып  өлімші  қылып  кетеді.  Сол  түн  таң  атқанша  таяқ  жеумен  болдым. 

Бүйткенше өлейін, таудан құлайын деген оймен еңбектеп құздың басына шықтым. Құздың басында тұрып 

жерге қарасам, көз жетпейді. Тіпті алыс ойыма әр түрлі нәрселер түседі, сүйтіп отырғанымда қасыма бір 

ақсақал келіп пайла бола кетті. Мен енді құлауға ұмтылғанымда бағанағы ақсақал етегімнен ұстай алды. 

Егер  мынадан  құласаң  дымың  да  қалмайды,  өзіңді-өзің  азапқа  салғалы  тұрған  неткен  жансың,  мұның 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              849 bet 

жарамайды деп тоқтау айтты. Және мұнан былай қарай өз күніңді көр бейшара деп бір қуық көбік берді. 

Көбікті топыраққа шашсам гауһар болып шығады, көбік және таусылмайды. Менің кәсібім бүкіл шаһарда 

бұрын  өзім  сияқты  ғарып,  қысірлерді  гауһар  шашып,  солардың  тұрмысын  оңдау  болып  отыр.  Менің 

атымды шығарған осы қуық еді деп қуықты жан қалтасынан суырып алды. 

Бану жомарттығын сенен асырамын деп, қайыршыларға мырзалық құрып отыр. Оның қатынасын көтеріп, 

жәрдем беріп отырған мен. Үйтпеген күнде оның жомарттығы сенен анағұрлым төмен, – деді. 

Және қазірдің өзінде Рум шаһарында хан сайлауы басталды, соған дейін жетуің керек деді. 

Атымтай  Гауһаршашбаның  әңгімесін  естігеннен  кейін  Бағыдатқа  келді.  Бағыдатқа  келген  соң 

Зейнілғабиденді Бағыдат шаһарына қандыққа сайлап, Бануды қырық күн ойын, қырық күн тойын істеп 

өзі алды. 

3. Төрт дәруіш 

Баяғы  заманда  қара  басы  бақ  дәулетке  емін  еркін  болса  да,  дүниенің  ауыр  бір  арманына  ұшырайтын 

адамдар болған екен. Сондай бір арманды адам ессіз далада зар илеп жападан жалғыз келе жатады. Аты 

– Мұратқан. Сонда Мұратқан не қылам, үш жыл сандалып көк өгіздің уақиғасын біле алмадым, бұл былай 

тұрсын, іздеп шыққан қыздың да жүзін көріп ауыз екі сөйлесе алмадым, енді мұны ұшқан құс, жүгірген 

аң,  білмейді,  қайтып  кетуге  ел-жұртымның  қайда  қалғанын  тағы  білмеймін.  Көкте  екенімді,  жерде 

екенімді  қәзір  білер  жан  жоқ,  –  деп,  төмен  қарап  аяңдап  келе  жатыр  еді,  адамша  азынаған  бір  дауыс 

құлағына жетті. Адамзат көрмегеніне, ел-жұрттың бетін көрмегеніне талай замандар өткен Мұратқанға 

мына  дауыс  бір  түрлі  қорқыныш  сияқты  да  болады.  «Я,  алла,  бұл  не  ғажап,  бұл  жерде  адам  баласы 

жүрмейтін еді ғой» деп, жан-жағына көз салып қарап тұра қалды. Қараса алдына бір үлкен дәу таяп, төніп, 

келіп қалған екен, Әлгі дауыс қоймай мүны шақыра бергендей болды. 

Мұратқан  бұл  да  өзімдей  адам  шығар  деп  тауға  қарай  жүрді.  Биік  тауға  таяп  келгенде,  бір  үлкен  құс 

сияқты нәрсені көрді. Мұратқан басы адам сияқты болған соң, бұл адамша тіл біледі екен деп ойлады. 

– Ей, бері келгін, – деп дауыс берді. Оны құс тыңдамай кетіп қалды. Мұратқан ойланып, «адам сияқты 

құс болады деуші еді, осы екен ғой, мұнан гөрі есті біреуі тағы бар шығар» деп, таудың басына қарай 

жүрді. Бір заманда таудың басына жетті. 

Келсе бір биік тау, жан-жағына қарады, еш нәрсе көрінбейді. Жалғыз-ақ етекте бір қара тұр. Онысы бейіт 

болып шықты. Соның ішінде бір нәрсе қараңдайды. Одан басқа ешнәрсе жоқ. Мұратқан біраз дамылдап 

отырады да, қой бүйткенше өлген артық, ақыр ит жемеде кетеді  екем, онан да қинамай тастан секіріп 

құлап  өлейін  деп,  әлгі  биік  тасқа  келіп  құлайын  деп  тұрғанда  арт  жағынан  бір  дауыс:  «Ей  ақымақ, 

құдайсыз ажалды өзің сұрама, бейітке барсаң мұратыңа жетесің», – деді. Артына жалт қараса дәнеме жоқ. 

Онан соң анау қарайған бейіт екен ғой, оған да бара кетейін деп ойлады. 

Соған  қарай  жүрді,  кіріп  келсе  ішінде  үш  адам  отыр.  «Ассалаумағалайкүм»,  –  деді  Мұратқан. 

«Алейкүмсалам,  жоғары  шық»  деді  отырғандар.  Біраз  отырған  соң  үшеуі  бір-бірінен  жөн  сұрасты. 

Отырған үшеу Мұратқаннан халін баян етуді тілек етті. «Сонан соң бәрімізде кезекпен айтамыз», – деді, 

«Жарайды», – деп, Мұратқан сөз бастады 

Бірінші дәруіш 

Мен,  Бағдат  шаһарындағы  патшаның  баласы  едім.  Әкемнің  патшалық  дәрежесі  үлкен.  Қол  астына 

бірнеше шаһар қарайды. Мен жалғыз баласымын, әбден кәмелетке толдым. Бір күні жалғыз өзім сарайда 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет