ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет126/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   153

кегімді бір алам. 

Зарлап жылайтыным ана қыздың күйігі, сол пері тірілмейді, бұл дүниеде осымен қосыла алмай кеткенім-

ау  деп  жылаймын.  Халықты  иіріп  алатыным  бәріде,  менің  осындай  болғаныма  қайғылы.  Өзім  барып 

жылап, зарлайтыным халыққа ашықтығымды білдіремін. Өлтіретін жігітім сол ұстап қалған перілерім. 

Жылында біреуін ел көзіне керсетіп өлтіріп қайтамын. 

Қайтып келіп дүре салатыным шыдай алмай кек алам. Торғын орамалмен ауыз-мұрнын сүртетінім жаным 

ашиды. Осы уақиғаға міне бес жыл болды. Содан бері тартқаным қасірет», – деп сөзін бітірді. 

«Енді  ұлықсат  беріңіз,  исмиағзамды  мен  іздеймін»,  –  дедім.  «Жоқ,  осы  өнермен  неше  жыл  мен  де 

табалмай зарлап отырмын. Қор боласың, елге бар да ғашығыңды қуантып, мақсатыңа жет»,  – деді  ол. 

«Жоқ, іздеймін, өлсем сізден артықпын ба?», – деп, дұғалықты іздеп жолға түстім. Қайда екенін ешкім 

білмейді, әйтеуір бетім ауған жаққа қаңғып жүріп кеттім. 

Бет алды сандалып жүріп, каңғып, еш дерегін білмей, қой, табалмай барғанша, өлгенім артық деп, бір 

тауға шығып, жар тастан кұлап, өлем деп тұрғанда, бір дауыс: «Ей, ақымақ, неге кетесің, ана бейітке бар, 

үш дәруіш отыр, соған барсаң мұратыңа хасіл болады»,  – деді. Мұнда келіп едім, сіздерді көрдім деді 

Мұратқан. 

Екінші дәруіш 

– Енді сіз сөйлеңіз, – деді үш дәруіштің әуелгі екеуі. Мұратқанның алдында келген адам сөзін бастады. 

–  Мен  Жазира  шаһарының  патшасының  баласы  едім,  әкем  сонша  жақсы-ақыл  иесі  адам  болды,  мен 

еркемін, жасым камалатқа толып, сейіл серуен құрып жүремін, қасыма ерген қырық нөкерім бар, «бұл 

жалғанда теңдесім жоқ», – деп ойлаймын. 

Еш нәрсе ойыма кіріп шықпайды, бір күні серуенге шығып аң аулап келе  жатыр едім, алдымыздан бір 

басы алтын, бөксесі күміс киік ойнақтап шыға келді. Құдай берді деп, алды-артымызға қарағамыз жоқ, 

бет бетімізбен қуып жөнелдік, киік қашып келеді, біз қуып, айқай салып келеміз, ештемемен жұмыс жоқ, 

есі-дертіміз киікке жету, ол жарқ-жұрқ етеді. 

Аттары шаршаған жігіттер бірте-бірте қалып жатыр, онда шаруам жоқ, есі-дертім киікті ұстасам деймін. 

Киік  сонша  қызықты,  шіркін-ай,  ұстап  алып  сарайымның  ішіндегі  бақшаға  қоя  берсем  деймін.  Атым 

жүйрік,  болдырар  емес,  неше  түрлі  болып  аспанға  ұшып  кетеді.  Бір  мезгілде  артыма  қарасам  адам 

көрінбейді, бәрінін аты болдырып, қалып қойыпты, мен оны керек қылғам жоқ, қызумен киікке қызыға-

қызыға қуып жүре беріппін, күн батуға таянған мезгіл еді. Киік те болдырды, менің атым да болдырып 

келе жатқанда, алдымыздан бір үлкен су кездесті. Бұған киік те келді, мен де келдім. Қайда барарын біле 

алмай секіріп суға түсіп жүзіп жөнелді, шыдап тұра алғаным жоқ, мен де түстім, әлден  уақытта ол да 

шықты аржағына, мен де шықтым. Және қашып жәнелді, беті таяу тұрған бір тау бар екен, соған қарай 

тартты, мен де қалғаным жоқ. Таудың бір үлкен терең сайына қарап қашып келеді, мен де қуып келем, 

сайдың төр жағында бір көк күмбез тұр, киік келді де соған кіріп кетті. 

Артынан келіп, атымды байлап тастап мен де кірдім. Келсем дәнеме жоқ. Екінші бір есіктен қарадым, іш 

жағын неше түрлі етіп безеген екен, кірсең шыққысыз бір сарай. Соның дәл төрінде киік сұлап жатыр, 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              855 bet 

оның басында ақсақалды бір шал жылап отыр. «Сені кім осындай қылды, жануарым, құдай, оны да сендей 

азапқа салсын», – деп отыр екен. Екінші бөлмеге қарасам оң жақ қабырғада бір шымылдық құрулы тұр. 

Аржағында,  ай  десе  ауызы,  күн  десе  көзі  бар,  қара  қасы  қиылып  бір  қыз  отыр.  Көзім  түскен  кезде, 

бойымнан тағат кетіп жан тәніммен ғашық  болып,  «Ей, сен не қылған адамсың?»  – дедім. Үндемейді, 

жымия қарап көрген сайын сабырымды алып барады. Жақын келіп: «Ой, сен не деген жансың, не ғып 

отырсың?» – дедім, үн жоқ бедірейіп отыр. Үндемегеніне ызаланып: «Жаным-ау, неткен жансың, жөніңді 

айтсаңшы», – деп, дәл қасына жетіп келсем сурет екен. Не болып кеткенімді білгенім жоқ, сурет болса да 

есім шығып талып кетіппін. Суретті құшақтап, зарлап, жылап отыр едім, жасы алпыс-жетпіс мөлшерінде, 

бір қарт адам кіріп келді де: «Әттеген-ай, жас басынан мына дертке қайдан душар болып қалды, сорлы 

бала, мұнда не шаруаң бар», – деді. 

– Бәрібір ол сенің қолыңа түспейді, ғашықтық дертпен өлгеннен басқаң жоқ, – деді ақсақал қасыма келіп, 

жылап отырып: 

– Ата, – дедім, – құдай үшін маған жөн-жобасын, қай түрлі екенін айтып көрсетіңіз, – дедім шалға. 

–  Шырағым,  мен  шал  емеспін.  Биыл  жасым  жиырма  сегізге  шығады,  осы  қыздың  әуресімен  шашым, 

сақалым  ағарды.  Менің  балалау  кезім  еді,  жиырмаға  жетер-жетпес  уағым.  Ром  шаһарына  барып  келе 

жатқанда, бір сәнді салтанатты үлкен шаһарға кез келдім. Шаһарға таяп келіп қасына қондым. Күн ыстық, 

түс мезгілі еді. Шатырды тігіп тастап жатыр едік, аздан соң бір жігіт келді, сол шаһардікі екен, әдемі, 

еркек  затқа  бітпеген  пішіні  бар,  періште  десең  болады.  Ат  үстінде  тұрып,  «Жолдарыңыз  болсын,  қай 

жердікісіз», – деді. «Айтқаныңыз келсін, Ром шаһарына барып келе жатқан керуенбіз», – дедім. Үш-төрт 

жас менен кіші: «Ағай, бері келіңізші, сізде бір шаруам бар еді,  – деді. Бұрын көріп білген кісім емес, 

бірдеме істегелі жүр ме деп қорқақтап, бөгежектеп едім: «Қорықпаңыз, мен де адам баласымын не қылар 

дейсіз», – деді мұңайып, жіңішке дауыспен майдалап қана. Қасына бардым. «Ажарыңыз тәуір болған соң 

сізге бір іс тапсырайын деп келдім. Бармасаңыз айтпаймын», – деді. «Айтыңыз, түріне қарай барамын», – 

деп едім, ол: «Мойныңызға алсаңыз айтам, әйтпесе айтпаймын, нәсіліңізді көргесін сіз орындай алады 

деп келіп отырмын», – деді. 

– Жарайды, енді айта ғой тәуекел, барайын, – дедім. Қалтасынан бір сөз жазған хат алды да, мына хатты 

сонау ақ мұнараның ішінде, сегіз патшаның санаты отырады, сол күмбезге барыңыз, күн батыс жақтағы 

есіктен кірсеңіз кішкене көше бар, соның жан-жағында бөлек-бөлек есігі болады, аузында күзетші, кісі 

көрсе атады, сіз соларды көргеннен қолыңызды көтеріп барыңыз, қасына барған соң хатты көрсет, сізді 

нұсқап жібереді, сонан оң жақ қабырғада үш есік болады, сіз соның екеуінен өтіп, үшінші есікті ашып 

тұрсаныз төрінде аяқ, қолы шынжырлаулы бір арық жігіт отырады, мына хатты сол жігітке беріңіз, беріп, 

қолына тиген соң жарты ауыз сөзге келмеңіз, тез кейін қайтыңыз. 

Осыны істегенде, шапшаң тез барыңыз, егер жауапқа келемін деп бір минут кешіксеңіз сіз бұл дүниелік 

адам болмайсыз. Басыңыздың қалай кесіліп қалғанын біле алмай қаласыз»,  – деді. «Мен қызбын, әкем 

бермеймін деп, ұстап отырған менің ғашық жігітім еді», – дейді. Мен қызбын деп айту мұң екен, жан-

тәніммен  ғашық  болдым.  Жүрегімде  сабырлық  қалмады.  Мен  осындай  халге  душар  болды  деп,  ішкі 

сырымды айтқым келіп еді, бірақ мұның хатын апарып, әуелі оның ішкі сырларын біліп алайын деп ойлап, 

«құп болады» деп, хатын алып жүріп кеттім. 

Айтқанындай ақ күмбезге келіп, көрсеткен есіктен кірдім. Мен кіріп келсем, үш есік тұр. Төргісінің аузын 

ашып қарасам, бір жігіт отыр, аяқ-қолы шынжырлы. Нұсқасына қарасам, адам баласының жаны ашитын

арықтығы-аржағынан сүйектері көрініп тұр, бір түрлі мехнат көріп отырған адам. Түрін қарап тұрсам, құр 

қу сүйекті құрап қойған секілді. Не қыларымды білмей, осыны істеген адамды, шамам келсе, отқа итергім 

келіп қаным қайнап, жөнін сұрайын деген оймен хатты қолына беріп: «Жаным-ау, мұнша саған не болды» 

деуім-ақ сол екен, дүние жүзі қозғалғандай шатыр-шұтыр етіп, зілзала орнағандай болды. 

Не екенін білмеймін өліппін деп қалыппын, сонан кейін көкте екенімді, жерде екенімді білмеймін. Бір 

уақытта кішкене есім кірейін депті, қозғалуға дәрмен жоқ, өне бойым ұсатылып қалған, қимылдатпайды, 

басым зеңеді. Байқасам мүшелерім өзімдікі емес секілді. Жан-жағыма көз жіберсем өзімді табытқа салып, 

көтеріп жүр. Өне бойымды қызыл қан жауып кеткен, жатқан жерімде қара құрттай кісі қаптап жүр, басым 

быт-шыт болып жарылып қалыпты. 

Бұл қалай деп сұрайын десем, шамам келетін емес, көтеріп жүрген адамдарға: «мені бір оңашалау жерге 

апарыңыздар», – дедім. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              856 bet 

Іздеп келіп алатын жолдастарым, қайда екенімді білмей жүр ғой, әлде мынадан қорқып қашып кетті ме 

екен деп те ойлаймын. Әйтеуір топтан шеткері бір жерге алып келіп, табытыммен қойды, ептеп байқасам 

бұрынғыдан көрі есімді жиып қалыппын. Топтың ортасында биік құрылған табыт тұр, үстінде бір өлген 

адам жатыр. Астында бір еңгезердей әдемі жігіт, басында айық қалпақ, қолында қос желек найза, үстіне 

киінгені торқа сауыт, мойнында садақ, екі көзінен жас ағып: «бауырым-ай, тыянағым-ай, жүзіңді көріп, 

ауыз  екі  қоштаса  алмадым-ау»,  деп  зарлап,  найзасына  сүйеніп  жылап  тұр.  Сонша  көп  халық  табытты 

айналып жылап олар да тұр. Тұруға шама жоқ, бір кісіні шақырып алып, «мынау не уақиға» деп сұрадым. 

Ол адам жайланып, жаныма отырып, мұны сұрасаң айтайын деп, бетіме қарады да: «анау табытта тұрған 

жігіт, бағанағы өзің хат апарған жігіт деді. Сен сөйлеспей бере салып, кейін қайтқанда адам білмейтін еді. 

Ешкімді сөйлестірмеуге ешкімге көрсетпеуге патшаның қойған адамдары сенің даусың шыққанда соғып 

кетті. Қыздың дұғасы бар деп айтуы да сол еді. 

Анау өлген жігіт патшаның баласы. Және оның інісі де патша. Бірақ бұл патша болғанда арық жігіттің 

әкесіне қарайды. Қыз сол кіші патшаның қызы. Інісі ағасын өлтіріп, орнына үлкен патша болсам-ау деп 

жүреді екен. Бір мезгілдер болғанда, ол есебін адамға сездірмей, бір мыстан кемпірге ақы беріп, ағасын 

өлтіртіп, мұра менікі деп, баласына бермей ағасының орнына патша болды. 

Сонымен  ол  жүріп  жатты.  Екеуінің  әкесі  бір  туысқан  кісілер  болса  да  қыз  жігітке  ғашық,  жігіт  қызға 

ғашық. Мұны бір күні қыз әкесі  сезіп қойып, «екі  тозақы, бұлар шариғатқа қисық  іс істеді, және мені 

халыққа масқаралады, патша қызы інісіне ғашық деген әңгіме елге жайылды, мұны жөншілікпен өлтірмей 

масқаралап өлтірейін» деп ойлады. Ақыры жігітті шынжырлап қысып ұстады. 

Сөйтіп ешбір айла таба алмай қыз жүре беріп, ешкім білмейді, сырттың адамы деп, сені жіберген еді. Өзің 

сөйлесем деп мына бейнетке ұшырап жатқаның, жаңа сенің сөйлескеніңді қыз әкесі патша біліп, жігітті 

дарға тартып жіберді. 

Сол екі ортада арық жігіттің бір апасынан туған жиені болушы еді, бетіне жан келмейтін мықты батыр 

болған  еді.  Бір  күні  түс  көреді  де,  халқына  «қару-жарақтарыңды  алыңдар,  менің  нағашым  бір  пәлеге 

кездесті, соны біліп қайтам» деп, іздеп келген еді, мынау арық жігіттің өлген үстінен шықты, келе айқай 

салып  араласып  берді.  Сол  жерде  дар  басына  жиылып  тұрған  халықтан  біліп,  патшаның  басын  алып, 

нағашысын анау мұнараға салып, өзі астында жылап, зарлап тұр. Қыз Күләнда әлгі батырдың қасында бір 

талып, бір тіріліп отыр», – деді бөтен адам. 

Сөйтіп отырғанымда баяғы өзімнің көрген жолдастарым жылап, шулап, мені тірі тауып алғанға өздері 

қуанып, мені сол табытыммен көтеріп қосқа алып келді. «Кәне, енді біз жүрейік, өстіп отырып осылардың 

бірдемесіне  ілініп  кетерміз,  қайтайық»,  –  деді  жолдастарым.  Менің  онда  жұмысым  жоқ,  есі  дертім 

Күләнде,  енді  бір  көріп  сонымен  сөйлессем  деймін.  Күләндамен  сөйлессем  бе  деген  оймен  ақырында 

жігіттерді тоқтаттым. Екі-үш күн өткізіп, жараларым тәуір болды. 

Соның жүзін көрейін деп, шаһарға таман аяңдап келдім. Сұрастырып білсем, батыр жиен бір бөлек алтын 

сарай  салдырып,  соған  қызды  бөлек  күттіріпті.  Жан-жағын  қоршаған  әскер.  Мұнан  күдер  үзген  соң 

қайтерімді біле алмай, сандалып келе жатып, енді әуре болмайын, себеп – ол менің қолыма енді түспейді, 

мұның суретін алсам да болар деп ойладым. Күләнда қыз көк күймелі пәуескемен келе жатыр екен, күн 

ыстық, пердесін ашып, мені көріп, атын тоқтатып тұрып: «Әй, жігіт, сен сөйлеспегенде өлмейтін еді ғой, 

бірақ та жазу осылай шығар, сен де қас қылған жоқ шығарсың», – деді. Сонсоң мен жылай бердім. Ол 

«неге жылайсың» деп сұрады. Өз қалымды айтып ем: «Ой, бейшара, әуре болма, батыр білсе, екеумізді де 

өлтіреді, онан да өзің бар да еліңді тап», – деді. «Ең болмаса суретіңді берсеңші», – дедім. «Ендеше, алтын 

сарайдың батыс жағына бар да тұр, қазір мен де барамын», – деді қыз. 

Келіп тұрдым, әлден уақытта, күн батар мезгілде қыз келді. Көрді де бір нөкерін шығарып алып, үйдегі 

менің суретімді әкеп берші деді. Нөкері алып келіп маған берді. Сосын Күләнда қош айтысып, сарайға 

кіріп кетті. 

Жылай-жылай мен қайттым. «Ана тұрған сол қыздың суреті, – деді шал. Ол үшін әуреленбе, ала алмайсың, 

өзің жазым боласың, қайт», – деді. Мұны естіп, тағы жалынып, зарлап:  «Ататай-ау, рақым қылсайшы, 

мендей құрбыңа жөніңді айтсаңшы, барайын», – деп шалдың аяғын құшақтап жалындым. 

– Тоқта, – деді бір уақытта, сенің зарың менің сүйегімді сырқыратты, енді айтайын. Шал мені ертіп биік 

таудың  басына  алып  шығып,  жөнін  көрсетіп:  «Осымен  тоқтамай  жүре  бер,  алдыңнан  бір  үлкен  көл, 

жайқын су кездеседі, сонан аман өтсең еліне барасың,  – деді. Егерде осы жолмен жүріп отырып суды 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              857 bet 

тапсаң сол суда менің астылы-үстілі байлап қойған кемем бар,  соған мін, және батысқа қарай аға бер, 

басқа жаққа бұрылсаң ғұмырыңда табу жоқ», – деді. Мен бәрін сұрап алып, «құдай енді өзің оңғар» деп, 

жолға түсіп, жүріп кеттім. Шалдың көрсеткен жолымен тура аман-есен суға келдім. Суды жағалап жүріп 

кемені  тауып,  біраз  осы  жерде  тынығайын  деп  үш  күн  жаттым.  Төртінші  күні  жүрмек  болып,  кемені 

дайындап, суға түсіп кете бардым. Күн батысқа жүріп, кемені айдап келе жатыр едім, күн бұлттанып жел 

тұра бастады. Дауыл соқты. Мен кеменің астыңғы қабатына түсіп алып жаттым. Әлдене уақыт жел шығып, 

судың  жүзі  боранша  көпіріп,  толқын  таудай  болып,  кемені  айдап  жөнелді.  Біресе  аударып,  біресе 

домалатып жүріп келеді. Менде ес жоқ. Кемесімен суға кетем ғой деп жылап қорқып, жанымменен қош 

айтысып жүріп келемін. Бір мезгілде жел басылғандай болды. Кеменің үстіңгі қабатына шығып қарасам, 

қалай кетіп бара жатқаным білінбейді. Дүние жүзі көкпеңбек су, дүниенің ол шеті мен бұл шетіне көз 

жетпейді. Мен жылап-еңіреп, «мына судан енді шыға алмай өлгенім ғой, Күләндам жүзіңді бір көре алмай 

кеткенім  бе»  деп,  ботадай  боздап  жылай  бердім.  Бір  уақытта  жел  қайта  көтеріліп,  таудай  толқындар 

кемені аударып төңкере бастады. Мен сорлы тағы кеменің астыңғы қабатына кіріп жатып алдым. Кемені 

толқын тербеп айдап, сырғытып келеді. Осымен судың бетінде жеті күн жүрдім. Әлдене уақытта кемені 

жел айдап жағаға алып келді. Қуанып, секіріп түсіп, кемені байлап тастап, қырға шығып, жүгіріп келе 

жатырмын. 

Көздің ұшында шаһар көрінеді. Биік ақ мұнарасы бар. Жүгіріп шаһарға келдім. Келсем адам жоқ, бір түрлі 

сәнді шаһар. Бұл не шаһар деп, аралап келе жатып ортасында күнше зейнеттеп салған сарайды көрдім. 

Айналып жүріп бір жақ есігінен ішіне кірдім, сарайдың асты-үстінде адам айтқысыз алтындаған құрулы 

тақ бар екен. «Ей, тәңірім, бұл шаһардың адамдары, малы, жан иесі қайда кеткен, апат келіп қырылды ма 

екен,  болмаса  қалпымен  жолаушылап  кетті  ме  екен»  деп  тұрып,  тақтың  үстіне  шығып,  өз  елімдегі 

патшалық өмірім ойыма түсіп, масаттанып отыр едім, әлдене уақытта даладан дауыс шықты. Не дауыс 

екен деп есім шығып, далаға шықсам шаһардың іші толған маймыл. Мен есімнен айрылып талып кеттім. 

Менің үніммен маймылдардың жұмысы жоқ. Мені көріп қалып, шуласып, «құдай берді, мынаны патша 

қылып аламыз, жез тырнақ бізге тимейді» деп шырқырасып жатыр. Бір мезгілде көзімді ашсам бетіме су 

сеуіп  отырған  ылғи  маймыл,  тағы  не  пәлеге  жолықтым  деп  зарлап,  мен  жылап  өсиет  айтып  отыр  деп 

ойлапты. 

Мен зарлап, жылап болған кезде маймыл көтеріп алып келді. Тақтайда жазу бар екен, әкелді де менің 

қарсы алдыма қойды. Бұл не нәрсе деп тамашалап қарап тұр едім, жазылған сөз мынау екен: «Бұл шаһарға 

келген  адам  баласы  осындағы  жазу  бойынша,  маймылдарға  патша  болып  тұра  береді.  Егер  кетем  деп 

ойласа, өмірін қорлықпен шірітеді. Шыдамай кетем деп күн шығысқа қарай жүрген адам жез тырнаққа 

кез болады, оңтүстікке жүрген адам кісі етін жейтін адамға кез болады, солтүстікке жүрген адам шегі жоқ 

су болады, осы маймылдарға патша болып тұрса, ақиретте ақ жүзді иманды болады», – деген. Ақырында 

мұны жазған мен Сүлеймен пайғамбармын деп қол қойған. Мына жазуды оқып мен тағыда талып кеттім. 

Өліп  кетті  ме  деп  маймылдардың  есі  шығып,  шуылдап,  су  сеуіп  тағы  тірілтіп  алды.  Бір  уақытта 

маймылдар өзі сойып жесін деп, бір семіз қой берді. Неше күн су бетінде жүріп, қарным ашып қалған 

екен. Маймылдардың енді қастық қылмайтынына көзім жетіп, қойды өз қолыммен сойып, бұзып, қазанға 

асып  жедім.  Сөйтіп  мен  маймылдарға  патшалық  әмір  ете  бердім.  Түн  болса  маймылдар,  жатсам  да 

маймылдар айналамды қоршап ұйықтайды, қашып құтылу қиын-ақ. Таң атып, тамақтанып болған соң бір 

итті  ерттеп,  мені  мінгізіп  алып,  ертіп  жүрді.  Күн  шығысқа  қарай  келе  жатырмыз,  сәске  мезгілінде  бір 

үлкен  дарияға келдік. Сол күні  жез тырнақтар маймылға шабуыл жасайтын күні  екен, әлдене  уақытта 

жезтырнақтар  қара  құрттай  қыбырлап  келе  жатыр.  Маймылдар  мені  шыр  айналып,  тығылып,  шулап 

түрды. Жезтырнақтар таяп келіп, мені көріп, маймылдарға тие алмай иіріліп тұрып қалды. Маймылдар 

қуанып, «адамзаттан патшамыз бар» деп, жезтырнаққа көрсетіп, жүгірісіп жүр. Егер адамзаттан патша 

қойса,  жезтырнақ  тимейді  екен.  Олар  иіріліп  тұрып-тұрып  тарап  кетті.  Түс  болған  соң  біз  де  шаһарға 

қайтып келдік. 

Күндіз-түні уайым қайғы, қалай кету есебін таба алмай жылаймын да отырамын. Бір күні ойланып отырып, 

қой, бүйітпейін, халқымды аралайын деп, бұларға әмір қылайын. Сонан соң өздерінен өздері әуре болып 

кеткен  кезде  қашайын  деген  ойды  ойладым  да  халқымды  жиып  алып,  мен  алыста  жатқан  елімді 

аралаймын  деп,  жүйрік  итті  ерттетіп,  мініп  алып,  ел  аралауға  жүріп  кеттім.  Құмырысқа  жақтағы  бір 

маймылдың  аулына  келіп  қондық.  Патша  келген  соң  есі  қалама,  арақ-шарапты  жинап,  малды  сойып, 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              858 bet 

естері шығып шуласып жүр. Сөйтіп отырғанда мен барлық жұртты жинап алып, арақ-шарапты ішкізіп, 

түгел мас болған кезде итке мініп алып, қашып жүріп кеттім. Мастықтары қайтып, естерін жиған кезде, 

олар тұрып мені іздейді. Кетіп қалғанымды біліп, барлығы жиылып, ой-байлап, жыласып, енді өлдік деп 

шулап,  иттеріне  мініп  алып,  менің  кеткен  ізіме  түсіп  алып,  қуып  береді.  Олар  қуып,  жақындап  келе 

жатқанда  мен  де  жаңа  ғана  құмырысқаның  жұртынан  өттім.  Құмырысқалар  жалғыз  мені  байқамастан 

алдында шырт ұйықтап жатқан еді. Мына қуған маймылдардың дүбірімен оянып, көріп, әдейі өз жұртына 

іздеп келген жауды аясын ба, қарсы шығып соғыс салды. Мұны көріп, маймылдар мені қууға шамасы 

келмей  құмырысқалармен  соғысып  қала  берді.  Мен  сол  жүргеннен  жүріп,  тоқтамай  үш  күн,  үш  түн 

жүрдім. Тынымсыз жүрген ит онан ары жүруге жарамай болдырып, өлім халіне келді. Берейін десем түк 

тамақ жоқ, енді қайтерімді білмей, я құдай, мен ғаріпті осынша неге аямадың деп уайымдап отырдым да, 

«қой, бүйтпейін, мұнымен отырып өліп қалармын, жүріп тіршілік қылайын» деп, итті тастап, жаяу қаңғып 

жүріп кеттім. Көп жүрдім. Ел-жұртымның бетін көре алмадым. Ылғи шөл, жапан дүз дала. Әбден халім 

бітіп, өлудің аз-ақ алдында болып келе жатыр едім, алдымнан бір биік тау көрінді. Соған аяңдап келдім. 

Басына  шығып  қарайын,  жан-жақтан  не  көрінер  екен  деп  ойлаған  едім,  әлім  бітіп,  шаршап,  қалай 

шығарымды  біле  алмай  тұрдым.  Дәл  тұрған  жерімнен  бір  биік  тас  көрінді.  «Қой,  бүйтіп  ит  жемеде 

өлгенше, мына тастан құлап өлейін» деп, енді секіргелі тұрғанымда, арт жағымнан бір дауыс: «Ей, ақымақ, 

имансыз неге өлесің, онан да анау бейіттің ішінде екі дәруіш отыр, соған барсаң мұратыңа хасыл болады», 

– деді. 

Мұнда келіп едім, мына екеуіңді көрдім», – деді. 

Үшінші дәруіш 

Мен де бір патшаның баласы едім, әкем сонша қаһарлы, алдына еш адам келмейтін түсі суық адам еді. 

Сол кісіден мен жалғызбын. Және бір қарындасым бар. Басқа ұл туысым жоқ. Сайран етіп, сауық құрып 

жатамыз. Еш уайым жоқ. Қасыма ерген нөкерлерім бар. Күнде сауық. Әкемнің қартайған уағы еді, бір 

уәзірі бар, ол да халыққа қадірлі, бірақ қатаң мінезді еді. Бір күні әкем ауырып, үш күн жатып, дүниеден 

қайтты. 


Өзім жас, әкем өлген, уайым-қайғымен қараланып мен жүрмін. Шешем тәуір кісі еді. Бір күні: «Балам, 

өлгеннің соңынан өлмейсің, осы елдің түрі жаман, түбінде ертерек мына әкеңнің орнына отыр, өйтпесең 

ана уәзірдің мәнезі жаман, аударып алып, таққа отырар да сені қаңғытып жіберер, онан бұл ұялатын кісі 

емес. Саған менің ақылым», – деді шешем. Мына сөзді түсініп, елімді жинап алып: 

– Ай, халқым, әке өлсе балаға мұра деген еді. Мынау әкемнің орны бос тұрмасын,  – дедім елге. Анау-

мынау деп отырғанда уәзір сөз бастап еді, отырған ел соны мақтады. «Патшаны енді көп болып, тас салып 

сайлаймыз, мен болам деген кісінің бәрі де патша бола берсе, елдің бәрі де патша болар», – деді ол. Анау-

мынау деп едім, елдің беті ауып кеткен екен, сол жерде табан аудармай уәзірді патша қойды. Уәзір мені 

сол сарайдан шығарудың қамына кірісті. Жас болсам да жөншілікпен шығам ба, тартыса кеттім. 

Ақырында уәзір қойған жоқ, өзімді қорлықпен масқаралап айдап шықты. Сонымен не қыларымды білмей, 

сандалып жүрдім. Сол әкем патша болып тұрғанда бір досы бар еді. Бір күні жылап соған келдім. Ол мені 

көріп жылап, «қайран, шырағым Зейнел-ай» деп, құшақтап, біраз тұрып, шешем, қарындасым – бәрімізді 

үйіне ертіп келді. Отырып: 

– Ей, Зейнел, әкеңмен құдай дескен дос едік. Сен мына халге ұшырап қалған екенсің. Әкең тірі уағында 

бір перінің патшасымен дос еді, соған жылда бір барушы еді, барғанда мені қалдырмай алып барушы еді, 

сонда пері айтушы еді, осы сурет қырыққа толса, не болам десе боласың, кімде қандайлық кегің болса, 

соны қалайда аласың деп еді, сен соған барып мына болған халіңді айт, әкеңмен достығын айт, сонан соң 

анау қалған маймылдың суретін сұрасаң берер, мен соған ертіп барайын, – деді. 

Әкемнің  досы  екеуміз  жүріп  отырып,  бір күндерде  періге  келдік.  Күтіп  алды.  Сонан  соң болған  халді 

айттым, әлгі пері патшасы отырып, басын шайқап: 

– Балам, сені қайдан білейін, ешбір сырыңды алғаным жоқ, әкең адал достыққа жарайтын жақсы кісі еді, 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет