ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет14/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   153

ұстатып, қарынның бір жерін тесіп суды шырылдатып ағызып қойып, өзі кетіп қалыпты. Бір уақытта қыз: 

«Осы неге үнсіз жатыр?» – деп, байқап, қараса, өзінің ұстағаны бір кесілген қол екен. 

 

Қыз ерте тұра сала, әкесіне: 



 

«Ұрыны ұстап едім, өз қолын өзі кесіп, қашып кетіпті», – дейді. Хан жарлық қылып, шаһар адамдарының 

қолын түгендесе, қолы кесілген қасапшы болып шығады, хан алдына алып келіп тергегенде, ол көрген-

білгенін айтады. Хан мұның кінәсіз екеніне сеніп, қоя беріпті. 

 

Хан бұл амалы да іске аспаған соң, ойлап-ойлап, төртінші амалды тауыпты. Бір күні: «Егер ұры келе қойса, 



өзім ұстап алайын!» – деп, оңаша отауда өзі жатыпты. Тазша мұны да біліп, әйелдің"әдемі киімдерін киіп, 

бір сұлу келіншек болып, түнде келіп, отауға кіріп, ханның қасына отырыпты. Сонда хан: 

 

– Не қылып жүрген әйелсің? –деп сұрапты. 



 

Келіншек-тазша: 

 

– Ерім өліп еді, қайнағаларыма тигім келмейді. Сол себепті, тақсыр, сізге арыз айта келдім. Сүйгеніме 



тиюге рұқсат берсеңіз екен! – деп, жауап беріпті. 

 

Хан сұлу «келіншекке» қызығып: 



 

– Олай болса, маған ти! – депті. 

 

«Келіншек» тұра келіп: 



 

Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              86 bet 

– Құлдық, тақсыр! Олай десеңіз, арманым жоқ! Сізге тиемін! – депті. 

 

Сөйтіп отырғанда, орданың алдындағы дар ағаштарды көрсетіп, «келіншек»: 



 

– Тақсыр, мынау қиқайып тұрған ағаштар неге қажет? – деп сұрапты. 

 

Хан: 


 

– Кінәлі адамдарды асып өлтіретін дар деген осы, – депті. 

 

Сонда «келіншек» бұрын дарды көрмеген кісідей болып таңырқап: 



 

– Япырм-ай, мұнымен кісіні қалай асып өлтіреді екен? Мені асып көрсетіңізші? – депті. 

 

Хан «келіншекті» дарға асуға ыңғайсыз көріп, дардың арқан тұзағын өз мойнына кигізіп, «келіншекке» 



түсіндірмек үшін: 

 

– Арқанның анау ұшын сен бар күшіңмен тарт, бірақ менің аяғым жерден көтеріліп, мен буынып бара 



жатқан  кезде,  арқанды  босатып  қоя  бер!  Болмаса,  мен  өліп  қалармын!  –  депті.  «Келіншек»  арқанның 

ұшын қолына алып тартыңқырап, ханның өкшесі жерден көтеріле берген кезде, аяғының ұшы жерге тиер-

тиместей етіп, арқанның ұшын бір ағашқа мықтап байлап қойып, өзі ханның қазынасына кіріп, тағы бір 

құмыра ділдасын алып кетіпті. 

 

Ертеңіне ханның адамдары дарға асулы, өлі мен тірінің арасында тұрған ханды көріп, босатып алыпты; 



ордасына кіргізіп, тәуіптер жинап, емдеп жазыпты. Бұл хабар ұзын елдің иіріне, қысқа елдің қиырына 

жайылып болыпты. 

 

Осы  ханның  елімен  шекаралас  бір  елдің  ханы:  «Болымсыздығынан  екі  рет  қазынасын,  бір  рет  нарын 



алдырып,  үшінші  рет  қызын  базарға  салып,  онымен  тұрмай,  өзін  дарға  тартқызып,  жұртқа  масқара 

болғанша, хан болмай-ақ біреудің қойын бақса болмай ма?» – деп келемеждепті. Бұны естіген әлгі хан 

ыза болып: «Құдай атымен ант ішемін. Осы істерді істеген қу кім болса да, кінәсын кешемін, маған келіп 

мәлім болсын. Бірақ бір тапсыратын ісім бар, соны орнына келтірсе, бұрынғы кінәларын салауат қылып, 

қызымды беріп, күйеу қыламын!» – деп, жұртқа жар шақырыпты. Мұны естіп, баяғы тазша: «Қайыр! Не 

де болса, тәуекел, көрейін!» – деп, ханға келіп, мәлім болыпты. Сонда хан: 

 

– Пәлен ханды амалын тауып, пенде қылып, маған әкеліп берсең, барлық кінәңді кещемін, қызымды да 



саған беремін! – депті. 

 

Тазша ханның бұл тапсырған қызметін қиынсынбай, қабыл алыпты. Шаһардағы бар ұсталарды жидырып, 



әуелі бұларға темірден бір бітеу арба соқтырыпты: оның іші-сыртына қоңырау байлатыпты және жұп-

жұқа түнікеден әйдік бір шоқпар жасатып, оны қолына алыпты және бір көк серкені сойдырып, терісінің 

жүн жағың сыртына қаратып үстіне киіп, терінің қылшығына бірнеше қоңырауды тағы байлапты, сөйтіп, 

бір  көрім  секілді  болып,  әлгі  арбаға  мініп,  түнікеден  қалқан  көтеріп,  шоқпарды  иініне  салып,  манағы 

ханның шаһарына келіп кіріп, теке болып бақылдап, қоңыраулатып айқай салыпты. 

 

–  Мен,  мен  құдайдың  жіберген  періштесімін!  Бұл  шаһардың  ханы  залым  болыпты.  Ей,  бұқара  халық! 



Құдай-тағала  сендерге:  «Залым  хандарыңды  өз  қолдарыңмен  ұстап,  байлап,  менің  бітеу  арбама  салып 

беруге бұйрық қылды. Сонда құдай-тағала сендерге риза болады. Егер оны қылмай, ханға болыссаңдар, 

маған бұйрық берді: біреуіңді тірі қалдырмай, қолымдағы он мың пұт шоқпармен шаһарыңның кірпішін 

тас-талқан қып, топырақ етіп, шаң-тозаңын ұшырып жіберемін!» – депті. 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              87 bet 

Сонда  шаһардың  халқы  тазшаның  айбатынан  қорқып:  «Қой,  өз  басымыздың  амандығы  керек!  Мынау 

құдайдың жіберген пәлесіне қарсы тұрып болмас!» – деседі де, ханын ұстап, байлап, бітеу арбаға салып 

беріп, жалынып-жалпайып, «періште» тазшаны жөнелтіпті. 

 

Тазша ханды пенде қылған бойымен алып келіп, өз ханына тапсырыпты. 



 

Сонда бұл хан тұрып, тұтқын ханға: 

 

– Иә, маған күле беруші едің, өзін неғып мұндай күйге ұшырадың? Мұнан былай күлме?! Менің жұртымда 



осындай өнерлі адамдар бар! – деп мақтаныпты. 

 

Ақырында, екі ханның екеуі де тазшаның өнеріне риза болып, екеуі де бұған қыздарын беріп, тазшаны 



өздеріне әрі күйеу, әрі ақылғөй қылып ұстапты. 

 

48 - Бөлім: Шахмат 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1745 

 

 



Аңыз-ертегі 

 

- Гав пен Талхантты шақыршы. 



 

Таңертеңнен бері үн қатпай қойған сырқат күйеуі балаларын шақыртқанда әйелі теріс қарап көз жасын 

сығып алды. Баяу басып есік сыртында әмір күтіп тұрған күзетшілерге: 

 

- Гав пен Талхант келсін, - деді. 



 

Көп ұзамай бөлмеге кірген балаларынан көз алмай қараған Джамхура билеуші Гавтың мұнтаздай түрі мен 

Талханттың бояу жұққан қолын көрді. Ол қысқа сөйлеп: 

 

-  Үнді  елінің  батысы  мен  солтүстігін,  Гав,  саған,  шығысы  мен  оңтүстігін,  Талхант,  сенің  иелігіңе 



қалдырамын, - деуі сол-ақ еді Гав: 

 

- Әке, аманатыңды абыроймен атқаруға ант беремін! – деп саңқ етті. Сәл мүдіріп қалған Талхант та әке 



алдында ант беріп, ағасы Гавтың сөзін қайталады. 

 

Билеуші төңірегіне көз жүгіртті. Әйелінің мазасызданған түрін көріп, одан көзін тез тайдырып, ұлдарына 



қарады. Бойшаң денелі келбетті ұлдарына сүйсінгендей кейіппен, көзін жұмды. Көзін жұмғанда бетіне 

күлкі  үйірілгендей  көрінді.  Қос  ұл  әкеміз  тағы  бірдеңе  айта  ма  деп  күтті.  Бірақ  әкелері  үн  қатпады. 

Бірдеңені қатты уайымдап тұрған анасы балаларына: 

 

- Сендер енді кете беріңдер, - деді. 



 

Екі ұлы шығып, есік жабылған соң әйелі жалма-жан күйеуін жұлқылап: 

 

- Елді неге екіге бөлдің? Ертең екі ұлың бір-бірімен жауласып жүрсе қайтесің? – деп жыламсырады. 



 

Билеуші көзін ашпаған күйі бетін тыржитып, дауысын ыңырана шығарып: 

 

- Сен қаласаң олар ешқашан бір-біріне қарсы шақпайды, ел де екіге бөлінбейді, - деді. Әйелі күйеуінің 



жағасын қысқан қолын жібере қойды. 

Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              88 bet 

 

Сол күні кешке Джамхура билеуші көз жұмды... 



 

Билеушінің денесін отқа жағып, күлін суға ағызған күннің ертеңінде анасы екі ұлын шақырып алып: 

 

- Әкелерің көз жұмардың алдында ауруы асқынып, сандырақтай бастады. Өткендегі әңгімені ұмытыңдар, 



- деп еді, Гав: 

 

-  Мен  әкеме  берген  сертімді  бұза  алмаймын!  –  деді.  Бойын  ашу  буып  қалшылдап кеткен шешесі  сөзін 



шорт кесіп: 

 

- Онда осы жерден екіге бөлінеміз, ұлым! – деді. 



 

Осы сәттен бастап ел басқару жүйесіне өзгеріс енді. Оңтүстік аймаққа Талхант, батыс бөлікке Гав билік 

жүргізе бастады. Анасы Талхантпен бірге қалды. Ол үнемі ұлын: 

 

- Елдің жай-жапсарын менен артық білетін адам жоқ еді. Оны екіге бөліп, Гавға ең шұрайлы жерлерді 



қалдырды. Әкең екеумізді іш тартпады. Біз Гавқа қарсы соғыс ашып, елді біріктірейік! – деп қайраумен 

болды. Сөйтіп олар елді біріктіреміз деген желеумен Гавқа қарсы соғыс жариялады.   

 

Гав «анам бір күні соғыс ашады» деп қауіптеніп әскер жасақтап, оларды соғыс өнеріне баулыды. 



 

Келісілген күні таң сәріде елді біріктіру мақсатындағы қиян-кескі соғыс басталды. Екі жақтың әскері бір-

бірін аяусыз кескіледі. Соғыс алаңын қып-қызыл қан жуды. Садақ оғы жетпейтін биік аймақта Гав, екінші 

жерде Талхант піл үстінде отырып, соғыс барысын бақылады. Белгілі бір тәсілді қолдана отырып бірде 

шегініп, бірде шабуыл  жасап соғысқан Гав  әскері  Талхант  әскерін әбден титықтатты. Бір-бірін қорғай 

соғысқан Гав әскері соғыс сырын үйренбеген Талхант әскерін жайпап жіберді. Дүлей күштен сескенген 

кейбірі сатқынық жасап, қашып жатты. Бұл көрініс Талхантты қатты күйзелтті. Кенет ол сол жақ төсінің 

шаншып бара жатқанын сезді. Қолымен сол жақ төсін соққылай бастады. Сол кезде төменде: 

 

-  Билеуші  Гав  мың  жасасын!  –  деген  дауыстар  естілді.  Жеңіске  жеткен  ағасының  әскері  патшаларына 



мадақ  айтып  жатыр  еді.  Талханттың  құлағы  гүңгірлеп,  көз  алды  қарауытып,  жер  қозғалып  кеткендей 

болды. Ол денесіне ие бола алмай пілдің кең арқасына құлады. 

 

Қуаныштан  аяғы  жерге  тимей,  төбесі  көкке  жетпей  піл  үстінде  кеудесін  көкке  тірегендей  боп  інісінің 



бақылау алаңына келген Гав оның піл үстінде еңкейіп отырғанын көріп: 

 

- Талхант! – деп айқайлап жіберді. Інісі дыбыс бермеді. Жақын барғанда аузы-мұрнынан қан кетіп, өліп 



жатқанын көрді. Жаңа ғана жеңіске жетіп, мадақталып, қуаныш кернеген кеудесін енді ащы өксік өртеді. 

Көз жасын тыя алмай, көк аспанды қақ айырардай, тау-тасты жаңғырықтыра інісін жоқтады. 

 

Ешкімді  тыңдамай  інісінің  денесін  сарайына  өзі  алып  барды.  Қаралы  хабарды  естіп  отырған  анасы 



алдынан шығып: 

 

- Өз бауырын өзі өлтірген саған лағнет! Сендей қанішер ұлым жоқ! – деп өкірді. 



 

- Талхантқа қолымның ұшы да тиген жоқ. Оны піл үстінде  өліп жатқан жерінен тауып алдым, - деді ұлы 

дауысы дірілдеп. 

 

- Кет! Тыңдағым келмейді! – деп өксіген ана баласының өлі денесін құша құлады. 



 

Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              89 bet 

- Талхантты өлтірмегеніме көзіңді жеткіземін, - деді Гав қайғыдан қан жұтып тұрып. 

 

Осы сөзді естігенде анасы жынданған адамдай қарқылдап күліп: 



 

- Көрейік. Тек өз сөзіңді өзің аяқ асты етіп жүрме! – деп баласына кектене қарады. 

 

Гав  сарайдан  қатты  қайғырып,  еңсесі  түсіп  шықты.  Ол  інісін  өлтірмегеніне  анасының  көзін  жеткізгісі 



келді.    

 

Көп ұзамай Гав елдің түкпір-түкпірінен данышпан, оқымысты, сәуегейлерді жинап, үлкен кеңес құрды. 



Болған оқиғаны баяндады. Сонда данышпандардың бірі Гавқа: 

 

- Соғыс барысын сызып көрсетші, - деді. Гав ағаш тақтай әкелтіп, оны ортасынан тең бөліп: 



 

-  Оң  жақта  менің  әскерлерім,  сол  жақта  Талханттың  әскерлері  тұрды.  Алдыңғы  шепке  жаяу  әскерді 

орналастырдым. Бірінші соққыға жаяу әскер қарсы шықты. Кейінгі шептегі атты әскер жаяу әскерлерді 

қорғай соғысты. Өзім биіктегі бақылау алаңында болдым, - деді. 

 

Кеңесте  әскерлердің  қандай  амал-айла,  тәсілдер  қолданып,  соғысқаны  айтылды.  Ағаш  тақтай  үстінде 



Талхант әскерінің не үшін жеңіліп қалғаны айқын сызылды. Кеңеске қатысып отырғандардың бәрі: 

 

- Табылған ақыл! – деп данышпан шешімін мақұлдады. 



 

Жиылыстан соң Гавтың қабағы ашылып, анасына елші жіберіп: 

 

- Бауырымды өлтірмегенімді дәлелдеу үшін баратынымды айт. Менімен бірге бір данышпан ере барады. 



Соғыстың мән-жайын сызып түсіндіремін, - деді. Елші сол күні-ақ жолға шығып кетті. 

 

Елшінің хабарын алған анасы да  еліндегі  данышпандар мен білімдар  адамдарды,  суретшілерді  жинап, 



баласының хабарын айтты. Әрі оларға: 

 

- Олардың түсіндірме сызбаларын қағазға түсіріп отыруларыңды өтінемін, - деп тапсырды. 



 

Келіскен  күні  данышпанмен  бірге  Гав  келді.  Олар  соғыс  барысын  тақтай  үстіне  сызып  көрсетті.  Гав 

сөйлегенде  анасының  көз  алдына  соғыстың  қалай  өткені  елестеді.  Елдегі  дәрігерлердің  анықтауы 

бойынша  Талханттың  көз  жұмған  уақыты  мен  Гавтың  сөзі  бір  жерден  шығып,  ұлына  қарсы  уәж  айта 

алмады. 

 

Үлкен ұлы кеткен соң анасы шебер ұсталарға: 



 

- Мына тақтаны және әскерлерді піл сүйегінен жасаңдар! Ұлымның есімін мәңгі есте сақтау үшін, оның 

өзі мен әскерлерін сомдап соңғы соғысын көз алдымда сақтайын. Аруағы разы болсын! – деген бұйрық 

берді. 


 

Суретші,  ұста,  шеберлер  ойласа  отырып  соғыс  алаңын  қызыл  ағаштан,  әскерлерді  піл  сүйегінен  ойып 

жасап алып келді. 

 

Шебер жасалған соғыс алаңы мен әскерлер бейнесі ерекше өнер туындысына айналыпты. Әскерлердің 



соңын ала екі жақтың патшасы қақ төрге жайғасыпты. Уәзірлер екі қапталына орналасқан. Гав айтқандай 

жаяу әскерлер алдыңғы қатарда сымдай тізіле сап түзеп тұрды. 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              90 bet 

Анасы Гавтың айтуы бойынша соғыстың басталуы мен аяқталуын оңаша отырып жүргізіп көрді. Сонда 

ол  өз-өзінен  Талхант  әскерінің  жеңілгенін  мойындады.  Егер  Талхант  былайша  әрекет  еткенде  жеңіп 

кеткендей  екен-ау  деп  піл  сүйегінен  жасалған  әскерлер  жүрісін  қайта  қайта  өзгертіп  те  көрді.  Іштей 

Гавтың тапқырлығы мен батылдығына сүйсінді. Күйеуінің: 

 

- Үлкенім ел басқарады, кішім ұлы суретші болады, - деген сөзі есіне түсті. 



 

- Егер ұлым тірі болғанда ұлы суретші болатын еді! Оны өз қолыммен өлтірдім. О, бастағы Джамхураның 

шешімімен келіскенімде бәрі басқаша болатын еді. Әліме қарамай оның орнын басқым келді-ау. Масқара-

ай! – деп көзіне жас алды.   

 

...Арада біраз күндер өткен соң ол Гавтың сарайына барып, ұлымен жолығып: 



 

- Үнді елінің басын қосып, билікті қолыңа ал, - деді. 

 

Гав анасының қолын сүйіп, тағзым етті. 



 

Көп ұзамай екіге бөлініп кеткен ел бірігіп, Гав ел билігін қолына алды. Ал анасы ұлының соңғы соғысын 

мәңгі есте сақтау мақсатымен соғыс алаңының көшірмелерін жасата бастады. Ең бірінші көшірмені Иран 

падишасы Хосроуға жіберіп: 

 

- Шаршы алаңға орналасқан әскерлер қандай әрекет жасаса жеңіске жетеді, - деп сұратты. 



 

Әп-әдемі  жылтыр  тақтай  үстіндегі  көздің  жауын  алатын  піл  сүйегінен  жасалған  сувинир  әскерлерді 

көрген падишах елшіден: 

 

- Бұл не ойын ба? – деп сұрады. 



 

- ... 


 

Елшіден жауап ала алмаған падишах ақылгөй Бузургмихрды шақырып алып: 

 

- Мына ойынның жұмбағын шешіп бер, - деді. 



 

Арада  біршама  уақыт  өткенде  Бузургмихр  сарайға  келіп,  тақтай  үстіндегі  фигуралардың  жүру  тәсілін 

түсіндіріп болып: 

 

- Қақ төрде тұрған патша. Оған  «шах» деп шабуыл жасағанда қашып құтылатын амалы болмаса  «мат» 



болады.  Бірақ  оны  өзге  фигуралар  секілді  жей  алмаймыз.  Бұл  ойынның  бар  мәні  осында,  -  деп,  әдемі 

фигуралардың сырын ерекше ықыласпен түсіндірі. 

 

- Тоқтай тұр, сонда «шах» дегенің не, «мат» дегенің не? Бұл өзі қай тілдегі сөз? – деп падишах ақылгөйге 



сұраулы жүзбен қарады. 

 

Сонда ақылгөй сақалын сипап алып: 



 

-  Тәжік тілінде  «шах»,  «мат»  сөзі  жеңілді,  ұсталды,  -  деген мағынаны білдіреді. Ойланып отырып, бұл 

ойынға «шах», «мат» сөзін қостым. 

 

- Неге патша фигурасын жей алмаймыз. Соны түсіндірші, - деді падишах. 



 

Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              91 bet 

-  Бұл  ойынның  астарында  үнді  елінің  оңтүстік  бөлігін  билеген  билеуші  Талханттың  қазасы  айтылған. 

Естуім бойынша оны соғыс барысында өлтірмеген. Осы ойындағыдай оған «шах» қойылған, - деді. 

 

Падишах келіскендей, екі көзін фигуралардан алмаған күйі: 



 

- Иә, иә, ол оқиға солай болған, - деп басын изей берді... 

 

49 - Бөлім: Қожанасырдың май сатып алуы 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1746 

 

 



Бір күні Қожа май сатып алу үшін базарға барады. 

Әйелі оған бір кесе беріп: 

-        Мына кесеге еріген май құйғызып әкел, - деп тапсырады. Қожа май сатушыға келеді. Қожекең майды 

ыдысының  шамасынан  көбірек  алады.  Ол  майды  кесесіне  құйғызады.  Бірақ  май  кесеге  сыймай,  асып 

кетеді. 

Сол жерде сатушы: 

-        Май кесеңе сыймайды. Қалғанын қайда құямыз? - дейді. Қожа жалма-жан кесесін төңкеріп жіберіп: 

-        Қалғанын мына жағына құй! - деп, кесесінің түбіне құйгызып, Қожекең сол бойында кесені ұстап 

үйіне келеді. Алдынан әйелі шығып: 

-        Майды мұнша неге аз алдың? - деп сұрағанда, 

Қожа: 

-        Жалғыз бұл емес, мына жағында да бар, - деп, кесені тағы да төңкеріп қалады. 



Сонымен, кесенің түбіндегі аз ғана май да төгіліп қалыпты. 

 

50 - Бөлім: Сиқырлы жүзік 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1747 

 

 



Бiр  кедей  күнi  бойы  жұмыс  iстеп,  қатты  шаршайды.  Бiр  арша  ағашын  әрең  кесiп  жерге  құлатқанда, 

жоғарғы жағынан екi  жұмыртқа домалап түседi де, жарылып қалады. Бiрiншiсiнен бүркiттiң балапаны 

шығады  да,  лезде  өсiп,  адам  бойымен  бiрдей  болады.  Екiншi  жұмыртқа  жарылып,  одан  алтын  жүзiк 

шығады. 


Бүркiт қанатын қағып-қағып қалады да, кедейге: 

- Ей, адам ұлы! Сен менi құтқардың. Мен саған мынау алтын жүзiктi сыйлаймын. Бұл – сиқырлы жүзiк. 

Бiрақ  жүзiктен өмiрiңде бiр-ақ тiлек тiлейсiң. Тiлегiң орындалған соң жүзiгiң сиқырын жоғалтып, жәй 

жүзiкке айналады. Сондықтан тiлегiңдi айтпастан бұрын жақсылап ойлан. Әйтпесе кейiн өкiнiп жүресiң, 

-дейдi.  Осыны  айтып,  бүркiт  ұшып  кетедi.  Егiншi  қуаныштан  жүрегi  жарылардай  боп  үйiне  қайтады. 

Жолда зергердiң дүкенiне соғып, зергерден өз қолындағы жүзiктiң қанша тұратынын сұрайды. Зергер: – 

Екi алтындай болатын шығар, – дейдi. Кедей қарқылдап күлiп жiберiп, бұл жүзiктiң сиқырлы екенiн, оған 

ешбiр баға жетпейтiнiн айтады. Зергер қара жүректi, арам адам едi. Ол кедейдi қоярда-қоймай қонаққа 

шақырады. Үйiнде ұйықтап жатқан жерiнде егiншiнiң жүзiгiн ұрлап алып, соған ұқсас жәй жүзiктi салып 

қояды. Келесi күнi кедей байғүс жөнiне кетедi, зергер есiк-терезесiн мықтап бекiтiп алып: 

- Жүз мың алтыным болса, – деуi мұң екен, үстiне алтындар жауа бастайды. Зергер жанталасып, арлы-

берлi қаша бастайды, бiрақ есiктi аша алмайды. Дүниеқоңыз зергер алтынға көмiлiп өледi, алтындарын 

көршiлерi бөлiсiп алады. Ал қайырымды егiншi болса, әйелiне жүзiктi көрсетiп: 

- Аллаһ бiзге рақым еттi, ендi қалаған тiлегiмiз орындалады, – дейдi. Әйелi: 

- Бiз жер тiлейiк. Егiстiкке жер жетпей жүр ғой,  – дейдi. – Жоқ! Бiр жыл тырмысып еңбек етсек, жердi 

өзiмiз-ақ сатып аламыз, – дейдi күйеуi. 

Сол жылы өнiмдерi мол болып, жер сатып алады. Егiншiнiң әйелi: 

-Ендi жүзiктен ат пен сиыр тiлейiк, – дейдi. – Соны да жүзiктен сұраймыз ба? 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              92 bet 

Тағы бiр жыл ерiнбей еңбектенсек, оған да қол жеткiземiз, – дейдi кедей. Келесi жылы ат пен сиыр сатып 

алады. Әйелi тағы да: 

- Бұрын сен Аллаһ Тағалаға жалбарынып, тiлек етушi едiң. Аллаһ тiлегiндi бердi.    Қазiр патша боламын, 

зәулiм сарайда тұрамын десең де, бәрi қолыңда. Шаршап-шалдығып жүргенше, рахатқа батып, тыныш 

отырмайсың ба?-дейдi. Сонда егiншi тұрып: 

- Бiз әлi жаспыз, өмiрiмiз алда. Аллаһқа шүкiр, бiзде қазiр бәрi бар. Жүзiктен бiр тiлек сұрасақ, сиқырын 

жоғалтады.  Алдымызда  қиын  жағдайлар  тап  болмайтынына  кiм  куә?  Бiздi  қандай  сынақтар  күтiп 

тұрғанын  қайдан  бiлемiз?  –  дейдi.  Ерлi-зайыптылардың  арасындағы  келiспеушiлiк  осымен  бiтедi. 

Кедейдiң  қоймалары  жыл  сайын  астыққа  толып,  бақытты  да  бақуатты  отбасының  бiрiне  айналады. 

Жылдар  зуылдап  өтiп  жатады,  адал  еңбекпен  өмiр  сүрген  егiншi  де  өмiрден  өтедi.  Жерлейтiн  кезде 

немерелерiнiң бiрi қолындағы жүзiктi шешiп алмақшы болады, екiншiсi оған қарсы болып: 

- Атамыз өмiр бойы бұл жүзiктi қатты қадiрледi, өзi үшiн аса қымбат ескерткiш болса керек. өзiмен бiрге 

кеткенi дұрыс болар, – дейдi. Осылай үйге бақыт пен байлық әкелген жай жүзiк егiншiмен бiрге көмiледi. 

 

51 - Бөлім: Ұстаз бен шәкірт 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1748 

 

 



Бұлбұлдың ерекше әншiлiк қабiлетiн таныған ұстазы: 

– Бұлбұл, ержеткен соң кiм боласың?-деп сұрады. Шәкiрт ойланбастан: 

- Әншi болам, – дедi езуiне тәттi күлкi үйiрiлiп. 

– О-о! Әншi болу үлкен арман, әрi үлкен өнер. Әншi болу үшiн ұстаздың қатаң талабына шыдасаң, сенi 

үлкен жол адастырмай арманыңа жеткiзедi,- дедi  ұстазы. 

– Ол қандай талап? Мен бәрiне де төземiн, – деген Бұлбұлдың даусынан сенiмдiлiктi аңғару қиын емес. 

– Асықпа, оны әлi-ақ сезiнесiң деп, ұстазы шәкiртiн ойландырып тастады. 

Әншi болудан басқа ойы жоқ балауса Бұлбұл ұстаз сөзiнен ешнәрсе түсiне алмады. 

Ертесiне ата-аналар жиналысы болды. Оған оқушылар да қатысты. Барлық ата-анамен жеке сөйлескен 

ұстаз кезегi келгенде Бұлбұлдың анасына: 

– Балаңыз туралы айтыңызшы. Бала жас шыбық секiлдi. Қисық өскен бұтағын кесiп, түзеп отыру керек. 

Бүгiн оның мiнезi мен iс-әрекетiндегi кемшiлiктi жасырамын деп, ертең үлкен қателiкке ұрынып жүрмейiк, 

– дедi. 

Ұстаздың көкейiндегiсiн түсiнген  ана: 

–  Бұлбұлдың  балалығы  болар,  –  деп  сөзiн  жұмсақ  бастады.  Онысы  баланың  көңiлiн  ойлай  сөйлесейiк 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет