дегендi меңзегенi едi.
– Көп ұйықтайды, арманшыл. Үлкен мақсатына тек қиялмен жетем дей ме деп қорқамын. Еңбектенуi де
аз. Бала ширақ болу керек емес пе?! Ата-анаға қазiр қолғабыс тигiзбегенде, қашан тигiзбек? Әйтпесе…
Анасының сөзiн естiп отырған Бұлбұл қып-қызыл боп кеттi. Жиналыс соңында Бұлбұл мен ұстаз оңаша
қалды. Ұстаз тағы да жұмбақтап:
- Әншi болу үшiн ұстаздың қатаң талабына шыдау керек демеп пе едiм. Қалай, шыдайтын түрiң бар ма?
– дедi.
Әлi де болса сөздiң мәнiсiн толық түсiнбеген шәкiрт:
– Мұғалiм, ендi ерте тұратын боламын, – дедi балалық мiнез танытып.
– Тек ерте тұру ғана емес, ата-ана алдындағы балалық парызды ақтау бар. Тәртiпке өз-өзiңдi көндiруiң
керек. Келесi жиналыста анаңның саған деген алаңдаушылығын қуанышқа айналдырарыңа сенемiн, – дедi.
Бұлбұл үнсiз басын изедi.
Шынында да ол осы оқиғадан соң, ата-анасын таң қалдырды. Ерте тұрып, барлық шаруаға үлгердi.
Сабақты да жақсы оқыды. Сахнада ән де салды.
***
Ауыл сахнасынан жап-жас Бұлбұлдың әсем әнiн тыңдаған Бүркiт қария да қатты сүйсiндi. Бiр күнi
сабақтан әндетiп келе жатқан Бұлбұлға қарсы жолыққан қария:
– Бұлбұл балам, – дей бергенi сол едi:
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
93 bet
- Ата, уақытымды алмаңызшы, – деп, алды-артына қарамай жүрiп кеттi.
Атай қапа болып қала бердi. "Бала ғой, балалығы да. Үлкен өнер иесi болғалы тұр, әттең, мiнезi кедергi
болмаса” деп өзiн-өзi жұбатқан болды.
Ертесiне қария болған жайды ұстазына баяндап бердi.
Ұстаз Бұлбұлмен оңаша сөйлестi.
– Кешегi күнiңнiң қалай өткенiн маған тәпiштеп баяндап бершi. Бiрақ ештеңесi қалып қоймасын, – дедi
қадалып.
Бұлбұл бiрдеңенi сезгендей жолда тоқтатқан қарияны кiнәлай сөйледi.
– Асығып бара жатсам, ерiгiп жүрген Бүркiт деген кiсi «тоқта» деп едi, тоқтамадым.
– Жо-жо-жоқ! Бұлбұл, сен қатты қателестiң. Көргенi көп кiсiлердiң сөзiн бiр күн емес, өмiр бақи тыңдасаң
да артық етпейдi. Сен үлкен кiсiлерге, тiптi өзiңнен кiшiге де құрметпен қарауың керек. Адамдар сенiң
өнерiңе ғана емес, өзiңе де сүйсiнуi тиiс. Есiңде болса ұстаздың қатаң талабына шыдасаң арманыңа
жетесiң деп едiм ғой. Сондай талаптың бiрi жүрген жерiңде жұртқа жұғымды болу, соңыңнан жақсы сөз
iлестiру.
– Иә, иә, – деген Бұлбұл әуел бастағы ұстаз сөзiнiң жұмбағын ендi-ендi түсiнгендей болды.
Сол күнi Бұлбұл Бүркiт ақсақалдан кешiрiм сұрады.
Осы оқиғадан кейiн ұстаз шәкiртiнiң көп өзгергенiн байқады. Арада бiрнеше күн өткенде ұстазы
Бұлбұлды шақырып алып:
– Бұлбұл, ендi екеумiздiң өнер жолындағы сабағымыз басталады, – дедi.
- Мұғалiм, ендi басталады дегенiңiз қалай, сiз менi бұрыннан берi әншiлiкке баулып келе жатқан жоқсыз
ба?
– Жоқ. Мен сенiң бойыңдағы тамаша талантты танығаныммен, өнерге әлi баули қойғаным жоқ. Оған
кедергi болған сенiң мiнезiңдегi кемшiлiктер. Есiңде болсын, өнер-бiлiмге ұмтылған әрбiр жеткiншек
мiнезiне мiн, өнерiне сын айтылмайтындай тәрбиеленуi керек. Үйде де, түзде де мейiрбан, шыншыл,
жақсы адамдарға жақын жүргенi абзал. Сонда ғана елге сүйкiмдi болмақ.
– Мұғалiм, бұл өсиетiңiз тек әншiлерге байланысты ма?
- Жақсы адам болам деген жеткiншектiң бәрiне қатысты нәрсе. Сен халық алдында жүресiң. Ол сенiң ең
бiрiншi сыншың, ақылшың, қолдаушың. Ал халық алдына шыққан әншiден жақсылық, iзеттiлiк,
инабаттылықты көрiп барып талантын таниды. Сен осы жолда аз да болса сабақ алдың. Ендi сенi
әншiлiкке баулу қиын емес. Ол сенiң өзiңде тұнып тұр. Сен менi түсiндi деп ойлаймын.
– Түсiндiм мұғалiм, түсiндiм. Мен сiздi бүгiннен бастап ұстаз деп айтайыншы?!
52 - Бөлім: Бақытсыз бай
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1749
Ертеде жалғыз басты бір бай өмір сүрді. Оның туысқаны да, баласы да жинаған мал мүлкі мен ақшасы
еді. Соларды баладай мәпелеп күтетін. Бір күні ол жалшысының көңілді күлкісін естіп оның үйін
айналшықтап тың тыңдады. Бірақ мардымды ештеңе ести алмады. Ол ертесіне жалшыны түннің ортасына
дейін босатпай әбден жұмысқа салды. Бірақ кешегі күлкі тағы қайталанды. Дегбірі қашып
шыдамсызданған бай енді "мынау менің қазынамнан ұрлап жүр, сол үшін үйіне барып мәз болып жатыр”
деген жаман ойға кетті. Ол жалшысының есігін бір теуіп кіріп барды. Сөйтсе жалшысы екі баласын
арқасына мінгізіп алып, өзі ат болып ойнап жүр екен.
— Ақымақ, бүгін қиралаңдап дұрыс жұмыс істемедің! Түнімен мына мұрынбоқтарыңды ойнатамын деп
шаршайды екенсің ғой! — деп ақырды.
— Қожайын, осы екі балапанымды көргенде шаршау, уайым дегенді ұмытып, тыңайып, сергіп қалам, —
деп байыпты қалпынан жазбай жауап берді малайы.
— Нағыз ақымақ екен! — деп үйден атып шыққан бай енді "мен кеш кіріп қалдым ба екен, ол ұрлаған
ақшасын тығып үлгерді де, маған сыр бермей отыр сұмпайы” деп күдігінен арыла алмай-ақ қойды.
Екінші күні жалшы таң атқанша жұмыс жасады. Бірақ ол еш реніш білдірмей үйіне қайтты. Бай
соңынан бұқпантайлап барып тағы тың тыңдады. Құлағына шықырлаған ақша мен сылдырлаған күміс
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
94 bet
теңгені жалшысы санап жатқандай естіліп кетті. Ол тағы да есікті бір теуіп кіріп барды. Екі баласын екі
жағына алып қаннен қаперсіз рахаттанып ұйықтап жатқан жалшысын көргенде не істерін білмей қалды.
Үн-түнсіз білдіртпей үйден шығып кетті. Сонда да күдігі сейілер емес.
Ертесіне жалшысының көңілді, сергек қалпы байға өзін мазақ қылып тұрғандай көрініп кетті. Бай
ақыры:
— Менің қазынамнан біраз қаражат жоғалды. Соны сенен басқа ешкім алған жоқ. Себебі сен үнемі көңілді
жүресің, тыққан ақшаң болған соң көңілің тоқ боп жүр, — деді.
Сонда жалшысы:
— Қожайын, жағдайың сорлы құлдан да жаман-ау. Күнде кешке үйімді торауылдайсың. Менің байлығым
екі балам мен жан жарым және денсаулығым мен қара күшім. Құланиектеніп таң атқаннан кеш батқанша
тәңірімнен осы байлығымнан айыра көрме деп тілеймін. Сондықтан мен бақыттымын, көңілдімін, — деп
жауап берді.
Не дерін білмеген бай үн-түнсіз қалды. "Япырмай, шынында да мына қара құл бақытты. Мен сияқты
қызғанатын байлығы да жоқ. Байлық маған бақытсыздық үшін біткен бе? Басым ауырып кетті”.
Осы күні жалшы үйіне ерте қайтты. Оның сыртынан қарап тұрған бай алдынан жүгіріп шыққан екі
баласына қызыға қарап қалды…
53 - Бөлім: Қорқыт ата
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1750
Ертеде жылқы күнге қарап былай дейді:
- О, барлық жан-жануарларға тіршілік сыйлаған қайырымды күн, мені жануарлардың арасындағы ең
сұлулардың бірі деседі жұрт. Солай екенін өзім де сеземін. Сонда да кейбір дене мүшелерімді бұдан да
әдемірек етуге болар еді-ау деп ойлаймын.
- Сонда қай жеріңді түзей түсуге болар еді деп ойлайсың? - деп сұрайды күн күлімсіреп.
- Егер, - дейді жылқы, - сирақтарым бұдан да ұзындау және сыйдаңдау болса, мен тіпті алдына жан
салмайтын жүйрік болар едім. Мойным аққудың мойнындай ұзын болса, маған ол бұдан да әсем көрік
бітірер еді. Төсім жалпақтау келсе, қазіргіден де алымдырақ болар еді. Оның үстіне адамзатты арқалап
жүру үшін жотамнан мәңгі алынбайтын ер болса, тіпті жарасып тұрар еді...
- Жақсы, қалағаның болсын, - дейі күн жайраңдап,- сәл күте тұр.Соны айтады да, күн жерге түйені түсіреді.
Денесі алпамсадай, тұрқы арбиған жануарды көрген жылқы әрі қорыққанынан, әрі жиіркенгенінен
қалшылдап қоя береді.
- Міне, сен қалағандай ұзын да сидаң аяқ, аққудың мойнындай ұзын мойын, жалпақ кеуде, ері де дайын.
Қалай, сенің де осындай болғың келе ме? - деп сұрайды күн.
Жылқы әлі де есін жыя алмай қалшылдап тұрады.
- Жо-жоқ... - дейді тілі күрмеліп.
- Ендеше жөніңе жүр, - дейді күн жылқыға, - саған өз бойыңдағы да жетеді! Әркім өз қасиетін бағалауға
тиіс. Содан бері жер бетінде түйе де өніп-өсе бастапты. Ал жылқы болса, түйені көрген сайын әлі күнге
дейін
денесі дір ете түсіп, қалтырай бастайды екен.
54 - Бөлім: Асан қайғы
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1751
Асан қайғы Желмаяға мініп, жиһан кезіп, «Жерұйық» дейтін ну орманды, көгорай шалғынды, сулы жер,
қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын қоныс іздейді. «Елді сол жерге қоныстандырсам!» - деп, арман
етеді. Жүрген жерінде жақсы қонысқа да, жаман қонысқа да баға беріп отырады. Түркістанның қасында
ескі қорған қала Сауранды көргенде: «Әттеген-ай, қорғанды ай тақырдың бетіне, Шөлістанның өтіне
салған екен. Сарқырап аққан суы жоқ, жайқалып тұрған нуы жоқ - түбі тұрақты қала бола алмас», - деген
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
95 bet
екен. Асан қайғы Маңғыстауға үш барып, үш қайтыпты. Асанның екі баласы: «Маңғыстау малға жайлы
қоныс бола алар ма?» - дегенде, Асан қайғы: «Түбінде мал баққан шаруаға Маңғыстаудан жақсы жер
болмас», - депті. Жетісуды көргенде: «Мынау Жетісудың ағашының басы сайын жеміс екен, шаруаға
жақсы қоныс екен», - депті. Баянауыл тауын көргенде: «Баянға жаймай, қой семірмес», - деп, Асан қазіргі
Баянауылды өзіне жайлау етіпті.
Қаратал өзенінің өлкесін көргенде: «Ей, сарқырап аққан Қаратал, артың кең, алдың тар-ау!» - депті.
Өйткені бұл өзен құмға сіңіп жатады екен.
Осы күнгі Мерке ауданындағы Аспараны көргенде: «Ей, Аспара, көршіңмен тату бол, шөбіңе суың
жетер!» - деп жүріп кетіпті. Шу өлкесін көргенде: «Ей, Шу, атыңды теріс қойыпты! Тегінде бір шулағаның
болмаса, ну қамысың еліңді жұтқа бермес», - депті. Шудың аяғында Сарысу елі шөп жимай, Шудың
қамысын қыстап, жаз Арқаны жайлайды екен. Әулие-Атаның (қазіргі Тараз қаласы) шығысынан аққан
Талас, батысынан аққан - Келес дейтін өзендерді көргенде, малға жайлы екенін біліп: «Ей, екі Талас, бір
Келес, малсыз күнің кенелмес. Жері де жайылған малға жұт болмас!» - деген екен. Жуалы жеріндегі Ауан
дейтін қара топырақты, егістік аймақты көргенде: «Шөбің семіз, қарың мол, топырағың май екен,
кәдіріңді егін салған ел білер», - депті.
Ақмешіт (қазіргі Қызылорда) тұсындағы Сыр өлкесін көргенде: «Ей, Ақмешіт, жерің шаң екен, суың
жар екен, әр бұтаның түбінде кесек етің бар екен! Елің жұтамас, малыңның көзіне сақ бол!» - депті.
Қарсақбай аймағын көргенде: «Айналаң жапан түз екен,тауыңның асты жез екен, екі тауың ел біткенді
шақырар, басыңа байлық қонар, жұртың ашықпас!» - деп жүріп кетіпті. Нарын - Самар аймағын көргенде:
«Е, Нарын, тайың айғырдай, тайлағың бурадай екен! Қысың ұзақ: шаруаңа сақ бол!» - депті. Шыңғырлау
өзенін көргенде, түсе қалып, Желмаясын оттатып: «Жылқының өзі өскен жоқ, Шыңғырлау, сен өсірген
екенсің!» - деп, қонып кетіпті. Бірақ Асан ол кезде шұрайлы, қоныс, нулы өлке таба алмапты. Ол Ұлытау
жаққа келіп өліпті.
55 - Бөлім: Байқал мен аңғара
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1752
Ертеде барлық Сібірді билеп-төстеп жүретін бір Байқал деген бай адам болыпты. Оның байлығына қоса,
ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс екен. Байлығына батырлығы сай болып, барлық Сібірді аузына
қаратыпты. Сондықтан Байқалдың лақап аты «Сібір» атаныпты.
Байқалдың байлық, батырлық-ерлік, жақсылық қасиетіне қоса, қаһарлы, ашулы, ызғарлы сипаттары
да болыпты. Байқалдың бір іске көңілі түспей, ашуы келсе, ол бетін түстікке бұрып қараса, барлық
Сібірдің келбеті өзгере бастайды екен: күн өздігінен суытады, аспан түнеріп бұлттанып, бұлттар ерсілі-
қарсылы көшіп, ызғарлы қар-жаңбыр жауып, жел соғып, теңіз тулап жағаны соғып, орман да бойын жазып
тік тұра алмай еңкейіп басын иіп мөлиіпті. Жер бар сырын ішіне тартып, тоңып қатып қалыпты.
Жануарлар батырдың бұл қаһарына шыдамай, бойын көрсетпей, бас паналап көрінген ін-шұңқырға
тығылыпты да, батырдың ашуының қайтуын күтіпті. Ал батырдың ашуы қайтса, бетін терістікке бұрғаны.
Онда манағы құбылыстың бәрі өзгеріп, барлық Сібір жайбарақаттыққа айналып, барлық жаратылыс рақат
табады екен. Байқалдың Зарлық деген жалғыз қызы бар екен. Ол қыз дүниеде теңдесі жоқ Аңғара деген
батырға ғашық екен. Жастардың бұл сырын білсе, Байқал барлық Сібірді екінші түрге айналдырып
жібереді, өйткені бір жорықта Аңғарамен кездесіп қалып, екеуі бірін-бірі көрместей болған екен. Екі
ғашық Байқалдың бұл мінезін біліп, енді не істерін білмей дағдарысады, сөйтіп жүргенде бұлардың сырын
Байқал сезіп қалып, алдымен қызы Зарлықты өлтірмекші болып ұмтылады. Зарлық қорқып тауға барып
тығылады. Сол тау артынан «Мұңлық-Зарлық» атанады.
Ал Аңғара қорықпады, бірақ атасына қарсы келмей бетін солтүстікке қаратып, жан-жағына қарап тұрды
да, алға жүре берді. Бұл кезде Байқалға да ой түсті ме немене, ойланып қалды. Аңғара: «Кезеңі келсе
көрісерміз», -деп, терең ойланып артына қарай-қарай тартып отырды.
Ал Байқал осы қылған қаталдығына өкініп, жер бауырлап жата кеткен екен. Қайғысының күштілігінен
жер ойылып, түпсіз терең көлге айналыпты. Одан шыққан су Аңғараның ізімен жүріп, ағып отырып үлкен
өзенге айналыпты.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
96 bet
56 - Бөлім: Қазғұрт тауы
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1753
Халық арасында Қазығұрт тауы қақында бұрыннан қалған аңыз бар. Қарт адамдардың айтуларына
қарағанда, құдай баста жерді, көкті жаратқанда, Қазығұрт тауы да бірге жаралған. Өзі аласа тау болса да,
жер жүзіндегі таулардың қасиеттісі. Ілгеріде жер жүзін топан суы басып кеткенде, жалғыз осы Қазығұрт
тауы аман қалған екен. Қазығұрт тауының басында, күнбатыс жағында азырақ тегіс жер бар. Ол жер Нұқ
пайғамбардың кемесінің орны дейді.Қазығұрттың басында бір үңгір болса керек. Ол -үңгірдің үстіне ағаш
шаншып қойған Қазығұрт атаның моласы дейді екен. Басқа жерлерді бұлт басса да, Қазығұрттың басын
бұлт шалмайды екен. Егерде Қазығұрттың басына бұлт шөгіп, көрінбей қалса, қариялар Қазығұрт қарасын
киді деп, қатындар күлпарасын киеді екен. Сол уақытында жұрттың бәрі даладағы нәрселерін үйге қояды
екен, Қазығұрттың басын жапқан бұлт жаумай кетпес деп, қазақтардың бұрынғы замандағы ақындары
Нұқ пайғамбардың кемесінен қалған жануарлар туралы мынаны айтады екен:
«Қазығұрттың басында кеме қалған,
Ол «әулие» болмаса, неге қалған?
Жетім бота үстінде жатып қалып,
Ойсылқара жануар содан калған.
Қазығұрттың басында кеме қалған,
Ол «әулие» болмаса, неге калған?
Қыршаңқы тай үстінде жатып қалып,
Қамбар ата жануар содан қалған.
Қазығұрттың басында кеме қалған,
Ол «әулие» болмаса, неге қалған?
Тышқақ тана үстінде жатып қалып
Зеңгібаба жануар содан қалған.
Қазығұрттың басында кеме қалған,
Ол «әулие» болмаса, неге қалған?
Қотыр тоқты үстінде жатып қалып,
Шопаната жануар содан қалған...»
Осындай ырыммен түрлі жануарлардың атын келтіреді екен.
Қазығұрттың басында көп «әулие» Мінсең аттай желеді айыр түйе, -деген мақалдар да бар. Қазығұрттың
басы түйеніңөркешіне ұқсаған. Оның себебі: басқа таулардың бәрін топан суы басып кеткенде,
Қазығұртты су баспаған соң, басқа таулар намыс қылып Қазығұртпен ұрысамыз деп, жиылысып келген
екен. Бәрінің үлкені Ордабасы деген тау Бадам суының Қазығұртқа қараған күнбатыс жағында болған.
- Ордабасы балама айт,
Қызыл сеңдей қызыма айт,
Еншілес інім Қаңғыраққа айт! -
- Сізден арғы Қараққа айт! -
деген даусын есітіп, қалғандары бір-біріне солай айқайлаған дейді. Барлық таулар келсе, біздер көп болып
кетеміз ғой, ұрыс қылмай-ақ қоялық деседі. Әдейі әуре болып келген соң тым болмаса, қылышты бір
сілтеп қалайық деп, қылышты сілтегенде, Қазығұрттың басы айрылып қалыпты дейді. Қазығұрттың басы
түйенің өркешіне ұқсаған себебі осыдан екен дейді қариялар.
57 - Бөлім: Қожанасыр мен хан
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1754
Бір күні Қожанасыр бір баймен жанжалдасып ханның алдына жүгініске бармақшы болады. Бай сыйлық
беріп, хан байдың сөзін сөйлейтінін сезген Қожа хан алдына қойнына бір үлкен тас салып барады. Хан
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
97 bet
екі жағының да арызын тыңдап болып, енді үкім айтуға кірісерде, Қожа қақырынып қояды. Хан бұрылып,
Қожаның бетіне жалт қарайды. Сонда Қожа ханға жұдырығымен қойнын көрсетеді. Ханның көзі
Қожанасырдың қойнына түседі, өйткені Қожанасырдың қойны біраз қомақты болып, томпайып тұр екен.
Хан Қожанасырдың қойнында көп алтын бар екен деп дәмеленеді. «Менің сөзімді сөйлесең, осы алтынды
саған берем», - деп тұр екен деп, ойлайды ол. Сондықтан хан сөзді салмақтай келіп, Қожанасырдың
арызын дұрыстайды. Үкімге риза болмаған бай ашуланып, кетіп қалады. Кеткен соң, хан күлімдеп,
Қожанасырды жанына шақырып алып:
- Ал Қожеке, маған ризасың гой. Байды саған жығып бердім. Енді қойныңдағы алтыныңды бер! - дейді.
- Тақсыр, мен сізге алтын көрсеткенім жоқ қой. Менің қойнымдағы алтын емес, тас еді, - деп, Қожа
қойындағы тасты алдына тастай береді.
- Сен маған билік айтарда, көзіңді қысып, қойыныңды көрсеттің, ол не дегенің еді? - деп, сұрайды хан.
- Уа, тақсыр! Менің қойнымды көрсеткенім: «Хан әділ билік айт, әйтпесе мына таспен ұрып жығам!» -
дегенім еді, - дейді Қожа.
58 - Бөлім: Қожанасырдың тойға баруы
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1755
Баяғыда біреу той жасапты, тойға көп кісі жиналыпты, Қожа да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі
жаман екен. Қожанасырды ешкім елемепті. «Төрге шық, тамақ іш», - демепті. Қожа үйден шығып кетеді
де үйіне барып, тәуір киімдерін киіп, қайта келеді. Бұл жолы үй иесі Қожанасырды құрметтейді, төрден
орын береді, ет келгенде:
- Қожеке, алыңыз, алыңыз! - деп, қошеметтейді. Қожа етті жемей, табаққа шапанының жеңін малып:
- Же, шапаным, же! - деп, отыра береді.
Үй иесі:
- Сіздің бұ не қылғаныңыз? Шапан ет жейтін бе еді? - дейді.
Сонда Қожа:
- Сен кісіні сыйламайды екенсің, киімді сыйлайды екенсің. Сондықтан шапаныма жегізіп отырғаным! -
деп, жауап береді.
59 - Бөлім: Еріккен хан
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1756
Еріккен хан бір күні халықты жинап ап: «Кімде-кім жалтыр мұздың үстінде екі көрпемен түні бойы үсімей
шықса, соған өмір бойы жетерлік алтын беремін. Ал бір жерін үсік шалса, ол өлім жазасына бұйырылады»,
- деп жариялайды. Бұл хабарға көп адам еліктеп, ханның айтқанын істейді. Бірақ бірінің аяғын,
екіншісінің қолын үсік шалып, ауруға ұшырайды. Оның үстіне ханның жазасы да соққы болып тиеді.
Ханның аулына бір күні Қожанасыр келеді. Ол ханның талабын орындамақ болады. Хан берген екі
көрпені мұз үстіне төсеп, үстіне киім жамылмай жатады. Сөйтіп, сар аяздың өзінде жамбасынан сыз
өтпеген Қожанасыр үсіктен аман қалады. Хан оның жағдайын сұрай келіп,еш сылтау таппаған соң:
- Мүмкін, сен түнде алыстан от көрген шығарсың? - деп сұрайды. Сонда Қожанасыр көз ұшынан бір оттың
жылтырағанын айтады. Іштей ыза болып тұрған хан:
«Сен сол оттан жылу алып, аман қалған екенсің?» - деп, Қожаға жөнсіз тиіседі. Қожанасыр өзінің ол
оттан ешқандай жылу алмағандығын дәлелдеуге тырысады. Бірақ хан көнбейді.Ақыры Қожанасыр ханды
үйіне қонаққа шақырады.Ұзын мосыға шәугімді іліп, астына жылтыратып от жағады. Шәугім биік, от
әлсіз, шай қайнамайды. Сонда іші пысқан хан:
- Ей, Қожанасыр, мынауың сенің не далбаса, аспанда тұрған шәугімге жылтыраған оттың жылуы жете ме?
- депті.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
98 bet
-Ханеке, көз ұшында жылтыраған оттың мұз үстінде жатқан адамға жылуы келгенде, мосы басында
тұрған шәугімге астында жылтыраған оттың жылуы неге бармасын. Бүгін болмаса, ертең шай қайнар, -
депті.
Сөйтіп, сөзден жеңілген хан қатты ұялып, үйіне қайтады.
60 - Бөлім: Есегіме ұқсайды екенсіз
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1757
Бір күні Қожанасыр жолаушылап жүріп, сол маңды билеп тұрған ханмен кездесе қалыпты. Хан отырып:
- Менің Алмашұбар деген атым бар, шапқанда көз ілеспейді, - деп мақтанады.
- Менің асыл текті есегім бар. Ақырса даусы айшылық жерге жетеді, - дейді Қожанасыр.
- Мен ақырғанымда қызметші нөкерлерім: «Құдіретті ханымыздың даусы арыстанның ақырғанынан да
күшті», деуші еді, сенің есегің менен де қатты ақыра ма? - дейді хан.
- Тақсыр, сіздің ақырғаныңызды естіген жоқ едім. Айқайлаңызшы, көрейін, - дейді Қожанасыр. Хан
тамағын қырнап-қырнап алып, айқайлап қоя
беріпті. Сонда Қожанасыр:
Тақсыр, шынында да, өзіңіз менің есегімдей екенсіз, - дейді.
61 - Бөлім: Тесік тиін
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1758
Қожанасырдың төбесі таз екен. Бір күні ол шашын алдырып болып, ақысына тесік тиын ұстата салыпты.
Шаштараз бажылдап:
- Тесік тиынды кім алады? Бүтінін бер! - депті.
- Бүтін тиынды төбеме шаш шыққанда аларсың, - деп Қожекең жүре беріпті.
62 - Бөлім: Арман
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1759
Қожанасыр шомылып жатып, дарияға ау салып жүрген балықшыларды көреді. Ол сүңгіп барып, ауға
түсіпті.
- Ауға үлкен балық түскен сияқты, сілкінуі зор,-деп, балықшылар ауды тартып қараса, Қожанасыр
ыржиып шыға келіпті.
- Қожеке, бізді мұншама масқара етіп, ауда неғылып жүрсіз? - десе, Қожанасыр:
Достарыңызбен бөлісу: |