ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет10/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   153

Қалмаңыздар өкініп».  

 

Қаздар айтты: Га-га-га!  



Мысық айтты: Мур-мур-мур!  

Құстар айтты: Чик-чирик!  

Жылқы айтты: И-и-и!  

Шыбын айтты: Ж-ж-ж!  

Бақа айтты: Ква-ква-ква!  

Үйрек айтты: Кря-кря-кря!  

Торай айтты: Хрю-хрю-хрю!  

Орманда аю,  

Баю-баю! 

 

39 - Бөлім: Шортанның қалауы бойынша 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1736 

 

 



Бір шалдың үш ұлы болыпты: екеуі ақылды, үшіншісі ақымақ Емеля. Ол күні бойы пе үстінде жатудан 

басқа түк те істемейді екен.  

Бірде бауырлары базарға кетеді де, жеңгелері:  

- Емеля, су алып келші, әйтпесе ағаларың базарлық әкелмейді,-дейді.  



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              58 bet 

Емеля пештен түсіп, шелек пен бала алып, өзенге кетеді.  

 

Емеля мұз ойығынан шелекпен су алып шыққанда, шортан ұстап алады.  



- Мені жіберші, - деп жалынады шортан,-барлық қалауыңды орындайын. Сен тек: «Шортанның әмірімен, 

менің қалауыммен»,-деп айт, бәрін де жасаймын.  

- Шортанның әмірімен, менің қалауыммен шелектер, өздерің үйге барыңдар-, деп бұйырғаны сол еді, су 

толы шелектер өздері үйге кетті.  

Емеля шортанды жіберіп, үйге қайтты.  

Келесі жолы оны орманнан ағаш әкелуге жұмсады.  

Емеля аулаға шығып, шанасын жекті де:  

- Шортанның әмірімен, менің қалауыммен шаналар, өздерің орманға барыңдар,-деді.  

Шаш орманға барды, ағаш та осылай өзі жарылып, өзі артылып, шанамен өзі үйге барып та қалды.  

Бұл ғажап ел арасына тарап кетеді. Оны патша да естіп, Емеляға офицерді жұмсайды.  

Офицер Емеляға келіп:  

- Жүр, ақымақ, сені патша шақырып жатыр,-дейді.  

-Ал менің барғым келмейді...  

Офицер ашуланып, Емеляны жақтан тартып жібереді. Сонды ол:  

- Шортанның әмірімен, менің қалауыммен шоқпар, офицердің сазайын бер,-дейді. Аяқ астынан шоқпар 

шыға келіп, офицерді төмпештей жөнеледі.  

Ақыры жалынып жүріп, Емеляны патшаға әкеледі. Емеля патшаның қызын ұнатып қалады.  

- Шортанның әмірімен, менің қалауыммен патшаның қызы, маған ғашық бол,-деп әмір етеді.  

Патшаның қызы Емеляға құлай ғашық болып қалады. Әкесіне жалынып, өзін Емеляға тұрмысқа беруді 

өтінеді.  

Патша ашуланып, Емеляны теңізге лақтыруға бұйырады.  

Сонда Емеля:  

- Шортанның әмірімен, менің қалауыммен бізді алысқа алып кет,-деп әмір етеді. Осылайша ол өзіне сарай 

салдырып алып, патшаның қызы екеуі бақытты өмір сүріпті. 

 

40 - Бөлім: Баяғы өткен заманда бір шал мен кемпір өмір сүріпті. 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1737 

 

 



Баяғы өткен заманда бір шал мен кемпір өмір сүріпті. Жалғыз сиырдың сүті – олардың корегі болыпты. 

Сондықтан сиырдың бұзауы сүтке жарымай өле беріпті.  

- Кемпір, ашықсақ, ашығайық, бір жылға бірнәрсе етіп шыдармыз. Енді сиырды саумай-ақ қойшы, сүтін 

бұзауы емсін деді шал.  

- Жарайды, саумасам саумайын, бұзауы уызға жарысын.  

Үш күннен соң сиыр еркек бұзау туады. Бұған қауанған олар қанша тарықса да, ашықса да сиырды саумай, 

барлық сүтін бұзауға береді. Еңесінің бар сүтін бір өзі еміп өскен бұзау үлкен өгіз болып шығады.  

Күндердің бір күнінде ол өзінің семіздігіне масаттанады.  

Осындай  зор,  сұлу  денеммен  мына  бір  жаман  сиырлардың  ішінде  жайылып  жүргенім  лайықсыз  екен, 

түйелерге барып қосылғаным дұрыс шығар деп ойланды өгіз.  

Өзің ерекше зор сезініп жүрген ол барынша - ақ түйе болуға тырысып бағады.  

Олардың жеген шөбін жейді, алыс шөлге кетіп, сортаң жалайды. Ақырында шөлден қатып, іші ауырып, 

шыдай алмайды.  

- Әбден өлетін болдым, жылқыларға барайын. Олар түйеден кішірек қой, азабы да жеңілірек болар деп 

өгіз аттанды.  

Жылқылар ішінде жүрген де оған жайсыз болады. Соларға ілесіп, қатарларынан қалмай шауып жүремін 

деп әбден шаршайды.  

Бір күні қасқыр тиіп, жылқылар дүркірей қашады.  

Бұл ілісе алмай айдалада қалады. (Жылқылар қашып кетеді де, өгіз қора қасқырдың қоршауында қалады).  


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              59 bet 

-  Мө-ө-ө-өөө!  Құтқарыңдар  мені.  Құтқарыңдар!  Мө-ө-ө!  Мө-ө-ө-өөө!  Кім  бар  маңайда?  Мө-ө-ө!  Деп 

мөңіреді өгіз.  

- Бұл не айқай? Құлақ түріңдерші!  

- Таныс дауыс қой өзі.  

- Қайдан шыққан дауыс?  

- Жүріңдер, жота асып қарайық деді, -сиырлар.  

Табын  сиыр  жотаға  шықса,  сол  баяғы  өздерін  менсінбей  жылқыларға  барып  қосылған  өгіз  қасқырлар 

қоршауында қалған екен.  

Олар өгіздің жаман қылығына ешбір кек сақтамастан, өгізді қасқырлардан құтқарып алады.  

-  Мен  сендерді  ренжіттім.  Өз  туыстарымнан  бөлініп  кеттім.  Ақылсыздығымнан  осындай  жағдайға  тап 

болдым. Тату болған, туыстармен бір жүрген қандай жақсы! «Бөлінгенді бөрі жейді!», -деген осы екен. 

Кешіріңдер мені, мө-ө-ө-өөө! Деп кешірім сұрады өгіз. 

 

41 - Бөлім: Мыстан кемпір 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1738 

 

 



Баяғы өткен заманда Ұшар хан деген хан болыпты. Сол хан жас кезінде ай десе аузы, күн десе көзі бар, 

асқан тамаша бір сұлу қызға ғашық болады. Қызды іздеп, жер бетінен еш таба алмайды. Хан қызды іздеп 

таба алмаған соң, бір өнерпаздан оқып, аспанға  ұшу өнерін үйренеді. Сол өнері бойынша аспанға ұшып

қызды отыз жыл іздеп, қолына түсіре алмайды. Қыздың ұстатпайтынына көзі жеткен соң, хан қыздың 

суретін іздеп тауып алады да: «Қой, жас болса өтіп барады, енді әйел алып, үй болатын уақыт жетті», - 

деп басқа әйелге  үйленіп өмір сүре береді. Күндерде бір күн алған әйелінен бір ұл туады. Ұлының атын 

Жандыбатыр деп қояды. Жандыбатыр ержетіп, он бес-он алтыға келеді. Сол кезде бала өзіне ешбір теңдесі 

жоқ,  мықты  батыр  болады,  мықтылығы  сондай,  оны  отырған  орнынан  жетпіс  кісі  тұрғыза  алмайтын 

болады.  Бір күні Жандыбатырға ой түседі: «Осы мен әкемнің үлкен қорғанының сарайларын ашып, не 

заттары бар екен, бәрін көріп, қазына-дүниелерінің түс-тұрпатын байқасам не қылады?» - дейді. Сонсоң 

әкесінен қырық  үйдің кілтін сұрап алып, тамам есіктерін ашты, сарайдың ішіндегі қазыналарын көрді. 

Отыз  тоғыз  үйді  тегіс  ашып  көріп,  енді  қырқыншы  үйді  ашуға  келгенде,  бұл  үйдің  кілті  жоқ  болып 

шықты.Әрі  айналдырып,  бері  айналдырып,  қырқыншы  үйдің  есігін  аша  алмады.  Жандыбатыр  жылап 

шешесіне келді. 

 

     -  Апа,  ана  қырқыншы  үйдің  кілті  қайда?  Әрі  айналдырып,  бері  айналдырып  аша  алмадым.  Сендер 



менен үйдің кілтін жасырыпсыңдар, - дейді. 

 

    -    Шырағым, міне, менің әкеңе қосылғаныма жиырма жыл болды, осы өмірімде ол үйдің кілті түгіл, 



қасына барып көрген емеспін. Ол үйдің кілті  әкеңнің төс қалтасында сақталады. Қазір  ұйқыда жатыр, 

ептеп алмасаң, оңайлықпен бермес, - деді. Әкесі қатты ұйықтап жатыр екен, бала әкесінің тес қалтасынан 

кілтті алды. Сонан барып бала есікті ашып жіберсе, бала өмірінде көрмеген, сезбеген, үйдің төрінде ілулі 

тұрған  сұлу  қыздың  суретін  көреді.  Қыздың  сұлулығына  қайран  қалып,  бала  талып  жығылады.  Әкесі 

ұйқысынан оянып, орнынан тұрып, кілтін қараса, кілті жоқ. Баласы Жандыбатырдың қалтасына түскенін 

сезеді де, жүгіріп сарайға келеді. Келсе, баласы талып жатыр екен. Әлдене уақытта баласы есін жиып, 

әкесіне: 

 

     -        Маған осы қызды алып бермесеңіз, мен сізден безем, - дейді. Әкесі: 



 

    -        Шырағым! Бұл қызды іздеп мен сендей кезімде отыз жыл аспанда ұшқанмын, сонда да ұстай 

алмағанмын, ақыры таба алмаған соң, осы суретті түсіріп алғанмын. Сондықтан мен «Ұшар хан» атандым, 

-  дейді.  Бала  әрі-бері  әкесінен  сұрап  көріп  еді,  одан  еш  нәрсе  шықпайтын  болды.  Сосын  бір  түнде  екі 

етегін  беліне  түріп  алып,  үй  ішін  тастап,  кетті  де  қалды.  «Сол  қызды  іздеп  қаңғырып  жүріп  өлсем  де 

арманым жоқ!» - деп елінен безіп кетеді. Күндер өтеді, бала бір шаһарға қарай жол тартып жүріп келе 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              60 bet 

жатса, ағаш атқа мінген, екі аяғы жер сызған  бір дәуге кез болады. Жандыбатыр дәуге сәлем береді. Дәу 

сәлем алып: 

 

-   Жол болсын! - дейді маңғазданып. 



 

-   Әлей болсын! - дейді Жандыбатыр. 

 

-      Ұшар  хан  деген  ханның  шаһарында  Жандыбатыр  деген  шығыпты,  сол  батырмен  күрескелі  бара 



жатырмын,- дейді дәу. 

 

-  Олай болса, мені жықсаңыз, Жандыбатырды да жыққаныңыз, ең әуелі менімен күресіңіз, - дейді бала. 



 

-      Әй,  сенімен  күресіп  әуре  болғанша,  анау  таудан  асып  кетпеймін бе?  -  деп,  баланы  менсінбей  тарта 

жөнеледі. 

 

-  Дәуім, босқа әуре болуға барасың-ау, жолың болсын! - дейді де жүре береді бала. Бұл сөзге намыстанып, 



дәу балаға қайта келеді. Баламен күреске түскенде, бірінші кезекті: «Қандай болып, арманда кетерсің», - 

деп балаға береді. Бала дәуді  аспанға үш рет лақтырып атып жіберіп, үш рет қағып алады. Кезек дәуге 

келгенде,  дәу  баланы  көтере  алмай,  екі  мұрнынан  қан  кетеді  дір-дір  етіп.  Сонан  кейін  дәу  шошынып 

балаға бағынады да,  жөн сұрайды. Бала перінің қызын іздеп келе жатқанын айтады. Ал дәу өз жайын 

айтқанда бойында бар қасиеті: аспандағы жұлдызды санаумен кімнің қашан өлгенін, жоғалғанын іздеп 

табатын өнерінің барлығын айтады. Содан кейін екеуі қол ұстасып, ілгері қарай тарта береді.Екеуі күн 

жүреді, түн жүреді, ашығады, тарығады. Нелер қиын-қыстау жолдардан жортып өтіп келе жатқанда, екі 

ағаш атқа қатар мінген, екі аяғы жолды сызып келе жатқан бір дәуге тағы кез болады. 

 

-  Жолыңыз болсын! - дейді бала. Дәу үндемейді. 



 

-  Қайда барасыз? - дейді бала. 

 

Дәу тағы үндемейді. Бала ашуланып кетіп: 



 

-  Тіліңіз күрмелген мылқаусыз ба? - дейді. Сонда дәу ашуланып: 

 

-  Тарт тіліңді, мен мылқау емеспін. Жандыбатыр деген дәумен күресуге бара жатқан дәумін, - дейді. Бала 



бұл дәуге де: 

 

-    Алдымен мені  жықсаң, Жандыбатырды да жығасың, ол  үшін тәуекелге бел  байлап, менімен күрес,  -



дейді. 

 

-  Мен саған ұқсаған қаңбақтай адамдармен күреспейтін дәумін, сендермен күресу маған ұят, соған бола 



атымнан түсіп, әуре болар жайым жоқ! - дейді дәу. Сонда бала тұрып: 

 

-    Сорлы дәуім, артық бейнет  көріп, аяғыңның басы ұстараның жүзіндей болып  кайтқың келсе, жолың 



болсын! - дейді. 

 

-   Олай болса, сені бір өлім түртіп тұрған шығат кел! - деп дәу атынан түседі. Бірінші кезек тағы да балаға 



тиеді. Бала маңызданып тұрған дәуді көкке үш рет лақтырып жіберіп, үш рет қағып алды да, жерге қойды. 

Ендігі кезек дәуге тиді. Дәу баланың белінен ұстап, әрі тартып, бері тартып, баланы орнынан қозғалта 

алмай, екі мұрнынан шүмектеп қаны сорғалайды. Сонан соң дәу: 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              61 bet 

-  Мен саған ризамын. Мен дәумін деп жүрсем, менен де зор дәулер бар екен. Ықтиярың өзіңде, не қылсаң 

да өзің біл! - деп, балаға жалынады. Бала оған ешқандай жауап қатпай, келе жатқан сапарын айтып, бұл 

екінші дәудің кім екенін, қай шаһардан келе жатқанын және қандай өнерінің барлығын сұрайды. Дәу оған 

өз жерінде аты шығып, күресте өзіне ешбір дәу шақ келмеген соң, әдейі сол Жандыбатырмен күрескелі 

бара жатқанын және өзінің кітапқа қарап біреудің өлген-тірілгенін, күніне жер жүзінде қанша кісі өліп, 

қанша кісі туатынын біліп отыратын өнері барлығын баяндайды. Мұны естіген бала дәудің өнеріне таң-

тамаша қалып, тарыққан кезде бір іске жарар деген оймен бұл дәуді де өзіне дос қылып алады. Үшеуі тағы 

да кете барады. Нелер күн, нелер жұмалар, нелер айлар өтеді. Бұлар бірнеше шөлдерден, неше таулардан, 

сулардан өтеді. Бұлар келе жатып жазық жолға шықты. Алдарынан көз көрім жерде бір тау көрінді. Бұлар 

енді сол тауға қарап жүре бастады. Тауға жақындаған сайын, жаңағы тау да бұларға қарай жүріп келе 

жатқан сияқты. Бұл үшеуі тауға жақындап келгенде, тау дегені нақ таудай үлкен дәу болып шықты. Бұл 

дәуге жеткен соң, үшеуі оған сәлем береді. 

 

-  Жол болсын, дәуім! - дейді бала. 



 

-  Жандыбатыр деген ермен күрескелі барамын, -дейді дәу. 

 

-  Олай болса Жандыбатырдан бұрын менімен  күресіңіз, мені жықсаңыз, оны да жығасыз, - дейді бала. 



Оған дәу ашуланып: 

 

-  Сендей қаңбақпен күресіп уақыт өткізбеймін, - деп жауабын бір-ақ қайырды да жүре берді. 



 

-  Күшіңді жинап, күресуге бара жатқан кісіңді таба алмай, оны іздеп сергелдеңге түсіп қайтуға асықсаң, 

жолың болсын! - деп бала мазақ қып күледі. Дәу баланың сөзіне шыдамай ашуланып: 

 

-  Әй, не дейсің? Бері келші, жағаңнан сілкіп, жерге тығып жіберейін! - деп күресуге ыңғайланды. Бірінші 



кезекті  бала  алмай,  дәуге  берді.  Дәу  баланы  аспанға  үш  рет  лақтырып  атып  жіберді.  Бірақ  қағып  ала 

алмады. Кезек балаға келгенде, бала ашумен дәудің белінен ұстап жерге соққанда, дәу тізесінен жерге 

кіреді. Дәуді суырып алғанда, дәу есеңгіреп қалды. Өмірінде мұндай соққы көрмеген дәу баланың күшіне 

риза  болып,  қол  беріп дос  болуды  сұрайды.  Бала  ашуын  басып,  дәудің  кім  екенін,  қай  шаһардан  келе 

жатқанын, қандай өнерінің барлығын сұрайды. Дәу басынан кешкен өмірбаянын тегіс айтып шықты және 

өзінің суға түсіп кеткен нәрсені тауып аларлық өнері бар екенін айтты. Сонымен бұл екеуі қол алысып, 

төс соғысып, дос болады. Енді Жандыбатыр төрт кісі болып ілгері жолға шығады. Бұл төртеуі бірнеше 

күн  жүргеннен  кейін  бір  шаһарға  келеді.  Шаһардың  шет  жағындағы  бір  шайханаға  түседі.  Күн  бата 

жолаушылар шайхананың түбіне тігілген отауды, оның ішіне жиналған жасауларды, байланған он шақты 

қой, тағы басқа да нәрселердің әкелініп қойғанын көреді. Бала шайханашыдан: 

 

- Мынау не қылған заттар, мұны не үшін істеп жатыр? - деп сұрайды. 



 

- Мұны білмейтін кімсіңдер? - дейді шайханашы. 

 

- Біз бір жүрген мүсәпірміз, - дейді бала. 



 

- Олай деп айтушы болмаңдар, айдаһардың аузына түсіп кетесіңдер, өйткені мынау берілейін деп отырған 

заттар патшаның жұмасына бір рет беріп тұратын борышы. Бұл заттарды жұма сайын, таң ата елең-алаңда 

айдаһар келіп жұтады, егер бұл қарызды өтеп тұрмаса, бүкіл елді жұтып жіберуден тайынбайды, - дейді 

шайханашы. Мұны естіген бала, түні бойы ұйқылы-ояу жатып, таң атар мезгілде жолдастарына білдірмей, 

айдаһардың  келетін  жолына  қарай  сытылып  шығып  кетті  де,  айдаһардың  жолын  тосып  отырды.  Бір 

уақытта  боранда-ып,  дауылдатып  келе  жатқан  айдаһардың  дауысы  естілді,  артынша  айдаһар  да  келіп 

жетті. Сол кезде Жандыбатыр ұлтарағының астына салып сақтайтын қырық кұлаш семсерді суырып алып, 

қарама-қарсы  айдаһардың  алдына  шықты,  айдаһар  да  аранын  ашып  келе  жатыр  екен,  баланы  көрген 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              62 bet 

жерден семсер-мемсермен жұтып жіберді. Бала қырық құлаш семсерін көлденең ұстап тұра қалған еді, 

семсер айдаһарды екі бөліп түсті. Бала айдаһарды өлтіргенінің белгісі үшін оның жонынан екі тілім таспа 

алып, қалтасына салып алды. Сөйтті де еш адамға білдірместен, жолдастарының қасына келіп жатты. Таң 

атты. Жұрт ай-жай болды. Кешегі тігулі тұрған үйлер, онда байланған малдардың бәрі де аман-сау тұр. 

Көшедегі, халықтың бәрі де қуанышты. Біреулер қолдарына айыр, балта, шоқпар ұстаған. Енді біреулері 

қолдарындағы  қаруларын  қанға  бояп  алған,  «айдаһарды  мен  өлтірдім»  деген  дауыстар  гу-гу  етеді. 

Айдаһардың  өлтірілгендігі,  мал-мүліктің  аман  қалған  хабары  ханға  барып  жетті.  Айдаһарды  кім 

өлтіргенін білу үшін хан жар салып, халық жиды. Айдаһарды өлтірген адамда қандай белгісі барлығын 

сұрағанда,  біреу  қаруын,  біреу  қанданған  киімін  көрсетті.  Бірақ  ешкімнің  айдаһарды    өлтірген  белгісі 

дәлелді болмады.  Сонда хан тұрып: 

 

- Бұл шаһарда адам баласынан ешкім қалды ма? - деп сұрады. Біреулер: 



 

- Ешкім қалған жоқ, бірақ шайханада үш-төрт мүсәпір жатса керек, оларды жиынға шақырғанымыз жоқ, 

- дейді. 

 

-  Олай  болса,  олар  да  адам  баласы  ғой,  шақырыңдар!  -  деді  хан.  Шайханадағы  кісілер  шақырылды. 



Жандыбатыр патшаның өзіне: 

 

- Тақсыр, айдаһарды өлтірген адам мен едім, - деп айдаһардың бір тілім таспасын ұстатады. Патша: 



 

-  Мен хан емес екем, сен хан екенсің! - деп халқының алдында тағынан түсіп, өзі уәзір болып, бір қызын 

Жандыбатырға қалыңдыққа беріп және дүние-мүлік, қазынасының жарымын қоса береді. Жандыбатыр 

хандықты  өзінің  досы  бірінші  дәуге  береді.  Дәу  хан  болады.  Екі-үш  күн  тыныққан  соң,  Жандыбатыр 

бірінші дәумен қош айтысып, қалған дәулермен қызды іздеп, тағы жол тартады. Күндерден күн өткізіп, 

бұлар екінші шаһарға жетті. Бұл шаһардан да өткен шаһарда болған уақиға шықты. Бірақ ондай емес, бұл 

шаһардағы  тігіліп  жатқан  отаулар,  байланып  жатқан  адамдар  мен  малдар  өткен  шаһардағыдан  екі  есе 

үлкен  және  көп  екен.  Бұлар  бұл  шаһардың  шайханасынан  барып  орын  алды.  Шайханашыдан  мына 

тігілген үйлер мен байланған мал-жанның мәнін сұрады. 

 

- Мұны білмейтін неткен жансыздар? - деді шайханашы. 



 

- Біздер жолымызды әрең тауып келе жатқан мүсәпір кісілерміз, - деді жолаушылар. 

 

- Олай болса, сіздер мынау сөздеріңізді менен басқа ешкімге айта көрмеңдер, әйтпесе бұл сөздеріңізді хан 



я ханның уәзірлері естісе, мынау болып жатқан топалаңға салып жібереді. Бұл топалаңның жайы мынау 

деп, шайханашы әңгімесін бастады. «Осы жерде, үш патшалық елдің ортасында, бір тажал жылан бар, 

ұзындығы қырық құлаш, аузының үлкендігі сондай, көшкен ел қалай болса, солай сыйып  кетеді. Міне, 

сол жыланның бүгін бізден алым алатын кезегі келіп, соган дайындап жатқан жәйіміз осы. Бұл заттар 

кешке тұрғанымен, түн ортасы ауа жоқ болады. Шулаған мал, жылаған адамдардың дауысы шаһардың 

ішін жаңғыртады. Сөйтіп, осындай зор бір пәлеге, үлкен апатқа кездесіп, неше жыл бойы осы жыланның 

зардабын  бастан  кешіріп  жатқан  елміз»,  -  деп  шайханашы  сөзін  тоқтатты.  Түн  болды.  Жолдастары 

ұйықтаған кезде, Жандыбатыр жыланның жолын тосуға аттанды. Түн ортасы ауа бастағанда, бір сасық 

желдің  иісі  Жандыбатырдың  мұрнын  жара  бастады.  Алпыс-жетпіс  кісі  орнынан  тұрғыза  алмайтын 

Жандыбатырды тай шаптырымдай жерден-ақ жыланның демі орнынан қозғалтып қояды. Қырық құлаш 

семсерін  қолына  алып,  жыланның  алдына  кезей  ұстап  тұра  қалды.  Аш  қарыны  жалаңдап  келе  жатқан 

жылан баланы жұтып жіберді. О да жұтып болды, бұ да тіліп, жыланды қақ жарып құйрығынан бір-ақ 

шықты. Өткен айдаһардан бұл жылан басым екен. Бала жыланның уытына уланыңқырап, ет пісірім уақыт 

талып жатты. Бірақ, аздан соң суға түсіп, жыланның жонынан таспа тіліп алды да, ешкімге сездірместен, 

орнына келіп жатты. Ертеңіне, өткен шаһардағыдай, бұл шаһарда да жиын болды. Хан тағын, хандығын 

Жандыбатырға берді. Жандыбатыр хандықты екінші дәукітапшы досына беріп, қалған дәумен екеуі тағы 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              63 bet 

да  жолға  түсті.  Бұлар  сапар  шегіп  тағы  бір  шаһарға  кез  болды.  Бұл  шаһардың  халқы  баска  шаһардың 

халқына  қарағанда    өзгеше  болып  шықты.  Шаһардары  барлық  халықтың  өңдері  сап-сары,  бірде-бір 

адамның түсі ақ, қызыл шырайлы, қара емес. Үлкені де, кішісі де, әйелі де, баласы да, бірін-бірінен айыра 

алмайтын  сап-сары.  Бұлар  біраз  күн  шаһарда  болып  тынықты,  жөн  сұрасты.  Ақырында  халықтың 

барлығының сары болуы мынау болып шықты: шаһар халқының пайдаланатын үлкен дариясын бір дәу 

аударып-төңкеріп бір шұқырдан екінші шұқырға ұрттап қойып отырады екен де, судың ішіндегі балық, 

түрлі жәндіктерді, ең аяғы өсімдік атаулыны дәу ылғи жұтып жеп қояды екен. Судың бәрі дәудің ішіне 

түсіп  ішек-қарнын  аралап,  дарияға  қайта  құяды  екен.  Өмірінде  таза  су  ішпей,  өне  бойы  сасық  су 

ішкендіктен, шаһар халқы осындай сап-сары болып кеткен екен. Мұны естіген Жандыбатыр жыландарға 

істегеніндей етіп, түн ортасы ауа дәудің сапырыстыратын суына келеді. Келсе, дәу жаңа ғана жұмысына 

кірісіп жатыр екен. Бер жағынан барған баланы қоса жұтайын деп, Жандыбатырға жақындай бергенде, 

Жандыбатыр  қырық  құлаш  семсерді  қолына  ұстап,  тұра  қалады.  Сөйтіп,  дәуді  жарып  өлтіреді  де,  дәу 

жонынан бір тілім таспасын алып, жолдасының жанына келіп жатып қалады. Таң ата бір бала суға келсе, 

су тұп-тұнық. Бала бір тостаған суды құйып алып, балтасын ұстап, ханға келіп: 

 

«Дәуді мен өлтірдім. Нанбасаңыз суды қараңыз!»  - деп, суды көрсеткенде, мұндай суды өзі  туып, хан 



болғалы ішіп көрмеген хан алтын тақтан атып тұрады. Көшеге халық сыймай, шелек-шелек суды алып: 

«Мен өлтірдім, мен өлтірдім», - деп даурығысады. Хан бүкіл халқын тегіс жинап: «Қалада қалған ешкім 

бар ма?» - деп сұрағанда: «Шайханада бір-екі мүсәпір жатыр», - деген дауыстар шықты. - Адам баласы 

ғой, шақырыңдар? - дейді хан. Жандыбатыр келген беттен дәудің жон таспасын ханның қолына ұстата 

береді. Хан:  «Неше жылдан бері хандық құрып, шаһарды билеп отырып, бір дәуге күш көрсетіп, жеңе 

алмай,  сасық,  лай  су  ішіп  халықты  сарғайтып,  бекер  хан  болып  жүр  екем!»  -  деп,  халықтың  алдында 

тағынан түсіп, бір қызын және мал-мүлкінің жарымын Жандыбатырға беріп, өзі уәзір болады. Неше ай, 

неше жыл сапар шегіп, іздеген мақсатына жете алмай келе жатқан Жандыбатыр тақты да, қызды да, малды 

да жанындағы үшінші дәу  - досына беріп, қош айтысып, құшақтасып айрылады. Ол шаһардан жалғыз 

шығып, басқа жаққа бет алады. Жандыбатыр жолдастарымен қош айтысып шыққаннан кейін нелер азап, 

қиыншылықтарды  басынан  өткізіп,  тағы  бір  шаһарға  келіп  кірді.  Бұл  шаһарда  біраз  күн  өмір  өткізіп, 

ақыры бір ақылды шалға бала болады. Сонымен, Жандыбатыр күндерде бір күн дарияның басына келіп 

шомылып жатса, су бетіне айнаның сәулесіндей бір жарық сәуле түседі, анықтап қараса, баяғы әкесінің 

ұдайы отыз жыл қуып іздеген пері қызының суреті болып шықты. Әдейі осы қыз үшін әке-шешесінен 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет