безіп, неше жыл қиыншылық азапты басынан кешірген бала жаңағы сәулеге бас салады. Бір уақытта сәуле
жоқ болып барып, судың шетіне түсті. Бала судан шығып, сәулені тағы бас салады. Сәуле тағы суға түсті.
Осындай ретпен неше рет жерге түскен сәулені ұстай алмай, бала ақыры судың шетіне келіп ес-түсін
білмей талықсып құлап жатты. Өгей бала болса да өзінің баласындай болған Жандыбатырды аласұрып
іздеп, таба алмай, жылаған шалқалып жатқан баланың үстінен шықты. Бала есін жиды.Өзінің іздеп келе
жатқан қол жетпесінің дерегі шыққан соң, бала атасына былай деді:
- Ата, мен әке-шеше, ел-жұртымнан безіп, неше жыл бойы азап шегіп, жер кезіп, осы перінің қызын іздеп
жүрген едім. Енді сол қыздың тұрақты жері осы болса керек. Сондықтан маған осы қызға қол жететін
амалын айтсаңыз екен? - деді. Шал әрі ойлап, бері ойлап, айтар-айтпасын білмей, ақыры баланың көңілін
қимайды.
- Олай болса, тыңда балам! - деді. - Сонау тұрған ақ мешіт көзге жақын, жүріске он күндік жол. Сол
мешітке барардағы оң жақтағы дуалдың түбінен тесіп түс те, ешкімге дыбыс білдірмей, сол түскен
бұрышыңда жат. Қыз келетін мезгілде қарауылшы маймылы келіп, кім бар, кім жоғын байқау үшін,
бұрыш пен бұрышта шит-шит етіп жүгіріп жүреді. Сол кезде маймылды дыбысын шығармай өлтір де,
үндемей жата бер. Оның артынша қыз да келеді. Қыз келіп намаз оқып отырғанда, келе иығынан асыла
кет де, екі қолыңмен екі емшегін мықтап ұста. Сонан соң қыз сені қырық кез мешіттің төбесіне апарып
үш рет соғады. Егер сол соққаннан аман қалсаң, ісіңнің оңғаны. Ол үштен артық ұра алмайды, жерге
құлайды. Сол кезде қыз: «Босат!» - деп жалынар. Сен: «Қойныңдағы кітабыңды бермесең жібермеймін!»
- де. Содан ақыры қыз өкпесі қысылып өлетін болған соң, қойнындағы кітабын ұстатады. Міне, сол кезде
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
64 bet
қолыңды босат, қыздың өнері де, өмірі де сол кітапқа байланысты. Мұны қолға түсірсең, қызға үйленгенің,
- дейді де, шал жылап-сықтап қоштасып, баласын жолға салады. Жандыбатыр мешітке де жетті. Шал
айтқандай, барлығын да істеді, дуал да тесілді, маймыл да өлтірілді. Қыз келіп намазға бас қойғанда, бала
шалдың айтқанын істей салды. Қыз ашумен баланы қырық кез мешіттің төбесіне апарып екі соқты,
үшіншіге келгенде әлі құрып, төмен түсіп, қыз жерге құлады. Есі ауып қалса да, бала ұстаған жерінен
айрылмады. Қыз шаршады: «Сен мендік, сен мендік!» - дей берді. Бала: «Кітабыңды бермесең
жібермеймін!» - деді. Біраз алысып, ақыры қыз баланың мықты екенін сезген соң: «Мә!» - деп кітапты
қойнынан алып, балаға ұстата берді. Сөйтіп, екеуі сүйісіп қосылды. Неше жыл іздеп жүрген сұлуына қолы
жетіп, баланың көңілі жай болды. Күндерде бір күн Жандыбатыр құс салып, ит жүгіртіп, аң аулауға кетеді.
Келіншегі Зәузәмір дарияның шетіне барып басын жуса, бір тал шашы суға кетеді. Келіншек артынан қуса
да ұстай алмай қалады. Шаш аққаннан ағып отырып, төменгі жақта тұратын ханның қол астындағы бір
балықшының қармағына ілінеді. Алтын шашты іліктірген балықшы оны ханға тарту қылады. Хан
сыйлыққа қап-қап дүниелер береді. Мұндай ғажап шашты көрген хан бүкіл уәзірлерін, сегіз санаттарын,
манаптарын, ақылгөйлерін, қарамағындағы қулардың бірін қоймай жинайды.
- Осы шаштың иесін кім біледі және кім маған соны әкеліп береді? Егер де кімде-кім әкеліп берсе, соған
не тілесе, сонысын берейін! - деп, хан жұртқа жар салады. Бұған жиылғандардан шешіліп: «Мен білемін,
я болмаса мен алып келіп берем», - деп ешкім жауап қайырмайды. Бір уақытта сол топтың ішінен басы
мүйіз, түріне адам қарағысыз сұмпайы, қарға тұмсық, қара аяқ бір мыстан: «Мен білем, маған бір желмая
бер, қызды алып келем», - дейді. Сосын желмаяға мініп, Жандыбатырдың жатқан жерін іздеп келеді.
Кемпір бір-екі күн батырдың жолын тосып жатады. Үшінші күннің кешінде желмаяның төрт аяғын
байлап тастап, бақыртып ұрып жатқан мыстанға Жандыбатыр кез болады.
- О, шеше, неге әлек болып, желмаяңызды тұрғызбай, әуреленіп жатырсыз? - дейді Жандыбатыр.
- Шырағым, мынау бір жатқан келе жатыр едім, мына түйесі құрғыр шаршап, орнынан тұра алмай жатыр.
Күн болса батып барады не істерімді білмей, сергелдеңге түсіп отырмын, - дейді мыстан.
- Олай болса, кеш батқанда қайда барасыз? Бүгін бізге қоныңыз, - дейді Жандыбатыр. Соны естіп отырған
мыстан қуанып күліп:
- Қонсам қонайын, өркенің өссін, шырағым-ай! - деп, Жандыбатырдың үйіне келеді. Кемпір бір-екі күн
тынықты. Жандыбатырдың жайларымен танысты, үшінші күні келіншегі Зәузәмірді айналдыра бастады.
- Осы Жандыбатыр, Жандыбатыр дейсің жігітіңді, соның жаны қай жақта болар екен, сен өмірлік доссың,
соны білесің бе? - дейді кемпір.
- Жанының қайда екенін білмеймін, - дейді Зәузәмір.
- Оны сұрап алуың керек емес пе? - дейді кемпір.
- Шеше-ау, ол маған жанының қайда тұратынын айтушы ма еді? - дейді Зәузәмір.
- Кешке аңнан қайтқан соң сұра, егер айтпаса, онда сенімен өмірлік болмағаны. Өкпеле де, теріс қарап
жатып, біраз жыла. Сонда өзі-ақ айтады, - дейді кемпір.Кешке Жандыбатыр төсекке келіп жата бергенде
Зәузәмір: «Осы сенің жаның қайда болады? Бір-бірімізді білместен Жандыбатыр, Зәузәмір дейміз де жүре
береміз», - дейді.
- Менің жанымның саған не керегі бар? - дейді Жандыбатыр. Зәмзәмір, мыстан айтқандай, теріс қарап,
ыза болып, еді, Жандыбатыр «батыр аңқаудың» кебін келтіріп,сүйген әйелін қимай мынаны айтып салды.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
65 bet
- Оң етігімнің астында қырық құлаш семсер бар, міне, сол семсер менің жаным. Ол семсерді далаға
тастасаң да, отқа май салып жандырсаң да өлмеймін, қайта отқа салғанда күшім тасиды, бірақ суға тастаса,
өлем, -дейді. Оны естіген мыстан жұрт ұйқыға кеткен кезде, дереу ұлтарақтың астындағы семсерді алып,
дарияға тастайды да жібереді. Таң атты, жұрт тұрды, шәй құйылды, батырдың барлық киім-кешектері
қағылып енді оятуға келсе, батыр бұрынғы батыр емес, ол дүниеге жөнеп кеткен. Мұны көрген Зәузәмір
батырдың қойнындағы кітапты алып, ұшып үйден шыға бергенде, аңдып тұрған мыстан пышағын сілтеп
қалып, бір қанатын кесіп түсіреді. Сөйтті де қызды желмаяның артына таңып, ит қорлығын көрсетіп,
ханның қолына әкеліп табыс қылды. Зәузәмір ханның алдына барған соң бір-ақ тілек қояды, ол тілегі:
«Мені он жеті күн той қылып алсаңыз екен», -дейді. Зәузәмірдің ойы: «Он жеті күннің ішінде
Жандыбатырдың ешқандай хабары болмас па екен?» - деген үміт болып еді. Жандыбатырдың баяғы
бірінші дәу досының сол күні ерігіп отырып жұлдыздарға көзі түскен еді. Дәл маңдайында жарқырап
тұрған досы - Жандыбатырдың жұлдызы өшкенін көзі шалып кеткенде, «ой бауырымдап» алтын тақтан
қалай құлап түскенін өзі де сезбей қалады. Ол сол сәтте аттан салып, екінші дәу кітапшы досына жетті.
Кітапшы досы кітабына қарап жібергенде, кітапқа: «Досы Жандыбатыр басы мүйіз, бөксесі киіз, қара
тұмсық, қара аяқ мыстанның қолынан пәлен күні қаза тапты», - деген жазу қалыпты. Екеуі аттан салып,
Жандыбатырдың үшінші дәуі - сушы досына келеді. Келіп, болған оқиғаны баяндап, үшеуі
Жандыбатырдың қаза тапқан жеріне қарай жөнеледі. Келсе, досы өліп жатыр. «Бауырымдап» жылаған
үш кісінің даусына қырық кез мешіт күңіреніп дауыс қосқандай болды. Үшеуі кітапты оқып қараса:
«Мұның жаны қырық құлаш семсерде, ол семсер пәлен дарияның түбінде жатыр», - депті. Мұны көрген
достар жалма-жан семсерді іздеуге кіріседі. Келіп судан әрі қарайды, бері қарайды, ешқандай дерек
табылмайды. Ақыры болмаған соң бірін-бірі кезекпен дарияға түсіреді. Үшінші сушы дәудің көзіне
инедей жылтыраған зат көрінгендей болады. Байқап қараса, шеті көрініп жатқан семсердің басы екен,
ырғап-ырғап жұлып алады. Семсер де табылады. Енді не істеу керек? Кітапқа және қарады. Қараса,
семсерді отқа салып қыздырып, тотын тазаласа, Жандыбатыр тірілмек екен. Мешітке лаулатып отты
жағып, семсерді қыздырып, балқыта бастағанда, Жандыбатырға жан пайда бола бастайды. Бір мезгілде:
«Ой, қатты ұйықтап қалыппын ғой», - деп батыр орнынан тұра келсе, достары қасында, от жағып әуре
болып жатқанын көреді. Достары Жандыбатырға болған оқиғаны бастан-аяқ тегіс баяндап өтті. Сонда
барып батырдың ойына мыстан кемпір түсті. Енді ол: «Сол мыстан Зәузәмірді алып кеткен екен ғой», -
деді де, тездетіп аттанып, мыстанның, Залым ханның шаһарына тартты. Бұлар Зәузәмірдің тойы аяқталып,
дәл сол күні кешке Залым ханның тырнағына түсейін деп отырған үстінен шықты. Бұлар келісімен бесікке
бөлеген мыстанды бесігінен алып, жеті қырдың ар жағына асыра лақтырды. Залым ханның басын кесіп,
орнына Жандыбатырдың баяғы өгей атасын хан қояды. Жандыбатыр езі ел қайда, жұрт қайда деп, бүкіл
достарын ертіп, жолға шығады. Жолшыбай үш досының үйіне үш айдан қонақ болып, төртінші айда өз
еліне - әке шешесіне жетеді. Бұрынғы әке-шешесі емес, кәрілік басып, оның үстіне баласының қайғысы
қосылып, бір көзінен қан, бір көзінен жас ағып отырған әке-шешесін көрді. Сейтіп, Жандыбатыр барша
мұратына жетіп, алған сұлу әйелімен бала-шағалы болып, дүниеден армансыз болып өткен екен.
42 - Бөлім: Жалғыз көзді жалмауыз
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1739
Ерте-ерте заманда бір бай болған екен. Байдың жалғыз ұлы болыпты. Мал-мүлкі мол, шіріген бай
болғанымен, өте сараң, қолынан ешкімге еш нәрсе бермей, ел-жұртпен араласпай жеке көшіп-қонып
жүреді екен. Малын бағуға жалшы жалдап, ақы төлеуге шығынсынып, жалғыз ұлына мал бақтырып қояды.
Ел ішіндегі той думанға, қыз-жігіттердің ойын-сауығына араласпай байдың ұлы малын бағып, ес-ақылы
толып жігіт бола бастайды. Бір күні ел ішінде үлкен бір той болады. Бұны естіген байдың ұлы тойға
барғысы келіп, әкесінен рұқсат сұрайды. Сонда әкесі «барма, балам» деп айта алмай: «Барсаң бар, бірақ
ат терлетіп не қыласың, ана өгіздердің біреуіне мініп бар», - дейді. Өгізге жұпыны жабу салып мінеді де,
тойға барады. Тойға жиналған құрбы-құрдастары, қыз-келіншектер бар асыл киімдерін киіп, жорға,
жүйрік аттарына мінген, байдың баласын көргенде: «Пәленше байдың баласының сиқын қара, аты жоқтай
өгізге мінген, киімін қара», - деп мазақ етіп күлкіге айналдырады. Намысына тиген бала: «Бүйтіп
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
66 bet
мыналарға мазақ болғанша, бұл елден көзімді құртайын», - деп әке-шешесін тастап, беті ауған жаққа
қаңғырып кете береді. Сол кеткеннен мол кетеді. Күн жүреді, түн жүреді. Қолына ілінген кұрт-құмырсқа,
шөп тамырын қазып жеп, қорек етіп жүре береді. Сонан табаны тесіліп, үстіндегі киімінен жұрдай
айырылады. Бір кезде әбден әлі кетіп, есінен айырылып бір шөл далада жатады. Қанша ессіз жатқанын
кім білсін, күннің қатты күркіреген даусынан секем алып, есін жинап, басын көтеріп отыра береді.
Алдына үңіліп қарап отырса, алдынан бұлдыраған үй секілді бір нәрсе көрінеді. «Бұл не болды екен,
мүмкін бір тірі жан кездесетін шығар» деп барлық жігерін жинап, сол бұлдырап көрінген затқа қарай
сүйретіліп жылжи береді. Өлдім-талдым дегенде, әйтеуір, жетеді-ау. Қараса, алтын жалатқан үлкен сарай
екен. Сарайдың маңында жыбырлаған жан көрінбейді. «Бұл кімнің сарайы болды, неге тірі жан жоқ», -
деп ойлайды. «Не де болса ішіне кірейін, ең болмағанда қорек ететін бір нәрсе табылар», - деп сарайдың
ішіне кіреді. Ішінде де тірі жан болмай шығады. Сарайдың іші толған алтын қойма, қойма толған азық-
түлік, сауыт-сайман, қанжар, қылыш секілді жабықтардың неше түрлері толып тұрады. Ең алдымен
тамаққа әбден тойып алып, жұмсақ төсекке үш күн, үш түн ұйықтап, шаршағаны басылып, есін әбден
жинап, сарайды тағы аралап көре бастайды. Тірі жанның иісі де білінбейді. Сөйтіп, сарайды иемденіп
тұра береді. Үстіне сауыт киіп, қылыш шабудың, садақ атудың өнерімен жаттығуға кіріседі. Күнде аң
аулап өзінің өнерін асыра береді. Кереметтей күші бар екенін және атқан оғы құралай көзіне тиетін мерген
болғанын сезеді. Бір күні аң аулап, шаршап, қатты ұйықтап кеткен екен, жер сілкінгендей дүбір, жер
жарылғандай айғайлаған дауыстан оянып кетеді. Бұл не сұмдық деп орнынан ұшып тұрып, сарайдың
терезесінен қараса, маңдайында жарқыраған жалғыз көзі бар дәу айғайлаған даусы жер жаратындай,
астындағы мінген қара тұлпарының тұяғы тиген жер жерошақтың орнындай опырылып, буы бұрқырап,
осқырынған күйінде сарайға шауып кіреді. Жігіт сарайдың иесі осы жалғыз көзді дәу екенін біледі.
Жалғыз көзді дәу тұлпарынан түсіп, сарайда бөтен иістің бар екенін сезіп, жалғыз көзі отша жайнап: «Кім
бұл менің сарайымды иемденген, қазір көзіңді құртайын», - деп айғай салады. Жігіт бәрібір өзінің аман
қалмайтынын біліп сауыт-сайманын киіп: «Ей, жалғыз көзді жалмауыз, сарайдың иесі сен емес, мен,» -
деп тәуекелге бел байлап айқасуға шығады. Бірден батыр садағын жалғыз көзден дәлдеп тартады. Көзіне
қадалған садақ оғын жұлып алып, жалғыз көзді дәу батырмен айқаса кетеді. Үш күн, үш түн алысып,
ақырында әлсіреген жалғыз көзді дәу өкіріп барып жығылады. Үсті-басы қанға боялған, есінен айрылған
диюді байлап сарай ішіндегі зынданға әкеп тастайды. Жалғыз көзді диюдің жеңілуіне екінші себеп қырық
күн, қырық түн үйқы көрмей, тамақ ішпей, ел шауып, неше түрлі зұлымдық істеп сарайына әбден әлсіреп
келген екен. Ол сарайына келген соң, қырық күн ұйықтап әбден әлденіп, қайтадан жорыққа шығып
отырган. Жалғыз көзді дәуді жеңіп, сарайдың нағыз иесі және қара тұлпар айрылмастай батырдың серігі
болады. Жігіт күнде тұлпарына мініп, аң аулап өмір сүре
береді. Ай өтеді, жыл өтеді, бір күндерде жалғыздық жанына батып әке шешесін ойлайды. Сөйтіп ел
жаққа барып қайтуға шешімге келіп, жолға дайындық жасайды. Көптеген алтын-күміс, азық-түлік алып
жүріп кетеді. Ай жүріп қара тұлпардың күшімен еліне жетеді. Елін жау шауып жұрттары қара түтінге
айналып, мал-мүлкінен айрылған халық ашаршылықтан қырылып жатыр екен. Әкесінің қайда екенін
сұрастыра жүріп, зорға дегенде, бір күркенің ішінде шешесі мен әпкесінің бір етке таласып жұлқыласып
отырған жерінен табады. Күркеге кірген баласын зорға таниды. Бұл таласып отырғандарың не десе, әкесі
қайтыс болған екен, сол әкесінің етіне таласып, жеп отырғанын біледі. Жолға алған азық-түлігін әкеп,
шешесі мен әпкесін тойғызып, әкесінің қалған сүйегін жерлейді. Ашаршылықтан қырылып жатқан
халықты аң аулап өлімнен қутқарады. Және алып келген алтын-күмістерін елге бөліп беріп, халық басына
келген опаттан құтқарады. Сөйтіп, елінде бір жыл тұрады. Бір күні шешесіне өзінің үлкен алтын сарайы
бар екенін айтады. Сол сарайға барып тұруларын өтінеді. Сөйтіп шешесін, әпкесін алып өзінің сарайына
қайтып оралады. Ай өтеді, жыл өтеді. Батыр күнде ерте аң аулауға кетіп, түнде қайтып оралып жүреді.
Бір күндері зеріккен шешесі сарай аралап жүріп ыңырсыған дыбыс естиді. «Бұл не екен» деп зынданға
қараса, бір жалғыз көзді дәудің отырғанын көреді. «Сен бұл жерде неғып отырсың?» - деп сұрайды.
Жалғыз көзді дәу осы сарайдың бұрынғы иесі екенін, баласының жеңіп, осы зынданға әкеп тастағанын
айтып, жалынып тамақ сұрайды. Жаны ашыған шешесі тамақ әкеп зынданға тастайды. Сөйтіп баласы аңға
кеткенде күнде тамақ әкеп беріп жүреді. Күн өтеді, ай өтеді, жалғыз көзді дәу есін жиып, күшіне ене
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
67 bet
бастайды. Бір күні батырдың шешесіне былай дейді: «Жападан жалғыз не қызық көріп жүрсің, балаң
болса күнде ерте кетеді, түнде келеді. Сенімен жұмысы жоқ, өстіп те өмір сүріп өтесің бе?» - дейді.
- Сонда менің не істеуім керек? - дейді.
- Жалғыз жүргенше, мені жаныңа серік қылып ал. Осы зынданнан мені шығаруың керек, - дейді.
- Жоқ, сені шығарсам, балам сені де, мені де өлтіреді. Сонда жалғыз көзді дәу былай дейді:
- Балаңның білмейтін жолы бар. Сарайдың ішінде үлкен сандық бар. Балаң келерде, мені сол
сандықтың ішіне тығып қоятын боласың, - дейді.
- Ал сонда сені зынданнан қалай шығарып алуым керек? - дейді.
- Оның бір-ақ түрлі жолы бар. Ана қара тұлпардың қанжығасында қыл арқан бар. Бір ұшын тұлпарға
байлап, екінші ұшын зынданға тастайсың, мені тек тұлпар ғана сүйреп шығара алады», - дейді. Бір күні
баласы аңнан келгенде: «Балам, сен күнде аңға кетіп, бізді әбден ұмыттың, бар қызықты өзің көресің», -
дейді шешесі. Сонымен батыр бірнеше күн аңға бармай, сарайда бірге болып аң аулаудың неше түрлі
қызық әңгімесін айтып жүреді. Аң ауламаса тұра алмайтын батыр: «Аң аулауға барып келейін», - деп
шешесінен сұранады. «Барсаң бар, бірақ бір тілегім бар балам. Бір күнге бізге тұлпарды қалдыр, біз де
біраз атқа мініп, көңіл көтерейік», - дейді. Батыр тұлпарды қалдырып, басқа ат мініп, аңға кетеді. Баласы
кеткеннен соң жалғыз көзді дәуді зынданнан шығарады. Баласы келерде қара сандыққа тығып қояды.
Өстіп күндер, айлар өте береді. Батыр аңға кеткенде жалғыз көзді дәу күтімі жақсы, таза ауаға шығып,
бұрынғы күшіне ене береді. Шешесімен жақындасып көңілді күндерді өткізе береді. Сөйтіп шешесі екі
қабат болып қалады. Ішін байлап баласына білдірмей жүре береді. Күні жетіп босанады. Бір ай мен күндей
сұлу ұл табады. Жалғыз көзді дәуге: «Балам келгенше мына балаңның көзін құрт», - дейді. Сонда жалғыз
көзді дәу: «Жоқ, бұл менің балам, көзін құртуға болмайды. Бұның амалы баланы орап батырдың келетін
жолына апарып таста», - дейді.
Түнде батыр аңнан қайтып келе жатса, аты осқырып үркеді. Қараса, бір сәби баланың жылаған даусы
естіледі. Атынан қарғып түсіп, баланы көтеріп алып сарайға шауып келеді, қуанышы қойнына сыймай:
«Бір сәби баланы құдай бізге берді», - деп баланы шешесіне ұсынады. Сонда шешесі: «Құрт көзін, бұл
баланың, мүмкін бұл жын-шайтан шығар», - деп бажалақтап сыр бермейді. «Жоқ, шеше, бұл жын-шайтан
емес, нағыз сәби
бала, бұны біз асырап өсіруіміз керек», - деп шешесін зорға көндіреді. Күн өтеді, ай өтеді, бала өсе береді.
Батырдың аңнан шаршап келгендегі ермегі болады. Батыр да, бала да бір-бірлерін өте жақсы көретін
болады. Бала өсіп, былдырлап тілі шыға бастайды. Бір күні аңнан келсе, бала сандықты көрсетіп «кака»
деп, «уу» деп маңдайын көрсетеді. Шешесіне «менің інім не деп отыр» дейді. «Тілі шыға бастаған соң,
өзінше бірдемелерді былдырлап жүргені ғой» деп сыр бермейді. Бала жалғыз көзді диюді өте жек көретін.
Маңайына жоламай қашып жүретін болған. Баланың тілі шығып барлық сырларды ашатын болған соң,
шешесі жалғыз көзді диюға: «Біздің түбімізге осы сенің балаң жететін болды, бұның көзін құрту керек»,
- дейді. Сонда дәу: «Жоқ, бұл менің балам. Бұның көзін құртқанша өз балаңның көзін құрту керек», - дейді.
«Сонда біз не істеуіміз керек», - дейді шешесі. Жалғыз көзді дию айтады: «Оның бір-ақ амалы бар, балаң
ұйықтап жатқанда жанындағы алмас қанжарын әкеп бер, қалғанын өзім жөндеймін», - дейді. Бір күні
баласы аңнан шаршап келіп, өз бөлмесіне ұйықтауға кетеді. Баласы ұйықтап жатқанда шешесі ақырын
кіріп, алмас қанжарын жалғыз көзді дәуге әкеп береді. Қанжарды алып, ұйықтап жатқан батырдың
кеудесіне мініп, «бұны оятып өлтірейін, әйтпесе кімнің өлтіргенін білмей жүрмесін» деп батырды
жұлқылап оятады. Батыр көзін ашса, жалғыз көзді дию кеудесінде отырғанын көріп, бір сұмдықтың
болғанын бір-ақ біледі. Қанжарды кеудесіне жолатпай алыса береді. Бірақ кеудесіне мықтап отырып алған
дәуді аудара алмай жанталасумен болады. Өстіп жатқанда «қалай, өлтірді ме екен» деп шешесі кіреді.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
68 bet
Баласы шешесіне: «Өмірі жаманшылық сізге істеп көрмеген едім. Көмектес, мына жалғыз көзді диюді
құртуға», - деп жалынады. Сонда шешесі: «Мынадай әке табылмайды, сендей бала табылады», - деп
есіктен шығып кетеді. Біраздан кейін әпкесі кіреді. «Әпке, өмірі саған да жаманшылық істеп көрмеп едім,
ашаршылықта әкенің етіне таласып отырғанда құтқарып, осындай күнге жеткізіп едім, көмектес, мына
жалғыз көзді дәуді құртуға», - деп жалынады. Сонда әпкесі: «Мынадай әке табылмайды, сендей іні
табылады», - деп бұл да шығып кетеді. Өстіп жанталасып алысып жатқанда, үйге қылышты ат қылып
мініп ойнап жүрген інісі кіреді. Өте жек көретін жалғыз көзді дию ағасының үстіне мініп
өлтірейін деп жатқанын көріп, астындағы ат қылып ойнап жүрген қылышпен дәудің басы, көзі демей
пергілей береді. Дәудің беті-көзі қанға боялып, баладан қорғалақтай бергенде, батыр ебін тауып
қолындағы алмас қанжарды жұлып алып, дәудің жүрегіне сұғып алады. Жалғыз көзді дәу өкіріп құлап
түседі. Батыр ұшып түрегеліп, жалғыз көздіге алмас қанжарды тағы салады. Сөйтіп, жалғыз көзді дәуді
өлтіреді. Терісіне сыймай ашуланған батыр ілулі тұрған қылышты жұлып алып, шешесі мен әпкесінің
бөлмесіне кіріп келеді. Баласының жалғыз көзді диюді өлтіргенін
біліп, шошығаннан бұрышқа тығылып жалына бастайды. Жандарыңды бағып, тыныш жүріңдер деп
уәдесін алады. Сөйтіп, інісі екеуі сарайға ие болып өмір сүре береді. Інісін аңға ылғи бірге апарады.
Қылыштасудың, садақтасудың неше түрлі өнерін үйрете береді. Інісі өте ержүрек, мерген болады. Екеуі
өте тату-тәтті өмір сүреді.
Ағасының айтқан сөзін кілт етпей орындап жүреді. Күш сынасқанда күші де, ақылы да, тапқырлығы да
ағасынан бірде-бір кем болмай, батыр жігіт болып өседі. Бір күні інісі ағасына айтады:
- Біз екеуміздің бұл сарайдың иесі болып, бойдақ тұра беруіміз жараспас, сіздің үйленетін уақытыңыз Достарыңызбен бөлісу: |