ауып барып жығылады, қойшы Ақ Дінәске қайтып келді.
- Анау кім, шырақ? - деді. Сонда ол:
- Әй, білмеймін, бір көк ат жетектеген біреу, ұқсатып тұрып талдырып жықтым, - деді.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
77 bet
- Ойбай, ол ағаң ғой, - деді. Қойшы Көрұғылы жатқан жерге жүгіріп келіп, Көрұғылыны арқалап, Ғиратты
жетектеп Ақ Дінәске қайтып келеді. Ақ Дінәс Көрұғылыны екі-үш күн бағады, адам қылып алады, Ғират
та демалады. Қойшы Ғираттың үстіне Көрұғылыны таңып, «шу» деген екен, ат қарғып таудың басына
шығады. Қойшы мен Ақ Дінәс тағы да: «шу» деп еді, ат төмен қарғып түсе қалды. Ақ Дінәс ару
Көрұғылыға басынан өткенінің бәрін айтты. Онда Көрұғылы: «Көрерміз», - деді де елге барды. Көрұғылы
келді дегенді есітіп қырық інісі қырық тесікке кіріп кетеді. Көрұғылы отырып той жасайды, інілерін
шақырып алады.
- Е, інілерім, мен кеткен соң жеңгеңе көз салыпсыңдар, «аға өлсе - жеңге мұра, ат өлсе - ер де мұра» деген
ғой, қашпай-ақ қойыңдар, - дейді. Сөйтіп, Көрұғылы Жәмбілбелдің тауын жайлап отыра береді.
44 - Бөлім: БӨДЕНЕ МЕН ТҮЛКІ
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1741
(Қазақ ертегісі)
Бар екен, жоқ екен, баяғыда бөдене мен түлкі дос болған екен. Бір күні түлкі бөденеге айтады:
– Досым, сен мені бір өлердей, күлдірші,– дейді. Бөдене:
– Жарайды, соңыма ер, — дейді. Сөйтеді де, бөдене бытбылдық, бытбылдық деп, ұшып кете береді, түлкі
оның соңынан еріп отырады. Әлдене уақытта бөдене бір ауылдың сыртына келіп қонып, түлкіге:
– Досым сен осы жерде қарап отыр, мен сені қазір күлдірем,– дейді. Осылай деп, бөдене ұшып барып,
сиыр сауып отырған бір әйелдің басына қонады. Мұны үйдің жанында ағаш жонып отырған оның күйеуі
көріп:
– Қатын, басыңа бөдене қонды, қозғалма, оны мен ұрып алайын, – дейді. Дейді де, қолағашты алып,
бөденеге жіберіп қалады. Бөдене ұшып кетеді. Әйел сулап қалады. Түлкі шек-сілесі қатып күледі. Түлкі
әлдене уақытта күлкісін әрең тыйып:
– Досым, ризамын, өлердей күлдірдің. Енді сен мені өлердей бір қорқытшы, – дейді. Бөдене:
– Жарайды. Мен бытбылдық, бытбылдық деп ұшып отырам, сен көзіңді тарс жұмып, менің соңымнан еріп
отыр. Қөзіңді мен аш дегенде ғана аш, – дейді. Осылай бөдене бытбылдықтап ұшып отырады, түлкі көзін
жұмып, оның соңынан жортып отырады. Бір кезде бөдене түлкіге:
– Көзіңді аш, – дейді. Түлкі көзін ашып жіберсе, төңірегі тола ит жүгіртіп, құс салған аңшы екен. Түлкінің
жүрегі тас төбесіне шығады.
– Өлді деген осы екен, — деп, ол бар пәрменімен қаша жөнеледі. Ит, құс соңына түсіп қуады.
Түлкі бір уақытта қашып құтылып, бір бұтаның түбіне келіп, демалып отырады. Әлденеуақытта бөдене
келеді. Оған түлкі ашуланып:
– Қорқыт дегенде осылай қорқыт деп пе, ем. Сен мені қорқытпақшы емес, өлтірмекші болған екенсің. Сен
маған дос емес, қас екенсің. Мен сені жеймін деп, бөденеге дүрсе ұмтылады. Бөдене пыр етіп, ұшып кетеді.
Түлкі оның құйрығың жулып алып қалады.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
78 bet
Бөдененің құйрығы осыдан шолақ болған екен.
45 - Бөлім: ҚАҢБАҚ ШАЛ
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1742
Бар екен де, жоқ екен,
Ертек-ертек, ерте екен.
Ешкілері бөрте екен,
Қырғауылы қызыл екен,
Құйрық жүні ұзын екен.
Бұрын, бұрын, бұрында Қаңбақ шал деген шал болыпты. Мал мен басқа зар болыпты. Кедейліктен
шықпапты. Ол ау салып, балық ұстап, тамақ асырапты. Жел соқса, шал домалап жөнеледі екен. Содан
оған Қаңбақ шал деп ат қойылған екен.
Күн сайын ауына ілінген екі балығының біреуін бір түлкі, әлімжеттік қып тартып жей береді екен.
Түлкінің қорлығына шыдай алмай, шал бір күні екінші жерге көшем деп, дүние-мүлкін арқалап, жолға
шығыпты. Шаршаған соң, оны бір жерге көміп кетіпті; бір жерге елдің сойған малынан жинап алған ішек-
қарнын көміп кетіпті; бір жерге қарындағы айранын көміп кетіпті. Жүктің салмағымен Қаңбақ шал ұшып
кетпей келеді. Жүктен арылған соң, желмен ұшып, бір жерге түсіпті. Қараса, бір дәу екі тауды біріне-бірін
шақпақ қылып, ұрып тұр екен.
Дәу:
– Қайда бара жатқан шалсың? Кел, екеуіміз күш сынасайық!– деп, қазандай бір қара тасты көтеріп,
аспанға лақтырып жібереді де, қайта қағып алып:– Ал, шал, сен де осылай қақпақыл етші!– дейді.
Шал сасқалақтап, қайтерін білмей, тасты құшақтап аспанға бір, тасқа бір қарап, күнімен тұрады.
Сонда дәу:
– Е, неғып тұрсың? Лақтыр!– дейді.
Шал тұрып:
– Аспанға лақтырсам, «аспан айналып жерге түседі-ау!» деп, жерге қақпай түсірсем, «жер ортасынан
ойылып түсе ме?» деп, қауіп қылып тұрмын!– дейді.
Сонда дәу келіп, шалдың қолынан ұстай алады да:
– Ақсақал, лақтырмай-ақ қой, текке қырылармыз!– деп жалынып қойғызады.
Дәудің ақылы таяздығын біліп, шал ерленіп, оған:
– Кел, жердің ішек-қарнын шығарайық!– дейді.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
79 bet
Дәу жүгіріп келіп, жерді теуіп қалады. Жер тізеден ойылады. Ештеңе шықпайды. Шал өзі бұрын көміп
қойған, қан-жыны арылмаған ішек-қарын жатқан жерді жүгіріп барып, теуіп қалса, ішек-қарын шыға
келеді. Дәу жаман қорқады.
Сосын шал:
– Кел, енді жердің миын шығарайық,– дейді.
Дәу пәрменімен келіп, жерді теуіп қалады. Жер тағы да тізеден ойылады. Ештеңе шықпайды. Шал манағы
айранын көміп кеткен жерді жүгіріп барып теуіп қалса, бырқ етіп айран шыға келеді. Дәу одан бетер
қорқады. «Мына шал не деген орасан күшті»,– деп, шалдың айтқанын істей береді. Ақыры, шал одан
қалай құтыларын білмей:
– Енді кайт! Ертең бізге қонаққа кел,– дейді.
Дәу:
– Жарайды,– деп кетіп қалады.
Шал үйіне келіп, кемпіріне:
– Ертең дәу қонаққа келеді,– дегенде:
– Ойбай, немізді береміз?–деп сасады кемпір.
Шал тұрып:
– Ертең дәу келеді. Мен есіктің алдында отырармын. Сонда сен оның көзінше: «Не істеймін, шал?»– деп
маған қара, мен не десем, соны істемекші болып, пышақты алып, тұра ұмтыл!– деп, кемпіріне үйретіп
қояды.
Ертеңіне үш дәу келіп, досының үйінде отырады. Сол кезде кемпір отырып:
– Шал, нені асамын үйдегі қонаққа? Түк жоқ! – депті.
Сонда шал тұрып:
– Басқы дәудің басын ас, ортаншы дәудің төсін ас, ол жетпесе, досым дәудің өзін ас!– дегенде, кемпір
пышағын алып, тұра ұмтылады.
Үш дәу тым-тырақай қаша жөнеледі. Досы лашық үйін басымен көтеріп, алып кетеді. Шал айқайлап:
– Әй, досым, лашығымды тастап кет! Қайда барсаң да, құтылмайсың!– дейді.
Дәу лашықты тастай сала, қашып бара жатса, баяғы әлімжеттік қып балығын тартып жей беретін түлкі
жолығады.
– Тақсыр, қайдан қашып келесің?– дейді түлкі.
– Бір пәле шалдың қырсығынан құтыла алмай қашып келеміз,– дейді дәулер.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
80 bet
Түлкі:
– Сол Қаңбақ шалдан қорқып жүрсіңдер ме? Менімен жүр, мен сенің өшіңді алып берейін,– деп, дәуді
ертіп, шалды іздеп қайта келе жатса, шал лашықтың жанында тұр екен. Түлкінің ертіп келе жатқанын
көріп, шал айғай салады:
– Ей, түлкі-ау? Арғы атаңда алты атамның құны бар, бергі атаңда бес атамның құны бар, өзіңде бітіспейтін
кегім бар еді, үш дәуді соның үшін бергелі келе жатырсың ғой! Бәрібір онымен бітпеймін!– деп
дауыстайды.
Сонда дәу қорқып: «Бұл бізді сол аталарының құнына беруге алдап алып келе жатыр екен ғой!»– деп
ойлап, түлкіні құйрығынан алып жерге бір ұрып өлтіріп, алды-артына қарамастан қаша жөнеледі. Сөйтіп,
Қаңбақ шал дәулер мен түлкіден осылай құтылған екен дейді.
46 - Бөлім: ҰР, ТОҚПАҚ!
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1743
Бұрынғы өткен заманда бір шал мен кемпір болыпты. Шал мен кемпір кедей болып, тұзақ құрып күнін
көреді екен. Бір күні шал тұзағын келіп қараса, бір қаз түсіп қалыпты. Шал қазды тұзақтан босатып алып,
бауыздайын десе, қаз шалға айтыпты:
– Сен мені босат! Менен не сұрасаң, соны бір жылдан кейін ал,– дейді.
Шал мақұл көріп, қазды босатып қоя береді. Үйіне келіп, жаңағыны айтса, кемпірі шалға ұрсады. Шал:
– Қой, сен түк білмейсің!– деп, сөзін тыңдамай, жүре береді.
Бір жыл өтеді. Шал қазға бармақшы болады. Жүре-жүре, бір жерге келсе, өңкей түйе жайылып жүр екен.
Келіп, түйешіден:
– Бұл кімнің түйесі?–десе:
– Бұл Қазбайдың түйесі,– дейді.
«Бүл Қазбай – баяғы қаз екен»,– деп шал ойланып тұрып, жүріп кетеді. Бір жерге келіп:
– Бұл кімнің қойы? – деп, қойшыдан сұрайды.
Қойшы:
– Бұл Қазбайдың қойы,– дейді. Шал жаңағы қойшы баладан:
– Шырағым, Қазбайдың бұдан басқа несі бар?– дейді.
Бала шалға:
– Қазбайдың үш жақсы нәрсесі бар. Біреуі: «Піс, қазаным, піс!»–десе, әр түрлі тамақ пісіп шығады, енді
біреуі: «Құс, есегім, құс!»–десе, есегі
алтын құсады, тағы біреуі: «Ұр тоқпағым, ұр!»–десе, адамдарды ұра береді,– дейді.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
81 bet
– Мақұл,– деп шал жүріп кетеді.
Шал Қазбайдың аулына келеді. Қазбай шалды күтіп алады. Шал Қазбайдан «Піс қазанын» сұрайды.
Қазбай сұрағанын береді.
Шал алып үйіне келе жатса, бір жерде асық ойнап жатқан балалар шалға:
– Ата, асқа түс!– дейді.
Шал асқа түседі. Үйге кіріп бара жатып, шал балаларға:
– Шырақтарым! «Піс, қазаным, піс!» демеңдер,– дейді.
Шал үйге кіріп кеткен соң, балалар тыңдасын ба: «Піс, қазаным, піс!»– деп, шулап қоя береді.
Сүйдегенде, әр түрлі тамақ пісіп, даяр болады. Балалар қазанды айырбастап, алып қалады.
Шал қазанды үйіне алып барып: «Піс, қазаным, піс!»– десе, еш нәрсе піспейді.
Шал қазанды алып, Қазбайдың үйіне қайта келеді. Қазбайға:
– Бұдан еш нәрсе шықпады,– дейді.
Қазбай қазанды алып:
«Піс, қазаным, піс!»– десе, еш нәрсе шықпайды.
Қазбай қазанның орнына шалға есекті беріп жібереді. Шал есекті алып үйіне қайтады. Жолда келе жатса,
балалар шалға:
– Ата, асқа түсіңіз!– дейді.
Шал асты тастағысы келмей, есектен түседі. Үйге кіріп бара жатып, балаларға:
– Шырақтарым! «Құс, есегім, құс!» демеңдер,– дейді.
Балалар:
– Мақұл!– дейді.
Шал үйге кіріп кеткен соң-ақ, балалар: «Құс, есегім, құс»– десе, есек алтын құсады. Балалар есекті
айырбастап, орнына басқа есек қояды.
Шал есекті алып үйіне кетеді. Кемпір:
– Қаздан барып алып келгенің осы ма?– дейді.
Шал есекке: «Құс, есегім, құс!»– десе, есек еш нәрсе құспайды. Шал есекті алып, Қазбайға тағы қайта
келеді.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
82 bet
– Есек еш нәрсе құспайды,– дейді.
Қазбай есекті алып:
«Құс, есегім, құс!» десе, еш нәрсе құспайды.
Шалға Қазбай «Ұр тоқпағын» береді. Шал «Ұр тоқпақты» алып келе жатса, баяғы жерде тағы да балалар
жүр екен.
Балалар шалға:
– Ата, асқа түс!– дейді. Шал үйге кіріп бара жатып:
– Шырақтарым! «Ұр, тоқпағым, ұр!» демеңдер,– дейді.
Шал үйге кіріп кеткен соң, дәндеген балалар: «Ұр, тоқпағым, ұр!»–дейді. Тоқпақ балалардың әрқайсысын
ал кеп ұр! Ұрып жүр, ұрып жүр… Балалар тоқпаққа жалынады: «Ойбай, «Піс қазаныңды», «Құс есегіңді,
берейік!»– дейді. Шал келе жатып, естіп қояды.
Шал келіп:
– «Піс қазанды», «Құс есекті» бересіңдер ме?– дейді.
Балалар:
– Мақұл! Әкеліп береміз!–дейді. Шал «Ұр тоқпақты қойғызады. Балалар «Піс қазанды», «Құс есекті»
әкеліп береді. Шал «Піс қазанды», «Құс есекті», «Ұр тоқпақты» алып, үйіне келеді. Сөйтіп, мұратына
жетеді.
47 - Бөлім: ТАЗША БАЛА
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1744
Ерте заманда бір тазша баланың әке-шешесі өліп, жетім қалыпты. Күндерде бір күн тазша базарды аралап
жүрсе, мұңайып отырған бір шалды көреді. Тазша шалдың қасына келіп отырады.
Шал:
– Не қылып жүрген баласың? – деп сұрайды.
Сонда тазша:
– Баласы жоққа бала болайын деп жүрмін, – дейді.
Шал:
– Ендеше, балам жоқ еді, маған бала бола ғой! – деп, тазшаны ертіп, үйіне алып келіпті.
Бір күні шал тазшаға:
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
83 bet
– Анау көрінген ағаштың басында ақ сары деген құстың үясы бар, сол ұяда құстың жұмыртқасы бар. Сен
барып құсқа білдірмей, астынан бір жұмыртқасын алып келші, – дейді.
Тазша:
– Жарайды, – деп, жүгіріп барып, ағаштың бұтақтарын сылдыратпастан басына шығады да, кұсқа
білдірместен бір жұмыртқасын алып келіп, шал әкесіне береді.
Сонда шал:
– Енді жұмыртқаны апарып, құсқа білдірместен, ұясына салып келе қойшы, – депті.
Тазша:
– Жарайды, – деп жұмыртқаны апарып, құсқа білдірместен, ұяға салып келіпті.
Сонда шал:
– Жарайсың, балам! Қолыңнан іс келеді екен, – депті.
Бір күні тазшаға өгей әке-шешесі:
– Анау көрінген үйде өздері бай және өлгенше сараң бір шал мен кемпір бар. Үйіндегі мол тамақтан өздері
де жарып жемейді, кісіге де нәр татырмайды және түнде жатқанда екеуі қаптағы құртын басына жастанып,
қарындағы сары майын қойнына алып жатады. Солардың жұмысын табаным тесіліп, талай істесем де,
жарытып ақы бермеді, ауыз толарлық тамақ та бермеді. Сонда көп ақым кетіп барады. Мені әке десең,
оған кеткен ақым үшін сол қу, сараң шалдың қойнына тығып жатқан сары майын алып келші, – дейді.
– Жарайды, – дейді де, тазша түнде жұрт ұйқтаған уақытта барып, кемпір мен шалдың үйіне кіріп, екеуінің
аралығына жата қалып, кемпірдің даусына салып: «Әрі жат!» – деп, шалды шынтағымен бір түртіп, бір
уақытта шалдың даусына салып: «Әрі жат!» – деп, кемпірді шынтағымен бір түртіп, ақырында сары
майын алып жөнеліпті. Артынша, ұзамай-ақ майды жоқтап, шал шығыпты. Шалдың өзі де жасында бір
қу тазша екен: «Пәленше шалдың асырап алған бір тазша баласы бар еді, сол алып кеткен шығар», – деп,
орнынан тұра сала жүгіріп, тазшаға көрінбей, бір жағыменен оның үйіне бұрын жетіп, қолына бір шелек
алып, тазша үйіне кіре бергенде, кемпірдің даусына салып, шелекті тазшаның қолына ұстата береді де:
– Шырағым, майды маған бер де, мынау шелекпен бір шелек су әкеле ғой! – дейді. Аңқау тазша бөтен
адам екенін аңғармай, майды беріп, шелекті ала сала жүгіріп, суға кете беріпті. Шелекпен суды алып келіп,
шешесіне:
– Мә, су! – деп, берсе, шешесі:
– Мен саған су әкел дегенім жоқ! Май әкел демедім бе? – дейді.
Тазша алданғанын біліп: «Майдың иесі қу неме екен, майын өзі алып кеткен екен, мен де жетейін!
Қайсымыз басым екенбіз?» – деп жүгіріп кете береді.
Шалдың көзіне түспей, төтелеп барып, бұрын жетіп, басына бір ақ жаулықты орай салып, шалдың
алдынан айқай салады:
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
84 bet
– Тілеуің құрғыр, шал, қайда кетіп едің?.. Қоралы қойыңды қасқыр қуып кетті. Жүгіріп жетіп,
жылдамырақ қайырып, айдап кел! Болмаса, қасқыр қырып кетеді! – дейді. Тазшаның кемпір даусына
салып, сөйлеген сөзіне шал нанып, қолындағы сары майды:
– Ал, мынаны! – деп, лақтырып тастап, қойларын іздеп жүре беріпті. Тазша бала шалды алдап жіберіп,
майды алып, үйіне келіпті. Манағы шал о жақ, бұ жаққа жүгіріп, қойдан дерек таба алмай, шаршап,
сандалып, қайтып үйіне келіп қараса, қойлары ап-аман қорасында жатыр. Шал байғұс алданғанын енді
біліп:
«Қап! Өзім де жас уағымда осындай қулықты көп істеп едім, қартайғанда алдыма келгені ғой!» –деп, ерте
тұра сала, тазшаның әкесіне айтыпты:
– Сенің тазшаң менің бір қарын сары майымды алып кетті, майымды қайтарып бер! Болмаса, тазшаңды
сөзсіз өлтіремін! – депті.
Сонда тазшаның әкесі бұл шалға:
– Мен майыңды көргенім жоқ! Егер анық тазшаның алғанын сезген болсаң, не қылсаң, о қыл, мен ара
түспеймін, – депті.
Майын алдырған шал қолына бір өткір балта алып, жұрттан жасырынып, көп қорымның арасына барып,
бір тесілген қабірдің ішіне кіріп, жасырынып жатыпты. Бұл шалдың кемпірі еш нәрсе сезбеген кісі болып,
манағы тазшаны шақырып алып:
– Шырағым! Көп қорымда әкемнің моласы бар еді. Соған мына нанды апарып, құран оқып, жеп келе ғой,
сенен басқа балаларға сенбеймін, – депті.
Тазшаның ойына қапелімде еш нәрсе түспей:
– Мақұл! –деп, нанды алып, кете беріпті. Молаға барып, құран оқып, нанды жеп отырғанда, көрдің
тесігінен бір шал арбаңдап шыға келеді. Қолында балтасы бар. Кәдімгі аңдысып жүрген шалы екенін
тазша тани кетеді. Тазша оңайлықпен өле қойсын ба? Шалдан бұрын қам қып, қолындағы балтасын
жұлып алып, шалдың өзіне дүрсе қоя беріпті. Шал жалынып, әзер құтылыпты.
Бұлар тұрған шаһардың ханы халқына өте қатал болыпты, елге салықты көп салып, кедей мен жалшыны
зар жылатып, сорлата беріпті. Солардың қатарында тазшаның әкесіне де салықты мол салып, шал қатты
қысылыпты. Бұл жайды білген тазша әкесіне:
– Сіз қысылмаңыз, ханның өз алтынын өзіне берейік! – депті.
Содан кейін бұл тазша ханның қазынасына түсіп, бір құмыра ділдасын алып кетіпті. Ертеңіне хан
ділданың жоғалғанын біліп, барлық уәзірін жинап:
– Ұрыны қалайша тауып, ұстауға болады? – деп ақылдасыпты.
Сонда бір уәзірі:
– Қазынаның есігінің алдынан шұңқыр қазып, белуардан бататын шырыш желім толтырып қоялық:
қараңғыда білмеген адам түсіп кетсе, шығып кете алмайтын болсын! Осындай амалмен ұсталық, – депті.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
85 bet
Хан осы амалды мақұл көріп, айтқандай қылып, желімді даярлата беріпті. Қу тазша қалайша білсе де, бұл
амалды біліп алып, енді қазынаның есігіне жоламапты.
Хан мұнымен де қазынаға түсіп жүргеннің кім екенін анықтап біле алмаған соң, ойлап-ойлап, екінші амал
істепті. Ханның бір бақырауық нары бар екен. Оны ұстамақ түгіл, біреу маңына жақын барғанда,
даусының барынша бақырады екен. Сол нарды шөгеріп жатқыздырып, бірнеше аңдушы қойдырыпты.
Егер нар бақырса-ақ, ұрыны ұстамақ екен. Тазша мұны да біліп, түнде қолына бір бау жоңышқаны алып
барып, алыста тұрып нарға көрсетсе, ол шөпті жеймін деп, орнынан тұрып, соңынан жүреді. Тазша
ақырындап алыстай береді, нар ере береді. Даусы естілмейтін жерге барған соң, нарды ұстап апарып, бір
тоғайдың қалың жеріне байлап тастапты.
Ертеңіне жасауылдар нарды таба алмай, дағдарып, ханға келіп хабар беріпті. Хан бұл амалы да іске
аспаған соң, ойлап-ойлап, тағы бір амал тауыпты: далаға бір отау тіккізіп, ішіне жақсы төсектер
жайдырып, соған өзінің қызын жатқызып: «Қызымменен кім сөйлесіп, әңгімесі келіссе, қызымды соған
беремін!» – деп жұртқа жар салыпты. Ондағы ойы: «Егер сол ұры амалы көптігіне сүйеніп, келсе, қызым
алмас қылышпен қолын кесіп алып қалсын; ертең шаһар адамдарын тегіс тексерейін: «Кімнің қолы
кесілген болса, соны ұстатып, дарға астырайын!» – дегені екен.
Қу тазша бұл амалды да біліп алыпты. Қалада бір бай қасапшы бар екен. Түн ішінде жатып қалған
қасапшыға барып, терезесінен: «Ханға бір қойдың қарны керек еді, терезеден бере ғой», – деп дауыстапты.
«Ханға керек» деген соң лажы бар ма, бір қарынды терезеден қолымен шығарып: «Ал!» –дегенде, тазша
қолындағы алмас қылышпен қасапшының қолын шауып түсіріпті, сөйтіп, қарын мен кесілген қолды ала
жөнеліпті. Әлгі қарынды суға толтырып, аузын байлап, оңаша отауда жатқан ханның қызының қасына
келіпті. Әрі-бері сөйлескеннен кейін, тазша сыртқа шығып кетуге рұқсат сұраса, қыз жібермейді. Тазша:
«Кетіп қалады десеңіз, менің қолымды ұстай тұрыңыз!» –дейді. Қасапшының кесілген қолын қызға Достарыңызбен бөлісу: |