ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет5/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   153

әрқайсыларың алманы алу үшін еңбектендіңдер! Алма бәріңдікі! — Мұнда бір алма ғой! — деді Кірпі, 

Қоян,Қарға түк түсінбей. — Бұл алманы теңдей бөліңдер. Әрқайсың бір-бір бөлігін алыңдар! — деді аю. 

Мұны естіп бәрі қуанып кетті: — Бағанадан бері біз бостан-босқа таласқан екенбіз ғой! Кірпі алманы төрт 

бөлікке бөледі. Қоянға бір бөлігін беріп: — Бұл саған, Қоян — сен алманы бірінші көрдің! Екінші бөлігін 

Қарғаға беріп: — Бұл саған, Қарға — сен алманы үзіп алдың! Үшінші бөлігін Кірпі аузына салып: — Бұл 

маған, өйткені алманы ұстап алған — мен! Кірпі Аюға төртінші бөлігін беріп: — Бұл саған, Аю! — Маған, 

не  үшін?  —  деп  таңқалды  Аю.  —  Сен  бізге  ақыл  айтып,  татуластырдың!  —  деді  ол,  риза  кейіппен. 

Әрқайсы  өзіне  берілген  алманың  бөлігін  жеп  риза  болды,  өйткені  Аю  ешкімді  ренжітпей  дұрыс,  әділ 

шешім шығарған еді. « Береке басы — бірлікте» деген осыдан қалған көрінеді. 

 

 



13 - Бөлім: Қазақша ертегі: Алтын балық 

http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1710 

 

 

Баяғы заманда Бағдат шаһарында жоқшылықпен күні өткен бір кемпір мен шал тұрады екен. Олардың 



ортасында сегіз жасар жалғыз ұл баласы болыпты. Кемпір үй ішімен айналысады да шал ау тартып, азын-

аулақ іліккен балықты талшық қып, тағам етіп, күнелтеді екен. Бір күні баласы: — Әке, мен де ау салуды 

үйренейін, бүгін мені жібер, – деп өтінеді. Шал мен кемпір жалғызы әлдеқалай суға түсіп кете ме деген 

қауіппен  рұқсат  етпесе  де  бала  жылап-еңіреп  қоймағансын,  «барсаң  бар»  дейді.  Бала  қуанып  кетеді. 

Кешкісін құрған ауына ертесімен барып қараса, бір алтын балық оралып тұрады. Бала қуанғанынан не 

істерін білмейді. Үйге жеткенше жүгіреді. Баласының алтын балық әкелгенін көргенде, қуанған кемпір 

мен  шал  тұра  жүгірісіп,  біріне-бірі  соғылысып,  құлап  та  қалады.  Шал  балықты  алып,  шаһардың 

патшасына  жүгіреді.  Патша  сарайының  күзетшілері  оны  сарайға  кіргізбей  әуре  жасайды.  Ақырында 

«патшаға тарту етіп алтын балық әкелді» дегенді естіп, кіруге патша өзі рұқсат береді. Балықты көрген 

патша шалға: — Сен өміріңде алтын балық ұстап көрген жоқ едің, мынаны кім ұстады? – деп сұрайды. 

Шал: — Кішкентай ұлым ұстады, – деп жауап береді. — Онда сол баланы жібер маған, – деп, шалды үйіне 

қайтарады. Бала келгенсін патша оған көп алтын береді, бала үйіне қуанып қайтады. Оны естіген патша 

санаттары күншілдік етеді. Олар патшаны былай деп азғырады: — Бұл алтын балық жалғыз болмау керек. 

Оның жұбайын таптырып алыңыз балаға,– дейді. Патша санаттарының айтқан ұсынысын қабыл алады. 

Баланы шақырып алып: — Бұл балықтың жұбайын тауып әкел, – деп бұйырады. Сау басына сақина тілеп 

алған бала үйіне жылап келеді. Патшаның бұйрығын айтады, әке-шешесі де қатты налиды. Содан бала 

тағы да ау құрады. Ауына барса, тағы да алтын балық ілігіп жатыр екен. Балықты алып, тағы да патшаға 

апарып тартады. Патша қатты разы болғандықтан, көп алтын қазына береді және кемпір-шалға жақсы 

сарай салдырып береді. Бұрын өлмесінің күнін кешкен шалдың үйі қазір кең бөлмелері бар, дүние-мүлкі 

мол, жақсы, сәулетті үйлердің қатарына кіреді. Мұны көрген патша санаттары өшпенділікті бұрынғыдан 

да күшейтеді. Олар енді баланы алысқа, «барса келместің» жолына жіберудің айласын қарастырады. Олар 

патшаға келіп былай дейді: — Мәртебелі тақсыр, бұл бір тамаша іс болды. Тек бір келіспейтін жері алтын 

балық жай суда өмір сүре алмайды, оның дүниеде өзіне лайықты алтын суы да болуға тиісті, енді соны 

алдырыңыз,  –  дейді.  Аңқау  патша  оған  да  иланады.  Баланы  шақыртып  алып,  алтын  су  тауып  әкелуге 

жұмсайды. — Орындамасаң, дарға асып өлтіремін, – дейді патша. Бала үйіне қатты қамығып келеді. Әкесі: 

«Тағы не әмір етті патша?» – деп сұрайды. Бала: «Алтын су тауып алып кел деді», – деп жылайды. Кемпір-



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              25 bet 

шал мұны естігенде, естерінен айырылады. Бір күні бала әке-шешесімен бақыл айтысып, алтын су іздеп, 

алыс сапарға шығады. Ол неше орман, өзендерден өтіп, биік асулардан асып, елсіз-сусыз шөл далалармен, 

беталды құла түзбен жүре береді. Бір жерлерге келгенде, қой баққан шалға кез болады. Қарияға сәлем 

беріп қолын алады. Шал баладан жөн сұрайды. Бала өзінің бағдаттық екенін, патшасының әмірі бойынша 

алтын су іздеп жүрген жан екенін айтады. Қойшы шал ұзақ ойланып, сөйлепті: — Тегі ондай су бары бар, 

бірақ  оған  жетіп  алып,  қайту  оңай  іс  емес,  –  дейді  ол.  Осы  арадан  қырық  күншілік  жол  жүріп,  үлкен 

дарияға кез боларсың, одан кемеге мініп өтесің. Дарияның ол шеті мен бұл шеті өте қашық. Кеме жыл 

тәулігінде бір оралады. Кеме бергі жағада болса, тез өтесің, арғы жағада болса, бір жыл күтуіңе тура келеді 

және,  –  дейді  қария  сөзін  жалғап,  –  содан  әрі  тағы  жүре  бересің.  Алдыңнан  тас  қорған  көрінер,  ол 

көрінгеннен кейін де он тәулік жол жүресің. Оның биіктігі қырық кез дейді айтушылар. Оны қыз патшасы 

билеп тұрады. Оның халқы да әйелден болса керек. Тұрғындары адам перісі дейді. Міне, осы шаһардың 

ішінде алтын сулы көл бар дегенді естігенім бар, шырағым, – дейді шал. Бала одан әрі де ұзақ жүріп, қария 

айтқан дарияға келсе, керуен тиелген кеме жағадан жаңа ғана қозғалып барады екен. Жартастан кемеге 

секіріп  берді  бала.  Сәті  болғанда,  кеменің  дәл  үстіне  түседі.  Теңізден  өтіп  шығып,  неше  тәулік  жол 

жүргеннен кейін қыз патшасының тас қорғанына да жетеді, бірақ қорғанның биіктігі сондай, оның басына 

шығу  былай  тұрсын,  тіпті,  төбесіне  қараудың  өзі  қауіпті  болады  балаға.  Бала  қатты  қамығып,  зарлап 

жылайды,  дегенмен  қарап  жата  алмайды.  Қорғанның  сыртын  айналып  жүре  береді.  Ақырында  бір 

қорғанға жанай шыққан зәулім терекке кезігеді. Бала соның бойымен өрмелеп қорғанның басына шығады. 

Қорған  іші,  бүкіл  қала  тамаша  бір  нұрлы  сәулеге  бөленіп,  көз  тұндырып  тұр  екен.  «Бұл  алтын  судың 

сәулесі болар», – деп ойлады бала. Мұны көрген бала дәті шыдап, аялдай алмай, қорғаннан ішке қарай 

секіреді. Содан кейінгіні өзі де сезбейді. Бір уақытта көзін ашса, бір үйдің ішінде жатыр екен. Үй ішіне 

көз салып қараса, тамаша көрікті үй екен, ешбір жан сезілмейді. Бір уақытта есіктен бойжеткен қыз кіреді. 

Қыздан бала сұрай бастайды. — Мен қайда жатырмын? — Сені қорғанның ішінде мүшкіл халде жатқан 

жеріңнен осы үйге алып келдім, бүгін үшінші күн, сен маған өз жайыңды баян етші! – дейді қыз. — Мен 

Бағдаттан келемін, алтын су іздеп жүрмін, – дейді бала. — Сенің іздеген суың осында бар. Бірақ, бұл жер 

сен  үшін  өте  қауіпті,  –  дейді  қыз.  Мұнда,  –  дейді  ол,  –  адам  перісінің  уалаяты  тұрады.  Патшамыз 

Қорлығайым деген қыз. Оның халқы да бір өңкей әйелдер, еркек адам атымен болмайды. Егерде ер адам 

мұнда кезіксе, өлтіреді, мен саған шынымды айтсам, өзім бұл араның адамы емеспін. Тегі, сол өзіңнің 

айтқан «Бағдат» шаһарынан болуым керек. Олай дейтінім, – дейді қыз, – патшамыздың маған «әй, Бағдат 

қызы» деп шақырғаны әлі есімде қалыпты. Мені осында жас кезімде көтеріп алып келсе керек. Сондықтан, 

– дейді қыз, – осы мен тұрған үйде көрінбей тұра бер. Білсе, сені де, мені де жоқ қылады. Сонымен бала 

көрінбестен, қызбен бірге, бірі апа, бірі іні есебінде тұра береді. Әлгі «Бағдат қызы» патшаның аспазшысы 

екен, ол күн сайын түрлі жемістерден басқа да әртүрлі тәтті өсімдіктерден тамақ жасап беріп тұрады екен, 

алайда тағамға тұз салу дегенді білмейді екен. Бір күні бала қалтасының түбінде жүрген бір кесек тұзды 

қазанға  тастап  жібереді.  Сол  күні  асын  ішкеннен  кейін,  Қорлығайым  аспазшы  қызды  шақырып  алып: 

“Бүгінгі  асты  кім  пісірді?”,  –  дейді.  Аспазшы  қыз  бүгінгі  тамағының  аса  дәмді  екендігін  өзі  де  сезген 

болатын, сондықтан ол былай деп жауап береді: — Тақсыр патшам, мен сізге нағыз шынымды айтайын. 

Бұдан он бес жыл бұрын еш адамға қатыссыз жүкті болып, бір қыз тудым, сол қызым қазір он бес жасқа 

жетті, бүгінгі асты пісірген сол, – дейді. Патша өзінің санаттарын жиып алып: — Қазір шаһардың халқын 

түгел алтын көлдің жағасына сапқа тұрғызыңдар, – деп бұйырады. Әлгі аспазшы қыз да баланы қыздарша 

киіндіріп, жиынға алып барады. Халық жиналып болған соң, дереу шешініп суға түсуге тәртіп беріледі. 

Сол  уақытта  баланың  ер  екені  анықталады  да  бір  санатына  патша  баланың  басын  кесуге  бұйырады. 

Баланың басын алмақшы болған патша санаты баланың көрікті жүзінен есі ауып құлайды. Екінші санаты 

да оның аяғын құшады. Бұған ашу шақырған патша балаға қылышын алып, өзі ұмтылады. О да есі ауып 

құлайды.  Есін  жиып, Қорлығайым  патша  халқын  таратады  да  баланы  өз  сарайына  енгізуге  бұйырады. 

Сарайға  келгенсін  қыз  патша  балаға  айтады:  —  Менің  саған  ықыласым  түсті,  сондықтан  өлтірмедім. 

Ықтияр болсаң, саған тиемін және тағымды беремін, – дейді Қорлығайым. — Қарсылығым жоқ, – дейді 

бала,  –  бірақ  сізге  қояр  бір  тілегім  бар,  қабыл  алсаңыз.  —  Айт!  –  дейді  қыз  патша.  —  Мен  елімнен 

шыққанда,  патшамыздың  әмірі  бойынша,  алтын  су  іздеп  шығып  едім.  Сол  іздегенім  сіздің  шаһардан 

табылды. Соны патшамызға табыс етсем деймін. Тілегім осы, – дейді бала. Патша баланың тілегін қабыл 

алып, Шолақ пері деген бас санатына бұйрық береді: «Керекті мөлшерде алтын суды алып және мына 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              26 bet 

баланы  қанатыңа  отырғызып,  Бағдат  патшасына  жеткіз»,  –  дейді.  Бағдат  патшасының  сарайына  алып 

келіп  түсіреді  де  Шолақ  пері  былай  дейді:  «Патшаңызға  кіріңіз  де  алтын  балық  жүзетін  хауызды 

көрсетіңіз және, – дейді ол, – мен өзіңе керек болған кезде, мынаны тұтата қоярсың», – деп, шашынан екі 

тал жұлып береді. Бала патшасына кіріп, бұйрығын орындап келгенін айтып: — Хауызды қараңыз, – дейді. 

Қараса, хауыз алтын сумен лық толып тұрады. Оны көрген патша хисабы жоқ сыйлықтар береді. Бала 

үйіне барғанда, әке-шешесі баласын танымай қалады. Қасірет пен қапалық шеккен сорлылар айтумен әрең 

таниды.  Олар  баласының  аман  келгендігіне  үлкен  той  жасап  жатқанда,  патшаның  жауыз  санаттары 

баланы қалайда жоюға әрекеттеніп жатады. Олар тағы да патшаға келіп былай дейді: — Зор мәртебелі, 

патша ағзам! Дәрежеңіздің бұдан да жоғары болғанын шын ниетпен тілейміз. Сіздің алтын балығыңыз да 

бар, ол еркін жүзетін алтын суыңыз да болды. Әрине, тақсыр, бұған өзіңіздің данышпандығыңыз арқылы 

жетіп  отырсыз.  Екінші  жағынан,  біздің  көмегіміз  болғанын  біліп  отырсыз.  Біздің  сізге  тағы  бір  берер 

кеңесіміз бар. — Айтыңыздар, бағалы ұсыныстарыңды тыңдауға әрдайым әзірмін, – дейді патша. — Ол 

мынандай, дүниеде екі алтын құс бар дегенді естиміз. Енді соны алдырсаңыз, мәртебеңіз бұрынғыдан да 

артар еді, – деп азғырады олар. Ақылсыз патша оған да иланады. Баланы шақырып алып, екі алтын құсты 

тауып  әкелуге  бұйырады.  Бұл  жолы  да  бала  үйіне  қамығып  келеді.  Алайда,  ол  Қорлығайымға  барып 

ақылдаспақшы болады. Шолақ перінің екі тал шашын тұтатады. Сол-ақ екен, Шолақ пері жетіп келіп, 

баланы  алып,  қыз  патшаға  көзді  ашып-жұмғанша  жетіп  барады.  Бала  қыз  патшаға  өз  патшасының 

тапсырмасын, екі алтын құсты, іздейтінін айтады. Қорлығайым оны да өзі табатынын ескертеді. Шолақ 

періні өзінің басқа елде патша болып тұрған ағасына жұмсап былай дейді: — Қорлығайым қарындасың 

ерге шығатын болды, соның тойына шақырады және екі алтын құсын шашуға алып келсін деп айтты де, 

– дейді. Қарындасының тойына екі алтын құсын алып, ағасы да келеді. Сөйтіп Қорлығайымның отыз күн 

ойыны, кырық күн тойы өткенсін, екі алтын құсты алып, бала Шолақ перінің қанатына мініп, еліне келеді. 

Патшаға екі алтын құсты тарту қылып тартқасын, патша разы болып, патшалық тағына отыруға балаға өз 

орнын береді. Сөйтіп, кемпір-шалдың баласы екі елді өзі билеп, Қорлығайымды әйелдікке алып, барша 

мұратына  жетіпті.  Қорлығайымға  аспазшы  болған  бағдаттық  қыз  сол  баланың  туған  апасы,  кемпір-

шалдың тұңғыш қызы екен. Оны бес жасында белгісіз нәрсе көтеріп алып кеткен екен. О да әке-шешесін 

көріп, қуанышқа кенеледі. 

 

14 - Бөлім: Қарттың ұлына айтқан өсиеті 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1711 

 

 



Бір бай өлер уакытында ұлын шақырып алып: - Ұлым, мен өлген соң жұма сайын қыз алып, қала сайын 

үй  сал.  Ас  жесең,  бал  же,  -  деп,  өсиет  айтыпты.  Бай  дүниеден  өтіп,  ұлы  атасының  өсиетін  орындай 

бастайды: жұма сайын қыз алып, қала сайын үй салады. Ас ішсе, бал ішіп, ақшасын бітіреді. Сөйтіп, жігіт 

жарлы  болады.  Бір  күні  жігіт  далаға  шығып  біраз  жүріп,  бір  үйілген  тастың  тасасына  отырып,  бөркін 

қолына алып басын ұстап отырған уақытта, бір жақтан бір шал келіп жігітке сәлем береді. Жігіт сәлемін 

алған соң, ол адам жанына отырады да жігітке: - Неғып отырсың? - дейді. Жігіт: -  Жәй  отырмын,  -  деп 

жауап береді. Шал: - Шыныңды  айт!  -  деп  қыса  бастайды.  Жігіт  еш  нәрсе  айтпайды.  Шал:  -

 

Сырыңды жасырма! Мен саған жақсылық көрсетемін, - дейді. Жігіт: - Менің  атам  бай  адам  еді, 



сол атамның өлер алдында айтқан өсиетін орындаймын деп, кедей болдым, - дейді. Шал: - Қандай  өсиет 

айтып еді? - дейді. Жігіт: -  Әуелгі өсиеті: «Мен өлген соң жұма сайын қыз ал», - деп еді, мен атамның 

сол өсиетін тұтып, жұма сайын қыз алдым. Екінші өсиеті: «Қала сайын үй сал», - деп еді. Мен қала сайын 

үй салдым. Үшінші өсиеті: «Ас ішсең, бал же», - деп еді. Мен бұл өсиетін де орындап, әр күні бал жедім. 

Солай етіп, үш жылда барлық ақшам таусылды, - дейді. Шал тұрып жігітке: - 

Сен атаңның өсиетін 

ұқпаған  екенсің,  өйткені  атаңның:  «Жұма  сайын  қыз  ал»  -  дегені:  «Әйеліңмен  сыйлас  бол,  қадіріңді 

кетірме. Сонда ғұмыр бойы тату-тәтті өмір сүресің» - дегені. «Қала сайын үй сал» дегені: «Қала сайын 

достарың болсын, барғанда түсетін» - дегені еді. «Ас ішсең бал же» - дегені: «Еңбек істеп ас ішсең, балдан 

тәтті болады» - дегені еді, - деп, қарт өз жөніне кетіпті. Жігіт әкесінің терең мағыналы өсиетіне сонда ғана 

түсініпті. 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              27 bet 

15 - Бөлім: Жақсылық пен жамандық 

http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1712 

 

 



Бұрынғы өткен заманда Жақсылық, Жамандық атты екі адам болыпты. Бір күні Жамандық жаяу жүріп 

келе жатса, артынан бір атты кісі жетіпті. Екеуі жөн сұрасып, қайда бара жатқанын білісіпті. Ол келген 

Жақсылық екен. Сонда Жамандық тұрып: - 

Жақсылық,  сен  мені  артыңа  мінгестіре  кетші,  -  депті. 

Жақсылық: -  Олай болса, сен қазір мына атқа мін де, біраз жер жүріп барып, түсіп, атыңды байла да өзің 

жаяу  кете  бер.  Сондан  соң  мен  жетіп,  атпен  біраз  жерге  жүріп,  саған  тағы  байлап  кетермін.  Сөйтіп, 

баратын жеріміізге кезек мініп жетейік. Екеуміз мінгессек атқа қиын соғар, - депті. Сонан соң Жамандық 

атқа мініп алып, сол кеткеннен Жақсылықты есіне алмастан, кете беріпті. Жақсылық шаршап, арып-ашып, 

кешке  жақын  бір  күркезге  келеді.  Ішіне  кірсе,  жан  жоқ.  Бірақ  ортада  бір  үлкен  қазан  асулы  тұр  екен. 

«Айдалада қайнап тұрған не қылған тамақ? Дәм татайын»,  - деп, (бір саусағының ұшын батырып, дәм 

татады  да,  күрке  төбесіне  шығып  жатады.  Бір  уақытта  қасқыр,  түлкі,  арыстан  -  үшеуі  келіп,  күркеэге 

кіріпті. Түлкі тамақты көре сала: -  Ойбай,  мына  тамақтан  біреу  жепті!  -  деп,  байбалам  салады.  Қасқыр 

мен арыстан екеуі: -  Кім жеуші еді? Адам келетін жер ме, бұл жер? - деп, кейіген соң, түлкі сөзді доғарып, 

үшеуі отырып тамақ ішіп, әңгімеге кіріседі. Арыстан, қасқыр, түлкі - үшеуі көрген-білгендерін айтысады. 

Арыстан мен қасқыр түлкіге: - 

Түлкі, сен не көрдің, не естіп, не білдің? - дейді. Сонда түлкі түрып: -

 

Мен бір жерден бір алтын көрдім. Пәлен деген байдың қыстауының қасындағы жаман қыстаудың 



ортасында, бір сүйем жердің астында жатқан бір құмыра алтынды күнде қарауылдап, қарап келемін,  - 

дейді. Сонда қасқыр тұрып: - 

Мен күнде пәлен деген байдың қойының арасында үлкен ала тоқтыны 

қарауылдап  келемін.  Себебі:  ол  байдың  ауырып  жатқан  бойжеткен  қызы  бар,  қандай  ем  қылса  да 

жазылмайды  және  оның  емін  ешкім  білмейді.  Бірақ  мен  білемін:  ол  қызды  жазатын  ала  тоқты.  Ала 

тоқтыны сойып, өкпесін жегізсе, жазылады. Тагы да ол бай жар салган: «Кімде-кім осы қызымды емдеп 

жаз- са, соган осы қызымды беремін», - деп. Бірақ оның емін әлі ешкім тауып айтқан жоқ, тауып айта 

алмайды да, - дейді. Кезек келген соң, арыстан тұрып: - Мен де түнде барып, түген байдың жылқысының 

біреуін жеп келіп жүрмін. Ол бай мені еш уақытта ұстай алмайды және маған оның ешбір жылқысы қуып 

жете  алмайды.  Жететін  бір-ақ  тайы  бар.  Ол  тай  пәлен  тоғайдағы  жылқының  ішінде.  Сол  тайдан 

басқасынан мен құтылып кетемін. Және ол байдың жар салғаны бар: «Кімде-кім менің жылқымды жеп 

жүрген  арыстанды  ұстап  берсе,  соған  бір  үйір  жылқымды  беремін»,  -  деп.  Олар  әңгімелерін  аяқтап, 

ұйықтап қалады да, азаңнан тұрып, бет-бетіне кетеді. Жақсылық олардың барлық әңгімелерін естіп алып, 

адам  емдеуші  боп,  байдікіне  келеді.  Бай  оның  түріне  қарап:  «Осы  емші  шыгар»,  -  деп  ойлап:  -

 

Жоғары шық! - дейді. Жақсылық отырган соң, бай: - 



Қызыма бал ашып бер! - дейді. Жақсылық: 

«Мақұл», - дейді де, қызды қарап: - 

Баланы емдетпей, босқа қинапсыңдар гой! Әкел анау үлкен ала 

тоқтыны. Мұның ауруы соның өкпесінде, - дейді. Бай дереу, қойшыларды жіберіп, тоқтыны алдыртады. 

Жақсылық  қызға  тоқтының  өкпесін  жегізіп,  емдейді.  Жазылған  соң,  қызды  өзі  алады.  Бұдан  кейін 

Жақсылық  бағанағы  жаман  қыстауға  келеді.  Қораның  ортасын  бір  сүйемдей  қазса,  бір  құмыра  алтын 

шығады. Оны алып, арыстанның айтқан жеріне барады. Барса, бай бір арыстанды ұстай алмай жүр екен. 

Мұны білген соң Жақсылық байға: - 

Мен сол арыстанды ұстап берсем, сен маған не бересің? - дейді. 

Бай: -  Егер ұстап берсең, саған бір үйір жылқы беремін, - дейді. Жақсылық: «Жарар», - деп, тоғайдағы 

жылқылардың  ішінен  ала  тайды  ұстап  алып,  арыстанды  күтіп  тұрады.  Арыстан  келіп,  жылқыны  алып 

қаша  бергенде,  Жақсылық  әлгі  ала  таймен  қуып  жетіп,  арыстанды  ұрып  жығып,  байдың  бір  үйір 

жылқысын алып, келген жолына түседі. Неше ай, неше жылдар өткенде, бір күні бұған Жамандық келіпті. 

Жақсылық  Жамандыққа  қараса,  үсті-басында  түк  жоқ,  қайыршы,  дуана  секілді  екен.  Ол  Жақсылықты 

көріп: - 

Жақсылықжан! Мен саған жамандық қыламын деп, мүндай күйге ұшырадым. Енді сен мені 

адам  қыл.  Сен  бұл  мал-мүліктерді  қай  жақтан  таптың?  -  дейді.  Сонда  Жақсылық:  -  Не  де  болса, 

адамзатсың  ғой!  Сен  жамандық  істегенмен,  мен  саған  жақсылық  істейін,  -  деп,  өзінің  бастан  кешкен 

оқиғасын айтыпты. Сонан соң тұрып: -  Пәлен  төбеде  бір  үй  бар.  Сен  қазір  соған  жет.  Оның  ішінде 

асулы бір қазан ет бар. Бірақ оның ішіндегі еттен тек бір саусағыңды батырып, дәмін көр де үйдің төбесіне 

шығып жат.  Сонда түлкі,  қасқыр, арыстан келеді. Сен олардың әңгімесін тыңдай бер. Олар кеткеннен 

кейін естіген сөздеріңді істесең, сен осындай боласың, - дейді. Жамандық: «Жарайды,» - дейді де, баяғы 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              28 bet 

күркеге барып кіреді. Жақсылық айтқандай, қазан толы ет асулы тұр екен, қызығып кетіп, шыдай алмай: 

«Мына бір жілігін жейінші» - деп, еттен жеп, сорпасынан да, бес-алты рет ұрттап алыпты. Сөйтіпті де, 

үйдің төбесіне шығып жатыпты. Бір уақытта түлкі, арыстан, қасқыр - үшеуі күркеге кіреді. Түлкі тамақты 

көре сала: -  Ойбай, мына еттің тоқпақ жілігі жоқ, омыртқасы жоқ, сорпасы жоқ, біреу жепті!  - дейді. 

Оған арыстан мен қасқыр: - Кім жеуші еді? Бұл жерге адам келуші ме еді? - деп, көнбейді. - 

Жоқ! 

Бір бәле бар! Мен түс көрейінші, - деп, түлікі жата қалыпты да, аздан соң қайта тұрып: - Осы күрке үстіне 



шығайықшы,  сонда  бір  пәле  бар  секілді,  -  депті.  Бұл  сөзін  қасқыр  мен  арыстан  да  мақұл  көріп,  түлікі 

төбеге шықса, Жамандық жатыр екен. Үшеуі Жамандықты бас салып жеп қойыпты. Сөйтіп, Жақсылық 

жақсылығынан өмір сүріп, мұрат-мақсатына жетіпті. Жамандық жамандығынан ит-құсқа жем болыпты. 

 

16 - Бөлім: Үйшік (орыс халық ертегісі) 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1713 

 

 



Бұл  орманда  болған  оқиға  еді.  Ашық  алаңқайда  кіп-кішкентай  ескі  үйшік  тұрған.  Бірде  оны  қасынан 

жүгіріп өтіп бара жатқан тышқан көреді. Тышқан тоқтап: – Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім 

бар? – деп сұрайды. Ешкім жауап қайтармайды.Тышқан бос үйшікке кіріп, осында тұрып жатады. Біраз 

уақыттан кейін үйшіктің маңына секіріп бақа келеді. – Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? 

– Мен тықырлауық тышқанмын! Ал сен кімсің? – Мен бақылдауық бақамын. – Кел, бірге тұрайық. Бақа 

«бақ-бақ!»  деп бақылдап, үйшікке секіріп кіреді. Тышқан екеуі  тіл табысып, бірге тұрады. Енді  үйшік 

қасына ытқып-ытқып қоян жетеді. – Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? – деп сұрайды. – 

Мен тықырлауық тышқанмын! – Мен бақылдауық бақамын. Ал сен кімсің? – Мен қорқақ қоянмын! – Кел, 

бірге тұрайық. Қоян да үйшікке кіреді. Осылай үшеуі бірге өмір сүре бастайды. Алыстан бұл үйшікті түлкі 

көреді. Ақырын басып жақын келіп, терезесін қағады да: – Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім 

бар? – деп сұрайды. – Мен тықырлауық тышқанмын! – Мен бақылдауық бақамын. – Мен қорқақ қоянмын! 

Ал сен кімсің? – Мен қу түлкімін! – Кел, бірге тұрайық. Үйшіктен түлкіге де орын табылды. Достар енді 

төртеу  болды.  Үйшікке  тілі  салақтап,  айналасына  алақ-жұлақ  қарап  қасқыр  жетеді.  Ол  есікті  қағып, 

қырылдаған  дауысымен:  –  Сүп-сүйкімді,  кіп-кішкентай  бұл  үйшікте  кім  бар?  –  деп  сұрайды.  –  Мен 

тықырлауық тышқанмын! – Мен бақылдауық бақамын. – Мен қорқақ қоянмын! – Мен қу түлкімін! Ал 

сен кімсің? – Мен сұр қасқырмын! – Кел, бірге тұрайық. Қасқыр қысыла-қымтырыла ішке кіреді. Әйтсе 

де кіп-кішкентай үйшікке бесеуі де сыйып кетеді. Барлығы қосылып, ән айтады. Тату-тәтті өмір сүреді. 

Бір күні жидек теріп жүрген аю үйшік тұрғындарының салған әнін естиді. Ол үйшікке жақын келіп, бар 

дауысымен:  –  Сүп-сүйкімді,  кіп-кішкентай  бұл  үйшікте  кім  бар?  –  деп  ақырады.  –  Мен  тықырлауық 

тышқанмын! – Мен бақылдауық бақамын. – Мен қорқақ қоянмын! – Мен қу түлкімін! – Ал мен болсам, 

сұр қасқырмын! Ал сен кімсің? – Мен қорбаңбай аюмын! – Кел, бірге тұрайық. Аю ары-бері тырбыңдап 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет