ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет3/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   153

кезде, баланы қайта-қайта шымшып жылата бер. Шойынқұлақ: «Бала неге жылайды», - деесе, балаң: «Мен 

Шойынқұлақтың баласы емес, Ер Төстіктің баласы болсам керек. Егер Шойынқұлақ менің нағыз әкем 

болатын болса, жанымды жанына қосқызып қояр еді, жанының қайда екенін маған әлі күнге дейін айтпай, 

жасырып  жүр.  Ер  Төстік  болса,  әлдеқашан  жанының  қайда  екенін  айтып  берер  еді»,  -  деп  жатыр  де. 

Жылата бер, жылаған сайын: «Неге жылайды?» - деп сұраса, осы сөзді айта бер, басқа еш нәрсе айтпа», - 

дейді. 

Сөйтеді  де,  Ер  Төстік  баланың  бесігінің  астын  қазып  алып,  жасырынып  жатады.  Кешке  Шойынқұлақ 



келеді.  Ер  Төстік  айтқандай,  Күңке  оны  тамаққа  тойғызып  жатқызады.  Жатқан  соң  баланы  жылата 

бастайды. Баланы әлдилеп уатқан болып отырып, шымшып жылата беред. 

Шойынқұлақ: 

«Күңке, баланы уат!» - деп ақырады. 

Күңке уатқан болып, баланы онан жамған жылатады. 

Бала жылай берген соң, Шойынқұлақ: 

«Балам неге жылайды, сұрашы», - дейді. 

Күңке баланың жылағанын сұраған болып, Шойынқұлаққа жауап қайырады: 

- Балаң: «Мен Шойынқұлақтың баласы емес, Ер Төстіктің баласы болсам керек. Егер Шойынқұлақ менің 

әкем болса, жанымды өз жанына қосқызып қояр еді. Қосу былай тұрсын, жанының қайда екенін да, маған 

әлі күнге дейін айтпай жүр. Ер Төстік болса, жанының қайда екенін әлдеқашан айтып берер еді, соған 

жылаймын», - дейді деп, Шойынқұлақты нандырады.  

«Балам былшылдамасын, оның әкесі Төстік емес, мен, оған менің жаным керек болса, оңаша жерде айтып 

беремін», - дейді Шойынқұлақ. 

Сөйтеді  де,  Күңкені  үйден  шығарып  жібереді,  Шойынқұлақ  баласының  бесігіне  келіп,  құлағына 

сыбырлап, жанының қайда екенін айтады:  «Жаным алыста, оны өзіммен бірге  сақтамаймын, Борықты 

бұлақтың басында қырық елік жүреді, соның ішінде қайқы қаракер елік бар, қайқы қаракер еліктің ішінде 

тоғыз қара сандық бар, сол сандықтың ең кішісінің ішінде тоғыз балапан бар, сол тоғыз - менің жаным 

болады. Осыны біліп қой. Жаның кеудеңе сыймай бара жатса, соған апарып қоса сал, бірақ өзіңнен басқа 

жан сезуші болмасын, егер сезуші болса, сен де, мен де, тірі болмаймыз», - дейді. Содан кейін ол орнына 

барып жатып қалады. 

Шойынқұлақтың жанының қайда екенін біліп алғаннан кейін Төстік салып отырып Борықты бұлақтың 

басына келеді. Еліктердің су ішетін суатын андып, жасырынып жатады. Күн шаңқай түс болған мезгілде, 

қырық елік Борықты бұлақ қайдасың деп салып келе жатқанда, суатқа жақындаған кезде, осқырынып тұра 

қалып қайта жөнеледі. Күн ысыған сайын еліктер суға беттеп келеді де, жақындағын мезгілде осқырып, 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              14 bet 

тұра қалып, жалт беріп, қайта жөнеледі. Үзап кетеді де, шөлге шыдамай суға қайта ойысады, бірақ суатқа 

жақындамайды, үркіп осқырынып тұра қалады. Әлден уақытта еліктер бір-бірімен сөйлесе бастайды. 

Біреуі: «Су басында бөтен бір иіс бар», - дейді. Енді біреуі: «Адам иісі секілді», - дейді. «Шойынқұлаққа 

қастық  ойлаған  біреу  шығар?»  -  дейді.  Әсіресе,  қайқы  қаракер  елік  өзгесінен  оқшау  артында  жүреді. 

Еліктер әлгідей сөзге келгенде, ол қаша жөнеледі. 

Сонда Ер Төстік үн беріп, мынаны айтады: 

Жан серігім қырық елік, 

Жаным сенде, қырық елік, 

Жан сақтаған қайқы қара, 

Шошытқан сені кім келіп? 

Суың тұнық былғанбаған, 

Қашасындар неден жеріп? 

Төстік ерді олжаладым, 

Қатынын құшып, атын мініп. 

Шошытып алдым сендерді, 

Адам исі содан сіңіп. 

Қайтуға көріп жанымды  

Жаңа келдім қолым тиіп. 

Жалғыз ұлым жаны да, 

Кеудесіне тұрмай сыйып. 

Қосқыза соны жіберді. 

Жан сақтаған қайқы елік, 

Жасымнан болдың жан серік.  

Судың ішіп тұнығын, 

Шөптен таңдап соны же, 

Адам иісі шығад деп

Менен үркіп жеріме. 

Өзім аман тұрғанда 

Кім келмекші жеріме, - дейді. 

Еліктер сонда да сенбей, осқырып, одырайып тұрысады. Сонда Төстік: 

Осы айтқаныма сенбестен, 

Қашасыңдар бермей жанымды. 

Айыра алмай дауысты, 

Сындырасыңдар сағымды, 

Жолдас болған сендермен, 

Шойын атым кұрысын, 

Қара ала тұйғын келген соң, 

Жырттырмасам таңыңды, 

Судай шашып қаныңды! - дейді. 

Сонда еліктер қашпай, суды жағалай бастайды. Шойышқұлактың бойын көрмеген соң, бұрынғыларындай 

етене  болып,  жаңындамайды.  Төстік  те  оларға  бойын  көрсете  алмайды.  Еліктер  сенерін  де  білмей, 

сенбесін де білмей, байқай-байқай келіп, суаттан жапырласып су ішуге бас қояды. 

Арт жағынан қайқы қара елік те суға бас қояды. Еліктер өте шөлдеп қалған екен, суға тойып, қарындарын 

қампитып, қайқайып шыға береді. Әсіресе, қайқы қараның қарны жер сызып, суаттан бұрыла берген кезде, 

Төстік қарнынан дәл көздеп садақты тартып қалады, қарны ақтарылып, тоғыз қара сандық жерге сау ете 

түседі. Ең кішісін ұстап алып, Төстік ашып жіберсе, іші толған балапан, шүпір-шүпір етеді. Санап жіберсе, 

тоғыз балапан екен. Сегізінің мойнын жұлып алып: «Шойынқұлақты шалажансарында бір көрейін», - деп 

соның үйіне тартады. 

 

Шойынқұлақтың үйіне жақындағанда Күңке алдынан шығады. 



«Шойынқұлақ қалай?» - деп сұрайды Ер Төстік. 

Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              15 bet 

«Шойынқұлақ әлсіреп жатыр», - дейді Күңке. 

Келсе, Шойынқұлақтың кірпігі зорға қимылдайды, болар болмас қана демін алып жатыр екен. «Е, батыр, 

қалайсың?» - деп, Ер Төстік мазақтап жақындай бергенде, Шойынқұлақтың қолы Ер Төстіктің жағасына 

сап ете қалады. Екеуі алыса кетеді. Төстік: «Оп-оңай-ақ жерге жаншып тастаймын ғой», - деп ойлап еді, 

Шойынқұлақ әл бермейді. Енді біраз алысқан соң Шойынқұлақтың күшейіп бара жатқандығы байқалады. 

Төстік  буынып  қара  терге  түсіп,  әлі  кетіп  бара  жатады.  Төбесінен  тау  басқандіай,  денесін  темір  тор 

шырмағандай болып көрінеді. Сол мезгілде Төстік Күңжеге жалынады:  

Жылан Бапы жерінен, 

Жер астының елінен 

Жалғыз-ақ ерген, жолдасым Күңке. 

Төстігіңнен айырылып  

Шойынқұлақ қолында  

Тұтқын болған Күңке. 

Киюге киім, жеуге тамақ таппай, 

Өмірін қорлықпен өткізген Күңке. 

Төстігің жаман қысылып, 

Жан шығуға ұсынды. 

Жетсеңші, жылдам, жетсеңші! 

Қорқақтап қашып кетпеші. 

Қойныма қолың салсаңшы, 

Сандық бар, жылдам алсаңшы! 

Балапан басы жұлсаңшы, 

Сөйтіп бір ерлік қылсаңшы! - деп зарланады. 

Күңке жүгіріп келіп, Төстіктің қойнындағы сандықты жұлып алып, ашып жібереді. Қараса, балапандар 

жыбырлап көбейіп қалған екен, мойындарын жұлып-жұлып алғанда, Шойынқұлақ сылқ етіп құлай кетеді. 

Төстіктің сандықпен қойнына салып әкелген бір балапаны сегіз балапан болып қалған екен. Енді біреуі 

тірілсе,  Шойынқұлақ  мүлдем  әл  бермей  кетпек  екен.  Балапандардың  мойны  түгел  жұлынған  соң, 

Шойынқұлақ та өліп қалған екен. 

Шойынқұлақты  өлтіріп,  демін  алып  отырса,  Шойынқұлақтың  баласы,  бесігін  шықыр-шықыр  еткізіп, 

бірдеме сөйлеп жатады. 

Төстік құлақ салып тыңдаса: 

«Қап,  бәлем,  Төстік,  саған  қылмасам,  әкем  Шойынқұлақтың  құнын  алмасам!»  -  деп,  шіреніп-шіреніп 

қояды.  Сол  арада  Төстік  оның  қол-аяғын  байлап  бесік-месігімен  суға  тастап  жібереді.  Сөйтіп, 

Бекторының жалмауызынан әбден құтылып алады да, Ер Төстік елін іздейді. 

Ер Төстік жер астына кіргеніне, түскеніне көп жыл болады. Ер Төстік жалмауыздың қолында қалды деп, 

елі мүлде күдер үзіп қояды. Жалғыз ғана Кенжекей: «Ер Төстік бір келер», - деп дәмелі болып жүреді. 

«Құба інген қашан боталар екен? Ер Төстіктің не өлген хабары, не келген хабары қашан білінер екен?» - 

деп соны күтумен болады. Бір күні Кенжекей ертемен тұрса, Құба інген жоқ. «Боталап кетсе игі еді!»  - 

деп, Кенжекейдің жүрегі су ете қалады. Жан-жақтан жүгіріп Құба інгенді іздейді, іздеп жүріп: 

Желі толған түйеден, 

Артайын деп ер қосын, 

Таңдап та алған, Құба інген,  

Арнап та алған, Құба інген.  

Алыс жолға Ер Төстік  

Шыққан күні, Құба інген.  

Не келгенде, не өлгенде,  

Боталауға серт қылып, 

Сөз байлап ең менімен. 

Ерте тұрып желіден  

Жүріп те кеттің,Құба інген, 

Әлде бір хабар  



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              16 bet 

Төстіктен Біліп кеттің, Құба інген.  

Төстік ердің өлгенін, 

Өлмесе қайтып келгенін 

Білдірші енді Құба інген.  

Дамыл көрмей қаншадан,  

Қайғы басып шаршаған,  

Қам көңілді тындыршы, 

Енді міне, Құба інген! - деп зарлайды. 

Сол мезгілде беліндегі орамалы шешіліп, аяғына оралып, әуре қылады. 

Сертпен тартып ораған, 

Торғын, белден босайсың, 

Аяқты орап шаршаған, 

Жүргізбейсің, тосайсың. 

Әлде бір хабар Төстіктен  

Білгенге бүгін ұқсайсың, - деп зарлап жүреді. 

Құба інген бір сайда боталайын деп жатыр екен. Ар жағынан ақсақ боз атқа мінген бір ақсақалды шал 

көрінеді.  Кұба  інген  боталап  жатқанда,  Кенжекейдің  беліндегі  торғын  орамалы  да  шыр  айнала 

тарқатылып, жазыла береді. Кенжекей: «Енді Ер Төстік өлген екен. Тірі болса әлдеқашан бір хабар болар 

еді», - деп ойлап, зарлана бастайды: 

Ақшелек келгір, Құба інген, 

Серттескен едің менімен  

Төстік ер қайтып келген күн, 

Немесе Төстік өлген күн, 

Белгі беріп бірінен, 

Боталармын дегенсің... 

Қаншама жыл өтсе де, 

Өмірім өтіп кетсе де,  

Үміт үзбей Төстіктен, 

Бір келер деп жүр едім. 

Төрт аяқты көсіліп

Тұла бойың есіліп, 

Боталапсың, Құба інген, 

Нені біліп есіріп. 

Келуінен хабар жоқ, 

Шамасы Төстік өлгені. 

Серттескен, торғын орамал, 

Орай будым белімді, 

Келмесе Төстік кешігіп, 

Шешілмеске бердің сертіңді. 

Төстіктен әлі хабар жоқ, 

Сусисың белден шешіліп, 

Туралғандай бырт-бырт кесіліп, 

Шамасы, Төстік өлгені! - деп, жылап отырады. 

 

Ақсақал шалдың астындағы ақсақ боз ат кісінеп қоя береді. Кенжекей аттың кісінеген даусынан оның 



Шалқұйрық екенін таниды. Кенжекей мен Құба інген екеуін Ер Төстік таниды. Сол арада амандасып, мәз 

болып қалысады. Бәрі де баяғы айырылған күндегі қалыптарына келіп, қайтадан жасарады. Ер Төстік жас 

жігіт, Кенжекей жаңа түскен келіншек, Шалқұйрық бесті ат қалпына келеді. Одан кейін ұзақ жылдар өмір 

жасап, мақсаттарына жетеді. 

 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              17 bet 

1 - Бөлім: Қазақша Ертегі: Ыбырай Алтынсарин (Қара батыр) 

http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1698 

 

 



Қара батыр деген ерді бала күнінде түрікпен елінің жортуылшылары ұстап алып, еліне апарған соң қой 

бақтырыпты.  Аш,  жалаңаш  сақтап,  жөнді  тамақ  бермеген  соң  бала  қойдың  далада  сүтін  сауып  ішіп, 

сонымен  күн  көріп  жүріпті.  Бір  күні  бала  далада  қамығып  жылап  отырғанда,  алдына  бір  қарға  келіп 

қонады. Бала қарғаға айтты: - Қарғалар-ау, қарғалар, қанды көрсе жорғалар, тұмарымды алсана, біздің 

елге  барсана,  сағынып  жүрген  әкеме,  тұмарды  бере  қалсана.  Қарға  бір  қарқ  етті  де,  ұшып  кетті.  Бір 

мезгілде сауысқан келіп қонды. - Ай, сауысқан, сауысқан, өлеске жеп тауысқан, тұмарымды алсана, елге 

бара  қалсана...  Сауысқан  шық-шық  етті  де,  ұшып  кетті.  Келіп  тырна  қонды.  -  Ұзын  мойын  тырналар, 

қайыры бар мырзалар, тұмарымды алсана, елге бара қалсана... Тырна тыррау-тыррау деді де, ұшып кетті. 

Келді қаз. - Әй, қаздар-ау, қаздар-ау, сізге бар-ды наздар-ау, тұмарымды алсана, елге бара қалсана... Қаз 

қаңқ-қаңқ етті де ұшып кетті. Келді акқу. - Көлден ұшкан қуларым, құс төресі туларым, тұмарымды алсана, 

елге бара қалсана... Аққу тоқталыңқырап, көлденеңдеп тұрды да, ол да ұшып кетті. Біраздан соң қарлығаш 

келді.  -  Әй,  қарлығаш,  тамыр-ай,  жауда  болдым  қалар-ай,  тұмарымды  алсана,  елге  бара  қалсана... 

Қарлығаш ұшып олай кетті, ұшып бұлай кетті, ақыр қимай келіп, баланың қолына қонды. Бала ойлады: 

әкем тұмарымды көріп таныса да, қай елде екенімді біле алмас; бұған бір белгі салайын деп, өзінің қолын 

пышақпен шаншып қанатты да, қанымен тұмар үстіне түрікпен елінің таңбасын салды. Сөйтіп болған соң, 

тұмарды  қарлығаштың  мойнына  байлап,  елінің,  әке-шешесінің  жерін  айтып,  ұшырып  қоя  берді. 

Қарлығаш ұшты аспанмен, баланың айтқан жоспармен, асқар-асқар таулармен, айдын шалқар көлдермен, 

батпақ-лай  шөлдермен,  түрлі-түрлі  жерлермен;  қос  қанатын  қамшылап,  аспаннан  қатер  көрінсе,  таса 

жерді жамшылап, үстінен тері тамшылап, неше мерзім жерді өтті, неше мерзім елді өтті, нақ отыз күн 

болғанда,  бір  ауылға  сол  жетті,  баланың  айтқан  аулы  осы  ма  деп,  меңзепті.  Бұл  ауылға  келген  соң, 

қарлығаш әр үйдің төбесіне қонып, адамын байқап жүрсе де, баланың айтқанына ешқайсысы ұқсамайды. 

Сөйтіп шаршап қалғып отырғанда, бір ыңырсыған кемпірдің даусы шықты. Құлағын салып қараса, кемпір 

айтады: - Ау, шырағым-құлыным, маңдайымда тұлымым, көлге біткен құрағым, жалғыз ұлым шырағым! 

Жау алды ма білмедім, су алды ма білмедім, аң алды ма білмедім, жөнінді біліп, шырағым, құрбаның боп 

өлмедім,  жиырма  төрт  ай  болды,  мен  жалғызды  көрмедім!..  Сен  тұра  тұр  деп  кемпірді  тоқтатып,  шал 

айтады: - Жалғыз біткен талшыбық, келбетің келген қарағым, бір дерегің білуге, дүниені кезіп қарадым, 

аш 6уpaдай жарадым, он екі мүшем секілді, аш күзендей бүгілді, таулардың насат тасындай, берік-ақ еді 

сүйегім, өрт шалғандай егілді. Қайда да кеттің, сұңқарым, үміт еткен тұлпарым, бір көрсетіп алмады, сол 

ғана болды-ау іңкәрім. Онда бір жас қыз бала әке-шешесін тоқтатып сөйлейді: - Нар кескен деген алмастай, 

асыл еді негізің, бірге туған егізім, сен тұрғанда ойлаушы ем, арғымақ ат мінермін, асыл киім киермін, 

тең-құрбымнан  ілгері,  мен  жарқырап  жүрермін,  биіктен  талап  тілермін,  ойын-күлкі  сауықпен,  қызық 

дәурен сүрермін. Егізімнен айрылып, ақша беттен қан кетті, көңілімнен жан кетті, желкілдеп шықкан көк 

шөптей, жап-жас қана күнімде, міне бізден сән кетті. Әй, қартымыз, қартымыз, көзіңнің жасын тартыңыз, 

мен бүгін бір түс көрдім, әжептәуір іс көрдім, түсіме жору ай-ыныз: қолдан ұшкан сұңқарым, қайта қонып 

жүр екен, үйірден жойған тұлпарым, қайта келіп жүр екен, бірге туған құлыным, үйге келіп жүр екен. 

Бізге құдай берген-ді, кісі көрмес өлген-ді. Баба-түкті ІПашты-әзіз, нақ сарт болып кетпесе, хабар алып 

шырақтан, бір қарлығаш келген-ді... Бұл сөзді есіткен соң, қарлығаш тіп-тіке шал-кемпірдің алдына қонды. 

Бейшаралар жылап-сықтап тұмарды алып, таңбасынан Қара батыр түрікпенге барғанын білісті. Сонан соң 

ат жаратып, адам жиып, түрікпен жұртына барып, көп тарту-таралғы беріп, баласын алып қайтты дейді. 

 

2 - Бөлім: Қазақша ертегі: Мақта қыз бен мысық 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1699 

 

 



Баяғыда Мақта қыз болыпты. Мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да, мысықты шақырады, 

Мысық келмейді. Қыз: – Келмесең келме! – деп, мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң мысық келіп: – 

Неге шақырдың? – деп сұрайды. Мақта қыз айтпайды. Сонан соң мысық: – Ендеше қатығыңды төгем! – 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              18 bet 

дейді. Мақта қыз: – Мен құйрығыңды кесіп аламын! – дейді. Мысық қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың 

құйрығын кесіп алады. Мысық: – Апа, апа, құйрығымды берші! – дейді. Мақта қыз: – Менің қатығымды 

төле! –дейді. Мысық сиырға барады. – Сиыр, маған қатық берші! – дейді. Сиыр: – Менің қарным ашып 

тұр. Маған жапырақ әкеліп берші! – дейді. Мысық ағашқа барып: – Ағаш, ағаш, жапырағыңды берші! – 

дейді. Ағаш: – Мен шөлдеп тұрмын. Су әкелсең, жапырақ беремін, – дейді. Мысық суға бара жатса, су 

әкеле жатқан қыздарды көреді. – Қыздар, қыздар, маған су беріңіздерші! – дейді. Қыздар оған: – Бізге 

сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз,  – дейді. Мысық дүкенге барады. – Әй, дүкенші, маған сағыз 

берші! – дейді. Дүкенші: – Маған жұмыртқа бер! – дейді. Мысық тауыққа барады. – Тауық, тауық, маған 

жұмыртқа берші! – дейді. Тауықтар: – Бізге дән әкеліп берсең, біз саған жұмыртқа береміз, – дейді. Мысық: 

«Енді  не  қыламын?»  –  деп  бара  жатса,  бір  ін  қазып  жатқан  тышқанды  көреді.  Мысық  тышқанды  бас 

салады. – Жаныңның барында айт! Үйіңде не бар? – дейді. Тышқан қорыққанынан: – Үйімде бір табақ 

тары бар, – дейді. Мысық: – Маған бір уыс тары бер, – дейді. Тышқан үйіне барып, бір уыс тары әкеліп 

береді; мысық тарыны апарып тауыққа береді, тауық жұмыртқа береді; жұмыртқаны апарып дүкеншіге 

береді; дүкенші сағыз береді; сағызды апарып қыздарға береді, қыздар су береді; суды апарып ағашқа 

береді;  ағаш  жапырақ  береді;  жапырақты  апарып  сиырға  береді,  сиыр  қатық  береді;  қатықты  апарып 

Мақта қызға береді, Мақта қыз мысықтың құйрығын береді. 

 

3 - Бөлім: Қазақша Ертегі: Еріншек 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1700 

 

 



Ешбір жұмыс тындырмас, шөптің басын сындырмас, еріншек бір етікші болыпты. Еріншек етікшінің үш 

ешкісі  бар  екен.  Күн  суытып,  қыс  түсіпкележатқанын  көре  тұра  еріншек  ешқандай  қам  жасамапты. 

Ешкілеріне азықтық жем-шөп жинамапты. Бір түнде боран қар жауады да, жердің бетін ақ көрпе бүркеп 

қалыпты. Ешкілері енді бұрынғыдай өрістеп жайыла алмай, суық қорада бүрісіп, дірдектеп тұрады. Етікші, 

керек десең, сыртқа шығуға да ерініп, әйеліне: — Барып көріп келші, ешкілерге не болып жатыр екен,— 

деп жұмсайды. Әйелі барып көріп келеді де: — Бір ешкі өліп қалыпты,— дейді. Сонда еріншек: — Е, мал 

іші болған соң, өлім-жітімі де болады ғой,— деп жата беріпті. Ертеңіне еріншек ешкілерді көріп келуге 

әйелін тағы жұмсайды. — Тағы бір ешкі өліп жатыр,— деп келеді әйелі. Еріншек келесі жамбасына аунап 

түсіп: — Мал іші болған сон, өледі де,— дейді де қояды. Үшінші күні етікші әйелін малды көріп кел деп 

тағы  да  жұмсайды.  Әйелі  жалғыз  ешкінің  де  қатып  қалғанын  айтып  келеді.  Сонда  етікші  жаны  жай 

тапқандай, бір аунап түсіп: — Бәйбіше, біздің малдың өлімі өсымен тыйылған да шығар,— депті. 

 

4 - Бөлім: Қазақша Ертегі: Мұрагер 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1701 

 

 



Бір шалдың төрт ұлы болыпты. Бір күні шал ұлдарын жинап алып: - Мен қартайдым. Біреуіңнің үй иесі 

болатын уақыттарың жетті. Кімнің ақылы байлығына сай болса, сол мұрагерім болады. Әр қайсың маған 

байлыктарың мен ақылдылықтарынды көрсетулерің керек,— дейді. Үлкен ұлы асыл тас салған жүзігінің 

көзін көрсетіп: - Міне, менің байлығым. Ал кім бай болса, сол ақылды,—дейді. Екінші ұлы асыл киімдерін 

киіп, әдеміленіп келеді де: - Мені осы түрімде көргендер ақылым мен байлығымның алдында бас иеді,— 

дейді.  Үшінші  ұлы  күміспен  және  алтынмен  апталған  белдігін  буынады  да:  -  Мұндай  белдікті  ешкім, 

ешқашан буынып көрген емес,—дейді. Әкесі үлкен балаларына қарап, басын шайқайды да, ең кіші ұлына 

бұрылып: - Сен неге үндемейсің? Сен қандай байлығыңмен мақтанасың?— дейді. Сонда кенжесі: - Менде 

асыл тасты жүзік те, сәнді киім де, алтын-күміспен апталған белдік те жоқ. Тек жұмысқа жарамды екі 

қолым  бар,  кайрат-жігерге  толы  жүрегім  бар,—  дейді.  Шалға  кенже  баласының  тапқыр  да  ойлы  сөзі 

ұнайды.  -  Жұмыс  істей  білген  адам  жұтамайды,  -деп,  өзінің  кенже  ұлын  үй  шаруасын  басқаруға 

мұрагерлікке атайды. Үлкен балаларына інісінің айтқанынан шықпай, талабын орындауды өсиет етеді. 

 

5 - Бөлім: Қазақша Ертегі: Үш жетім 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              19 bet 

http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1702 

 

 

Ертеде, ерте заманда, ешкі құйрығы келте заманда бір патша бар екен. Оның жалғыз ұлы болыпты. Ол 



ұлы ажалы жетіп ауырып өліпті.  Жалғыз ұлының күйігінен патша далаға шықпай жатып алыпты. Бұл 

патшаға бірнеше патша көңіл сұрай барыпты. Сонда да тұрмапты. Патша басқармаған соң елі күйзеліпті. 

Осы елде жан ашыр адамы жоқ, әке-шеше, аға-іні дегендей туған туысы жоқ үш жетімек бар екен. Бұлар 

үшеуі ақылдасып «біз патшаның көңілін сұрасақ қайтеді» деген оймен патшаға бармақшы болады. Бұлар 

халықтарына  «біз  барып  көңіл  сұрасақ  қайтеді»  деп  ақылдасады.  Халықтары:  «Сен  үшеуің  түгіл 

сендерден де зорлар барып көңіл айтқан сонда да тұрмаған патша, сендерге тұра ма?» - депті. Әрине ол 

уақта жетім-жесірді көрсе де көзге ілмейтін уақ қой. Осы күні бұл үшеуі жылап-жылап ауылына қайтады. 

Тағы бір күні үшеуі ақылдасып, алған бетімен патшаның ордасына бармақшы болып, үйінен шығып, сол 

бетімен ордаға келеді. Барайын десе алдындағы қарауыл рұқсат етпейді. Осы жерде бұлар тұра береді. Ол 

қарауылдары барып, патшаға хабар етеді. Бала деген соң «патша қандай жұмысы бар екен, әкел» дейді. 

Сонымен үшеуі барып отырады. Онан соң патша: «Қош, жұмыстарың не, айт», - дейді. Үшеуінің ішінде 

біреуі тұрып айтады: - Ия, таласымыз бар. «Қандай талас, айт қәне?» - дейді патша. Бала біреуін қолымен 

көрсетіп:  «Мынау бір жерге алтын қойып кетіпті. Оны мынау қойған жерден алып кетіпті. Осы алтын 

қойған баланікі ме, жоқ болмаса, қойған жерден алған баланікі ме, міне, осы таласымыз», - дейді. Патша: 

«Әрине, қойған баланікі», - дейді. Бала тұрып: «Сонда алтын қойғандікі болды ма?» - Ия. - Ендеше, құдай 

баланы осы дүниеге қойды, яғни жаратты, оны сіз алдыңыз. Бірақ ол алған сіздікі емес, қойған құдайдікі 

ғой. Не үшін қапа болып төсектен тұрмай жатырсыз?  - деп көңіл айтыпты бұл үшеуі. Онан соң патша 

орнынан тұрып есін жинап, қайтадан халқын жинап алыпты дейді. Патша уәзірлерін шақырып, бұларды 

уәзірлердің  қатарынан  босатып,  бұлардың  орнына  үш  жетім  баланы  ақылды,  білгір,  зеректігі  үшін 

уәзірлік қатарына енгізіпті. Ал енді бұлар уәзір болып тұра тұрсын. Бұрынғы ескі  уәзірлеріне келейік. 

Бұлар  үш  жетімнің  уәзір  болғанын  көре  алмай  елге  үгіт  таратып,  осы  жердегі  тау  тасты  уатуға,  елді 

бүлдіруге кірісіп, қаланың көп жайларын бұздырып осындай әрекет жасап жүрген кезде патша бір күні 

жорыққа  бұрынғы,  соңғы  уәзірлерімен  шықпақшы  болады.  Сөйтіп  жорыққа  шығып  келе  жатса  бір 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет