қайырылыс жерде екі байғыз атты құсқа көзі түседі. Қараса біреуі ойда, екіншісі қырда отырған екен. Үш
жетім бұрын айтады екен «біз құстың да тілін білеміз» деп. Оны ана уәзірлер біледі екен. Бұлар айтыпты,
патшаға: «Осы сіздің жаңадан сайлап алған үш уәзір балаңыз айтатын еді, біз құстың да тілін білеміз деп,
егер де білетін болса анау отырған байғыздың біреуі ойда, екіншісі қырда нағып отыр екен осыны
сұраңызшы», - депті. Байғызбен тілдесіп біліп келу үшін біреуін жібереді. Ол атынан түсіп, атының ерін
қайтадан мықтап тартып алып, қайта атына мініп артынан қуып жетеді. Аналар сұрайды: «Не үшін біреуі
ойда, екіншісі қырда отыр екен?» - дейді. Бала сонда: - Ойда отырғанның жалғыз ұлы бар екен, қырда
отырғанның қызы бар екен, екеуі қалың мал сөйлесіп отыр екен. Қызы барға ұлы бар айтады екен «менің
балама қызыңды бер» дейді екен. Ол «қанша мал бересің» депті. Ұлы бар: «Отыз алтын берем», - депті.
Қызы бар айтыпты: «Онда саған қызымды бермеймін, себебі отыз алтын өзімде бар, одан да көбірек бер,
- деп, бітісе алмай отыр екен», - деп бала осымен сөзін тамамдапты. Сонда патша тұрып: «Ә, менің
адамдарым бұзылған екен ғой», - деп ойға кетіпті. Сөйтіп серуендеп болып кешкі уақытта жай-жайына
тарасыпты. Кешке таман патша жаман киім киініп алып, қаласын аралап көруге шығып, қаласын қараса,
қаласының тең жарымы бұзылуға тақалып қалған екен, оны көріп қайтады. Ертеңіне «қош енді, балалар,
ел бүлініп, қала бұзылыпты, бар жайларыңды табыңдар» деп, үш жетімді уәзірліктен босатып қоя беріпті.
Балалар сөйтіп бас қамымен жүре тұрсын. Енді қалаға келейік. Бұрынғы уәзірлерді қайта сайлап алыпты
да, патша селт етпей шалқасынан жатып уәзірлеріне аты-жөні жоқ «әкел!» депті. «Егер үш күнге шейін
әкелмесеңдер бастарыңды кесем», - депті. Сонымен бұлар не әкел дегенін білмей, ақылдасып, «осы ана
үш жетім балалар зерек еді, соны іздейік» депті. Сонымен бұл үшеуін екі күн өтіп, үшінші күні іздеп
тауып алады. Келе бұлар балаларға сәлем береді. Ол үшеуі де сәлемін қабылдады да: «Қош, жол болсын,
қайда барасыздар?» - деп сұрау сұрады. Бұлар жауап берді. «Біз сіздерді іздеп жүрміз. Себебі біз өлетін
болдық, патша бізге уақыт берді. Ол мынадай, шалқасынан селт етпей, жатып алып аты-жөні жоқ «әкел!»
дейді, не әкел дегенін білмей келеміз, сонымен бізге үш күн уақыт берді. Ол бүгін бітетін күні», - деді.
«Дұрыс, онда қала бұзылған, соны жөндеу үшін ұста әкел дегені ғой!». Онда сол күні, сол уақытта артына
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
20 bet
кейін қарай қайтып, бірнеше ұста апарады. Сонда патша: «Е, қош, үш күннен бері ұста таба алмадыңдар
ма? Неғып кешіктіңдер, айт шындарыңды! » -депті. Сонда аналар тұрып: - Не әкел дегеніңізді білмей әлгі
үш баладан сұрап білдік, - депті. «Ә, ырзасыңдар ма, зеректігіне?» - депті патша. - Ырзамыз, сол үшеуін
қойыңыз, - депті. «Иә, болмаса ертіп әкел», - деп алдырып, қайта уәзір сайлайды. Енді аз күннен соң елінде
наразылық туып, «біз жетімді уәзір сайламаймыз» деген соң, елі бұзылып кететін болған соң, қайтадан
үшеуін босатып қоя береді. Сонымен бұл үшеуі басар тауы жоқ, барар жері жоқ каңғырып басқа
патшаның қол астына кетеді. Үшеуінің ендігі кәсібі патшаның қазынасынан алтын алып ауқат етпекші
болды. Бұлардың үйі моланың тесігі болды. Түнде патшаның қазынасындағы алтынды үшеуі үш дорбалап
тасып көрге әкеліп жинай беретін болды. Азанда патша қазынасын қараса, алтынның азайғанын көреді.
Ертеңіне уәзірлері мен қарауылдарын қояды. Сонда да сол күні үшеуі ешкімге білдірместен тағы алтын
ұрлап көрге әкелді. Ертеңіне патша қараса,тағы азайып қалған.Патша қапаланып өзі қарауыл болып
тұрады,«көрейінші қандай неме ол» деп сонда да патшаға білдірмей әлгі үшеуі тағы да қазынадан
алтынды ұрлап алады. Азанда қазынаны қараса, тағы жоқ біраз алтын, қапаланып патша сол күні кешке
жансыз болып, жаман киімді киіп алып кешке түнімен жүреді, сүйтіп жүрсе, бір жерде бір үшеу бір нәрсе
арқалаған, ырс-ырс етеді. Дереу патша артынан ере береді. Балалар жаңағы адамнан: «Қайда барасыз», -
деп сұрайды. Ол адам өздерінен: «Сіздер қайда барасыз?» - дейді. Бұл үшеуі «нан талап» дейді. Әлгі адам
да «мен де нан талаппын, қарағым» дейді. Әңгімелесіп көрге қарай келе жатса, бір жерде ит үріпті
қоймастан, сонан соң жаңағы үшеуінің біреуі тұрып: «Ә, сіз патша ма едіңіз, ана ит маған іштеріңде патша
кетіп бара жатыр деп үріп тұр ғой», - депті. Сонда ол: «Жоқ, шырағым, менен патшалық не алсын, бірақ
кішкене күнімде өздерімізше ойнап жүргенімізде балалар мені патша етіп ойнаушы еді», - деп
жалтартыпты. Олар осы айтқанға шыннан сеніпті. Үшеуі әлгі адаммен төртеу болып көрден соққан үйіне
келеді. Өздерінше жай әңгімелесіп әлгі адам әңгімемен бұлардың әдіс-айласын білу үшін әр түрлі сөзге
сала отырып, үшеуіне айтыпты: - Ұрлық ету үшін қандай амалдарың бар? - депті. Үш баланың біреуі:
«Менің амалым патшаның қазынасынан алтын ұрлағанымды ешкімге білдірмеймін де, сездірмеймін де,
міне, менің айла әдісім», - депті. Екіншісі: «Менің амалым үрген иттің тілін білем!» - депті. Үшінші біреуі:
«Мен бір көрген адамымды айнытпай тауып аламын, маған бәрібір жеті қараңғыда көрсем де, күндіз
көрсем де танимын», - депті. Бұл үшеуі сөзін бітіріп болған соң: «Иә, сіздің қандай амал, айлаңыз бар?» -
депті. Бұл адам айтыпты: «Ажалға кетіп бара жатқан адамды ажалдан құтқарамын», -деген екен. Енді
бұлар сөзін тауысып төртеуі ұйқыға кетеді. Сол уақытта ана үшеуін ұйықтата салып патша қайтадан
бұрынғы киімін киініп болып, дереу тез қарауылдарына барып: «Дәл көрде үш бала бар, соны барып
үшеуін бірдей дарға тартып, алтынды қазынаға сал!» - депті. Дереу қарауылдар келсе, үш бала ұйықтап
жатыр, қасында алтын. Алтынды алып сол түнде қазынаға салады да, азанға шейін қарауыл тұрады.
Азанда үшеуі тұрса, алтын да, жанындағы адам да жоқ. Дереу үшеуі жан-жағына алақтап, сасқалақтап
далаға шығайын десе, ана қарауыл әскерлер үшеуін ұстап алып, аяқ-қолын байлап дарға аспақ үшін
даршыға береді. Даршы үшеуінің мойнына жіп байлап аспақшы болып жатады. Осы уақта патша бір биік
жерден жаңағы үшеуін көрмекші болып тұр еді, себебі қандай әдістер жасар екен деп ойлап еді. Сол
уақытта адам танығыш бала дереу даршыдан ұрықсат сұрап мойнын босаттырды да, әлгі патшаға бала
тұрып: - Е, адам, түндегі адам сен емес пе едің, өлімге ажалға кетіп бара жатқан адамды өлімнен, ажалдан
құтқарам дегенің қайда, құтқар, міне, өлімге кетіп бара жатырмыз, - деді. Сонда патша даршыға
босаттырып, құтқарып жіберіпті. Сөйтіп, өзіне әлгі үшеуін уәзір қылып тағы алыпты.
6 - Бөлім: Қазақша ертегі: Бір жарым дос
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1703
Хан баласына қазына береді. Өзіңе дос жи дейді. Баласы 100 дос тауып келдім дейді. Қырық жыл хан
болып, менде бір жарым ғана дос бар. Сен қалай бір жолғы сапарда 100 дос таптың дейді әкесі. Сөйтіп
бір жарым достың тарихын айтады. Оның бір досы - бай, жарты досы - кедей екен. Хан сол екі досын
сынамақ болады. Мен үшін жаныңды қи, сонда мен тірі қаламын,-дейді хан бүтін досына ауырып жатқан
болып. Ол жанымды емес, малымды ал, балаларым көп еді дейді. Хан кедей досын шақырады. Оған да
соны айтады. -Қидым,-дейді кедей. -Неге?-деп сұрайды хан. -Менің жаным халықтың ханын сақтап
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
21 bet
қалуға жараса, одан артықтың керегі не маған,-дейді кедей. Содан соң хан кедейді бүтін, байды жарты
досым депті.
7 - Бөлім: Қазақша Ертегі: Ыбырай Алтынсарин (Қарлығаш)
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1704
Ертеде бір бес ағайынды жігіт бар екен. Бесеуі бір байтеректің қасына жарты жер салған екен. Егіні піскен
соң, түнде келіп біреу жеп кетеді екен. Сонан соң олар егінін күзетіпті. Әуелі үлкен ағасы күзетіпті, бірақ
ешкімді көрмепті. Солайша төрт ағасы - төрт күн күзетіпті. Бесінші күні ең кішісі күзетіпті, аты
Қарағылыш екен, Қарағылыш күзеткен күні көктен бір қара бие келіпті; егінді жеп жатқанда Қарағылыш
оны ұстап алыпты. Сонда әлгі қара бие айтыпты: - Ей бала, мені жібер деді; менің бес құлыным бар,
бесеуін бесеуіңе берейін - деді. Қарағылыш оны қоя берді. Сонан соң қара бие құлындарын алып келіп,
ең кішісін Қарағылышқа берді, бөтен төртеуін төрт ағасына берді. Сонда бәрі жарысқанда Қарағылыш
озады екен. Бір күні Қарағылыш жұлындай жерден түтін көріпті; көрген соң соған барыпты, барса - бір
жалмауыз кемпірдің үйі екен. Ол кемпірдің бес қызы бар екен; қыздарының ойнайтын, жататын, тамақ
ішетін үйлері бөлек-бөлек екен. Сонда Қарағылыш қыздардың ойнайтын үйіне барып, кілемнің астына
жатыпты. Қыздар келе бергенде кілемді көтеріп қалыпты. Сонда қыздар ойбайлап, шешесіне барыпты.
Шешесі ұрысып жіберіпті. Сонан соң қыздар келіп ойнап отырғанда, Қарағылыш қыздарды ұстап алып,
төртеуін екі қолтығына тығып, біреуін иініне тығып, атына мініп қашыпты; қашқанда кемпір
Қарағылышқа жылап айтыпты: - Қыздарымды ертең ұзатайын, бүгін өзің қон! -депті. Сонан соң
Қарағылыш қыздарын өзіне беріп, өзі қоныпты. Кеш болған соң Қарағылышқа ұйықта деп, төсек салып
беріпті. Қарағылыш тысқа шықса, аты бір көзінен қан, бір көзінен жас ағып тұр екен. Сонда аты айтыпты:
-Сен бүгін ұйықтама, ұйықтасаң сені өлтіреді, жалмауыз кемпір темір тіс соқтырып жатыр - деді.
Қарағылыш үйге келіп ұйықтамай жатыпты. Сонда кемпір келіп, есікті қарап айтыпты Ұйықта шырағым!-
депті де, кетіп қалыпты. Біраздан соң тағы келіпті. Сөйтіп жүргенде таң атып қалыпты. Сонан соң кемпір
қыздарын ырғап-жырғап ұзатыпты, сонда айтыпты: - Осы жерде үш бел бар, екеуіне қонбаңдар, ең
шетікісіне қоныңдар - депті. Күн кеш болған сон төрт ағасы ең ортадағысына қоныпты. Қарағылыш
жаңғыз өзі ең шеткісіне барып қоныпты. Қарағылыш ертең тұрған соң, төрт ағасы жылап жатыр екен,
есітіпті оларға бір кісі айтады екен: -Қарағылышты әкеп берсеңдер, жіберейін - деп. Соны Қарағылыш
есітіпті де, соған келіпті; келсе -бір айдаһар екен. Ол айдаһар бөтен ағаларын қоя беріп, Қарағылышты
алып қалыпты. Сонан соң Қарағылышқа айтыпты: - Берімес ханның өлімес қызын акеп бер! -депті.
Қарағылыш жарайды деп кетіпті. Келе жатса бір тауды бір тауға қосып [жатқан] кісіге жолығады. Сонда
Қарағылыш сұрапты: - He ғылып жүрсін? - деп. Ол кісі айтыпты: - Қарағылышқа жолдас болайын деп
жүрімін-депті. Сонымен жүргенде Қарағылыш тағы бір көлді көлге қосып [жатқан] кісіні жолдас қылып
алыпты және бір мергенді және бір шапшаңды; шапшаң сонша асқан екен: екі отырған сауысқанның
бірінің құйрығын біріне кесіп алып жалғайды екен. Солармен бір атқа мінісіп келіпті. Келсе бір екі тау
көріпті: сол таудың бүйірінен ірің ағып жатыр екен. Мұның астында ханиық ауылы бар екен. Қарағылыш
ханға барып айтыпты: - Сенің кызыңды алайын деп келдім - депті. Сонан соң хан айтыпты: - Бес айла
қыламын, бесеуін де тапсаң қызымды беремін, таба алмасаң өлтіремін! -деді. Әуелі ат жарыстырамыз деп,
ат жарыстырыпты. Сонда Қарағылыштың аты алдымен келіпті. Сонан соң хан жаяу кісі жарастырамын
депті. Сонда Қаралығыш манағы жүйрікті шығарыпты; хан бір кемпірді шығарыпты. Ол кемпір бір шелек
бал алыпты. Жарысардың алдында ол кемпір жүйрігіне балды беріп-беріп мас қылыпты, ұйықтатып
тастап өзі кетіп қалыпты. Сонда жер тыңдаушы да айтыпты. - Сол біреу адам келеді - депті. Сонда
Қаралығыш мергенге: - Ат! - депті. Мерген басындағы шелекті атыпты; шелектің дыңғырлаған
дауысымен [жүйрік] оянып тұра салып, орнынан біір уыс топырақ ала салып жүгіріпті. Кемпірге жеткен
соң [ол]: - Шеше! - депті. Сонда кем.пір артқа қарағанда, көзіне топырақ шашып қалғанда, кемпір
ойбайлап қалыпты. Сөйтіп жүйрік алдымен келіпті. Сонан соң хан барлығын бір темір үйге қамапты да,
жан-жағынан берік басыпты. Сонда манағы көл ұрттағыш екі ұртына екі көлдің суын ұрттап әкеліп, үйге
шашыпты. Сонан соң хан қызын ұзатыпты. Манағы Қарағылыштың жолдастары орнында қалыпты,
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
22 bet
оларға Қарағылыш киім берген екен, олар алмапты. Сонан соң Қарағылыш қызды айдаһарға әкеліп беріпті
де, өзі кетіп, келе-келе жатып, өзінің ағаларын тауып алыпты.
8 - Бөлім: Қазақша Ертегі: Гүл
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1705
Баяғы өткен заманда бір гүл өмір сүріпті. Гүлдің басқа достары болмапты. Бір күні күн бұлттанып,
жаңбыр жауа бастайды. Гүл жаңбырдан қаша алмайды. Жаңбыр жауып, басылған соң, күн қайта ашылады.
Кейін гүлдің көңілі көтеріліп, қуанады. Ол әр-түрлі қимыл жасап билейді. Бір кезде оның басындағы
тұқымы жерге себіледі. Гүл оны байқамайды. Гүл тағы да менің достарым жоқ, деп мұңайып жылай
бастайды. Қарап тұрған күннің көзі жабылып, тағы да жаңбыр жауады. Жаңбырдан соң, гүл жан-жағына
қараса кішкентай-кішкентай гүлдердің шыға бастағанын көреді. Гүл: «Енді менің достарым көбейді,
алақай» - деп қуанады. Содан бері әр-түрлі гүлдер жерге шыға бастапты.
9 - Бөлім: Қазақша Ертегі: Ыбырай Алтынсарин (Тазша бала)
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1706
Ертеде бір шал мен кемпір болыпты. Олардың үш баласы, бес ешкісі бар екен. Бір күні үлкен баласы басқа
жерден пайда кәсіп қылуға талап етіп, өзіне тиген енші ешкісін сойып алып, етінен кемпір мен шалға бір
түйір де берместен, арқалап кетіпті. Келе жатса бір өнерші байдікіне келеді. Бұл байға өнер үйренуге ол
жігіт жалданыпты. Өнерші бай бек қатты жауыз адам екен, ол жалданған жігітті бір сандыққа салып
қойып, аштан өлтіріпті. Үйінде қалған ортаншы баласы, бұ да өнер үйренбекке талап етіп, ода ағасының
кеткен жолымен кетіп, о да өнерші байға келіп жалданып ты. Өнерші бай оны да ағасынша аштан өлтіріпті.
Үшінші ұлы Тазша бала, о да ағаларындай өзіне тиген енші ешкісін сойып алып, жарты етін әке-шешесіне
беріп, олардан рұқсат алып, арқалап кетіпті. Келе жатса бір қора қойға ұшырапты. Бұл қора қойдың
қойшысына жолығып сұраса, бұл қойлар өнерші байдікі екен. Ол Тазшадан сұрайды: -Балам, қайда
барасын? -деп. Тазша бала жауап береді: - Өнер үйренуге барамын -деп. Сонда шал тұрып айтады: . -
Балам, ол сөзіңді бөтен ешкіміге айтпа- деп,-өзіңе өтірік айтпа, жатқа (бөтендерге) шыныңды айтпа деген
- деп. Сонан соң бұл бала шалдың бұл айтқаны рас екен деп ойлап, өнерші байға барыпты. Байдың үйіне
қонып, ертең жүрейін деп жатқанда, өнерші бай Тазшадан сұрайды: - Балам қайда барасың, жолың болсын?
- деп. Тазша бала жауап береді: - Мен өзіңдей ер баласы жоққа еншілес бала боламын - деп. Сонда өнерші
бай айтады: - Балам, сен біздікінде қал, маған бала бол, біздің бір ақ кұнан қойды сойып, той қылып, асық
жілігін етімен өзін, жеп той, мен өзім жолаушы барамын - дейді де, өзі жолына кете береді. Бала (Тазша):
- Хош әке, жақсы бол! -деп, үйінде қала беріпті. Бұл өнөрші байдың үйінде бір қызы бар екен. Бұл Тазша
балаға айтады: - Аға, сен асық жіліктен өзің жемей, керегенің басына іліп кой, сонда бір ақ тазы келіп,
жілікке ұмтылар, сонда сен балтамен ол тазыны лақтырып өлтір - деп. Мұнан соң Тазша бала ақ құнан
қойды сойып, той қылып, көршілерін шақырып, асық жілігін өзі жемей, қыздың айтқанын қылып,
керегенің басына іліп қойғанда, айтқанындай ақ тазы келіп етті жілікке ұмтылғанда, Тазша балтамен
жіберіп қалыпты; бірақ балтасы тазыға тимей, ит кашып құтылып кетіпті. Өнерші бай үйіне келген соң,
Тазша баланың мұндай істерді істегенін біліп, қатты ашу етіп, бұл итті аштан өлтірейін деп сандыққа
салып қойыпты. Бұл байдың бағанағы қызы, әкесі жоқта, сандығының түбін тесіп тамақ беріп, Тазшаны
тойдырып тұрыпты. Бірнеше күндер өткен соң Тазшаның өз әкесі балаларын іздеп шығып, өнерші
байдікіне келіп сұрады: - Бір Тазша деген балам бар еді, соны көрдіңіз бе? - деп. Өнерші бай: - Көргенім
жоқ - деп жауап береді. Бұлардың сөйлесіп тұрған сөздерін Тазша үйде сандықта жатып есітіп жатыр еді.
Бай әлгідей дегенде, Тазша: - Әке, мен мұндамын! - деп, сандық ішінен айқайлапты. Даусымен баласын
танып, байдың сандығынан шығарып алып, Тазша мен әкесі үйіне қайтыпты. Тазша жолай әкесіне айтады:
- Әке, мен бір қара құнан қой болайын, мойныма жіп тағып, жетектеп барып базарға жақсы бағаға сат,
бірақ жібіңді алып қал - дейді. Баласы сол жерде айтқанынша қара құнан қой болады, әкесі мойнына жіп
тағып базарға апарып сатып, ақшасын алып, үйіне қайтады. Ертеңіне баласы өз қалыпына түсіп, әкесіне
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
23 bet
айтады: - Әке, мен бір қара жорға ат болайын, мені базарға апарып сат, пұлымды ал, бірақ шылбырымды
алып қал - депті. Баласы айтқанынша ат болып, әкесі базарға апарып сатып, шылбырын алып, үйіне
қайтты. Ертеңіне баласы, Тазша, тағы өз қалпына түсіп, үйіне келіп, әкесіне айтады: - Әке, мен бір жез
бұйдалы нар-тайлақ болайын, сен мені базарға апарып сатта, бұлымды алып, бірақ, бұйдамды алып қалып,
үйге қайта бер - деді. Тазша айтқанынша тайлақ болып, әкесі базарға сатайын деп жетектеп келе жатса,
алдынан баяғы өнерші бай шығыпты. Ол айтады: - Маған мынау тайлағыңды сат - деп. Тазшаның әкесі
айтыпты: - Тайлағым басы жүз тілла - деп. Сонда өнерші бай бұлардың айласын біліп, жаман оймен,
тайлақты жүз тіллаға сатып алыпты да, үйіне жетектеп келіп, баяғы қызын шақырып алып, мынау
тайлақты ұстай тұр депті де, өзі үйден пышақ алып, тайлақты бауыздайын деп, үйіне жүгіріп кетіпті. Қыз
әкесінің жаман ниетін біліп, үйден бұ да пышақ ала шыққан екен, әкесі үйге кірген кезінде, тайлақтың
бұйдасын пышақпен қиып жіберіп, босатып қоя беріпті. Өнерші бай тұра салып үйінен шығып, қаып бара
жатқан тайлақты көріп қуыпты. Тазша сонда түлкі болып қашыпты, өнерші бай тазы болып қуыпты,
өнерші бай жете берген кезде, Тазша түлкіден үйрек болып ұшыпты, бай онда қаршыға болып қуыпты.
Бір аздан соң, Тазша бала торғай болып қашыпты, онда бай қырғый болып соңына түсіпті. Онан соң Тазша
торғай қалпында шаңыраққа ұшып келіп қонып отырғанда, бай -қырғый келіп таяна бергенде, Тазша
қорқып, шүберек болып жерге түсіпті. Өнерші бай онда кісі болып, шүберекті қолына алайын дегенде,
Тазша тары болып домалапты. Онда өнерші бай тауық болып шұқиын дегенде, Тазша мысық болыпты да,
өнерші байдың желкесіне мініп алып тістеп, тырнап, зорлықпен өнерші байды өлтіріпті. Сөйтіп, оның
қызын өзі алып, барша мұратына жетіп, зор бай болып дәурен етіпті.
10 - Бөлім: Қазақша ертегі: Бір үзім нан
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1707
Баяғы бір заманда бай мен кедей көрші өмір сүріпті. Олардың араздығы сондай, бірін-бірі көргісі келмейді
екен. Байдың үйі кең, әдемі болыпты. Іші толған – алтын мен күміс. Ал кедейдің үйі ағаштан жасалған,
төбесін бұтамен жапқан қора екен. Алтын мен күміс түгілі, нанын әзер тауып жепті. Егін егіп, оны суарып,
күтіп, орып, өз күнін өзі көріпті. Бір жылы көктемде алапат, су тасқыны болады. Бай алтынын көтеріп
ағаштың басына шығып кетеді. Ал кедей болса, бір көмеш нанын қойнына салып, ол да ағаштың басына
көтеріледі. Су тасқыны он бес күнге созылады. Бір күні қарны ашқан бай кедейге: - Әй, кедей, сен мына
бір кесек алтынды ал да, маған бір үзім нан бер, - дейді. - Жоқ, алтының өзіңе, нан бере алмаймын, - деп
жауап береді кедей. Екінші күні бай кедейден тағы да нан сұрайды. - Алтынымның жартысын берейін, -
дейді ол бұл жолы. - Жоқ, бере алмаймын, - деп бұл жолы да кедей келіспейді. Ақыры, аштан өліп бара
жатқан соң шыдамай, бай бір үзім нанға барлық алтынын айырбастайтынын айтады. Кедей бәрібір
көнбейді. Бойынан күші кеткен бай басы айналып, суға құлап кетеді. Ал, келесі күні су тоқтап, кедей
ағаштың басынан түседі. Халықтың: «Алтын, күміс - тас екен, арпа, бидай – ас екен» дейтіні осыған орай
айтылған екен.
11 - Бөлім: Қазақша ертегі: Алма
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1708
Қоңыр күз мезгілі еді. Ағаштың жапырақтары түсіп, тек жабайы алма ағашының басында жалғыз алма
қалыпты. Осы кезде орман аралап жүрген Қоян алманы байқап қалады. Оны қалай алуға болады? Алма
өте биікте — секіріп жете алмайсың! Шырша бұтағында отырған қарға қоян қылығына сырттай күліп
отырды. — Қарқ-қарқ! Оны көрген қоян: — Қарға, Қарға! Маған алманы үзіп алып берші! — дейді. Қарға
ағаш басына ұшып барып, алманы үзіп алады. Бірақ алманы тұм-сығымен қармап ұстай алмай, жерге
түсіріп алады. Рақмет, саған, Қарға! — деді де Қоян алманы жерден көтермек болды. Ал жерге түскен
алма жаны бардай, дыбыс шығарып, қозғалып жүгіре жөнелді. — Бұл қалай? Қорқып кеткен Қоян ағаш
алмасының түбінде ұйықтап жатқан кірпінің тікеніне құлағанын түсініп: — Кірпі, кірпі! Тоқта, тоқта! —
деп айғайлады. — Менің алмамды қайда алып бара жатырсың? Кірпі кідірместен: ~ Бұл — менің алмам!
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
24 bet
Ол төбеден құлады, ал мен болсам оны ұстап алдым. Қоян да қояр емес! — Алмамды қайтарып бер. Оны
тауып алған мен! Таласып жатқан Қоян мен Кірпіге Қарға қосылады. — Босқа таласасыңдар, алма менікі!
Мен оны өзім үшін үзіп алғанмын! -деді ол өтірік-шынын араластыра. Олар бір-бірімен түсінісе алмай,
алманы әрі тартып, бері тартып, орман .~: айғайдан у-шу болып кетеді. Сол кезде қорбаңбай Аю келіп
қалады. — Бұл не деген айғай-шу! Мазамды алдыңдар ғой! Бәрі оған жақындап: — Сен, Аю, біздің
ормандағы ең үлкен, әрі ең ақылдысың. Сондыңтан бізге алманың кімдікі екенін айтып берші? — деп
аюға оқиғаның қалай болғанын баяндап, төрелігін сұрайды. Аю сәл ойланып, сұрады: — Алманы кім
тапты? — Мен! — деді Қоян. — Ал, алманы кім үзіп алды? — Мен! — деп қарқ етті Қарға. — Жақсы. Кім
оны ұстап алды? — Мен ұстап алдым! — деді Кірпі. — Мінекей, бәрің де дұрыс айтасыңдар, өйткені Достарыңызбен бөлісу: |