ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет9/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   153

 

Енді не істеу керек? 



 

– Жақсы мырза, берейін. 

 

Сылқым мұжықты патшаға жіберді. Мұжық үйге кіреді. 



 

– Есен-саусыз ба патша ағзам, мен сізге алтын тарту әкелдім, — дейді. 

 

Алтынын патшаның қолына ұстата береді. Патша:       



 

Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              48 bet 

– Бұл тартуыңызға не берейін? 

 

– Патша мырза, оған нан бер, нанның қабыршығын, қаттысын күйгенін бер, — дейді. 



 

Патша ақ нан әкелуге бұйрық етті. Ақ нан әкелінді, мұжық ақ нанға қарап: 

 

– Жоқ патша мырзам,  мен бидайды өсірдім,  ордым, қырманға  салдым, қызылдадым,  еледім, суардым, 



тазалап, кіршіксіз маржандай еттім, бірақ ешуақытта мұндай аппақ мақтадай нанды жеп көргенім жоқ. 

Енді жемеймін де, маған қара нан болса екен, — дейді... ! 

 

Патша ағзамның барлық даяшы малайлары патша сарайын елек көзінен өткізгендей етіп қарап шықты. 



Бірақ бір тістем де қара нан таба алмады. Есік алдында қайыршы тұр еді, қайыршыдан бір жапырақ қара 

нан сұрап алып, әкеліп береді. 

 

Мұжық рақаттанып жеп алды. 



 

– Саған енді не берейік, мұжығым? 

 

– Енді жақсылап ұйықтап алсам екен патша ағзам, — деді мұжық. 



 

Мұжыққа құс жастық, мамық төсек дайындатты. Мұжық мамық төсекке қарап жымың-жымың етеді. 

 

– Бұл маған лайық төсек емес, мен мұндай мамық жүн беретін қаздарды бақтым, қақтым, осындай мамық 



төсек  жасайтын  жүндерін  жұлдым,  бірақ  мамық  төсегінде  ұйықтап  көргенім  жоқ.  Маған  бұршақтың 

(сабағы) соломы болса екен, — деді мұжық. 

 

Бір көлік жүгіндей бұршақ соломы әкелінді, мұжық телпегін жастық етті де ұйықтап кетті. Бүкіл патша 



сарайын басына көтеріп қорылдады. Ұйқысы қанды, орнынан тұрды. 

 

—  Рахмет  патша  ағзам,  мен  мүлде  азырақ  қоқырсыттым,  былғадым.  Ол  үшін  маған  жүз  қамшы  дүре 



соғыңыз, — деді. 

 

– Ау, қалай дүре соғам саған, сен маған алтын тарту тартпадың ба!? Алтын сыйламадың ба?! 



 

– Әй, патша ағзам, маған жүз дүре соғуыңызды өтінемін, — дейді мұжық өкініп. 

 

Енді не қылу керек!? Қамшы әкелінді, мұжықты соға бастайын деп еді, мұжық ойбай салды, ойбай салды 



да: 

 

– Тоқтай тұр, патша ағзам, менің серігім бар. 



 

– Серігің кім? 

 

– Мен сізге келе жатқанымда, есік алдында тұрған бір үлкен сылқым, мені сізге жібермеді. «Егер патша 



берген  сыйдың  тең  жарымын  маған  берсең  жіберемін  деді.  Мен  оған  беремін  деп  уәде  бердім.  Сол 

сыйымның  жарымын  алатын  мырзаны  әкелдіріңіз,  маған  соғылатын  жүз  дүренің  елуін  әуелі  соған 

соғыңыз, сонан соң қалған елуін маған соғыңыз, — деді. 

 

Мырзаны алып келеді, мырза дір-дір етіп: 



 

«о-о-о-», — дейді. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              49 bet 

 

– Ешнәрсе етпейді мырзам, мен сені алдамаймын, қалай уәде еттім, солай тең жарымын саған берем, — 



дейді мұжық. 

 

Сылқымды  жатқызып  дүре  соға  бастады...  «Бұл  сылқым  сізге  беріле  қызмет  еткендіктен,  сіз  менің 



сыбағамды да соған беріңіз патша ағзам, — дейді мұжық. 

 

Тағы елуді соға бастады. Барлығы жүз болды.   



 

Жұрт, сылқымға жүз дүрені соғып болғанша мұжық телпегін қолтығына қысып алып, есік қайдасың деп 

жытып  отырды.  Мұжыққа  патшаның  адамгершілігінен,  еркелетуінен  аулағырақ  болу  керек,  онан 

мужыққа келетін игілік жоқ. 

 

34 - Бөлім: АУЗЫНДА СӨЗ ТҰРМАЙТЫН КЕМПІР 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1731 

 

 



(Орыс ертегісі) 

 

Бұрынғы заманда бір шал мен кемпір болған екен. Кемпір түбі тесік шелектей аузында сөз тұрмайтын 



кемпір екен. Егер шал үйінде бір оқиға бола қалса, сол сағатында барлық ауыл естіп біледі. Кемпірдің 

айтқандарының бәрі шындық болмай, көбінесе, ойдан шығарған жалған, өтірік болады екен. 

 

Күндердің күнінде шал отын ала орманға барады, жүріп келе жатып бір жер ойылып аяғы кіріп кетеді. 



«Бұл не екен» деп, шал ойлады да, қарайыншы деп шұңқыр түбіне үңіледі. 

 

Бір бұтақ ағашты сындырып алып, бос топырақты былай бір сыпырады, олай бір сыпырады, астынан бір 



қазан алтын шыға келеді. 

 

Міне, сәті түсу деген осы болады, міне, саған 



 

байлық.  Бірақ  мұны  үйге  алып  бару  керек.  Суайт  кемпірге  көрсетпей  қалай  жасырарсың?  Ол  көрсе 

қоңыраудай сылдырап дүниеге жаяды. Басыңа пәле жапсырып аласың. 

 

Ойланды шал, толғанды шал, қазан алтынды орнына қайта көмді де аулына қайтты. 



 

Ертең әйеліне көрсетпей бір керсен құймақ, тірі қоян, тірі шортан алды да орманға тартып кетті. 

 

Орман ішімен жүріп келе жатып, бірнеше бұтаққа құймақ іліп кетеді, бір үлкен бұтаққа шортанын іліп 



кетеді. Бір тор ішіне қоянын қамайды. Сөйтеді де, ізінше үйіне қайтады. Үйіне келіп: 

 

– Ал қатын бізге бақыт келіп тұр? бірақ саған айтуға болмас. Сен барлық жұртқа жайып боласың ғой. 



 

– Айт қартым, шын ешкімге аузымды да ашпаймын. 

 

– Олай болса айтайын кемпірім, мен орман ішінен бір қазан алтын тауып алдым. 



 

– Ой құдай-ай? Жүр тезірек, үйге алып келейік.. 

 

– Ізіңе бақ, ешкімге тіс жарма, өзімізге бәле жабыстырып аламыз. 



 

Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              50 bet 

– Қорықпа, бірақ өзің ешкімге айтпа, мен, мен үнімді шығармаймын. Аузыма құлып салармын. 

 

Қарт кемпірін орманға алып келді, Кемпірі ағашқа ілініп тұрған құймақтарды көрді де: 



 

– Бұл не қартым, бұтақтарға ілініп тұрған құймақтарды қарашы! 

 

Қарт қарайды да салмақпен: 



 

– Оған несіне таң қаласың, түнде көкте құймақ бұлты жүзіп жүрмеп пе еді? Сол бұлттың ағаш басына 

жауғаны ғой. 

 

Кемпір таңданды да, тамсанды да бірақ тіс жармады. Сонымен, тағы ілгеріледі. Ілгерілей беріп кемпір 



ағаш басында бұтаққа ілініп тұрған сазанды көрді, көрді де тұрған орнында қатып қалды. 

 

– Қарт, ә қарт! 



 

– Неге тақырқайсың, жүр ілгері тезірек, — деді шал. 

 

– Қарт сен шынымен көрмейсің бе, анау ағаштың басында өсіп тұрған сазанды көрмеймісің? 



 

– Ой тоқтай тұр. Мен щығып алайын, кештік асқа қуырармыз, — деді де шал, ағаштың басына шығып 

сазанды алып түсті. 

 

Тағы ілгерілей берді. Ілгерілей-ілгерілей өзенге келіп жетті. Өзенге жетті де шал кемпіріне: 



 

– Тоқтай тұр, мен ауды қарайыншы, бірдеңе ілінген жоқ па екен? ауына қарайды да, айқайлап кемпірін 

шақырды. 

 

– Қатын, қатын, қөрдің бе, мына ауға қоянның түсіп қалғанын? 



 

– Тамаша, тамаша! Қояндар суда жүзетін болған-ау! 

 

– Мейлі тіпті жақсы, мейрамда түскі асқа жарар, – деді. 



 

Шал қоянды алды да, кемпірін орманға алып келді. Көрген жердегі алтынды әйелімен екеуі қазып алып, 

үйіне әкеле жатты. 

 

Уақыт кешкі мезгіл еді. Қараңғы түсті, әлдеқайда сиырлар қеле жатты. Сиырлар, мөңіреді. Қемпір: 



 

 

Шал, ә шал, сиыр мөңірей ме немене? – деді. 



 

– Қандай сиыр, қайдан жүрген сиыр. Біздің мырзаның терісін шайтан сыдырып жатқаны ғой, – деді де, 

тағы ілгерілей берді. Тағы ілгері жүрді. Кемпір тағы да: 

 

– Шал, ә шал, өгіздер мөңірей ме немене? 



 

– Қандай өгіздер? Бұл біздің мырза мен су тасып жүрген шайтандар ғой тәңірі деді. 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              51 bet 

Шал мен кемпір алтындарын алып келгені де сол, жасырып қойғаны да сол еді, кемпір шыдай алмады, 

сауысқандай шықылықтап, көрші  әйелдерге барды. Сыбыр салды. Бір әйел екінші  әйелге, екінші  әйел 

үшінші әйелге, әрі қосып, сыбырлап айта берді, Тілден ұзын не бар дейсіз? Оның жетпеген жері бар ма? 

 

Әңгіме аяңдап старшинаға жетті. Онан да әрі кетті. Сөйтіп, шалдың алтын тауып алғаны туралы әңгіме 



бүкіл ауылға жайылды. Бұл аңыз мырзаның құлағына да шалынды. 

 

Мырза бір қора адам жинап алып, шалды іздеп шықты. Аз жүрді ме, көп жүрді ме шалға да келіп жетті, 



шалдың есігінің алдына келіп: 

 

Қайда әлгі оңбағаң тонаушы, талаушы, сені ме сені?! Менің жерімнен бір қазан алтын тауып алып, маған 



айтпай тығып алып отырғанын қара мұның, әкел алтынды мұнда, бер менің қолыма... 

 

Шал қулықты бостан-бос істеген жок еді. 



 

–  О,  әкеміз  мырза,  қөкеміз  мырза,  кешірімді,  қайырымды  мырза,  сөзімді  тыңда  –  деді  қарт,  –  мен 

ешнәрсені білгенім жоқ, ешуақытта алтын тауып алғаным жоқ. Мұның бәрін қобратып сумаңдап өтірікті 

соғып жүрген менің суайт кемпірім, мырза... 

 

– Қалайша мен бостан-бос өтірік айттым, — деп, әкреңдеп кемпір шыға келді. 



 

Мырза шалды мықтап қолға алды. 

 

– Бер алтынды, бер! Болмаса жаман болады..., — деді. 



 

– Мен алтынды қайдан алам? Рахым етіп менің кемпірімнен анықтаңқырап, толықтаңқырап сұрашы, — 

деп, өтінді шал. 

 

Сонда мырза: 



 

– Ал көгершінім, мейрімді анам. Алтынды қайдан, қай мезгілде, қалай табылғанын әдемілеп айтып берші 

маған, — деді. 

 

– Иә, мырза, солай, — деді кемпір, әуеден құймақ бұлты жауған кезде, біз шалымыз екеуіміз орманмен 



келе жаттық, ағаштардың барлық бұтақтарыңда құймақтар салбырап ілініп тұр еді. 

 

– Ой не сандырақтап барасьщ, есіңді жина! — деді мырза, кемпірге. 



 

– Иә, жоқ, мырза, бір өтірігі жоқ. Рас алдымен сазан өсіп отырған ағашқа келіп жеттік... 

 

– Қараңызшы, мырза, бұл кемпір тіпті ақылынан ауысқан кемпір, не айтып тұрғанын өзі де білмейді, — 



деді қарт. 

 

– Менің ақыл, есім орнында! Ағаштың ең жоғарғы бұтағында сазан өсіп тұрды, — деп, кемпір өршелене 



түсті де, онан соң, — мырза, өзенге бұрылдық. Онда, өзенге құрылған аудан қоян ұстап алдық, —деді. 

 

–  Кешіріңіз  шеше,  балықтың  ағашқа  өскенін,  қоянның  суға  құрылған  ауға  түскенін  қайдан  көрдіңіз? 



Қайдан білдіңіз, – деді мырза. 

 

– Бұл менің кемпірім ақылы айныған ақымақ кемпір. Есі жоқ кемпір. Мырза, – деп, қойды шал. 



 

Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              52 bet 

Қемпір өз сөзін айтып болмады: 

 

–  Тоқта,  үніңді  өшір.  Біз  сол  жерден  өзеннің жанындағы  жерден  алтын  тауып  алдық.  Алтынды  қазып 



алдық та үйге келе жаттық, нақ сол кезде, шайтандар сізді жұлмалап жатыр еді, — деді кемпір. 

 

– Не е— е — е ?! 



 

– Иә, иә, нақ шайтандар сізбен су тасып жүрген кезде... 

 

– Иә, қарт кемпірің шын жынданған екен! — деп, ашуланды мырза. 



 

Ызбарланып жерге түкірді де, қорадан шығып жүре берді. 

 

Ал, шал алтынымен аман қалды. 



 

– Мен қалай да кемпірді үндемеуге үйреттім, —деді. 

 

35 - Бөлім: МҰЖЫҚ МЫРЗАМЕН ҚАЛАЙ ТАБАҚТАС БОЛДЫ 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1732 

 

 



(Белорус ертегісі) 

 

 



Күндердің күнінде тал түбінде темекіні тартысып, өткен кеткенді айтысып, бірде гүжілдеп күлісіп, бірде 

болмасқа ерегісе қалып, мұжықтар отырды. 

 

Мұжықтар отырып мырза туралы; әңгіме қозғады. Бір мұжық: 



 

– Ол сондай қатты, сараң: бұлттанған күндей өмірі қабағын ашпайды. Шөлдеп өліп бара жатқанда бір 

қасық су да сұрап іше алмайсың. Мұндай оңбаған қайрымсыз қатты, сараң мырзаны көрсем көзім шықсың, 

тфу! – деді. Екінші мұжық тұрып жатып ерегісіп: 

 

– Әй шіркіндер! су сұрап іше алмасаңдар сендер сұрап іше алмай жүрген шығарсыңдар, егер мен қаласам 



су былай тұрсын, мырзаның өзімен бірге отырып тамағын да іше аламын. 

 

Мұжықтар шу ете түсті. Ерегісті, ерегісті де 



 

– Егер сен өтірік айтпай, мырзаның үйінен тамақ ішсең біз саған қос өгіз береміз десті. 

 

Қол алысты, сөз байласты. 



 

Мұжық мырзаның үйіне келді. Құрметпен иіліп сәлем берді. Сәлемдесіп алған соң сыбырлап қана: 

 

– Қайырымды, кешірімді  мырза, мен ешкімге ешнәрсе айтпастан өзіңізден сұрайың деп алдымен сізге 



келдім:  Айта  қойыңызшы,  кешірімді  мырза,  мынадай  алтын  қанша  тұрар  еді.  –  деп,  мырзаға  өзінің 

тоқпақтай жұдырығын көрсетеді. 

 

Алтын деген сөзді естіп, мырзаның көзі жайнай түсті. Жайнай түсті де: 



 

– Үйге кір, үйге кір мұжығым, — деді. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              53 bet 

 

Мұжық үйге кірді. Әлгі сөзін қайталап, айта берді. 



 

– Айтыңызшы, кешірімді мырза, егер мынадай алтын болса қанша болар еді. – деп, жұдырығын қосып 

көрсетті. 

 

Ол жерге келгенде алтынға арын сататын сараң мырза шыдай алмай дірілдеп, қалшылдап: 



 

– Отыр, мұжығым, отыр, бір шынаяқ ішіп жібер, – деді. 

 

–  Кешірімді  мырза,  келісер  ме  құр  арақ,  тіске  басып  шайнар  болса,  оған,  –  деп  қойып,  – айтыңызщы, 



қайырымды мырза, егер осындай алтын болса, қанша болар еді, – деп, басын көрсетті мұжық. Осы кезде 

мырза алақанына түкіріп қойып, өзінің қызметшілеріне: 

 

– Арақ әкеліңдер, арақпен бірге шарап әкеліңдер, борщы да болсын, майға пісірген наны да, қуырдағы да 



болсын, келтіріңдер, – деп айқай салды. 

 

– Отыр мұжығым тамақ ішейіқ, – деді. 



 

Мұжық отырды, мырзамен бірге тамақ ішті. Арақ-шарап ішті. Мұжықтың алтынының қайда екенін білгісі 

келіп мырза өліп бара жатыр. Мұжық мырзаның асын ішіп отыр: 

 

– Ғасыр бойы мұндай дәмді тамақ ішіп көргенім жоқ, – деп, сыпырып, соғып жатыр. 



 

Мұжық асын ішіп үлгермей-ақ, мырза телпегін, ұстай: 

 

– Жүр мұжық, алтының қайда, алып бар, – деді. 



 

Мұжық асықпай шылымын тартып алып, басын шайқап: 

 

– Өй мырзашым, ондай алтын менде жоқ қой, егер ондай алтын болса, мен оның бағасын қанша болады 



деп сұрар ма едім сізден, – деді. 

 

Мырза ашуланып, жарылып кете жаздады. Мұжыққа айқай сап: 



 

– Кет, жоғал, батыр қараңды ақымақ! Мәздем! – деді. 

 

Мұжық оған жауап қайырып: 



 

– Әй мырза, мырза — қайырымды мырза, мен оншалықты ақымақ емеспің, сен сықылды сараңды алдап 

тамағын ішқеніме мүйізі қарағайдай екі өгіз аламын, – деді. 

 

36 - Бөлім: БАЛТА СОРПАСЫ 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1733 

 

 



(Орыс ертегісі) 

 

 



Ерте кезде бір ауылда Тасбике деген тастай қатты сараң кемпір болған екен. Жолаушы солдат құдайы 

қонақ болып үйіне келген екен. Жолаушы солдат: 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              54 bet 

 

– Аманбысыз кеюуана, аманбысыз шеше, халық қорғаушысы солдатпын, рахым етіп тамақтандырыңыз, 



– деді. 

 

Сараң кемпір, тас кемпір, табан астында өтірік саңырау бола қалып: 



 

– Анау шегеге іл, анау, анау, — деді, бірдеңені сандырақтай қалады. Солдат: 

 

– Сен кемпір тіпті саңыраумысың? 



 

– Мен бүгін әтеш сойған жоқпын. 

 

– Сен кемпір ешнәрсені сезбеймісің? 



 

Кемпір көзін жыпылықтатады... сонда солдат тұрып: 

 

Мен сені қазір сынайын, – деп, кемпірдің артына жасырынады да: 



 

– Шеше! – деп айқай салады. Кемпір шалқасынан түседі. Шалқасынан түседі де: 

 

– Сен неге мұнша қатты айқайлайсың, мен оншалықты саңырау емеспін, – деді. 



 

– Е — е, саңырау емеспісің?!... 

 

– Не керек саған? 



 

– Тойындыр мені шеше ... кемпір ешнәрсе беретін емес. 

 

– Түк, түк жоқ ұлым, — деді. 



 

– Ең болмаса быламық пісір, быламық болмаса сорпа жаса. Тіпті қарным аш, – деді солдат. 

 

– Иә, түк, түк жоқ, – деді тағы да кемпір. Солдат ішінен: «сені бас білдіріп үйретейін бір», – деді. 



 

– Жоққа жүйрік те жетпейді, әкеліңіз шеше балтаны, балтадан балдай тәтті сорпа пісірейін, қара сорпа 

болар, сонда да қарынды алдармыз, — деді. 

 

«Балтадан қалай пісірер, екен, қарап тұрып үйреніп алайын, күндердің күнінде керек болар», – деді кемпір 



ішінен. 

 

– Балта анау тұр, маңызды болар, ал пісіре ғой, – деді. Сөйтті де, балтасын әкеліп берді. Солдат балтаны 



қазанға салды. Оның үстіне су құйды. Астына от жақты. От жақты да қайната берді. Қайнатып, қайнатып 

дәмін көріп: 

 

– Ой қандай жақсы сорпа болған, бірақ азырақ капуста жетімсіздеу болып тұр, – деді. 



 

Кемпір капуста алып келіп берді. Тағы қайнатып, қайнатып дәмін көріп: 

 

– Ой қандай жақсы сорпа болған, бірақ азырақ картошка жетпей тұр, – деді. Кемпір картошка алып келіп 



берді. Жолаушы картошканы салды, оның үстіне тұз салып тағы қайнатып-қайнатып дәмін көріп: 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              55 bet 

– Ой қандай жақсы сорпа болған бірақ азырақ майы жетпей тұр, – деді. Кемпір май аяулы, тіпті бергісі 

жоқ-ақ, бірақ балта сорпасын көргісі келеді. Үйреніп алғысы келеді. Сөйтеді де, солдатқа май алып келіп 

береді. 


 

– Ал енді шеше үстелді жаса, тарелка, табақтарды әкел, нан әкел, қасықты да ұмытпа. Балта сорпасын 

ішіп қарайық, тағы қаймақ болса, тіпті жақсы болар еді, – деді. Кемпір қаймақ әкелді. Екеуі отырьш ішті. 

Ішіп отырып кемпір: 

 

– Солдат, солдат балтаны қашан жейміз? 



 

– Балта әлі пісе қойған жоқ, оны жол жөнекей бір жерде пісуін жеткізіп жермін, — деді. Сөйтті де, балтаны 

сумкасына салып алып, кемпірмен қоштасты да, жолға түсіп тартып отырды. 

 

Солдат сорпаны ішті де, балтаны алып кетті. 



 

37 - Бөлім: Айболит (Корней Чуковский) 

http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1734 

 

 



Айболит (Корней Чуковский) 

Қайырымды дәрігер Айболит!  

Отыр талдың түбінде.  

Емделуге келеді  

Сиыр, қасқыр түлкі де,  

Қоңыз бен құрт, аю да,  

Тіпті бар ғой кірпі де!  

Бәрін емдеп жазады  

Қайырымды дәрігер Айболит!  

 

Айболитке түлкі келді:  



«Ой, мені маса шағып алды!»  

Айболитке ит те келді:  

«Мені қораз шоқып алды!»  

 

Қоян келді жүгіріп,  



Айғай салды: «Ай, ай!  

Баламды соқты трамвай!  

Менің тентек ұлымды,  

Соғып кетті трамвай!  

Аяғын оның кесе ме?  

Көреді-ау бейнет нешеме.  

Бір орында тұрмайды,  

Бұзық болма десе де!»  

 

Айболит айтты: «Қайғырма!  



Сабырыңнен айырылма!  

Әкел оны осында,  

Құр бекерге шошынба.  

Басқа аяқ тігіп беремін».  

Әкелді оған қоянды,  

Анасы айтқан ноянды.  



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              56 bet 

Ауру болып келді де,  

Сап-сау болып оянды!  

Қоян кетті секіріп,  

Би билейді қуанып.  

Күліп жүріп айтады:  

«Мың рахмет, Айболит!»  

 

Қасқыр келді қалтырап,  



Енді оған сал құлақ..  

«Міне келді жеделхат  

Гиппопотам досымнан!»  

«Тез келе көр, дәрігер,  

Африкада әбігер.  

Балалар қалды ауырып,  

Сен оларға дәрі бер!»  

Айболит кетті жүгіріп,  

Қалуға болмас кідіріп.  

Өтті орман-баулардан,  

Асты биік таулардан.  

Теңізден де өтті ол,  

Мұхитқа да жетті ол.  

Қайырымды Айболит,  

Болам десең, бетті бол!  

 

 



Алып құс ұшып келеді,  

Үстіне отыр Айболит.  

«Сәлем саған, Африка!»  

Деп айтады Айболит.  

Емін жасай бастады,  

Асықпады, саспады.  

Жазылып кеткен аңдар да,  

Секіріп кете бастады.  

 

Он күн бойы Айболит,  



Ем жасады ұйықтамай.  

Бәрінен де сұрайды:  

«Ал, батырым, хал қалай?»  

Лимпопо! Лимпопо!  

Жазылып кетті аңдар да,  

Бұған бәрі таң қалған.  

Лимпопо! Лимпопо!  

 

Міне Гиппо, міне Попо,  



Гиппо-попо, Гиппо-попо!  

Мынау міне Гиппопотам.  

Ол Занзибарадан келеді,  

Ол Килиманджароға барады.  

Ән айтады ол қуанып:  

«Рахмет саған, Айболит!» 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              57 bet 

38 - Бөлім: Шатасу (Корней Чуковский) 

http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1735 

 

 



Мысықтар айтты түңіліп:  

«Жалықтырды мяулау!  

Торайлардай біз де енді,  

Жүрейік бір қорсылдап!»  

 

Ал үйректер айтады:  



«Біз де бақа секілді,  

Ән саламыз не түрлі!»  

 

Шошқа айтады: Мяу, мяу!  



Мысық айтты: Хрю, хрю, хрю!  

Үйрек айтты: Ква, ква, ква!  

Тауық айтты: Кря, кря, кря!  

Торғай айтты: Му-у-у!  

Аю айтты: Ку-ка-ре-ку!  

Көкек келді секіріп:  

Ит болуға бекініп:  

Гав, гав, гав!  

 

Қоян ғана саспады,  



Секірмеді, қашпады.  

«Өздеріңше сөйлеңдер,  

Қайтесіңдер басқаны?  

Мен айтпаймын өтірік,  

Құр бекерге көпіріп.  

Шатастырып барлығын,  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет