Қазіргі әдеби процесс пәнінің зерттеу обьектісіне талдау жүргізіңіз



бет24/66
Дата18.05.2023
өлшемі240,56 Kb.
#94678
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   66
Байланысты:
Мәңгілік бала бейне

БайланысуыАраға жылдар салып Аян атты балаларының дүниеге келуі; Аянның 3 айлығында қызы Айгүлден айырылып қалуы. 
Дамуы: Көршілері Көшен мен Жаңылмен бірге жиын-тойға баруы; Жаңыл мен Зереннің Нұржан атты жігітпен сол тойда айтысуы; Жақыптың Нұржаннан Зеренді қызғануы.
Шиеленісуі: Жақыптан қорлық көрген Зереннің Нұржанмен бірге қашып кетуі; Нұржаннан Бекжан атты баланы дүниеге әкелуі; Нұржанның соғысқа кетіп, Зереннің жесір қалуы; 
Шарықтау шегі: Соғыстан жаралы келген Имаштан бала көтеріп, Серіктің дүниеге келуі; Имаштың аурудан қаза болып, Зереннің 3-рет жесір атануы.
Шешімі: Зереннің бұл өмірде бақытты не бақытсыз болғанын түсінбеуі.


33. Қ.Сегізбайдың «Аюдың өті» повесіндегі тіршілік және аң бейнесінің суреттелу тәсіліне талдау жүргізіңіз.
Суреттеу — әдебиетте әр түрлі жануарларды, табиғат құбылыстарын немесе жансыз нәрселерді адам кейпіне келтіріп суреттейтін көркемдік тәсіл. Жазушы кейде шығарма оқиғасын баяндау барысында оқиғаның болған жерімен, оқиғаға қатысушы кейіпкерлермен, олардың жеке басына тән өзгешеліктерімен, оларды қоршаған ортамен таныстырып өтеді. Бұл көбіне суреттеу(сипаттау) жолымен жүзеге асады.
«Аюдың өті» – Алтайдың керім табиғатын бейнелейтін хикаят. Бас кейіпкері аңшы, жыртқыштығы көнеден жалғасқан адамзат нәсілі.
«Күзгі орман іші қызы ұзатылып, қызығы тарқаған ауылдай тым жұтаң, тым көңілсіз көрінген. Аспанның кіндігіне төбесін тірегісі келгендей шаншыла біткен мұз бас шыңдар, үңірейген терең шатқал-құздар, басын тауға да, тасқа да соғып тулап ағар асау өзен, шүлдір-шүлдіп, сылдыр-сылдыр ерке бұлақтар – бәрі де табиғат шебердің бір-біріне үндестіре, жымдастыра жасаған мінсіз туындысы. Осынау бойжеткен кейіптес сұлулықты алғаш көріп тани білген, онымен бетпе-бет дидарласқан жан жалыға алмас еді». Жазушы Алтай табиғатын ерекше суреттейді. Оны оқыған оқырман Алтайда ешқашан болмаса да, ол суретті көз алдына елестетіп қана қоймайды, сол тайганың ішінде жүргендей сезінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет