«Қазіргі жасөспірімдер заңды білуде қаншалықты сауатты?»



бет10/18
Дата19.06.2023
өлшемі69,18 Kb.
#102276
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18
Экотуризмді дамытайық!»

Туризм – ел мен елдің, жер мен жердің арасында жақындататын, танытатын саяхат түрі.Туризмнің өзі ішкі және сыртқы деп екіге бөлінеді.Сонымен қатар туризмнің бірнеше түрлері бар. Соның ішінде біздің елімізде экотуризм айтарлықтай дамып жатыр. Экотуризм – дегеніміз еліміздің көрікті жерлеріне, сауықтыру орындарына жасалатын саяхат түрі.Осы туризм түрін дамыту арқылы көптеген елдер ел экономикасын көтеріп отыр.Біздің елімізде экотуризм аймақтарына Бурабай, Қапшағай, Алакөл, Шарын, Алматы өңірі, шығыс қазақстан аймақтары жатады. Зерттеулерге назар аударсақ, осы аймақтарға туристер көп шоғырланады екен. Дегенмен, экотуризм толық дамып, туристерді көптеп тарту үшін не істеуіміз керек? Біздің туристік агенттіктерде не жетіспейді?


Экотуризмді дамыту үшін, алдымен, экотуризмге лайықты аймақтардың тізім картасы жасалынуы керек. Туристік агенттіке барған кез-келген адам жарнамасына, жер шалғайлығына, жолдың қолайлығына қарайды. Осы тізім карта арқылы экологиялық аймақтардың жолын жөндеп, баратын көлік түрлерін көбейтсе, туристер көптеп барады. Сонымен қатар, біздегі ақсап тұрған нәрсе, жарнаманың әлісз тұстары. Жарнама бірнеше тілде жасалынып, ақпарат құралдарына молынан таратылуы керек.
Туризмнің нашар дамып жатуының бір себебі сервистік қызметтің төмендігі. Бізде жоғары класты қонақ үйлер, ас мәзірі, бірнеше тілде сауатты жолсерік қызметін ұсыну сапасыз екені мәлім. Осындай проблемарды шешпей, туризмді дамыта алмаймыз. Мемлекет тарапынан осындай жобаларға қаржы бөініп, қолдау табуы қажет . Себебі, туризм елімізді танытып қана қоймайды, экономикамыздың қарқынды дамуына айтарлықтай үлесін қосады. Туристік саладағы мамандарды шетелдерге жіберіп, тәжірибе алмастыруымыз да көп пайдасын тиігізеді.Мемлекеттік гранттардың бір бөлігін таза туризмді, оның ішіне экотуризмді дамытуға арнасақ, бұл мәселе де өз деңгейінде шешілмек. Экотуризмге лайықты аймақтарды ЮНЕСКО тізіміне енгізуге жұмыс жасасақ, бұл да еліміздің көркеюіне әкелер еді.

Әлемді өзгерткен ұлы тұлғалар
Адам баласы жаралғаннан бері қоғамның дамуы, алға ілгерілеуі адамзаттың жеткен жемісті еңбек, ақыл-ойымен өлшенуде. Қазір ғалам күннен-күнге өзгеріп, жаңа табыстарға қол жетіп, үлкен ашулар болып жатыр. Неге десеңіз, әлемді бір мезетте өзгерте алатын ұлы тұлғалардың интеллектісі адам баласының игілігіне қызмет етіп тұр.Демек, ұлы тұлғалар арқылы әлем жаңарып, жаңғырады.
Барша адамзат баласына ортақ, есімі таныс ұлы тұлғалар көп. Ұлы тұлғалар деп тарихты да, қоғамды да, жаңа инновацияны да жасай алғандар деп санаймын.Адамзат әлемінің дамуы әлемнің дамуы деп санаймын.Ендеше, әлемді өзгерткен ұлы тұлғалар қатарына кімдерді жатқыза аламыз?
Ең алдыменен, сана мен ақыл адам бойындағы ең тамаша игілік көзі деп білемін.Дана Абай: «Ақыл – жан қуаты» дегендей, ақыл мен мидың алапат мүмкіндіктерін жаңа ашуларға, өмірдің өзгеруіне жұмсаған тұлғалардың қатарында елді билеген хан-сұлтандар, басқарушылар, ғалымдар мен оқымыстылар, философтар жатады деп ойлаймын.Олардың басты ерекшелігі ақыл мүмкіндіктерін қолданып, адамзаттың үлесіне, қажетіне жаңа ғылыми ашулар ойлап тапқандарды ерекше атауға болады.Әлем бойынша, жек ұлт бойынша да осындай тұлғалар көптеп кездеседі. Тіптен айналамыздағы барлық зат, қолданысымыздағы қажеттіліктер, өмір сүру дағдымыздың өзі әлемді өзгерткен дара тұлғалардың арқасында емес пе?
Дүниені өзгертіп жатқандар ақылды адамдар екені баршаға аян. Соңғы уақыт­та данышпандарды интеллектілік коэффициенттеріне байланысты анық­тайтын амалдар пайда бол­ды. Мұның қаншалықты дұрыс­ты­ғын немесе бұрыстығын ешкім дөп басып айта алмайды. Десе де, зерттеулерге сүйенсек, адамдардың 50 пайызына жуығының IQ деңгейі төмен. Бұл көрсеткіш жер шары тұрғындары ақыл-ой деңгейі жағынан іріктелген деген ой тудырады. Жаңа­лық ашып, адамзаттың дамуы жолында тер төгіп жүр­ген­дер аз ғана бөлікті құрайды.Олардың қатарына Пол Аллен – Майкрософт компаниясының қосалқы құрылтайшысы. Ақылын ақ­шаға айналдырып, 14,2 мил­лиард доллар байлыққа ие болған. Өзі ғана байлыққа ие болмай, адамзат әлемінің өзгеруіне септігін тигізді.
Сонымен қатар, әрбір ұлттың ұлы тұлғалары бар. Олар сол ұлттың түп-тамырымен өзгеруіне негіз болған адамдар деп айтуға болады. Мысалы, Шыңғысхан, Томирис, Абылайхандарды жатқызар едім.Шыңғысхан адамзат ғұмырындағы ең атақты қолбасшы болса, Томирис ежелгі сақтардан қалған әйел басшы, Абылайхан қазақ халқының қалыптасуына мұрындық болған ұлт жанашыры екенін барлығымыз білеміз. Өз басым Билл Гейтсті жатқызамын. Ол – өз ақшасын үнемді жарата білген Гейтс - компьютерден басқа бірнеше қайырымдылық қорларын ашып, түрлі ауруларға қарсы тұру шараларын ұйымдастырған (полиомиелит), бүкіл әлемге қолұшын созған адамның бірі.
Қорытындылай келе, әлемді өзгерткен ұлы тұлғалардың есімі ғасырлармен жалғастығын таба береді, ұрпақ сабақтастығы үзілмесе, тағы да ұлы тұлғалар туа берері сөзсіз деп түйіндеймін. Әлемді өзгерткен ұлы тұлғаларға бас иемін!



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет