«Қазіргі жасөспірімдер заңды білуде қаншалықты сауатты?»


Тапсырма. «Әлем мәдениетінің ұлт мәдениетіне әсері қандай?»



бет13/18
Дата19.06.2023
өлшемі69,18 Kb.
#102276
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
барлық эссе

Тапсырма. «Әлем мәдениетінің ұлт мәдениетіне әсері қандай?» Өз ойыңызды дәлелдеп жазыңыз
Мәдениет сөзінің ауқымы өте кең. Жеке адам мәдениеті ұлттық мәдениетті құраса, әлемдік мәдениетке барша халықтың мәдени өмірі жатады. Қазіргі жаһандану ғасырында әлем елдері бір-бірімен тығыз байланыста өмір сүріп жатыр. Осыдан болар, біздің елімізге де әлем мәдениетінің өзгерісі, үлгілері еніп жатыр. Дегенмен де, әлем мәдениеті ұлттық мәдениетімізге қалай әсер етеді?
Менің пайымдауымша, әлем мәдениетінің жеке ұлт мәдениетіне оң немесе теріс әсері теңбе-тең деп айтуға болады.
Біріншіден, әлемдік мәдениет – жалпыадамзаттық мазмұны бар рухани құндылықтарға толы.Әлем мәдениетінің озық үлгілері, басты құндылықтары да көп. Менің ойымша, әлем мәдениеті әртүрлі халықты бір-біріне жақындатады, рухани үндестікке әкеледі. Себебі, әлемдік мәдени мұралар барша адамзатқа ортақ деп білемін. Мысалға, ұлы тұлғалар, дін мен діл, білім мен ғылым, өнер арасындағы тығыз байланыс жеке ұлттың дамуына оң әсерін береді.
Екіншіден, әлем мәдениетінің оң әсері мен қатар теріс әсері де болып жатыр. Біздің ұлтымыздың менталитетіне қарама-қайшы келетін жайттар көп кездесіп жатқаны ақиқат.Киім кию мәдениеті, тамақтану мәдениеті, тіл мәдениеті сияқты басты ұлттық құндылықтарымыз жаһанаданудың арасында жұтылып бара жатқандай... Өзге ұлтқа еліктеушілік, тілге небір жаргон, сленгтерді енгізу ұлттық мінезіміздегі өзгерістер әлем мәдениетінің бізге жат ағымы деп санаймын. Осы реттен алып қарағанда, әлем мәдениетінің ұлтымызға кереғар тәрбиесін байқаймыз.
Үшіншіден, әлемдік аренаға ену үшін біздер, өзіміздің ұлттық мәдениетімізді сақтай отырып, заманауи үлгіге енуіміз керек. Мемлекет пен мемлекеттің, адам мен адам арасындағы қарым-қатынастың кеңеюі үшін әлемнің озық мәдениет үлгілерін өз үрдісімізге енгізгеніміз бір жағынан жөн деп айтуға болады. Өкінішке орай, басқа ұлттың мәдениетіне толықтай мойынсұнып, дәріптеп, сіңісіп кетіп жатқан адамдар да баршылық. Сол үшін, әлем мәдениетіне, жаһандануға бағыт пен бағдар дұрыс беріліп, әркім өзінің ұлттық құндылығын жоғалтпауы тиіс деп білемін.
Қорытындылай келе, әлем мәдениеті ұлт әсер етпей қоймайды. Тіпті, елімізде тұрып жатқан 130-дан астам ұлттар мен ұлыстардың мәдениеті әртүрлі.Әлем мәдениетінің үрдістерін енгізуде ұлттық мәдениетімізге нұқсан келмейтіндей жағын қарастырып, әбден ой таразысынан өткізуіміз керек деп түйіндеймін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет