«Қазіргі жасөспірімдер заңды білуде қаншалықты сауатты?»


Өзің өмір сүріп жатқан ортада ғаламдық проблемаға айналған мәселелер бар ма?



бет11/18
Дата19.06.2023
өлшемі69,18 Kb.
#102276
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18
Байланысты:
барлық эссе

Өзің өмір сүріп жатқан ортада ғаламдық проблемаға айналған мәселелер бар ма?

Біз өмір сүріп отырған ортада ғаламдық проблемаларға айналған мәселелер көп. Бұл мәселелердің шешу жолдарын әлем болып назарға алып, қарастыруда. Соның ішінде кейінге қалдырмайтын, тез арада шешуді қажет ететін мәселелер бар.


Күллі адамзат қоғамын елең еткізіп отырған проблемаға айналған мәселенің бірі – экология мен қазіргі таралып жатқан індет. Сонымен қатар, әлеуметтік желіге тәуелділікті де жатқызуға болады. Адамзат әлемі осы үш мәселемен үдіксіз күресіп жатыр.
Экологияның бұзылуы адамзат өмірінің тоқырауына әкеліп соқтырады. Себебі, адамға қажеттің барлығын табиғаттан аламыз. Өзіміз жұтатын ауа, жарық пен жылу, су, басқа да өмір сүру жағдаяттарына керекті нәрселер – өміріміздегі басты материалдық құндылықтар. Ақпараттарға сүйенсек, бөлінетін қаражаттың көп бөлігі экологиялық проблеманы шешуге, алдын алу шараларына, қалыпқа келтіру жұмыстарына жұмсалады екен. Соңғы жылдардағы ғаламдық жылыну, азон қабатының жұқаруы, мұхиттардың ластануы, ондағы тіршілік көздерінің күрт азаюы ең басты мәселе болып отыр.Табиғат тепе-теңдікпен, үйлесімділікпен өмір сүреді. Осы тепе-теңдік бұзылса, түрлі табиғи апаттар болып, адамзат өміріне қауіп төнетінін жақсы білеміз. Дегенмен, экологиялық проблеманының тууына кім кінәлі? Әрине, оның барлығы адамзаттың қолымен жасалып отыр деп ойлаймын. Сол себепті жер бетіндегі барлық адам табиғатты қорғауға, экология үйлесімділігін сақтауға ортақ жұмылуы керек. Сонда ғана бұл мәселе шешімін табады деп білемін.
Дәл қазіргі таңдағы ғаламдық проблемаға айналған мәселенің бірі – індет.Тарих бетін парақтар болсақ, індеттің басқа да түрлері болған екен. Дәл осындай күллі әлемді дертімен жайлаған қатерлі індет болмағанына көзіміз жетіп отыр. Қазіргі уақытта әлем елдері бірлесе отырып, осы індеттің бетін қайтару үшін күресіп жатыр. Алайда, індеттің жаңа түрлері пайда болып, түрленіп адамзат әлемін алаңдатып отыр. Індет қаншама адамның өмірін жалмап, әлем елдерінің экономикасының да тоқырауына алып келді. Адамдар үйден шықпай жұмыс істеп, оқушылар мен студенттер қашықтықтан оқуға мәжбүр болды. Соның салдарынан адамдардың өмір сүру тәртібі өзгеріп, ішкі құндылықтарымызды қайта қарауға тура келді.
Өзім өмір сүріп отырған ортадағы ғаламдық мәселеге әлеуметтік желіге тәуелділікті де қосамын. Әлеуметтік желіге тәуелділік адамдың ақыл-ойын алып, логикалық ойлау қабілетінің тежелуіне, жеңіл еңбекке, уақытты бос іске жұмсауға әкеліп отыр. Тіпті адамдардың психикасы бұзылып, өзінің жақындарынан алшақтап бара жатқанын байқаймыз. Сонымен бірге күні бойы желіде отыру адам денсаулығына, соның ішінде көздің көруінің нашарлауына, түрлі омыртқа ауруларының көбеюіне себеп болып отыр. Адамдарда рухани байлық жұтаңдап, материалдық байлық алға озып отыр. Бұл ғаламды ойландырып отырған – өзекті мәселе. Осы мәселелерді шешпесек, адамзат өміріне қауіп төніп, жер бетінде адами болмыс құнсызданады деп түсінемін.
Қорытындылай келе, әрбіреуіміз осы мәселелерді шешуге саналы түрде ұмтылсақ, әлем болып біріксек, аз да болса, болашағымызды жарқын етуге үлес қосамыз деп ойлаймын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет