«Қазіргі жасөспірімдер заңды білуде қаншалықты сауатты?»


Қазақстанның дамуына менің қосар үлесім



бет17/18
Дата19.06.2023
өлшемі69,18 Kb.
#102276
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Қазақстанның дамуына менің қосар үлесім
Қазақстан өз Тәуелсіздігін алып, гүлденген елдер қатарына қосылғанына отыз жылдың жүзі болды. Қазіргі уақытта Қазақстанда әлемнің алпауыт елдері біледі десек, артық айтқандық емес.
Тәуелсіз Қазақстан жаңа ғасырда жан-жақты дамып, өркениетке қанатын жайып келеді. Ғылым мен техника дамыған заманда елді дамытатын, үлесін қосар зияткер ұрпақ керек екенін білеміз. Қазақстанда тұратын әрбір адам елдің дамуына өз үлесін қосуы керек деп ойлаймын.
Қазақстанда тұрып, оның ауасын жұтып, суын ішіп, кең даласында емін-еркін жүгіріп, алаңсыз балалық шақты өткізгенім үшін мен өзімді осынау елге мәңгілік қарыздармын деп санаймын. Қарызымды өтеу үшін Тәуелсіз Қазақстанның дамуына өзімнің үлесімді қоссам деймін. Ол үшін мектепті жақсыға аяқтап, қалаған маман иесі болу бірінші қадамым болмақ. Жоғарғы оқу орнын аяқтап, қолыма диплом тиген күннен бастап, осынау таңғажайып елге қызмет етемін деп жоспарлаудамын. Менің балалық арманым мен болашаққа қойған мақсатым тікелей елімнің мүддесіне қызмет етумен тікелей байланысты екенін айтқым келеді.
Қазақстанның дамуына үлес қосу үшін белгілі бір маман иесі болу ғана жеткілікті ме? Меніңше, ең алдымен сол елдің тілін, дінін, салт-дәстүрін, ұлттық құндылықтарын құрметтеп, өзіміздің де санамызға сіңіруіміз керек деп санаймын. Сол елге қызмет ету үшін ұлттық менталитетінен де хабардар болуымыз дұрыс емес пе? Қазақстан тату-тәтті, қаншама ұлттар мен ұлыстарға мекен болып отырғанын естен шығармауымыз керек. Сонда ғана біздер шын жүрек пен шын ниеттен елдің дамуына өзіміздің барлық күш-қайратымызды қоса аламыз деп түсінемін.
Сонымен қатар, Қазақстанның дамуына үлес қосу үшін қазіргі ғылым мен техниканың тілін меңгеріп, жаһандық талаптарға сай, бәсекеге қабілетті болуымыз керек деп білемін.Қазақ , ағылшын тілдерін еркін меңгеріп, сапалы қызметімізді ұсынсақ, елдің дамуына қосар үлесіміз нәтиелі болады деп ата аламын. Біздің мақсатымыз әлем елдерімен тереземіз тең болуына жұмыс жасау емес пе? Білімнен, ғылымнан озып жатсақ, еліміз үшін абырой болмақ. Сол үшін зияткер ұрпақ ретінде өзімізді жан-жаөты дамытып, кәсіби шыңдалуымыз керек. Ел экономикасын көтеруге, қай салада болсын жемісті еңбек етіп, өз жауапкершілігімзді арттырсақ, парызымыз сәл де болса, ақталады.
Ойымды қорыта келе, «Туған жерге туың тік» дегендей, өзіміздің балалық шағымыз өткен, еркін өскен елімізге қызмет етіп, елдің жарқын болашағын жасауға ат салысыайқ дегім келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет