«Қазіргі жасөспірімдер заңды білуде қаншалықты сауатты?»


Тақырып: Бақытты ұрпақ кім?



бет15/18
Дата19.06.2023
өлшемі69,18 Kb.
#102276
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
барлық эссе

Тақырып: Бақытты ұрпақ кім?
Адам ұрпағымен мың жасайды. Себебі, өмірді жалғайтын – келер ұрпақ. Ол ұрпақтың бақытты болу, болмағы жан тыныштығына байланысты деп ойлаймын. Мен жүрек тыныштығы мен ел тыныштығы үйлескен бақытты ұрпақпын.
Бақытты ұрпақты Тәуелсіз, азат, бейбіт елде өмір сүретін, өз ұлтының құндылықтарын насихаттай алатын, өзіндік рухани әлемі бар білімді ұрпақ деп санаймын.
Біріншіден, азат, бейбіт өмірде дүниеге келген ұрпақ бақытты болады. Себебі, өзінің туған жерінде, атамекенінде туып-өсіп, алаңсыз балалық шағын өткізеді.Өз елінің тарихы мен шежіресіне қанып өседі. Тегін біліп, жеті атасын таниды. Өз жерінің тауында еркін жүгіріп, саф ауасын жұтып, жан тыныштығымен өмір кешеді.Ондай баланың ақылы, ой-өрісі, танымы кең болады. Сондықтан азат елдің ұрпағы болу кез-келгенге бұйыра бермейтін сый деп санаймын.
Екіншіден, бақытты ұрпақ өзінің ата-бабасының жолымен жүріп, салт-дәстүрін ұстанады. Тағылымы мен тәрбиесін бойына сіңіреді. Ежелден келе жатқан ұлттық құндылықтарды өміріне азық етіп, болашаққа қадам басады деп түсінемін. Ұлттық құндылықтары бар елдің ұрпағы ұсақталмайды, олар өз елінің жарқын болашағын жасайды. Өз басым ұлтымның үлкенге – құрмет, кішіге – ізет көрсету, ата-ананы құрметтеу, өз елінің қамқоршысы, патриоты болу сияқты құндылықтар арқылы өсіп келемін. Бұл менің өз мақсатым мен мұратымды айқындауға сара жол болып тұр.
Үшіншіден, рухани әлемі бай, кісілік келбеті зор ұрпақ бақытты деп білемін. Рухани білімді біз кішкене кезімізден бойымызға сіңіреміз. Егер де біздің отбасылық құндылық жоғары болса, баланың рухани құндылығы да жоғары болады. Бұдан отбасылық құндылығы жоғары жанұядан бақытты ұрпақ шығады деп қорытынды түюге болады. Біздер адами қасиеттерімізді отбасында қалыптастырып, кірпішін қалаймыз. Абай айтқандай, бойымызда «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» болса, бақыттың да дәмін сезінеміз деп айта аламын.
Ойымды қорыта келе, біз зиялы ұлттың, жасампаз қоғамның бақытты ұрпағымыз деп түйіндеймін. Осы бақытымызды ұзағынан ету өз қолымызда, достарым!



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет