«Қазіргі жасөспірімдер заңды білуде қаншалықты сауатты?»


Өзің өмір сүріп жатқан ортада ғаламдық проблемаға айналған мәселелер бар ма?



бет16/18
Дата19.06.2023
өлшемі69,18 Kb.
#102276
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Өзің өмір сүріп жатқан ортада ғаламдық проблемаға айналған мәселелер бар ма?
Қазіргі біз өмір сүріп отырған ғасырда барлық адамзатқа ортақ ғаламдық проблемалар бар. Олардың күллі адамға ортақ болуының себебі, өзектілігі мен адамзат қоғамына тигізер зиянында деп ойлаймын.
Ғылым мен технология қарыштап дамыған осынау қоғамда интернетке тәуелділік, ғаламның жылынуы сияқты экологиялық проблемалар, лаңкестік әрекеттер мен терроризм және жаппай жайлаған пандемия адамзат баласына зардабын тигізер өзекті мәселелер болып отыр.
Мен өмір сүріп отырған ғасыр – ақпарат пен технология ғасыры. Сол себепті, түрлі әлеуметтік желілер пайда болды. Тіпті өмірімізді бір күн де интернетсіз елестете алмаймыз. Осыдан болар, барлық елде интернетке тәуелділік бірінші орында тұр. Әрине, интернеттің пайдалы жақтары да көп, дегенмен зияны – ұшан-теңіз.Интернетке тәуелділік адамның денсаулығына: көзіне, құлақ, дене бітіміне кері әсерін тигізіп, психологиялық ауытқушылыққа да апарып жатыр.Интернеттегі әртүрлі ойындар мен желілер еңбектеген баладан бастап, еңкейген қарияны өзіне тартып жатыр. Осының салдарынан адамдар өмірмен қоштасып, жақындарынан алшақтап барады. Уақытымызды ұрлатып, жеңіл еңбекке төселіп алдық десек, артық айтқандық емес. Айта берсек, интернеттің зияны шыға береді. Интернетке тәуелділік басты проблема деп түсінген елдер оған шектеу қойып та жатыр.
Сонымен қатар, лаңкестік пен терроризм де – бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі.Лаңкестік пен терроризм қоғамға өте қауіпті, ол адамдардың өмірі мен тыныштығын алады. Ондай ел бақытты, бақуатты бола алмайды.Жуықта ғана елімізде болған лаңкестік жағдай осының дәлелі деп білемін. Айналасы 4-5 күнде еліміздің барлық қалаларында жаппай тәртіпсіздіктің салдарынан содырлар мен лаңкестер қаламызды күлге айналдырды. Мұның артында террорлық әрекеттер мен түрлі ағымдағы діни топтар тұрғанын білеміз.Біздің ғана мемлекетте емес, күллі әлемде болып жатқан оқиғаның бірі террорлық әрекеттер екені шындық. Сол себепті, әлем болып терроризмге қарсы күрес жүргізіп жатыр.
Күллі әлем бойынша ғаламдық мәселе болып отырған тағы да бір жағдай – жұқпалы індет. Бұл індеттің ғаламдық мәселеге айналғанына екі жылдан асып, үшінші жылға аяқ басты. Дерт жер бетіне түгел таралып, оның бірнеше түрлері пайда болып жатыр. Аталған дерт ғаламда бес миллионға таяу адамның өмірін жалмады.Барлық мемлекеттің экономикасының құлдырауына, білім саласы мен медицина саласына кері әсерін тигізіп, , жұмыссыздықтың өсуіне әкеп соқты. Дерттің таралуының салдарынан туризм, сауда-саттық сияқты экономиканың табыс көздері төмендеп, білім саласы, басқа да салалар қашықтықтан жұмыс істеуге мәжбүр болды.Қатаң режимді шектеулер қойылды. Бүкіл әлемнің денсаулық сақтау ұйымдары бірлесе жұмыс істеп, салмақ дәрігерлерге түсті. Адамдардың өмірін сақтап қалу жолында қаншама дәрігерлер індеттен көз жұмды. Әлемді жаппай шарпыған індеттің зияны әлі де өршіп тұр.
Ойымды түйіндей келе, ғаламдық проблеманы адамзат әлемі бірлесе күрескенде ғана жеңе алады деп санаймын. Ғаламдық проблема болған мәселелерді тамырымен жойғанда ғана адамзат қоғамы жарқын өмір сүре алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет