«Қазпошта», «Эврикапресс», Подписной индекс по каталогам


§ 15-16, №71 есепті түсіндіру. (Нұсқау: Брадис кестесін пайдалану)



Pdf көрінісі
бет25/37
Дата02.01.2017
өлшемі2,54 Mb.
#974
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   37
§ 15-16, №71 есепті түсіндіру. (Нұсқау: Брадис кестесін пайдалану).
Қосымша: 
1 слайд
2 слайд
ГЕОМЕТРИЯҒА ДА 
ПОЭЗИЯДАН КЕМ 
ЕМЕС ШАБЫТ КЕРЕК.
Әл-Фараби

281
280
БІЛІМ БЕРУДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ, ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
ПРОБЛЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ, ПУТИ ИХ РЕШЕНИЯ
3 слайд
4 слайд
Сабақтың тақырыбы:
Екіжақты бұрыш.
Перпендикуляр жазықтықтар.
Тыңда
5 слайд
6 слайд
7 слайд
8 слайд
Назар аудар!
Екіжақты  бұрышты  сызықтық  бұрышпен  өлшенеді  делік.  Ал 
көпжақты бұрышты өлшеу үшін арнайы денелік өлшеу - жазық 
бұрышты радианмен өлшеу сияқты, ұқсас өлшем енгізілген. Бұл 
өлшемнің аты - стерадиан (стер).
Мысалы: бөлме бұрышы сфераның 
8
1
яғни октант бөлігін - демек 
денелік өлшем
2
R
8
R
 
4
2
2
π
π
=
+






Оны нидерландық математик А. 
Жирар ХVІІ ғасырда енгізген.
БІЛІМ БЕРУДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ, ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
ПРОБЛЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ, ПУТИ ИХ РЕШЕНИЯ
9 слайд
1. Екіжақты бұрышқа мысал келтір?
2. Екіжақты бұрыш дегеніміз не?
3. Екіжақты бұрыштың сызықтық бұрышы 
деген не?
4. Екіжақты бұрышты қалай өлшейміз?
5. Кеңістікте екі парақ арқылы (картон) 
жазықтықтардың өзара орналасуын көрсет?
6. Перпендикуляр жазықтықтар дегеніміз не?
7. Жазықтықтардың перпендикуляр болуының 
белгісін айтып бер?
10 слайд
ТЕСТ
11 слайд
Тест жауабы және өзін бағалау
1. А
2. В
3. А 
 
6 балл – «5»,
4. Б,В,Д 
 
4,5 балл – «4»,
5. Б,В.Д 
 
3 балл – «3»,
6. А 
 
0-2 балл – «2».
Түйіндеме
Еліміздегі  жүргізіліп  жатқан  білім  саясатының,  соның  ішінде 
математикалық  білім  беру  әлемдік  білім  кеңістігіндегі  жалпы  білім 
берудің басым бөлігі болып қала бермек. Математикалық білім беру тек 
мамандар даярлау емес қоғамның интеллектуалдық және мәдени денгейін 
көтеру,  оның  бәсекелестік  қабілеттерін  өмірдің  қазіргі  заманғы  стилін 
қалыптастыру құралына айналдыру.
Әдебиеттер:
1. Зуева М.Л. Формирование содержания школьного математическо-
го образования / Ярославский педогагический вестник. 2005. №2 (43).
2. Тихомиров В. О некоторых проблемах математического образова-
ния //Математика (учебно-методическое приложение). 2000. №39.
3. Под редакцией Гамкрелидзе К. Современные проблемы математи-
ки. М. 1988.
Сонымен,математикалық білім 
беру  үшін  алдымен  мемлекетіміз 
үлкен  қамқорлық,  ұлттық,  әрі 
әлемдік деңгейдегі оқулықтар дай-
ындап,  қазақ  тілінде  математика 
пәнінен  оқу-әдебиеттерді,  ұлы 
математиктердің  шығармаларынан 
деректер  жинап,  шетел  мектеп-
терінің іс - тәжірибесімен алмасу, 
математиканы  оқытуда  гранттар-
ды көбейту мәселесі  қолдау тапса 
деген ойдамын.

283
282
САМОУПРАВЛЕНИЕ – ЭФФЕКТИВНОЕ 
СРЕДСТВО ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО И ГРАЖДАНСКОГО 
СТАНОВЛЕНИЯ ЛИЧНОСТИ 
Воронкова Н.М.
Заместитель директора по учебно-воспитательной 
работе Алматинского колледжа управления и рынка,                                
преподаватель русского языка и литературы.
Кардинальные  преобразования  в  социально-  экономической  сфере 
и современные условия развития общества, реформирование в системе 
образования,  выход  в  мировое  образовательное  пространство,  требует 
качественно нового подхода в подготовке специалистов. В Конституции 
Республики Казахстан, Законе «Об образовании», Концепции «Государ-
ственной политики в области образования» особо подчеркнута актуаль-
ность  проблемы  подготовки  будущих  специалистов,  отвечающих  тре-
бованиям  современности.  К  этому  призывает  и  Послание  Президента 
Республики  Казахстан  Н.А.  Назарбаева  народу  Казахстана  «Новое  де-
сятилетие - новый экономический подъем - новые возможности Казах-
стана».  В  Послании  отмечено,  что  успешность  реализации  стратегии 
модернизации страны зависит, прежде всего, от знаний, социального и 
физического самочувствия казахстанцев. В связи с этим, перед педаго-
гическим  коллективом  нашего  колледжа  стоит  задача:  в  современной 
ситуации подготовить высококвалифицированных специалистов с инно-
вационным, творческим мышлением, способным решать задачи, постав-
ленные Президентом на новое десятилетие. 
Происходящие изменения в обществе вызвали необходимость решать 
проблему развития самоуправления в качестве существенного направле-
ния процесса демократизации общества как важнейшего и эффективного 
средства профессионального и гражданского становления личности. 
В учебно – воспитательном процессе нашего колледжа сделан акцент 
не только на подготовку квалифицированных специалистов среднего зве-
на по профессиям, востребованным на рынке труда,  но и на обеспече-
ние условий для получения знаний, умений и навыков, которые позволят  
лучше подготавливаться к самостоятельности.
Актуальность  данной  модели  самоуправления  в  нашем  колледже 
сформирована социальным заказом общества и государства на профес-
сионально компетентную личность, готовую к социальной и профессио-
нальной мобильности.
Самоуправление  в  нашем  колледже  –  это  совместное  участие  всех 
членов коллектива в решении вопросов профессионального обучения и 
воспитания. Совместно с преподавателями и администрацией учащиеся 
ТӘРБИЕ  ТАҒЫЛЫМДАРЫ
ВОПРОСЫ  ВОСПИТАНИЯ
ТӘРБИЕ  ТАҒЫЛЫМДАРЫ
ВОПРОСЫ  ВОСПИТАНИЯ
участвуют в организации учебно – воспитательного процесса, в прогно-
зировании, в планировании, контроле и оценке его результатов. Передавая 
учащимся часть своих функций в организации обучения и воспитания, 
педагогический коллектив создает условия для приобретения учащимися 
организаторского, управленческого и воспитательного опыта.
Педагогический коллектив проводит обучение актива самоуправле-
ния  знаниям  ,  умениям  и  навыкам  организационных  коммуникаций  и 
управления, обеспечивая методологическую поддержку деятельности са-
моуправления, и осуществляет психологическое консультирование.
Самоуправление  колледжа  представляет  собой  структуру    государ-
ства. «Успех» – название студенческого государства колледжа. «Успех» 
–  работает  на  основе  Устава,  имеет  свою  эмблему.    Высшим  органом 
самоуправления является студенческая конференция. Работа самоуправ-
ления основана на принципах равноправия, открытости и гласности, де-
мократии,  коллегиальности  и  персональной  ответственности.  Работой 
руководит президент (учащаяся первого курса Алиаскарова Асем). Под 
ее руководством работают министерства: образования, культуры, юсти-
ции, информации и печати, профориентации, здорового образа жизни. У 
каждого министра есть заместители (по одному представителю от каж-
дой группы). Все они избираются тайным голосованием. Предусмотрена 
ротация. «Успех» в своей работе руководствуется законами коллектива: 
правды,  добра,  памяти,  уважения.  Например,  так  звучит  закон  чести:  
«Вспоминай о своей физической силе только наедине с собой. Помни о 
своей духовной силе, долге, благородстве, достоинстве».
Министерство образования организует контроль за успеваемостью, 
своевременной сдачей экзаменов и зачетов, выявляет учащихся, не сдав-
ших своевременно сессию, организует помощь неуспевающим, помогает 
в  проведении  конференций,  интеллектуальных  игр,  олимпиад,  смотров 
знаний по овладению государственным языком и т.д.
Министерство ЗОЖ помогает в формировании социально здоровой 
личности. Активно ведет профилактическую работу по борьбе с вредны-
ми привычками: наркотики, токсикомания, табакокурение и алкоголизм. 
Без участия этого министерства не проводятся спортивные соревнования, 
субботники.
Министерством юстиции руководит учащаяся первого курса   Касе-
нова Зинаида , которая обучается на специальности «Правоведение».
Это министерство решает задачи пропаганды общей и правовой куль-
туры, формирования гражданского правосознания, воспитания  и законо-
послушности, следит за соблюдением Единых требований к учащимся, 
занимается организацией дежурств, организацией работы клуба «Право-
вед». Проводит беседы, знакомит с законодательными актами. Министр 
и его помощники  являются членами Совета по профилактике правона-
рушений.

285
284
ТӘРБИЕ  ТАҒЫЛЫМДАРЫ
ВОПРОСЫ  ВОСПИТАНИЯ
Министерство информации и печати освещает интересные момен-
ты жизни колледжа, занимается выпуском газеты ежемесячно, а также к 
знаменательным датам.
Министр по профориентации со своими заместителями организует 
встречи с выпускниками девятых – одиннадцатых классов. Информирует 
их о специальностях, которые можно получить в Алматинском колледже 
управления и рынка. Формы работы их разнообразны: встречи, круглые 
столы, конкурсы «Защити свою профессию», КВН и т.д. 
Результатом работы самоуправления стало то, что изменился стиль 
жизни в колледже, появилась возможность самовыражения, самоуправ-
ления, самоопределения, самоутверждения, самореализации.
Таким образом, совместная деятельность педколлектива и учащихся 
в учебно- воспитательном процессе является средством повышения ка-
чества подготовки специалистов. Сотрудничество взрослых и детей по-
зволяет  расширить  сферу  их  социальных  взаимоотношений,  обогатить 
их опытом взаимодействия.  Самоуправление дает возможность сформи-
роваться нравственно и духовно чистой, интеллектуально развитой, про-
фессионально  компетентной  личности.  Человек  -  саморазвивающаяся 
система, поэтому каждый член коллектива должен быть самоуправите-
лем. Самоуправление - единый процесс, который приводит к развитию 
человека, а, следовательно, всего коллектива. Педагогический коллектив 
стремится, чтобы выпускники колледжа были востребованными управ-
ленцами среднего звена, так как наш колледж – колледж управления и 
рынка. 
 
Литература:
1. Б. Лихачев Педагогика М., 1998г.
2. В.М. Лизинский Идеи к проектам и практика управления школой. 
М., 1998г.
3.  З.М.  Садвакасова  Организационный  менеджмент  в  образовании 
Алматы, 2006г.
4. Открытая школа  №7(32)., 2004г.
5. Пути реализации инновационных процессов в системе образова-
ния на основе интеграции и практики (Материалы республиканского се-
минара Алматы, 2001г.)
6. Р. Масырова Т. Линчевская Инновационные школы в Казахстане 
Алматы, 2000г
ОТБАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫ ЭТНОӘЛЕУМЕТТІК 
РӨЛДЕРГЕ БЕЙІМДЕУ
Манкеш А.Е. 
Педагогика ғылымдарының докторы.
Қошжанова Г.А.                                                                    
ҚазМемҚызПУ -нің  2-курс магистранты. 
Тәуелсіз еліміздің ертеңгі болашағы – жас ұрпақты үлкенге құрмет, 
кішіге  ізет  көрсете  білетін,  ұлттық  құндылықты  қастерлеп  тәрбиелеу 
бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Қазақ ұлт болып қалыптасқаннан бергі ұзақ 
тарихында сан алуан кезеңдерді бастан өткізіп, тар жол тайғақ кешсе де, 
болашақ ұрпағының тәлім-тәрбиесіне өте зор көңіл бөле отырып, сонымен 
қатар елін, жерін сыртқы-ішкі жаулардан қорғайтын ер бойына ұлы дала 
перзентіне тән-еркіндік пен тәуелсіздік, қайсарлық пен қайырымдылық, 
ақ  ниеттілік  пен  парасаттылық,    ерлік  тәрізді  асыл  қасиеттерді  дары-
та  білген.  Осы  аталған  ұлы  қасиеттерді  өскелең  ұрпақтың  ата-бабадан 
қалған өнеге деп қабылдауы, ертеңгі күннің жарқын болашағына деген 
сенімімізді арттыра түседі.
Қазақстан Республикасы Ата Заңының 27-бап, 2-тармағында «Бала-
ларына  қамқорлық  жасау  және  оларды  тәрбиелеу  -  ата-ананың  табиғи 
құқығы,  әрi  парызы»  делiнсе,  «Қазақстан  -  2030»  бағдарламасында:-  « 
Әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердiң өз балалары мен немерелерi 
алдындағы жауапкершiлiгiн күнделiктi есте ұстауға тиiспiз. Бiз өз балала-
рымыз бен немерелерiмiздi сонау алыс болашақта, олар бiздiң жасымызға 
жеткен кезде қандай күйде көргiмiз келедi...»делiнген[1].
Отбасы  тәрбиесіне  қатысты  тәлім-тәрбиелік  идеялар  қазақтың 
халық  педагогикасында  Қорқыт  ата  кітабында,  Әбу  Насыр  әл-Фараби 
еңбектерінде,  Жүсіп  Баласағұн,  Сайф  Сараи  шығармаларында,  хандық 
дәуірдегі  ақын-жыраулар  мұраларында,  Ы.Алтынсарин  еңбектерінде, 
А.Құнанбаев  А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев мұраларынан 
да елеулі орын алғанымен әлі толық зерттеле қойған жоқ. Кейінгі кездерде 
отбасы тәрбиесіне қатысты Х.Арғынбаев, К.А.Оразбекова, Ж.Қоянбаев, 
З.Әбілова, С.Ғаббасов, І.Р.Халитова, т.б. еңбектері бар.       
Олай  болса  отбасы  –  адам  баласының  өсіп-өнер,  қаз  тұрып  қанат 
қағар  ошақ  қасы-үйі,  алтын  бесігі,  яғни  туысқандық  байланыста  бола-
тын  (ата,  әже,  күйеуі,  әйелі,  балалары,  немере,  шөбере  т.б.),  бірлесіп, 
әлеуметтік-тұрмыста  өмір  сүретін  адамдар.  Отбасының  берік  негізі 
міне осы рухани мүдденің бірлігінде. Оның біртұтас тату болуы, береке 
бірлігі  ең  алдымен  ата-ана  мүддесінің  мәні  мен  мағынасында,  әке  мен 
шешенің бір-біріне, балаларына, олардың, ағайын, туыс, жолдастарына 
қалай қарайтындарына байланысты. Қазақ отбасы негізінен үш ұрпақтан 
тұрады. Ол – ата, әке, бала [2].
ТӘРБИЕ  ТАҒЫЛЫМДАРЫ
ВОПРОСЫ  ВОСПИТАНИЯ

287
286
ТӘРБИЕ  ТАҒЫЛЫМДАРЫ
ВОПРОСЫ  ВОСПИТАНИЯ
Ата-беделділік  жағынан  әкеден  жоғары,  өмірлік  тәжірибесі  мол, 
мейірімділік  тұрғыда  тәрбие  беруді  меңгерген,  отбасының  тірегі.  Бала 
тәрбиесіне  үлес  қосуға  мүмкіндігі  бар.  Отбасындағы  ең  үлкен  жол 
атанікі. Өз отбасы мен басқа балаларының, ағайын-туыстың әлеуметтік 
мәселелерін  шешуге  ат  салысатын  ақсақалдар  этноәлеуметтік  қарым-
қатынасты  реттеліп,  этноәлеуметтік  рөлдердің  сақталуына  басшылық 
жасап отырады.    
Әже-отбасының  ғана  емес,өзінің  басқа  балаларының  отбасындағы 
қарым-қатынасты  реттейтін,  балаларды  өмірге  бейімдеудің  қарапайым 
түрлерін мейірім арқылы жеткізе білетін ақылшы, сол шаңырақтың ал-
тын қазығы. Салт дәстүр мен әдет-ғұрыпты сақтау арқылы, отбасылық 
құндылықтарды  дәріптеу  арқылы  этноәлеуметтік  қарым-қатынастарға 
ықпалды жол көрсетуші.
Әке-отбасының  иесі,  ерекше  беделді  тұлға.  Алайда,  беделдік  пен 
биліктің  басымдығынан  әке  педагогикасы  тәрбиелеуші  қызметтен  көрі 
басқарушылығы басым түсіп жатады. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі 
толығымен  ер  азаматқа  жүктеледі.Қара  шаңырақ,  деп  атайтын  әкенің 
үйіне болашақта кенже ұл ие болып, қарттарды бағып-қағатын, көне салт 
бүгінгі қазақ отбасыларында да сақталған. Ал үлкендері үйленіп үй болы-
сымен еншілерін алып, бөлек шыққан. Жасы кіші болса да кенже иелен-
ген үлкен шаңырақ басқа жасы үлкен туыстары үшін де қадірлі, қасиетті  
ретінде саналған. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнер 
білімі ұл баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, соған қарап өсетін 
нысанасы. Қазақта біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат болса: «Оның 
әкесі  немесе  атасы  жақсы  кісі  еді,  көргенді  бала  екен,  өнегелі  жерден 
шыққан ғой», - деп мадақтайды.
«Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дегендей, отбасында 
ұлдар әкелері немесе аталарының бойындағы қасиет пен өнерін үйреніп 
өскен. Шығармашылықта, ақындықта танылған жас баланың тәрбиесіне 
аса назар аударылған. Ата өнерін ұрпағының қууы, оны мирас етуі қазақ 
отбасыларында жиі кездесетін дәстүр. Билік, батырлық, әншілік, серілік, 
мергендік, аңшылық, зергерлік сияқты ата-баба өнерін жеті атасына дейін 
жалғастырған әулеттер қазір де баршылық [3].
Қазақ  қоғамындағы  әйелдердің  орны  жайлы  әңгімелегенде,  Орта 
Азияны мекендеген басқа халықтардың әйелдерімен салыстырғанда қазақ 
қыздары мен әйелдерінің анағұрлым еркін болғанын айтқан жөн. Олар 
жүздерін жамылғылармен бүркемей, ашық өмір сүрген. Дегенмен, қазақ 
әйелдері үшін басты міндет – отбасы беріктігін сақтау, бала тәрбиелеу, 
ерлерін барынша сыйлау, рухани қолдау көрсету болып табылады. Демек, 
өзіне ата-аналық талап қоюшылық, өз отбасында ата-аналық сый-құрмет, 
әрбір  өзінің  аяқ  алысына  ата-аналық  бақылау-бұл  тәрбиенің  алғашқы 
және ең басты әдіс.  
ТӘРБИЕ  ТАҒЫЛЫМДАРЫ
ВОПРОСЫ  ВОСПИТАНИЯ
«Әкеге  қарап  ұл  өсер,  шешеге  қарап  қыз  өсер»  дейтін  қазақ  қыз 
балаларының тәрбиесіне аса үлкен назар аударған. Кәмелетке толғанға 
дейін бойжеткен болашақ отбасы өмірінің басты міндеттерінен сабақ ала-
ды. Ол ерінің адал жары, ана болу, отбасы беріктігін сақтаушы қызметіне, 
шаруашылықтың барлық жақтарын игеріп жүргізуге, қонақты лайықты 
қарсы алуға, туыстарын сыйлап қадірлеуге бейімделеді. Көргенді отба-
сылары қыз баланы «қонақ» деп мәпелеп, қадірлеп өсірген. Қыз баланың 
тәрбиесіне ең бірінші анасы жауапты болған. Сондықтан қазақ «Шешесіне 
қарап қызын ал» – деген.
Қыз  бала-табиғатынан-ақ  отбасылық  жұмыстарды  атқарып,  ыдыс- 
аяқты  жинап үйренгеннен бастап-ақ, дастарханға не қойылу қажеттігін, 
қандай ыдыстарға не салу керектігін білу арқылы дастархан мәзірін жасау, 
кір жуу, гүл өсіру, үй тазалығы сияқты жұмыстарды бірте-бірте меңгеріп,  
отбасындағы басқа балаларға көмекші болып, көмегін тигізеді. 
Отбасындағы ер баланың міндеті ата-ананың талабына сай жүктеліп, 
үлкен  ұл  отбасындағы  балаларға  қамқорлық  жасап,  ал  ұлдың  кенжесі 
қара  шаңырақ  иесі  болып  есептелінген.  Ұлдың  сырттың  жұмыстары: 
отын-су  әкелу,  малға  қарау,  жем-шөп  дайындау,  қора-қопсы,  аула 
тазалықтарын  реттеу  жүктеледі.  Қазақ  отбасында  әкелер  өзінің  білетін 
бар  өнерін  ұлдарына  үйретіп,  оларды  мерген,  аңшы,  құсбегі,  ісмер, 
яғни  сегіз  қырлы,  бір сырлы  жігіт етіп  тәрбиелеген.  Бала  ес білгеннен 
бастап,  оның  құлағына  «сен  ертеңгі  шаңырақ  иесісің,  болашақ  әкесің, 
арқар сүйер жарсың, отбасының асыраушысың, сондықтан да жаманнан 
жирен, жақсыдан үйрен» деген сөздерді құйып отырған. Қазақтың ұлы 
ойшылы ғұламаларының бірі Ж.Баласағұни өзінің «Құтты білік» даста-
нында балаға тәрбиені отбасында бер, «ақ маңдайлы ұл-қыз туса, үйіңде 
өсір, бөтен жерде қалдырма» деп келер ұрпаққа өсиет ете отырып, бала-
ны жас кезінен білім мен өнерге, еңбекке баулу арқылы жаны мен тәні 
сабақтас  жетілген  парасатты  ұрпақ  өсіретінімізді  атап  көрсеткен.  Ата-
анасын аялай, құрметтей білген баладан жақсы азамат шығады. «Әкесін 
аман сақтап қалу үшін жанын қиған ұлдың өлімі-ең бақытты өлім болып 
табылады»-деген Баласағұнидың ұстазнамалық тұжырымдамасына кере-
мет ойлар жатыр.
Қазақ  жақсы  келінді  қызынан  кем  көрмеген.Ұзатылып  келген 
қалыңдық  үйлену  тойының  ертеңінде  бүкіл  ру,  әулет,  ауылға  келін 
болып  саналады.  Өзі  аттаған  босағасының,  рудың  адамы  санатына 
қосылып кетеді. Жеңгелік рөл келіннің келген жеріндегі өзіне кішілерге 
қамқорлығын  көрсету  арқылы  іске  асады.  Ақылдасып,  қыз  көңілін 
табуға  психологиялық  нұсқаулар,  ұсыныстар  жасайды.  Қыз  бала  үшін 
жеңге таптырмайтын жанашыр. Өз тәжірибесінен көргені мен түйгенін 
айта  отырып  сыр  бөлісетін  жеңгелер  институтының  әлеуметтік  мәні 
биік  болып  есептеледі[5].  Этноәлеуметтік  рөлдің  ішінде  жауаптылығы 

289
288
ТӘРБИЕ  ТАҒЫЛЫМДАРЫ
ВОПРОСЫ  ВОСПИТАНИЯ
жағынан  да,  жақындығы  жағынан  да,  жеңгенің  рөлі  жоғары.  Қазақ 
дәстүрінде үлкеннің атын атамай, тіріде өзін, өлгенде аруағын құрметтеу 
- жақсы келіннің әдептілігі мен тәрбиелілігінің айғағы. Сол сияқты, жас 
келіннің  үлкен  -  кішіге    ат  қоюының  өзінде  үлкен  философиялық  мән 
бар.  Одан  жас  келіннің  отбасы  тәрбиесінің  деңгейі,  ақыл-ой  дәрежесі, 
тапқырлығын  аңғаруға  болады.  Халқымыздың  мінез-құлқының  елеулі 
ерекшелігі  болып  саналатын,  адамдардың  бір-біріне  көмектесу,  әсіресе 
қуаныш пен қайғыда сүйеу болу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету де 
өнегелі дәстүрге айналған. Және қазақ халқында ерекше құрметтелетін 
адамшылдық қасиеттің бірі-ар болып есептеледі. Ары бар адамда намы-
ста, әділдікте, адамгершілік пен имандылықта болары сөзсіз [4].
Қазақ отбасында күйеу бала рөлін алып жүрудің де өзіндік ерекшелігі 
бар. Күйеу балаға ғана қатысты қайын-жұрттың үлкенінен-кішісіне дейін 
тіл табысу, көңілінен шығу – құдалық қарым-қатынасты реттеудің басты 
факторы. Әрине, жасы егделеген сайын, күйеудің әлеуметтік мәртебесі де 
жоғарылайтыны белгілі. «Күйеу қартайса құда болады», сөзі осы уақыт 
аралығында  күйеу  жақтан  әлденеше  қыз  алысып,  қыз  беріскендігін, 
күйеудің де беделді адам бола бастағандығын айғақтаса керек. Қазақтың 
«Күйеуді қызым үшін сыйлаймын» деген сөзінде де үлкен мән бар.
Демек,  балаларды  этноәлеуметтік  рөлдерге  бейімдеу  арқылы  өз 
халқының салт-дәстүрлерінде шоғырланған этникалық өзіндік санасын 
оятып, өз ұлтына, тіліне, тарихына, мәдениетіне деген мақтаныш сезімін 
және басқа ұлт өкілдеріне сыйластық, түсіністік сезімін қалыптастырауды 
көздейді. Бала тәрбиесінің шешуші факторлары болып табылғандықтан, 
ұлттық ерекшеліктерді ұстану, оларды ұрпақтан ұрпаққа тәрбие арқылы 
жеткізіп, этногенетика және этноәлеуметтік құндылықтарды қалыптасуды 
көздейді.  Көшпелі  және  рулық-тайпалық  негізде  құрылған  халықтарда 
туыстық байланыстар қоғамдық қарым-қатынастың негізін қалайды. 
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Қазақстан Республикасы Ата Заңы 2000ж
2.Арғынбаев Х. Қазақ отбасы. Алматы, 1996. -14б.
3.Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. Алматы, 1995. - 89б.
4.Оразаев К. Иман және инабат. Алматы, 1993.
5.Табылды Ә. Қазақ этнопедагогикасы және оқыту әдістемесі. Алма-
ты, 2004.
Резюме
В статье рассматривается значение этносоциальных ролей как важ-
нейшего фактора в семье на основе теоретического анализа. Показаны 
традиции и обоичаи казахского народа.
ТӘРБИЕ  ТАҒЫЛЫМДАРЫ
ВОПРОСЫ  ВОСПИТАНИЯ
Summary
In  this  article  is  considered  the  meaning  of  ethnosocial  roles  as  the 
important factor in the family on basis of theoretical analysis. Also shown the 
traditions and customs of Kazakh people.
КЕҢЕС ЗАМАНЫНДАҒЫ ПАНАСЫЗ БАЛАЛАР МӘСЕЛЕСІН 
ШЕШУ ТӘЖІРИБЕСІНЕН                       
Сүгірәлімова Г. 
Техника ғылымдарының кандидаты,                       
академик Қ. И. Сәтбаев атындағы Екібастұз     
инженерлік-техникалық  институттың доценті.
XX  ғасырдың  20-30  жылдары  Қазақ  Республикасының  өміріне 
түбегейлі өзгерістер енді. Көшпелі шаруашылық мәдени типтен біржолата 
қол  үзген  Еуразияның  сайын  даласында  аграрлық  индустриялық  мем-
лекет дүниеге келді. Қай мемлекеттің болмасын басты байлығы – адам, 
оның тәнінің саулығы, санасының кемелдігі. Зерттеліп отырған кезеңде 
Қазақстан халықтары әсіресе қазақ этносы демографиялық апатты бастан 
кешті. Большевиктердің саяси экономикалық эксперименттері мыңдаған 
миллиондаған жандардың азапты да құрбандыққа толы жанкештілігімен 
жүзеге асқанын енді ғана түсінгендейміз.
Қасіреттің ең ауыры – бейкүнә сәбилер мен балалардың аштықтан, 
панасыздықтан  зардап  шегуі  еді.  Панасыздық  экономикалық, 
шаруашылық  құрылысындағы  қателіктерден  туындағанмен  оның  ба-
стау  бұлағы  –  большевиктік  саяси  идеологиялық  ой-санада  жатыр. 
Өндіріс  құрал-жабдықтарына  жеке  меншікті  жойып,  қоғамдық  меншік 
үстемдігін  орнатуды  саяси  идеологиялық  мақсатына  айналдырған 
большевиктер  қоғамның  материалдық  негізін  қатыгездікпен  ұзақ  жыл-
дар  бойы  шайқалтты.  Зорлықпен,  қуғын-сүргінмен  өмірге  келген  жаңа 
экономикалық қатынастар бірден жұмыс істеп кетпегендіктен ересектерді 
де,  балаларды  да  күн  көріс  мүмкіншілігінен  айырды.  Осылайша  сая-
си  идеологиялық  адасу  экономикалық  құрылыстағы  көзсіздік  халықты 
әсіресе балаларды қасіретке ұрындырды.
Өз қолдарымен жасаған қылмысының ізін жасыруға тырысқан боль-
шевиктер панасыз балаларды аман сақтап қалудың бағдарламасы мен іс-
шараларын жүргізе алғанын мойындауымыз керек. Осындай большевиктік 
саясаттың  кең  қолданыс  тапқан  аймағы  Кеңестік  Қазақстан  еді.  Әрине 
мұрағат  құжаттарын  қанша  ақтарсақ  та  панасыздықтан,  жетімдіктен 
көз  жұмған  балалардың  санын  дәлме-дәл  анықтау  мүмкін  емес.  Қолда 

291
290
ТӘРБИЕ  ТАҒЫЛЫМДАРЫ
ВОПРОСЫ  ВОСПИТАНИЯ
бар мәліметтер бұл шығынның орасан зор болғанын айғақтайды. Тіпті 
медицина  тұрғысынан  келер  болсақ,  ашаршылық,  қуғын-сүргін  тәрізді 
әлеуметтік катаклизмдерден алдымен жапа шегетіндер организмі әлсіз, 
қиындыққа  төзімділігі  төмен,  қауқарсыз  дәрменсіз  балалар  және  егде 
жастағылар  ғой.  XX  ғасырдың  басындағы  5  млн.  қазақтан  Ұлы  Отан 
соғысы қарсанында 2 млн. ғана қазақтың қалғаны балалар мен ересектер 
арасындағы өлім- жітімнің ауқымын көрсетеді деп есептейміз.
Ресми  саясат  пен  іс-шаралардың  күшімен  панасыз  балалардың  
қаншасы аман-есен қалғанын дәлме-дәл есептеп шығару мүмкін емес. Бәрі 
де салыстырумен танылады дегендей, панасыздық кең етек жайған ұлыс - 
қазақ ауылдары еді. Өйткені дәстүрлі шаруашылығы талқандалған қазақ 
ауылының тұрғындары 20-30 жылдар межесінде қалаларға, көршілес ел-
дерге босып кетті. Босқынға айналған қазақи отбасының аман-сау қалған 
баласы жоқ, бірі қыршыннан қиылып, мезгілсіз дүниеден өтсе, екіншісі 
панасыз, жетім ұрпақтың қатарын молайтты.
Мұрағаттық  деректерден  айқындалғандайын  панасыздықтың 
қасіретін жоюға мемлекеттік мекемелер шешуші үлес қосты. Бұл үлестің 
нәтижелі болуын бірінші кезекте қаржыландыру, материалдың-қаржылық 
қолдау айқындады. Ал қаржының мөлшері республиканың экономикалық 
әлеуетіне тікелей байланысы еді. Өткен ғасырдың 20 жылдары бұл қаржы 
көзінің шектеулі болғаны түсінікті. Оның ұлғаюы 30 жылдардың екінші 
жартысына  дәл  келеді.  Панасыздық  мәселесінің  Ұлы  Отан  соғысы 
қарсаңында негізінен шешілу себебі осында жатыр. 
Қаржыландырудың шешуші ролін мойындай отырып панасыз бала-
лар жағдайын жақсартуда қоғамдық құрылымдардың елеулі еңбегін жоққа 
шығаруға  болады.  Бұл  орайда  “Балалар  достары  қоғамы”,  В.И.  Ленин 
атындағы  балалар  қорының  қазақстандық  бөлімшесі  қолынан  келгенін 
аяп калған жоқ [1]. Бірақ қоғамдың құрылымдардың мүмкіндіктері уақыт 
талабынан мейлінше төмен еді. Нәтижесінде бұларға артылған үміт пен 
міндет таудай болғанмен, тындырылған іс мардымсыз мөлшерде болып 
шықты. 
Панасыздықтың  тарихында  Өлкелік  балалар  комиссиясы  өзінің 
лайықты бағасын алуы керек. 1921-1936 жылдар аясында аталған комис-
сия панасыздықпен күрестің бас штабы міндетін атқарды десек артық бол-
майды. Комиссияның пәрменді қызмет етуіне түрткі болған себептердің 
ең бастысы оның басы-қасында ұлт зиялыларының көрнекті өкілдерінің 
тұрғанында  [2].  Ұлтым  деп  еңіреп  өткен  осы  азаматтар  социалистік 
идеология  аясында  жүріп-ақ  жас  ұрпақты  аман  алып  қалуға  билігін, 
күш  қуатын,  біліктілігін  аяуыз  сарп  етті.  Аға  буын,  зиялы  қауымның 
панасыздарға  пана,  қамқор  болған  қайраткерлігі  әрқашан  үлгі  тұтуға 
тұратын құндылық. 
Кеңестер  үкіметінің  панасыз  балаларға  қатысты  қамқорлықтың 
түрлері  мен  тәсілдері  сан  алуан  болды.  Олар  өз  заманындағы  саяси 
идеологиялық ахуалмен тығыз үндесіп жататын. Кеңестік идеологияның 
бояуы әбден сіңген еді. Басқаша айтсақ, большевиктер екі шауып мәреге 
жеткісі  келді.  Біріншіден,  жас  ұрпақты  аман  алып  қалуға  ұмтылды. 
Екіншіден, балалардың бойына кеңестік идеология мен тәрбиені сіңірді. 
Мәселеге  осы  тұрғыдан  келу  өзін  ақтағаны  ақиқат.  Балалар  үйінде 
тәрбиеленіп  шыққан  талай  ұрпақ  ел  басына  қатер  төнгенде  жанын 
қиюға дейін барғаны идеологиялық ықпалдың санадан тапжылмай орын 
тепкенін дәлелдейді. 
“Социализм  түпкілікті  жеңіске  жеткен  елде”  ескіліктің  жұрнағы 
–  балалар  панасыздығы  жойылмақ  түгіл,  қайта  өршіп  кеткенін  жаңа 
өкіметтің әлеуметтік салаға деген жартыкеш көзқарасымен, материалдық, 
қаржылық  қамтамасыз  етудегі  қиыншылықтармен  түсіндіруге  болады. 
Айналдырған 10-15 жылда панасыздар құрып кетпек түгіл, қайта олардың 
жаңа буыны – Кеңес елінің панасыздары өсіп шыға келді. 
1935  жылы  Бүкілодақтық  Атқару  Комитеті  мен  ҚСРО  ХКК-ның 
“Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыспен күресу шаралары“ ту-
ралы қаулысы жарияланғасын Кеңес елінде жасөспірім заң бұзушыларды 
жазалау  шаралары  күшейтілді.  Кеңес  мемлекетінің  Қылмыстық 
кодексінде  балаларды  ересек  заң  бұзушылармен  теңестіру  тәжірибесі 
1932  жылдың  7  тамыздағы  “Әлеуметтік  социалистік  меншікті  қорғау” 
туралы қаулыдан басталған еді. Халық арасында осы қаулы “бес түйір 
дән туралы заң” деп аталып кетті. Аштық өршіген 1932 жылдың жазында 
қыстан әзер шыққан қатын-бала колхоздың егіс даласына түн жамылып 
барып, бидайдың жасыл дәнін қайшымен қиып қойын- қойнышына тол-
тыратын. Дән тасушылар қолға түссе, аталмыш заң бойынша колхоздың 
меншігіне қол сұққаны үшін ең ауыр жаза – ату жазасына, ал жеңілдік 
жасалған  жағдайда  10  жылға  сотталатын.  Осы  баппен  сотталғандарға 
рақымшылық қолданбайтын. КСРО-да 1932 жылдың бірінші жартысында 
осы бап бойынша 54645 адам сотталған [3]. Жазаланғандардың ішінде ба-
лалар да баршылық еді. Аталмыш қаулыға қылмыстық жауапкершілік 12 
жастан бастап қолданады деген қосымша түзету еңгізілді. Осы қаулының 
күшімен бір кездегі кеңестік тәрбиелеу жүйесінің мақтанышы - кәмелетке 
толмағандардың ісі бойынша комиссия (атақты комонес) таратылды. Бұл 
жазалау юстициясының түпкілікті жеңісі еді. Халыққа білім беру, Әділет, 
Ішкі істер халкоматтарының қарамағындағы кәмелеттік жасқа жетпеген 
заң  бұзушыларға  арналған  мекемелер  түгелімен  Ішкі  істер  халкомына 
қарайтын болды. Аталған халком құрамындағы еңбек колонияларының 
жанынан арнайы бөлім ашылды да, (бөлім 1939 жылы ГУЛАГқа қарады) 
оның қарамағына балалар қабылдағыш-таратқыштары көшті. Елдегі ба-
лалар панасыздығын тезірек жою мақсатында құрылған еңбек колонияла-
рында жағдай түрмемен бірдей болды. 
ТӘРБИЕ  ТАҒЫЛЫМДАРЫ
ВОПРОСЫ  ВОСПИТАНИЯ

293
292
ТӘРБИЕ  ТАҒЫЛЫМДАРЫ
ВОПРОСЫ  ВОСПИТАНИЯ
Сталиндік лагерлерді басынан өткізген жазушы Лев Разгон “Иного 
не дано” деген романында жасөспірім қылмыскерлер отыратын балалар 
түрмесінің ішкі өмірін баяндайды. Бұл түрме бір қарағанда балалардың 
жайлы  орнына  ұқсайды:  іші  жылы,  тап-таза,  темір  кереуеттерде  ақ 
жайма. Ай сайын қабырға газеті шығып тұрады. Балаларға арнап кино 
көрсетіледі,  үйірмелер  жұмыс  істейді.Енді  осы  жұмақтың  астарына 
үңілейік. Балалардың айтуынша, олар бақылаушының айғайынан түнде 
шошып  оянады.  Ересектер  балаларды  ұрып  соғады,  түрме  иерархия-
сында әркімнің жасы, шамасына қарай өз орны бар. Кішкентайлар ере-
сек баскесерлердің қол шоқпарына айналған. Әйтсе де бұл балалардың 
арнайы  түрмесі  болды.  Ал  жалпы  лагерде  бандиттермен  бірге  жас 
балалардың  бірге  болуы  ең  сұмдық  көрініс  еді.  Түрмеде  жасөспірім 
арестанттарды  “малолетки”  деп  атайтын.  Осы  тобырдың  ішінде  кім 
жоқ  дейсің?  Қаланың  жас  жезөкшелері,  5-6  түйір  дән  үшін  лагерге 
түскен  шаруа  қыздары,  кәсіби  ұрылар,  халық  жауларының  балаларына 
арналған үйлерден қашып кеткен балалар. Тағдырлары сан қилы бейшара 
бейбақтар біраз уақыт өткесін, туған әке-шешесі танымастай өзгеріп сала 
беретін. Бәрі бірдей кекшіл, жауапсыз, жүгенсіздік, жабайылық жағынан 
алдарына  жан  салмайтын.  Лагерде  малолеткалардың  басқалардан  бір 
ғана  артықшылығы,  бақылаушылар  оларды  өлтіре  алмайтын.  Бірақ 
жүрек  жұтқан  олар  өлімнен  де  қорықпайтын.  Тіпті  балалардың  жеке 
барактарына  түрме  басшылары  кіруге  жүрексінетін.  Өйткені  барактар-
да жантүршігерлік, жиіркенішті істер күнделікті үйреншікті құбылысқа 
айналған еді. Егер “пахан” картаға ұтып алған адамын өлтіру керек болса, 
осы іске малолетканы паек үшін, не ермек үшін жұмсайтын. Өрімдей жас 
қыздар ағаш кесушілердің тұтас бригадасына ”қызмет” ететіндігін айтып 
мақтанатын [4]. Бірте-бірте балалар адамгершілік қасиеттен жұрдай бо-
латын. Ендігі өмірде осы балалардан дұрыс адам шығатындығына сену 
қиын еді. 
Сол жылдардағы баспасөз беттерінде де қылмыстық жауапкершілікке 
тартылған жасөспірімдер жайлы мақалалар жиі шығып тұратын. “Социа-
листическая законность” журналының 1937 жылғы 4 санындағы “Несо-
вершеннолетние перед судом” атты мақалада жасөспірімдердің соттағы 
істері сипатталған. Тергеу барысында балалардан алынған жауаптардан 
байқағанымыздай, олар істеген істерін қылмыс деп санамайды, балалық 
шалағайлық  сезім  басым.  ”Қарным  ашты,  тәтті  жегім  келді.  Киноға 
барғым келді. Кептер сатып алуға ақшам болмады”,-деп ағынан жарыла 
айтқан сөздерден балалық аңғалдық, жауапсыздықтың исі аңқып тұр [5]. 
Айыпталушылардың бәрі кілең 12-14 жас шамасындағы балалар. Оларға 
Қылмыстық  кодекстің  162  бабы  бойынша  (ұсақ  ұрлық:  азық-түлік, 
тамақ, ақша ұрлау) айып тағылған. Балалардың қылмысында әлеуметтік 
факторлардың  әсері  айқын  көрінеді.  Жасөспірімдік  қылмыстардың  ба-
сты  түрлері  –  қияңқылық,  ұрлық  пен  бір-бірін  жәбірлеу.  Сотталған  17 
жасөспірім толық емес отбасынан (не әкесі, не шешесі жоқ) шыққан. 
Кәмелетке толмаған балалардың санасында құқықтық жауапкершілік 
сезімі толық қалыптасып болмайтындығын А.И. Зак деген ғалым 1914 
жылғы  “Вестник  воспитания”  журналының  4  санында  жарияланған 
“Типы детской беспризорности” атты мақаласында толық дәлелдейді [6]. 
Жасөспірімдер арасында кездесетін қылмыстың түрлеріне талдау жасаған. 
Қылмыскер-балалар арасында ересектер жасайтын қылмыстың түрлі ка-
тегорияларын  кездестіруге  болады.  Бұнда  “туа  біткен”  қылмыскерлер, 
яғни тегіне тартқандар бар, дені сау, бірақ қылмыстық жолға түсіп кет-
кендер  бар  және  соңғысы  кездейсоқ  қылмыскерлер.  Соңғы  категория 
үлкендерге қарағанда балалар арасында жиі кездеседі. Бала заңның негізгі 
институттарын білмегендіктен, тәртіп бұзуға оңай барады. Жасөспірім оң 
мен солын айыра білгенмен, тез еліктегіш, біреудің жетегіне тез ереді. 
Қай  заманда  болмасын  кездейсоқ  қылмыс  жасауға  панасыз  балаларды 
көбінесе қияңқылық, балалық мінез емес, жетімдік, жоқшылық, аштық 
итермелейді. 
Бүгінгі  заманда  идеологиялық  өктемдіктің  болашағы  жоқ  екені 
анықталды,  бірақ  бұл  қоғамға  идеологиялық  құндылықтар  керек  емес 
деген көзқарасты қуаттамаймыз. Қандай қоғамға болмасын плюралистік 
идеология  қажет.  Сондықтан  да  қазіргі  балалар  үйіндегі  тәрбиеленіп 
жатқан ұрпаққа заман үрдісіне лайық идеологиялық даярлық беруді жа-
дымыздан шығарып алмағанымыз жөн.
                                      

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет