Б. Ж. Рыскалиева тамақтану гигиенасы


Clostridium регfringens туындаған азық-түлік токсикоинфекция



Pdf көрінісі
бет49/64
Дата15.11.2023
өлшемі1,26 Mb.
#123553
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   64
Байланысты:
Рыскалиева-Б.Ж.-Тамақтану-гигиенасы

Clostridium регfringens туындаған азық-түлік токсикоинфекция.
Клостридиялар қоршаған ортада кең таралған және жануарлар мен 
адамдардың ішектерінде тұрақты болатын анаэробты грам-позитивті 
споралы бактерияларға жатады. Спора түзілу қабілетіне байланысты 
клостридиялар сыртқы әсерлерге, пастерлеуге, қайнатуға, мұздатуға, 
тұздауға өте төзімді.
Споралардың жойылуы гипербарикалық стерилизация кезінде 
болады, мысалы, консервілеу өндірісінде. Бактериялардың вегетативті 
формаларының көбеюі үшін оңтайлы температура 10-52 °C және рН 
5,5...8,0 тең. 
Тамақтан уланудың инкубациялық кезеңі 1 г өнімде 10
6
-дан астам 
клостридия болғанда 8-22 сағатты құрайды. Клиникалық көріністе ішек 
спазмы, жүрек айнуы және диарея басым болады, дене температурасы 
көтерілмейді.
Clostridium perfringens туындаған тағамдық токсикоинфекциясының 
диагностикасы науқас пен «күдікті» өнімнің нәжісінен қоздырғыш пен 
токсиннің бөлінуіне негізделеді. Серологиялық диагностика да жасалады. 
Жыл сайын көптеген елдерде бұл микроорганизмнен туындаған ондаған 
мың токсикоинфекциялар тіркеледі.
C. perfringens бактерияларының негізгі көзі жануарлар болып 
табылады. Көбінесе ет, ет өнімдерінен туындайды. 
Bacillus cereus тудыратын тағамдық токсикоинфекциялар

Bacillus Cereus бактериялары грам-позитивті, факультативті 
анаэробты микроорганизмдерге жатады, қоршаған ортада кеңінен 


102 
таралған. Олар жоғары төзімділігімен ерекшеленеді: споралар 125 ° C 
дейін температурада 10 минут ішінде өмір сүре алады, ас тұзы 15% 
концентрациясына және мұздатуға шыдайды. Тоңазытқышта сақтау 
кезінде (0...4 °C) Bacillus cereus көбеймейді. Көбеюіне қышқыл орта мен 
қанттың жоғары концентрациясы да кедергі келтіреді. Ұқсас 
сипаттамаларға осы түрдің тағы бірнеше бактериялары ие, соның ішінде 
Bacillus thuringensis, Bacillus subtilis және Bacillus licheniformis. Bacillus 
cereus туындаған тамақтан уланудың жалпы клиникалық көріністері: 
жүрек айнуы, іштің ауыруы, қазіргі кездегі басым белгілер бойынша 
аурудың екі түрі бар: диареялық және токсикоз тәрізді.
Диарея формасы Clostridium perfringens туындаған тағамдық улану 
көріністермен бірдей. Клиникалық көрінісі өнімді тұтынғаннан 24 сағаттан 
кейін дамиды. Диарея 6-15 сағат ішінде байқалады. Диарея формасы 
Bacillus cereus көп мөлшерде ағзаға түскен кезде дамиды. 
Тамақтан уланудың токсикоз тәрізді түрі өте қысқа инкубациялық 
кезеңмен, (0,5-6 сағат) және жүрек айнуы, құсуымен сипатталады,
24 сағатқа дейін созылады. Уланудың бұл түрінің белгілері Staphylococcus 
aureus бактериясынан туындаған бактериялық токсикозға өте ұқсас. 
Bacillus cereus туындаған тамақтан улануды диагностикалау ұқсас 
штаммдарды оқшаулауға және анықтауға, науқастағы материалдардағы 
бактериялардың жалпы санын бағалауға негізделген. 
Тамақтан уланудың диарея түрі сапасыз ет, сүт, көкөніс және 
балықты пайдаланудан туындайды. Аурудың токсикоз тәрізді (құсу) түрі 
жарма, картоп және макарон тағамдарының, салаттардың, пудингтердың, 
тұздықтардың контаминациясымен байланысты. Bacillus cereus қарқынды 
көбеюі 15°C-тан жоғары температурада жүреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет