Б. Ж. Рыскалиева тамақтану гигиенасы


Vibrio  parahaemolyticus



Pdf көрінісі
бет50/64
Дата15.11.2023
өлшемі1,26 Mb.
#123553
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   64
Байланысты:
Рыскалиева-Б.Ж.-Тамақтану-гигиенасы

Vibrio 
parahaemolyticus 
тудыратын 
тағамдық 
токсико-
инфекциялар.
Vibrio 
parahaemolyticus, 
галофильді 
грам-теріс 
микроорганизмнің табиғи мекендейтін жері - теңіздер мен лимандардың 
тұзды сулары, сонымен қатар балық пен ұлулар. Вибриондар келесі 
жағдайларда көбейеді: 12,8-40 °C температурада және рН 5,0-9,6. 
Уланған 
тағамдарды 
тұтыну 
нәтижесінде 
гастроэнтериттің 
клиникалық көрінісі дамиды: жүрек айну, құсу, диарея, іштің ауыруы, бас 
ауруы. Инкубациялық кезең 4-72 сағатты құрайды. 
Вибриондардың уытты көрінісі үшін қолайлы фон - рН 
жоғарылататын антацидтерді қабылдау. Аурулар жылы мезгілде 
көрптіркеледі. Науқастан Vibrio parahaemolyticus сәйкестендіру стандартты 
әдістермен жүзеге асырылады. Vibrio parahaemolyticus организмге түсуінің 
негізгі өнімдері - н шикі, нашар термиялық өңделген және екінші рет 
контаминацияланған (су немесе балық және теңіз өнімдері (устрицалар, 
мидиялар, айдар, шаяндар, асшаяндарды). 
Бұл микроорганизмдерге негізгі созылмалы ауруы (қант диабеті, 
бауыр циррозы, лейкемия) бар адамдар ерекше сезімтал.


103 
4.3 Тағамдық бактериалдық токсикоздар 
 
Бактериалды токсикоз - микроорганизмдердің дамуы нәтижесінде 
ағзаға токсиндердің шекті мөлшерлерінің түсуімен байланысты тамақтан 
улану тобы. Бактериялардың өздері тамақ өнімдерінде аурудың
өндірушілері болуы міндетті фактор емес. Осылайша, тамақ өнімдерінде 
микробтық агенттердің жинақталуы тек токсиндердің шығарылуын 
қамтамасыз етеді, ал термиялық өңдеуден бактериялардың кейіннен 
жойылуы олар синтездеген улы қосылыстың инактивациясына кепілдік 
бермейді. Осыған байланысты бактериялық токсикоздың алдын-алу тамақ 
өнімдеріне тиісті микроорганизмдердің енуіне жол бермеуге бағытталған 
іс-шаралар ғана емес, сонымен қатар тамақ өндірісі мен айналымы кезінде 
токсиндердің пайда болуын азайтуды қамтамасыз ететін шаралар болып 
табылады.
Бактериялық токсикоздарға ботулизм, стафилококк токсикозы 
жатады. Сонымен қатар, оларға Bacillus cereus туындаған тамақтан 
уланудың токсикоз тәрізді (құсу) түрі жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет