Б. Ж. Рыскалиева тамақтану гигиенасы



Pdf көрінісі
бет51/64
Дата15.11.2023
өлшемі1,26 Mb.
#123553
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   64
Байланысты:
Рыскалиева-Б.Ж.-Тамақтану-гигиенасы

Ботулизм.
Бұл Clostridium botulinum шығаратын ботулинум 
токсинін (ақуыз нейротоксині) ағзаға тағам өнімдерімен енуімен 
байланысты ауру. Қоршаған орта объектілерінде кеңінен таралған грам-
позитивті спора түзетін бактерия.
Белгілі жеті түрлерінің ішінен Clostridium botulinum адамдарда 
ауруды төрт түрі тудырады: A, B, E және F. Клостридияның вегетативті 
формалары 3-тен 50 °C -қа ал рН 4,7-9-ға дейін өсуге қабілетті. Олар 80 °C 
температурада 15 минутта өледі. Clostridium botulinum споралары сыртқы 
әсерлерге өте төзімді келеді: 1 сағат қайнатқанда өлмейді, 10 минут ішінде 
120 °C температураға шыдайды, 8% дейін ас тұзы концентрациясында 
қайта өніп шығуы мүмкін. Споралардың вегетативті формаға ауысуы 
ортаның рН 4,5-тен төмен болғанда болмайды. Сол себептен өнеркәсіптік 
консервілеуде дайын өнім қышқылдығы 4,4-тен жоғары болмауы қажет. 
Ботулотоксин асқазанның қышқылдылығына, протеолитикалық 
ферменттерге өте төзімді келеді. Натрий хлоридінің жоғары 
концентрациясына, 
төмен 
температураға 
инактивацияланайды.
Ботулотоксин - белгілі микробтық токсиндердің ішіндегі ең қауіптісі – 
бұлардың 35 мкг өлімге әкеледі. А және Е типті токсиндердің
уыттылылығы өте жоғары.
Қазіргі уақытта ботулизмнің төрт түрі белгілі, олар тамақ токсикозы 
(классикалық түрі), нәрестелік (ішек токсикалық ботулизмы), жара 
формасындағы және даму механизмі анықталмаған ботулизм. 
Ботулизмнің классикалық түрінің инкубациялық кезеңі орта есеппен 
12-36 сағатты құрайды, бірақ аурудың ауырлығына байланысты
4 сағатқа дейін қысқаруы мүмкін, немесе 8 күнге дейін созылуыда мүмкін. 
Ботулизмнің 
патогенезінде 
тамақпен 
келетін 
ботулотоксиннің 


104 
токсикокинетикасы жетекші рөл атқарады. Ішекте сіңгеннен кейін ол 
қанмен бірге орталық жүйке жүйесіне ауысып жүйке жасушаларында 
мықтап бекітіледі. Токсиндердің нейроциттермен алғашқы байланысының 
өзі 
клиникалық 
көріністер 
бере 
бастайды. 
Жедел 
улану 
симптоматикасында алдымен спецификалық емес белгілер басым болады, 
соның ішінде жалпы әлсіздік, бас ауруы, одан әрі птоз, диплопия, мидриаз, 
бет бұлшықетінің парезі сияқты неврологиялық бұзылулар қосылады. 
Клиникалық көріністің ауырлығы жоғарылаған сайын тілдің, көмейдің, 
жұмсақ таңдайдың сал ауруының белгілері пайда болып, сөйлеу, шайнау, 
жұту процестері бұзылады. Асқазан-ішек жолы тарапынан ішектің мотор 
функциясының күрт бұзылуы байқалады. Пульс бұзылып, тыныс алу 
жеткіліксіздігінің жоғарылауы тіркеледі. Ботулизмнің клиникалық 
формаларының 20% және одан да көп жағдайда тыныс алу 
бұлшықеттерінің сал ауруы, тыныс алуды тоқтату нәтижесінде өліммен 
аяқталады.
Нәрестелік тип ерте жастағы сәбилерде споралармен ластанған кезде 
пайда болады, ересектердің классикалық тағамдық токсикозынан 
айырмашылығы вегетативті формаларға айналмайды, бірақ ішекте 
өздігінен колонизацияланып токсин шығара бастайды. 
Бұл жағдайда споралардың негізгі азық-түлік көзі - бал. Клиникалық 
түрде ауру іш қату, тәбет жоғалуы, сілекей жоғарылауы түрінде көрінеді. 
Ботулизм диагнозы баланың нәжісіндегі ботулотоксинді тексеру кезінде 
анықталады.
Ботулизмнің жаралық түрі клостридиялардың жараға енуімен 
байланысты өте сирек кездеседі, онда олар көбейіп, ботулотоксин 
шығарады.
Анықталмаған даму механизмды ботулизм типтік клиникалық түрі 
және Clostridium botulinum берілу жолдары мен факторларын анықтау 
мүмкін еместігімен бірге науқастар бөлінуінде ботулотоксинді 
сәйкестендіру болған кезде тіркеледі. 
Анықталмаған даму механизмі бар ботулизм типтік клиникалық түрі
ауырған адамдардың нәжістерінде ботулотоксин болып бірақ Сlostridium 
botulinum таралу жолдары мен факторларын анықтай алмауымен 
байланысты жағдайларда тіркеледі. Мұнда тағамдарда клостридиялардың 
көп мөлшерінің жиналуымен байланысты емес, адамның ішек жолдарында 
Clostridium botulinum колонизациясы нәтижесінде пайда болады деп 
саналады, мысалы, ұзақ антибиотикалық терапиядан кейін. 
Ботулизмның зертханалық диагностикасы Clostridium botulinum 
түрін тез анықтауға бағытталған. Осы мақсатта науқастардан алынған 
материалдарда (қан, нәжіс) қоздырғыш және токсиннің болуы анықталады. 
Clostridium 
botulinum 
таралуының 
негізгі 
жолы 
табиғи 
тасымалдаушыларымен (көбінесе жануарлар мен балықтардан) немесе 
олардың тіршілік ету ортасымен (топырақтан) байланысты. Ет пен балық 


105 
шикізатты өңдеу кезінде немесе тасымалдау, сақтау процесінде 
санитарлық нормалар сақталмаған кезде ластануы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет