Б. М. Жамекова, К. С. Мукушева, Н. Ж. Омарова



Pdf көрінісі
бет46/71
Дата07.09.2022
өлшемі1,85 Mb.
#38618
түріБағдарламасы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   71
«Бес қадам» ойыны. Ойын тəртібі: ортаға табан іздері салынады. Топта 
барлық оқушыларды қатыстыруға болады. Сыныптан 5 оқушы ойынға 
қатысады. Әр оқушыға кез келген тақырып бойынша бір сұрақ қойылады. 
Оқушы берілген табан іздерін баса отырып, жылдам жауап беруі тиіс [22].
Сұрақ үлгілері:
Рухани құндылықтарды ата.
Адам бойындағы ізгі қасиеттерді ата.
Ең жақын достарыңды ата.
Ұлттық тағамдарды ата.
Өзіңе қатысты 5 қасиетті айт.
Бұл ойындарды клуб жұмысында ғана емес, үзіліс кезінде де өткізуге
болады. 
Ойындардың пайдасы:

қызықтыру, сергіту;

босаң күйге келу;

өзгелермен əрекеттесу;

өзін-өзі тану;

ойын тұрақтандандыру.
Клуб жұмысының мазмұны балаларды мəңгілік жалпыадамзаттық
құндылықтарымызды қастерлейтін жеке тұлғаны қалыптастыруды көздейтін 
бірыңғай «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы 
Республикалық Қоғамдық бірлестігінің қатарына қабылдаумен тығыз 
байланысты. Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер қозғалысы рухани-
адамгершілік құндылықтарды, азаматтылықты, патриотизм рухында, ұлттық 
танымды, көшбасшылық қасиетті қалыптастыруда, заманауи жастардың жеке 
бастамасын ұсынып, жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастыруда едəуір ықпал 
етеді. 2011 жылы 11 ақпанда Тұңғыш Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Жас Ұлан» 
біртұтас қозғалысын жəне «Жас Қыран» балалар ұйымының жаңа жүйесін 
құру арқылы еліміздің жастарын біріктіру қажеттілігін атап өтті. 
«Жас Ұлан» жас ерекшеліктері принциптеріне сай екі деңгей бойынша 
құрылған. 1-4 сынып білім алушылары (6-10 жас) «Жас Қыран» мүшелері, 5-
10 сынып білім алушылары (11-16 жас) «Жас Ұлан» мүшелері болып 
бөлінеді. Балалардың жан-жақты дамуына, олардың рухани, адамгершілік 
қасиеттерінің қоғамдық өмірде көрініс табуына ерекше мəн беріп, жас 
жеткіншектердің тұлғалық əрі шығармашылық қабілетін шыңдау мақсатында 


79
игі істер атқарып, белсенділік танытып жүрген жоғарыда аталған ұйымдар 
барлық мектептерде алғашқы қадамдарын бастады. 
Жас ұрпақты замануи өмірге даярлауда барлық мектептерде жүргізілетін 
тəрбие жұмыстарының маңызы өте зор. Атап айтсақ, тəрбие 
тұжырымдамадағы басым 8 бағыттан бөлек, балалардың ерекшеліктерін 
ескере отырып, тəрбие жоспарында олардың бос уақытын қамту, тақырыптық 
сынып сағаттарын өткізу, ұлттық сана-сезімін көтеретін іс-шараларға 
қатыстыру, қоғамдық пайдалы еңбекті ұйымдастыру қарастырылады. 
«Рухани жаңғыру» аясында өлкетану бағыты бойынша əртүрлі іс-шаралар 
жүзеге асады. 
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың 2014 
жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір 
болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Мəңгілік ел – бұл барлық 
қазақстандықтарды біріктіретін жалпыұлттық құндылықтар жəне еліміздің 
болашағының іргетасын құрайды» – деп көрсетілген.
«Мəңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы құндылықтары негізінде білім беру 
ұйымдарында көпмəдениеттілік ортаны құру: 
бастауыш мектепте: 
- білім алушылардың ой-өрісін кеңейту;
- мəдениет сабақтастығы өзара байланысты көру қабілетінің өнімділігі,
əртүрлі халықтардың тарихи, ғылыми, мəдени дамуындағы ортақтығы мен 
айырмашылықтарын анықтау; этномəдениеттің өзіндік құндылықтарын 
түсіну; 
- жеке тұлғаны бейбітшілік рухында түрлі этноəлеумет өкілдері
арасындағы өзара түсіністік пен өзара сыйластыққа тəрбиелеу; 
негізгі мектепте: 
- əлеуметтік процестер мен құбылыстарды талдай жəне салыстыра білу
көзқарастарын қалыптастыру; 
- өзара іс-қимыл жəне қарым-қатынастың сындарлы дағдыларын
дамыту; 
- жеке тұлға құрылымында рухани-адамгершілік құндылықтарын
қалыптастыру.
орта мектепте: 
- ұлттық салт-дəстүр, қазақстандық жəне əлемдік мəдениет
құндылықтары негізінде этномəдени жəне азаматтық өзін-өзі анықтау жəне 
шығармашылық өзін-өзі дамытуға қабілетті үйлесімді дамыған тұлғаны 
қалыптастыру; 
- Қазақстанның əлеуметтік-саяси көп түрлілігі, көп ұлтты Қазақстан
халқының көпмəдениеттілігі мен полилингвалдығы жағдайында дамыған 
тұлғаның қазақстандық азаматтық бірегейлігін қалыптастыру; 
- қазіргі өркениет жағдайында мектеп түлектерінің əлеуметтік өсу, өмір
сүру сапасын арттыруда өмірге тиімді дайындау, өзін-өзі жүзеге асыру 
мүмкіндіктерін кеңейту. 
Тəрбиелік жұмыстар деңгейінде: сынып сағаттары, сыныптың тəрбие 
істері, білім алушыларды тестілеу, үйірмелерге, клубтарға, секцияларға 


80
қатысуы арқылы азаматтық жауапкершілігін, құқықтық дербестігін, 
руханиятын қалыптастыру.
Рухани-адамгершілік тəрбиені жүзеге асыруға байланысты жүргізілетін 
сыныптан тыс тəрбие сабақтарының үлгі тақырыптары:
1. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
2. Ұқыптылық деген не?
3. Отбасындағы қарым-қатынас.
4. Қарапайымдылық – асыл қасиет.
«Мəңгілік Ел» идеясын білім беру мен тəрбиелеуде іске асыру тетіктері
Жалпыұлттық идеяның миссиясы мен құндылықтары оқу-тəрбие 
жұмысының барлық түрлері арқылы кешенді түрде жүзеге асырылды. Білім 
беру үдерісін ұйымдастырудың басты ерекшелігі білім беру мен тəрбиенің 
бірлігі болып табылады. «Мəңгілік Ел» идеясын білім беру мен тəрбиелеуде 
іске асыру тетіктеріне білім беру құндылықтарын, қазақстандық патриотизм 
жəне азаттық жауапкершілікті, ашықтық пен ынтымақтастықты 
қалыптастыру, өмір бойы білім алу жəне т.б. жатады. Қазақстан халқын 
біріктіретін «Мəңгілік ел», «Қазақстан – ортақ мекеніміз», «Қазақстан –
менің Отаным» жалпыұлттық идеяларын жүзеге асыруда мектептердің рөлі 
аса маңызды болып табылады [23].
«Мəңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының білім беру мазмұны арқылы 
жүзеге асырылуы
Жалпыұлттық идеяның құндылықтарын білім беру мазмұны арқылы 
жүзеге асыруда оқу пəні, сыныптан тыс жұмыстар бойынша бөлімдер мен 
тараулардың мазмұны, оқу мақсаттары мен оқу жаттығулары назарға 
алынады [24]. 
Төмендегі кестеде 1-11 сынып аралығында оқушылармен бірге 
талқылауға болатын бейнефильмдер түрлерін ұсынамыз (3.3 - кесте):
3.3-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет