Б. М. Жамекова, К. С. Мукушева, Н. Ж. Омарова



Pdf көрінісі
бет43/71
Дата07.09.2022
өлшемі1,85 Mb.
#38618
түріБағдарламасы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   71
Үйірме. Ол – оқушылардың білім мен тəрбие жүйесінде негізгі 
бөлімдердің бірі. Мақсаты – білім беру мекемесі кеңістігінде рухани-
адамгершілік тəрбие мəселелерін шешу үшін іс-шаралар кешенін қамтамасыз 
ету. Бала түрлі құбылыстың сырына қызығып, əр нəрсеге əуестене, жауап 
іздеуге тырысады, оларды бірнеше əрекетке тартудың, қоғамдық жұмыстарға 
баулудың аса маңызды формасы. Осы мақсатты ашуға, ой-өрісін бағыттап, 
ашуға үйірмеде қарастырылатын жұмыс түрлері жауапты. Әр оқушының 
мақсатын 
қанағаттандыруға, 
шығармашылық 
қабілетін 
дамытуға 
көмектеседі. Сабақтар əдістемесі бірнеше, жеке жұмыс, лабораториялық 
жəне практикалық жұмыстар жасау, əңгіме, баяндамалар түрінде де 
өткізіледі. Мектеп оқушыларына кəсіптік бағдар беру жұмыстары үйірме 
сабақтарымен де тығыз байланысты. Үйірмеде рухани-адамгершілікке 
бағытталған жұмыстар арқылы салыстыру, талдау, тұжырым, қорытынды 
жасауға үйренеді. Кез келген үйірменің оқушылар үшін белсенді жұмыс 
істеуі оқушылардың еңбексүйгіштікке, қабілеттерін ашуға, ұжым намысын 
қорғауға баулимыз. Көбінесе, осы қасиеттер бірлесіп көрнекіліктерді, 
ресурстарды жасауда, саяхатқа барғанда, жарыстарды ұйымдастырғанда 
анық байқалады. Үйірменің жартыжылдық жəне бір жылдық жоспары 
жасалады, арнайы бекітіледі. Әрбір үлгі бағдарлама танымдық жəне 
теориялық мəліметтердің белгілі түрлерін көздейді. Үйірме жұмысына əр 
оқушы өз еркімен қатысады, оқушылар саны 10-15 болғаны қолайлы. 
Оқушылар үйірмеде өздерінің ашық пікірін білдіріп, адамгершілікке 
бағытталған жұмыстарын талқылайды, яғни жүргізілетін іс-шаралардың оқу-
тəрбиелік сипатын мұғалім күні бұрын ойластырады. Материалдарды 
таңдауда пəнаралық байланыстар да ескеріледі. Үйірме сабақтары 
оқушылардың мектеп бағдарламасына қосымша ой өрісін кеңейтуді ғылыми 
көпшілік əдебиетке ынтасы мен сүйіспеншілігін қалыптастырып оны 
пайдалана білуді үйретуі тиіс. Үйірмеде оқушылар үшін ережелерді, тəртіпті 
сақтау мəдени дағдыларды тəрбиелеу міндетті. Оқушылардың өз беттерінше 
жұмыс істей білуі, өз ісіне жауапкершілікпен қарауы тəрбиелік мақсатқа 
қызмет етеді. Үйірмеде қарастырылған тапсырмалар жарыстарда ұсынылады. 
«Мен не білдім?» тақырыбы бойынша жыл бойындағы материалдарды 
мұғалім қайталайды. Үйірме мүшелері өзара пікір алмасып, білімдерін 
толықтырып, өзін-өзі тану онкүндігіне дайындыққа, яғни презентация 
жасауға, кеш ұйымдастырып оны өткізуге қатыстырылады. Әр үйірменің 
жылдық есебі, оқушылардың жеткен нəтижесі əдістемелік көрме, əдеби кеш, 
конференция ретінде жүргізуге болады. Ұйымдастырылған жұмыстар 
бірнеше əдіс-тəсілдер арқылы қорытындысы жасалады. Оқушылардың 
үйірмеге деген ықыласын арттыра отырып, ұлтымыздың ой-парасатын 
нығайту мақсатында үйірмелерге қамтумен қатар жасөспірімдердің ішінен 
дарынды балаларды анықтап, олардың қабілетін дамытуға адамгершілік 


74
тəрбие беріп, қайырымдылыққа, тазалыққа үйретуде үйірменің қызметі аса 
маңызды. Қорыта келгенде, үйірмедегі сабақтар оқушының сабақ үлгеріміне, 
өз дамуының нəтижесін көруге игі ықпалын тигізеді.
Мысалы: «60 секунд» əдісі. Тақтаға таймер орнатыңыз. Оқушыларды 
тақырып қорытындысын алпыс секунд ішінде жасауға ынталандырыңыз. 
Содан соң оқушылар жауаптарын дəптерлеріне жазып, оқиды, осылайша 
бірнеше оқушыны тыңдай отырып, толықтай қорытындылауға болады.
«Сиқырлы əлем» қуыршақ үйірмесінің жобасы
«Сиқырлы əлем» қуыршақ үйірмесінің мақсаты: оқушылардың бойында 
əртістік қабілеттерін ашу, театрландырылған қойылымдар арқылы 
балалардың тілін дамыту, рухани-адамгершілік құндылықтарға тəрбиелеу.
Міндеттері: 

кейіпкерлердің іс-əрекеттері мен дауыс ырғақтарын сəйкестендіре
дұрыс сөйлеуге баулу;

байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру, рөлдерді түсініп ойнауға
үйрету.
Әдіс-тəсілдер:

балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты материалдарды
жинақтау;

қойылымдарға қажетті театр түрлерін іріктеп, дайындау;

қойылымдарға қажетті көрнекіліктер мен ресурстарды дайындау
(ширма, атрибуттар, костюмдер);

ата-аналармен жұмыс: қойылымдарға ата-аналарды қатыстыру,
газеттер, қажетті жабдықтарды дайындауға көмектесу.
Қысқа сахналық қойылымдар көрсетуді қолдану кезеңдері:

балалар ұжым болып, ертегі мəтінін ауызша айтады;

ертегінің барлық кейіпкерлерін ойнап шығу барлық балаларға ғана
ұсынылады;

балалар бірнеше шығармашылық тапсырмалар орындайды (қуаныш,
қорқыныш сезімдерін көрсету жəне т.б.)

рөлдерге бөлініп, ертегіні сахналау арқылы жүзеге асырылады (3.7 -
сурет).
3.7 -сурет. «Сиқырлы əлем» қуыршақ үйірмесінен көріністер


75
Қойылым көрсету: оқушылар рөлдерді дұрыс орындауды үйрену қажет. 
Топтың құрамы 4-6 оқушыдан құралып, əрқайсысының белсенділік танытуға 
мүмкіндік береді. Барлық топтар кезекпен өз қойылымдарын көрсетеді, 
қалған оқушылар қарап, тыңдап, көрермен ретінде отырады. Көрсетілген 
қойылымдарды, іс-əрекеттерді үйірме мүшелерімен талдаған пайдалы. 
Кейіннен олар оны меңгеріп болған соң олардың өздері ойлап тапқанын 
ойнап көруді ұсынуға болады.
Клуб. Клубтық үлгідегі сабақтар – оқушыларға адамгершілік тəрбие 
беру міндетін мұғалімнің ойдағыдай шешуіне мүмкіндік беретін сыныптан 
тыс жұмыстың кең тараған бір түрі. Мақсаты – адамгершілік-рухани тұлғаны 
қалыптастыруға ықпал ету, баланың зияткерлік-шығармашылық əлеуетін 
арттыру. Олар сабақ үстінде айналысатын ісін, жұмысын еркін, өзінің 
қалауымен таңдай алады. Бұған қоса оқушылар бірлесіп қызмет істеу үшін 
шағын топтарға біріге алады. Берілген бір тапсырманы орындау мақсатында 
өз жолдастарымен бірігуге болады, бірақ кейбір топтар құрамы өзгеріп 
отырады. Бұл мұғалімге балалардың қызметін қызықты, белсенді, жаңаша 
формада ұйымдастыруға, ал балаларға сыныппен жақын араласуға мүмкіндік 
туады. Клуб жұмыстарының сапалы, нəтижелігі: іс-əрекет формаларының 
алуан түрлілігі жəне белгілі мақсаттарға бағытталуы, белсенділердің қызметі, 
жағымды əлеуметтік-психологиялық ахуалдың болуы, дəстүрлердің 
қалыптасуы, 
əрбір 
клуб 
мүшесінің 
қызығушылықтарының, 
белсенділіктерінің, мүддесінің ескертуіне байланысты.
Клубтық сабақтарға мектеп оқушыларының өздігінен атқаратын істері 
ғана емес, сонымен бірге мұғалімнің балалармен тікелей жүргізетін жүйелі 
жұмысы да жатады. Бұл жұмыстың барысында бірлесіп жұмыс істеу, ортақ 
шешімге келу, достық ынтымақ дамып нығаяды. Сабақты оқу жылының 
бірінші жартыжылдығынан бастаған жөн. Мұғалім клубтық жұмыстарды 
өткізу кезінде бөлмені таңдауға көңіл бөледі; бөлменің ыңғайсыздығы 
оқушылардың көңіл-күйлеріне кері əсерін тигізеді. 
Клуб жұмысына ата-аналар да қатысады. Олардың бірге жұмыс істеу 
формалары: ертеңгіліктерді ұйымдастыру, бірге саяхатқа шығу жəне т.б. 
Мұғалімнің қандай бағыт-бағдар беретінін, адамгершілік ережелер 
бойынша талаптарын, олардың қарым-қатынасының қалай бағаланатынын 
ата-аналардың білуі маңызды. Клуб жұмысы мектеп оқушыларының 
белсенділігін арттыруға, қолдау көрсетуге, бағыт-бағдар беруге нақты 
мүмкіндіктер береді. Мұғалім сыныптағы оқу кезінде оқушының бойында 
ашыла алмаған қабілеттерін, бейімділігін ашады. Балалардың бос кеңістікте 
өмір сүрмейтіні белгілі. Олардың қалыптасуы мен дамуы үлкен ересек 
адамдармен, ең алдымен ата-аналармен тығыз араласуы жəне өзара қарым-
қатынасы арқылы өтіп жатады. Олардың қарым-қатынасының сипаты 
балалардың санасы мен мінез-құлқында жақсы із қалдырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет