1.4. Бағалы қағаздардың жіктелуі Қарыз міндеттемелерінің анықтамасы бағалы қағаздар анық-тамасымен тығыз байланысты. Олардың экономикалық мәні tiip-біріне сай келеді. Бағалы қағаздар деген екінші нарықта белсенді түрде айналысқа түсетін қарыз міндеттемесі. Қарыз міндеттемелерінің барлығының бағалы қағаздар сияқты арнаулы құжатгық формасы болмайды. Олардың көбісі келісім құжатында (шартта) 1-2 бап ретінде көрсетіледі. Бағалы қағаздардың көбі арнаулы тіркеуден өтеді. Тіркеу инвесторларға бағалы қағаздар туралы дәл және маңызды мағлүмат алуға көмектеседі. Сол арқылы инвестор (салым иесі) өз инвестициясының сапасын дәл анықтауына мүмкіндік алады.
Көптеген елдерде бағалы қағаздар түсіретін кірісіне, эмитентіне, айналыс жеріне байланысты жіктеледі (1.1. Сурет).