Бағалы қағаздар нарығы және биржа ісі: Оқу құралы. Алматы: 2007


Сурет. Өркениетті елдердегі бағалы қағаздардың түрлері



бет13/219
Дата17.04.2022
өлшемі1,63 Mb.
#31259
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   219
Байланысты:
Áà?àëû ?à?àçäàð íàðû?û æ?íå áèðæà ³ñ³ Î?ó ??ðàëû. Àëìàòû 2007

1.2.Сурет. Өркениетті елдердегі бағалы қағаздардың түрлері

Бұл суретте автор [21;6.] АҚШ-та жеке фирмалардың облига-цияларының бағалы қағаздар нарығында жоғары үлес салмағы бар екенін көрсетеді. Себебі олар қор биржасынан тыс сатып алу және сатудың әртүрлі әдістерін қолданады.

Айта кететін жәйт, АҚШ - пен салыстырғанда Батыс Еуропа елдерінде, әсіресе Францияда, сондай-ақ Жапонияда мемлекеттік сектордың бағалы қағаздарға қосқан үлесі жоғары, сондықтан олар­да әртүрлі меншік формасындағы кәсіпорындардың облигацияла­ры көптеп шығарылуда. Ал Батыс Еуропа елдерінде шығарылатын кепілдікке мүлік салу облигацияларын және коммуналдық облигацияларын тек ипотекалық банктер эмиссиялайды, сондай-ақ олар қор биржасынан тыс сатылады.

Әлемдік бағалы қағаздар нарығының дамуы бағалы қағаздардың әртүрлі белгілеріне, атап айтқанда, экономикалық, құқықтық, эмитентіне және т.б. негізгі сипатына қарай жіктелуіне де мүмкіндік туғызады (1.3.Сурет).

Суретте автор [21 ;71.] бағалы қағаздардың экономикалық жаратылысына байланысты алғашқы және туынды деп жіктейді. Мы-салы, акциялар мен облигациялар алғашкы жалған капиталға жатады. Себебі олар эмитенттің мүлкінің, ақша қаражатының белгілі бір үлесін құжат формасында білдіреді, ал опциондар мен фьючерстер туынды, екінші ретте шығарылған қаржылық құралдарға жатады. Алайда бағалы қағаздарды бұлай жіктеу бағалы қағаздардың инвестициялық тартымдылығын білдірмейді.

Ал келесі автор [22; 10.] кез-келген бағалы қағаздарда болатын кейбір белгілерге (уақыт, кеңістік және нарықтық) байланыс­ты жіктейді. (Ол 1 А Суретте өрнектелген).






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет