Бағалы қағаздар нарығы және биржа ісі: Оқу құралы. Алматы: 2007


Сурет. Бағалы қағаздардың жіктелуі



бет12/219
Дата17.04.2022
өлшемі1,63 Mb.
#31259
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   219
Байланысты:
Áà?àëû ?à?àçäàð íàðû?û æ?íå áèðæà ³ñ³ Î?ó ??ðàëû. Àëìàòû 2007

1.1. Сурет. Бағалы қағаздардың жіктелуі
1. Кіріс төлеу жөнінен қарызды және үлесті бағалы қағаздар бо­лып екіге бөлінеді. Қарызды бағалы қағаздар бойынша кіріс нақты процентпен төленіп, ал қарыздың күрделі негізгі бөлігін келешекте белгіленген уақытта өтеу көзделеді. Үлесті бағалы қағаз, немесе оны акция деп атайды. Акция оны иемденушінің корпорацияның мүлігіндегі үлесін көрсетеді және иемденушіге шектеусіз уақыт бойы дивиденд түрінде кіріс түсіреді. Ал бағалы қағаздардың басқа түрлері осы қарызды және үлесті түрлерінен туындайды.

2. Бағалы қағаздар шығарушысы (эмитенті) жөнінен де жіктеледі. Олардың эмитенттері мемлекет, жергілікті үкімет органдары, акционерлік қоғамдар, қаржы институттары және тағы басқа заңды тұлғалар болуы мүмкін. Эмитенттеріне байланысты үлесті және қарызды бағалы қағаздар төмендегідей түрге бөлінеді:

а) Қазынашылық - ол үкімет атынан Қаржы Министрлігі шығаратын бағалы қағаздар. Бұл қағаздар ең бір сенімді қағаздардың бірі. Себебі оның төлемін (өтелуін) мемлекеттік бюджеттің қаржысы қамтамасыз етеді. Бұл бағалы қағаздардың көп тараған түрлері қазынашылық вексельдер мен қазынашылық облигациялар. Мемелекеттік меншіктегі кәсіпорындар көбіне облигация түріндегі бағалы қағаздарды шығарады.

ә) Жергілікті үкімет органдарының бағалы қағаздары. Олардың төлемін қамтамасыз ететін жергілікті салықтар мен істің нақты жобасына үкіметтің берген дотациясы.

б) Қаржы институттары мен акционерлік қоғамдардың акция және облигация түріндегі бағалы қағаздары. Оларды өндіріс, құрылыс, сауда, жол қатынасы кәсіпорындарымен қатар коммерциялық банктер, сақтандыру және зейнетақы қорлары, инвестициялық компаниялар шығарады.

в) Банктердің бағалы қағаздары - олар депозиттік сертификат тар (салым кұжаты), чектер және бұлардан да басқа банктің өзінің қарыз міндеттемелері.

г) Кәсіпкерлердің бағалы қағаздары - олар коммерциялық вексельдер, фьючерстік шарттар және басқа коммерциялық қағаздар.

3. Бағалы қағаздар сатылу жеріне байланысты ақша нарығындағы және капитал нарығындағы бағалы қағаздар болып екіге бөлінеді.

Акша нарығында қысқа мерзімді бағалы қағаздар сатылады және сатып алынады. Оның айналым мерзімі 1 күннен 1 жыл аралығына созылады. Бұл нарыққа қазынашылық вексельдер, депозиттік сертификаттар және басқа коммерциялық қағаздар айналымға түседі. Оларды шығарушылар әртүрлі топтарға жатса да, олардың бәрі қарызды бағалы қағаздарга жатады.

Капитал нарығына 1 жылдан астам уақытқа шығарылған бағалы қағаздар түседі. Олар үлесті де, қарызды да бағалы қағаздар болуы мүмкін. Олардың эмитенттері де әртүрлі: мемлекет, жергілікті атқарушы органдар, корпорациялар, қаржы институттары және тағы басқалар.



Айта кететін жәйт, бағалы қағаздардың кейбір түрлері қысқа мерзімге, яғни 1 жылға дейін айналымда болса да (мысалы, еркін айналыстағы опциондар) капитал нарығында жүреді.


Нарықтық экономикасы дамыған елдерде бағалы қағаздар нарығында көптеген сегменттер, атап айтқанда, кәсіпорындар мен жеке компаниялардың акциялары; мемлекеттің және жеке фирмалардың облигациялары айналыста жүреді. Нарықта табыс түсіру және тәуекел бойынша олардың арасында үнемі үздіксіз бәсекелестік өрбиді. Өндірістің экономикалық өрлеуі кезінде көптеген жағдайда жеке және корпоративтік акциялар мен облига-циялар бойынша дивидендтер мен проценттер мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша проценттерден жоғары болуы мүмкін.

АҚШ

Батыс Еуропа елдері

Жапония

Жеке фирмалардың облигациялары

Жеке фирмалардың облига­циялары

Жеке фирмалардың облигациялары

Корпоративтік, жеке акциялар

Кепілдікке мүлік салу және коммуналдык облигация­лары

Жеке фирмалардың акциялары

Бюджеттін кемшілігін жоюға арналган мемлекеттік облигациялар

Аралас меншік формасындағы кәсіпорындардың ак­циялары;

бюджеттің кемшілігін жоюға арналған мемлекеттік облигациялар



Аралас меншік формасындагы кәсіпорындардың акциялары;

бюджеттің кемшілігін жоюға арналған мемлекеттік облигациялар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет