Бағалы қағаздар нарығы және биржа ісі: Оқу құралы. Алматы: 2007



бет187/219
Дата17.04.2022
өлшемі1,63 Mb.
#31259
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   219
Бақылау сұрактары:

  1. Биржалық баға белгілеудің анықтамасы.

  2. Аукцион түрлерінің сипаттамасы.

  3. Биржалық сауда кезіндегі маманның, брокердің, дилердің қызметтері.

  4. Электрондық сауданың мазмұны.

  5. Бірыңғай бағам белгілеу әдісінің сипаттамасы.

  6. Фиксинг негізінде баға белгілеу.


XV ТАРАУ Фьючерстік шартпен және опциондармен сауда
15.1. Фьючерстік сауда және фьючерстік шарт түсінігі
Фьючерстік сауда деген фьючерстік шарт бойынша бир­жалық тауарды биржалық саудада сату формасы. Фьючерстік шарт - ол стандартты үлгідегі шарт, онда мәміле жасасқан тараптардың айқындаған бағасымен шартта көрсетілген мерзімде биржалық активті жеткізіп беру көзделеді. Фьючерстік шартта бір көрсеткіштен, яғни бағадан басқасы жан-жақты стандартталған. Ал сатылатын тауар бағасы, жоғарыда айтылғандай, биржалык са­уда барысында белгіленеді.

Фьючерстік шартты стандарттағанда төмендегі негізгі көрсеткіштер бір ізге салынады (бір-бірімен үйлестіріледі): тауардың тұтыну құны, оның саны және нарықтық айналыс жағдайлары, тауардың түрі, оның базистік саны және одан ауытқыған қосымша төлем мөлшері, тауар партиясының мөлшері, жеткізіп беру мерзімі және оның жағдайы, төлем формасы, шарт жағдайын бұрмалағаны үшін санкция, арбитраж тәртібі және басқалар. Фьючерстік сауда­да тек мәміле жасасқан тауар түрінің ғана, сондай-ақ мәміленің саны, жеткізіп беру айы және ең негізгісі, сол тауардың шартта көрсетілген бағасының ғана маңызы бар.

Стандартталған фьючерстік сауданың ерекшелігі - шарттың негізденуі. Фьючерстік шартта оның екі жағы болып әдеттегідей сатушы мен сатып алушы емес, сатушы мен Есеп айырысу палатасы немесе сатып алушы мен биржаның Есеп айырысу палатасы шығады. Бұл сатушы мен сатып алушының бір-біріне тәуелсіз әрекет жасауына мүмкіндік береді, яғни кері мәміле жасау жолымен бұрынғы рәсімделген шарт бойынша өздерінің міндеттемелерін жоюға мүмкіндік алады.

Фьючерстік сауданың объектісі өте ауқымды. Фьючерстік шарттармен сауда - ол тауармен емес, тек биржалық шарттармен ғана жүргізілетін операция болғандықтан олардың негізі материалдық игілік ретіндегі тауар ғана емес, жалпы сауданың кез-келген объектісі, мысалы, әр түрлі бағалы қағаздармен са­уда. Сондықтан сауданың объектісі шарт болғасын онда шартқа жасалған шартпен, бір топ шартқа шартпен сауда және т.с.с. Бұл шексіз сауданың табиғи шектеуі - тек нақты тауар нарығымен, нақты капитал нарығымен байланыстар болады.

Фьючерстік шартты форвард шартымен салыстыру арқылы түсінуге болады. Форвардтық шарт деген оның орындалу мерзімі шарт жасаған кезге сай келмейді және ол уақыт шартта көрсетілетін келісім. Ал фьючерстік шарт - ол биржалық ак­тив болашақта дәл қазір екі жақ айқындаған бағамен сатып алу келісімі. Сонда фьючерстік шарттың форвардтык шарттан бірсыпыра айырмашылықтары бар. Олар:

Біріншіден, фьючерстік шарт тек биржаларда, ал форвардтық шарт биржадан тыс нарықта жасалады.

Екіншіден, фьючерстік шарт - ол формасы бойынша да, мазмұны бойынша да стандартты шарт. Ол жан-жақты стандартталған, тек бағасы сауда барысында белгіленеді. Ал фор­вардтық шарттың формасы типтік болғанымен, барлық нақты жағдайлары, мысалы, алғашқы активтің саны, оның сапалық си­паттамасы және с.с. жағдайлары мәміле жасасқанда екі жақпен (арасында) ескеріледі.

Үшіншіден, фьючерстік шарт бойынша оның орындалуы мен барлық есеп айырысуына биржа мен Клирингтік палата кепілдік береді.

Төртіншіден, форвардтық шарт алғашқы активті сатып алуға (сатуға) жасалады. Оны орындамаған жақ ірі айыппұл төлейді. Ал фьючерстік шарттың механизмі бойынша мәмілеге келген екі жақтың мақсаты - алғашқы активті сатып алу-сату емес, сол мәміледен фьючерстік нарықта пайда табу. Ол көбінесе алыпсатарлық шарт.

Бесіншіден, форвардтық шарт қор нарығының кез-келген алғашқы активіне жасалуы мүмкін, ал фьючерстік шартта алғашқы активтер биржаның мамандануына байланысты шектеулі болуы мүмкін.

Қорыта айтқанда, белгілі-бір биржалық активті жеткізіп беру мақсатында жасалған фьючерстік шартшын мәнінде ол форвардтық шарт. Себебі мәмілені бекіту мен орындау аралығындағы уақыт форвардтық шарттың мәні болып есептеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет