1. Брокерлер — делдал ретінде келісімге қатынасатын адамдар. Брокер келісім жасасатын әрбір жақты табыстыруды көздейді. Брокер өкіл емес, ешбір жақтың шарттық қатынастарына қатыспайды, жекелеген тапсырмалар негізінде жұмыс істейді. Брокерге әрбір
жеке келісімді жасауға арнаулы өкілеттік беріледі. Ол тек өкілеттік шегінде әрекет етуге міндетті.
2. Дилерлер - өз капиталымен келісім жасайтын делдалдар.
3.Джобберлер - нарық конъюнктурасын бақылаушылар.
Бағалы қағаздар нарығындағы брокерлер заңды тұлға ретінде тіркелген маманданған брокерлік фирма қызметкерлері. Батыс еуропа мемлекеттерінде олар не жеке фирма, не акционерлік қоғам ретінде құрылады. Жаңа егемен мемелкеттерде олар жауапкершілігі шектеулі серіктестік мекемесі болып та құрылуда. Салық төлеуден жеңілдік алу мақсатында шағын кәсіпорын ретінде тіркелгендіктен олардың жарғылық қоры өте аз болады. Дегенмен, бұл фирмалар өз капиталымен қарызға алған капиталын өсіру мақсатында клиенттер санын көбейтуге ұмтылуда.
Құрылымы жөнінен брокерлік фирма дирекция, әкімшілік бөлім, кеңес беретін бөлім, бағалы қағаздарды сату бөлімі және хабарлама-техникалық бөлімінен тұрады. Шамамен фирмада 15-20 адам қызмет жасайды (5.1. Сурет).
Брокерлік фирманың қызмет аясына:
1. Консалтинг (кеңес беру);
Бағалы қағаздарды алғашқы нарықта орналастыру және екінші нарыққа айналысқа түсіру;
Инвестициялық қорларды құру және оны басқару және с.с. міндеттер кіреді.
Бұлардан басқа брокерлер ақша нарығында бірсыпыра ерекше қызмет көрсетеді, атап айтқанда, банктік несие алушыларға делдалдық жасау және мәмілені қамсыздандыру, оның ішінде, биржалық келісімді сақтандыру.
Брокерлер өз қызметінде мына түпкі бастамаларды басшылыққа алады:
Клиент брокерлік фирмамен шарт жасасқанда барлық тап-сырма бойынша, оның ішінде, бағалы қағаздарды қайдан сатып алу жөнінде (қор биржасынан ба, әлде биржадан тыс нарықтан ба) келісімге келеді.
Брокер клиенттің белгілеген сомасы шамасында әрекет жасайды. Бірақ алған тапсырма көлемінде бағалы қағаздарды таңдауда өз кұқығын пайдаланады.
Хабарлама-техникалык бөлімі
Достарыңызбен бөлісу: |