Джобберлер - бағалы қағаздар нарығындагы конъюнктура (өзгерістерді сипаттайтын белгілер) мәселелері жөнінен кеңес берушілер. Ең алғашқыда олар Лондон Сити нарығында пайда болды. Олардың іс-әрекеті бағалы қағаздар нарығының құрылымы кең көлемде болғанда және ол үнемі өзгеріп отырғанда қажет. Олар шығарылған бағалы қағаздардың маңызын дұрыс бағалау үшін ғана емес, сонымен қатар эмитенттерге жаңа бағалы қағаздар шығаруға да олардың көмегі қажет Джобберлер тек бір жолы кеңес беріп қана қоймай, күрделі, кейде кешенді мәселелерді шешуге жан-жақты көмектеседі. Мысалы, банктердің, өндірістік кәсіпорындардың, инвестициялык қорлардың шығарған акцияларының бағамының келешекте өзгеруін бағдарлайды. Ол үшін олар уақытша қызмет істейтін зерттеу ұжымдарын құрады. Зерттеу ұжымдарында белгілі экономистер, банк қызметкерлері және басқа да салалардың мамандары зерттеу жүргізеді. Джобберлер бағалы қағаздардың кейбір түрлеріне ғана маманданатын болғасын олармен кең көлемде жүргізілетін операцияларға брокерлер мен дилерлер пайдаланады. Джобберлердің қызметі өте жоғары бағаланып, олар жоғары жалақы алатындар қатарына жатады.
Қорыта айтқанда, қазіргі кезде бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары көбеюде. Тек олардың бір-бірімен байланысты қызметі ғана нарықтың тұрақты қызметін және бағалы қағаздардың өтімділігін қамтамасыз етеді.
Атқаратын қызметтеріне қарай бағалы қағаздар нарығына қатысушыларды 5.2. Суретте өрнектелгендей топтастыруға да болады [27, 200.]. Олар:
Достарыңызбен бөлісу: |