«Қазақ» газеті,
1994 жылдың тамызы.
24
«АЙҚАП» ОЙЛАРЫҢДА БАР МА?»
Осы атпен 1915 жылы «Қазақ» газетінде жарық көрген
қазақ мəдениеті мен əдебиетінің көрнекті өкілі Бейімбет
Майлиннің мақаласын арқау етіп, əңгіме бастауымыздың
өзіндік себебі бар. Алаш ардақтысы аталған еңбегінде ұлт
зиялылары назарын «Айқап» журналына аудару мақсатын
тұтса, жүз жыл өткеннен кейін де оның өзектілігін жойма-
ғанына көз жеткізгіміз келеді.
Биылғы жылдың қаңтар айында «Айқап» журналының
шыққанына 100 жыл толғанын екінің бірі біле бермейді. Соның
салдары болса керек, оны атап өтіп жатқан ел көрінбейді.
Рас, Астанадағы «Аманат» пікірсайыс клубы даталы күнге
орай «Қазақ баспасөзі: кешегісі мен бүгіні» тақырыбында
дөңгелек үстел ұйымдастырғанын айтуға тиістіміз. Аталған
шара туралы ақпарат жариялаған республикалық «Айқын»
газеті 2011 жылдың 8-қаңтар күнгі санында: «Айқап» жур-
налына – 100 жыл! Мұны «Аманаттан» басқа кім ескеріп
жатыр?» – деп мəселе көтерді. Бірақ оған үн қатқан бірде-
бір қазақ зиялысын байқамадық. Соны ескеріп, кезінде
Бейімбеттей ұлт жанашыры жоғары бағалаған басылымның
мерейтойы елеусіз қалар ма екен деген қауіпті сейілту үшін
қолымызға қалам алып, еліміздегі маңдайалды жоғары оқу
орындарының бірі саналатын Л.Н.Гумилев атындағы Еура-
зия ұлттық университетінің журналистика жəне саясаттану
факультеті алдағы сəуір айының 15-жұлдызында «Айқап»
журналы мен «Қазақстан» газетінің 100 жылдық мерейтой-
ларына орай «Мерзімді баспасөз: адамзаттық құндылықтар
мен елдік мүдде мəселелері» атты тақырыпта ғылыми-тео-
риялық жəне тəжірибелік конференция өткізуді ұйғардық.
«Елу жылда – ел жаңа, жүз жылда – қазан» дейді қазақ
даналығы. Мұның философиясы, меніңше, мынада. Елу жыл-
да ұрпақ жаңарады. Жүз жылда сол жаңарған ұрпақ-
тың төккен тер, еткен еңбегі өз жемісін береді. Осыдан жүз
жыл бұрын жарық көрген «Айқап» журналы тігінділерін
қайыра парақтап, жарияланымдарына көз сүзгенде түйген
ой осы.
25
Қош. Енді əңгімені «Айқап» журналының аты неге со-
лай аталғанына қарай бұрайық. Бұл туралы басылымды шы-
ғарушылар мен тұрақты авторларынан артық ешкім айта ал-
масы анық. Сондықтан сөз кезегін соларға берелік.
Басылымның «Айқап» аталуының себебі мен алдына
қойған мақсаты туралы журналдың 1911 жылғы 11-санында
мынадай түсінік беріледі: «Айқап» деген сөз – қазақтың төл
сөзі, ол ғасырлар бойы мəдениеттен, білімнен кенже қалған
бүкіл қазақ халқының өкініші ретінде алынды. «Ай, қап!»
деп санымызды соқтық, енді ел қатарына қосылайық деген
үнді білдіреді».
Осы ойды журналдың тұрақты авторларының бірі Бақыт-
жан Меңдібеков «Газеталарымыз туралы» атты мақаласын-
да (1912, №6) бүй деп шегелейді: «Ай, қап! Əттеген-ай, іс
өтіп кеткен екен ғой, біз ұйықтап жатқанда, басқалар соққан
желден, аққан судан пайдаланып жатқанда, біздің мұндай
халде болуымыз жарамас деп, өткен іске өкініп қойған есім
боларға керек».
Ал Халиолла Ғабдолжалилов деген автор журналдың 1911
жылғы 2-санында жарияланған «Айқап мағыналары» деген
мақаласында «Айқап» этнонимінің үш түрлі мағынасына
тоқталады: «Ай-қап – болмай қалған іске өкіну жəне қараңғы
түнді жарық еткен ай жəне оның қабы (сауыты), халықты
айқап-шайқап аралау».
Бұл жөнінде журнал жарияланымдарын араб (төте) жа-
зуынан кəдімгі қазіргі жазуымызға аударып, жинақ етіп
құрастырған белгілі библиограф-ғалым Ү.Сұбханбердина
(марқұмның жаны жұмақта шалқысын) аталған жинақтың
«Қазақ баспасөзі тарихынан» атты алғысөзінде: «Соңғы
екі ұғым Ғабдолжалиловтың ой-қиялының жүйріктігінен
туған дүние болса керек, бірақ нақтылы шындыққа жа-
наспайды. «Айқап» деген ұғымның мəніне тұңғыш рет
көңіл бөліп, тұжырымды ой түйген журналдың редакторы
М.Сералин», – деген пікір білдіріп, «Айқаптың» тұңғыш са-
нында жарияланған бас мақаладан мынадай үзінді келтіреді:
«Біздің қазақтың «əй, қап!» демейтұғын қай ісі бар? Газет
шығармақшы болдық, қолымыздан келмеді. Пұлы барла-
26
рымыз ынтымақтаса алмадық. Пұлы жоқтарымыз ынтымақ-
тассақ та, ақшасыз істің жөні табылмады. «Қап, пұлдың жоқ-
тығы, қолдың қысқалығы-ай» дедік. Жақсы жерлерімізді
қолда сақтау үшін қала салмақ болдық. Басымыз қосылмады.
Қолайлы жерлер қолдан кетті. «Қап, ынтымақсыздығымыз-
ай» дедік. Болыс, би, ауылнай боламыз деп таластық, қыры-
лыстық. Жеңілгеніміз жеңген жағымызға: «ендігі сайлау-
да көреміз, қап, бəлем-ай!» дедік. Осындай біздің қазақтың
неше жерде «қап» дегізген қапияда өткен істеріміз көп бол-
ған соң журналымыз да өкінішімізге лайық «Айқап» болды».
Осы жерде аты туралы толық мағлұмат алған журналдың
«заты қандай болды екен?» деген заңды сұрақ туындайды.
Енді соған жауап іздеп көрелік.
«Айқап» – 1911 жылдың қаңтарынан бастап 1915 жылдың
қыркүйек айына дейін, алдында айына бір мəрте, 1912 жыл-
дан айына екі рет үзбей шығып тұрған тұңғыш қазақ журна-
лы. Троицк қаласындағы «Энергия» баспаханасында басы-
лып, байтақ қазақ даласына кең тараған басылымның бас ре-
дакторы да, шығарушысы да – алты Алашқа аты мəлім жазу-
шы һəм журналист, көрнекті көсемсөз шебері Мұхаметжан
Сералин. Бұл жөнінде Санкт-Петербург қаласындағы Орта-
лық мемелекеттік тарих мұрағатында төмендегідей дерек
сақталғанын Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ баспасөзі тари-
хының бас зерттеушісі Ү.Сұбханбердина алғаш жалпақ елге
жария етеді: «1910 жылы 18-январьда берілген куəлік бо-
йынша Орынбор губерниясының Троицк қаласында шыға-
тын қазақ журналына Қостанай облысы, Шұбар болысы,
№5 ауылының қазағы М.Сералинге редакторлық етуге жəне
шығарушы болуға рұқсат берілді». Журналдың алғашқы са-
нында жарық көрген беташар мақала соңында «басқарушы,
бастырушы М.Сералин» деп қол қойылуының сыры да сон-
да. Осы жарияланымда көсемсөзші басылымның шығу та-
рихымен көзіқарақты оқырманды қысқа да нұсқа танысты-
рады: «Құрметті оқушылар! Алдыңызға үшбу журналымды
саламын, кішкене екен деп қоңыраймаңыздар! Газет һəм
журнал халық үшін екендігіне шəк айту жоқ. Халықтың
қай дəрежеде алға кеткендігі халық арасында таралған га-
27
зет-журнал һəм кітаптардан білінеді. Заман ғылым заманы
болған соң əрбір жұрт қатарынан кейін қалмас үшін ақша
аямай кітап-газет һəм журнал бастырып, халыққа тара-
тудың ыждақатында», – деп бір қайырып, одан əрі қазақ
баспасөзі тарихынан көпті хабардар қылады. 1907 жылы ІІ
Мемлекеттік Думаның жиынымен Шаһмəрдан Қосшығұлов
«Серке» газетін шығарғанын, бірақ ұзаққа бармай, үкімет
тарапынан тоқтатылғанын, сол жылы Троицкіде Есмағамбет
Айманбаев «Киргизская газета» атты орысша-қазақша бір
газет шығарып, оның да бір саны жарық көргеннен кейін
жабылып қалғанын өкінішпен баяндайды. Сөйтеді де қазақ
намысын қайрайды: «Мен тағы талап етіп, осы кішкене жур-
налды шығармақ үшін халқыма жармастым. Жұртқа атақ
шығарып, білім сату үшін емес, бəлки дəулет иесі ағалар
мұны көрген соң ойға қалмас па екен деген ниетпен. Қолда
пұл жоқ. Жұрт болып жұртшылық етпесе, əлбетте, бұл жур-
нал да қазақтың дүниеге шығара алмаған ісінің бесіншісі бо-
лар да қалар. Қазіргі үміт халықта».
«Айқаптың» бес жылға таяу уақыт үзбей жарық көргеніне
қарап Алаш ардақтысының үміті ақталғанын аңғару қиын
емес. Əрине, Ресей патша үкіметінің қатаң бақылауын қалт-
қысыз қамтамасыз еткен цензураның қатал қыспағы астын-
да журналды ай құрғатпай осыншама мерзім шығарып
тұру оңайға түспегені түсінікті. Оған бір ғана дерекпен
көз жеткізуге болады. Жоғарыда тілге тиек еткен «Қазақ
баспасөзі тарихынан» атты еңбегінде Ү.Сұбханбердина
Орынбор губернаторының Ішкі істер министрлігіне 1911
жылғы 3-қыркүйекте жолдаған мəліметін алғаш ғылыми
айналымға енгізеді. Онда «Айқаптың» 1911 жылғы 6-са-
нында жарық көрген корреспонденция үшін журналдың
редакторы М.Сералинге 100 рубль айыппұл немесе бір ай
абақты кесілгендігі баяндалады. Əлгі «кінə» тағылған жа-
рияланым қызығушылығымызды арттырып, онымен таныс-
қанымызда, бар болғаны, «Оян, қазақ» кітабы үшін Міржа-
қып Дулатовтың 1911 жылдың 2-маусымында Семей қала-
сында түрмеге қамалғандығы жалпақ жұртқа жария етілген
екен. Сонымен бірге Алаш арысының қолындағы татар,
28
қазақ газет-журналдарын, ұлтымыздың ақын, жазушылары
Абай Құнанбаевтың, Ахмет Байтұрсыновтың, Ғұмар Қара-
шевтың кітаптарын жандармның алып кеткені туралы де-
ректер патша шенеуніктеріне ұнамай қалғанын байқадық.
Мұндай тырнақ астынан кір іздеу, патшалық билік тара-
пынан журнал жұмысына түрлі кедергілер келтіру басылым
тарихында көптеп ұшырасқанына кəрі тарих куə.
Достарыңызбен бөлісу: |