Бағдарламасы бойынша жарық көрді Сақ Қ. С 17 Алаш мұрасы./ Қ. Сақ. Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2014



Pdf көрінісі
бет5/37
Дата31.12.2021
өлшемі1,34 Mb.
#22411
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
«Кез келдің заманында журнал «Айқап»,
Білгендей шөлдегенін жұрттың байқап.
Жасаған ұзағынан сүйіндіріп,
Кетсе екен Еділ, Жайық – бəрін шайқап», –
деп  журналмен  алғаш  қауышқандағы  жүрекжарды  қуаны-
шын «Айқаптың» 5-санында өлеңмен жеткізген Б.Құсайынов 
ақынның шаттығы бар оқырманына ортақ екені күмəн туғыз-
байды. Ол қуаныштың себебі де түсінікті. Оны журналдың 
тұрақты авторларының бірі М.Мақұловтың:
«Қуандым журналыңды білгеннен соң,
Майданда шабысыңды көргеннен соң.
Дертім бар, дəрменім жоқ, мен бір ғаріп,
Сөз қостым көңіл танып тұрғаннан соң», –
деген жыр жолдарынан дөп басып тануға болады. «Дертім 
бар, дəрменім жоқ, мен бір ғаріп» – сол заманда отарлық езгі-
ден мерт болуға шақ тұрған қазақ күйі. Осындай қысылтаяң 
кезеңде  санасы  сансыраған,  адасқан  елге  ой  салып,  бағыт-
бағдар беруді міндетіне алған басылым – «Айқаптың» құтты 
қадамы қалың қазақты қуандырмай қоймайды. 
Журналдың аз уақыттың ішінде оқырман жүрегін жаулап 
алуына  тұрақты  авторлар  құрамының  биік  парасат,  ұшқыр 
ой, жүйрік қалам, жанкешті еңбектері ықпалын тигізгені та-
лас тудырмайды. Бұл ретте əуелі əр кезде журналдың хатшы-
сы қызметін абыроймен атқарған Сұлтанмахмұт Торайғыров 
пен  Əкірам  Ғалымовтың  ерен  еңбектерін  айрықша  атап 
өткен  лəзім.  Солармен  қатар  журналдың  тұрақты  авторла-


29
ры:  Ə.Бөкейханов,  А.Байтұрсынов,  М.Дулатов,  М.Көпеев, 
Б.Қаратаев,  Ғ.Қарашев,  Ш.Құдайбердиев,  М.Жұмабаев, 
Б.Майлин, Ж.Сейдалин, Б.Сырттанов, С.Сейфуллин, т.б. Алаш 
арыстарының  «Айқапта»  жарияланған  құнды  мұралары 
тақырып ауқымдылығымен, ұтқыр ой, тартымды тіл, ұшқыр 
қиял,  құнды  деректерімен  көңіл  төрінен  орын  иемденеді. 
Осыдан-ақ  «Айқаптың»  ұлттық  журналистика  тарихында 
ғана  емес,  қазақ  қоғамы  дамуындағы,  мəдениеті  мен  əде-
биеті, жалпы руханиятындағы орны айшықты екені анық та-
нылады.
Осы  жерде  айрықша  атап  өтуді  тіленіп  тұрған  «Айқап-
тың»  қазақ  журналистикасына  қосқан  тағы  бір  жаңалығы 
бар.  Журнал  басшылығы  ұлт  баспасөзі  тарихында  тұңғыш 
рет  қазақ  қыздарын  тілшілік  қызметке  тартады.  Басылым-
да  тырнақалды  туындылары  жарық  көрген  Сақыпжамал 
Тілеубайқызы,  Мəриям  Сейдалинова,  Күлəйім  Өтегенқы-
зы – қазақ қыздары арасынан шыққан алғашқы журналистер. 
Олардың есімдерін ұлықтап, ел журналистикасына жаңалық 
енгізген ерен еңбектерін бағалау – уақыт еншісіндегі мəселе. 
Бір ауыз сөзге сыйдырып айтсақ, бүгінде еліміздің бұқаралық 
ақпарат құралдарында халыққа қалтқысыз қызмет етіп жүр-
ген қазақ қыздары сарбаздары мен сардарларының бастауы 
«Айқаптан» арна тартады. 
Қаймана  қазаққа  қатысты  «Айқап»  көтермеген  мəселе 
кемде-кем. Журналдың тақырып ауқымы өте кең. Профессор 
Б.Кенжебаев  «Қазақ  баспасөзінің  тарихынан  мəліметтер» 
атты  еңбегінде  журнал  материалдарын  мазмұнына  қарай 
мынадай бөлімдерге бөлген: 
«1. Саяси-əлеуметтік мақалалар; 
2. Əдеби шығармалар, əдебиет мəселелері;
3.  Қазақ  арасындағы  оқу-ағарту  ісінің  жай-күйі  жəне 
маңызды мəселелер;
4. Ана тілі, əліппе, емле мəселелері;
5. Қазақ əйелдерінің жайы, бостандық, теңдік мəселесі;
6. Дəрігерлік, агротехникалық кеңестер, ғылым табыстары;
7. Ішкі-сыртқы хабарлар;
8. Тілші хаттары, жауап хаттар».


30
Қазақ  баспасөзі  тарихын,  əсіресе,  Қазан  төңкерісіне  де-
йінгі  кезеңін  зерттеуге  ерен  еңбек  сіңірген  ұлағатты  ұстаз, 
ғибраты  мол  ғалымның  аталған  кітабы 1956 жылы  жарық 
көргенін ескерсек, оның бағасы еселеп арта түседі. Өйткені, 
ұлттық  мұраға  қырғи-қабақ  танытқан  отаршыл  саясаттың 
өктемдігі артып тұрған уақытта жеке басына қауіп төнерін 
біле  тұра,  саналы  түрде  тарихи  тақырыпқа  қалам  тарту 
ерлікпен  пара-пар  іс  екенін  бүгінгі  жас  біле  бермейді.  Со-
нымен  бірге  саясат  салқыны  салдарынан  ғалым  еңбегінде 
лажсыздықтан  біраз  шындықтың  шымылдығы  түрусіз  қал-
ғанын  айтуға  тиістіміз.  Айталық, «Айқап»  журналы  мате-
риалдарының мазмұн жіктелісін бүгінде мынадай тақырып-
тармен толықтыру талабы туындайды: 
1. Отарлық езгіге қарсы күрес тақырыбы; 
2. Ұлт азаттығы мəселесі;
3.  Қазақ  жерін  ішкі  Ресейден  қоныс  аударушылардан 
сақтап қалу жолдары;
4. Ұлттық сананы ояту мəселесі; 
5. Ұлт тілін, діні мен ділін қорғау, көркейту мəселелері.
Журнал материалдарымен терең танысу барысында түй-
ген бұл тұжырымдарымыздың шындығына «Айқап» жария-
ланымдарын оқыған əрбір жан көз жеткізе алады. 
Бірер мысал келтірейік. Журналдың редакторы М.Сера-
лин былай деп жазады: «Қазақ осы күнде қалың орманға кі-
ріп адасқан адам секілді. Қалай жүрсе жөн боларын білмей 
дағдарған кезі. Олай-былай жүріп еді, жол табылмады. Енді 
тоқтап, тың тыңдап, қайдан қандай дыбыс шығар деп құлағын 
салып  тұрған  кезінде  əркім  шама-қадірінше,  адасқанына 
айғайлап  дыбыс  беретін  сықылды.  Үнін  шығарып,  ойын 
айтуға міндетті».
1
 Бұдан отарлау саясаты шарықтау шегіне 
жетіп  тұрған  кезде  бес  жыл  бойына  үзбей  шыққан  жалғыз 
журнал  «Айқаптың»  тарыққан  елге,  адасқан  қазаққа  жол 
басшы,  бағыт-бағдар  беруші  болғанын  байқау  қиын  емес. 
«Айқаптың» 1911 жылғы 5-санында  жарық  көрген  «Біздің 
қазақ баласына не қылса да басқа жұрттарға теңелу хақында 
1
  «Айқап». – Алматы:  Қазақ  энциклопедиясы  Бас  редакциясы, 1995, 
31 б.


31
біраз кеңес» деген мақалада, аты айтып тұрғандай, ХХ ғасыр 
басындағы  қазақтың  ең  көкейтесті  мəселесі – теңдікке  қол 
жеткізу арманы дараланып, айшықталады да, соның жолда-
ры сараланады. 
1913-1918  жылдары  Орынборда  шыққан  «Қазақ»  газе-
тінің зерттеушісі жəне апталық жарияланымдарының энци-
клопедиялық  жинағын  құрастырушылардың  бірі  болған-
дықтан,  мына  мəселеге  оқырман  назарын  аудартуға  тиісті-
мін.  Кезінде  Бейімбет  Майлин: «Қазақ»  көзіміздің  қара-
сы  болғанда, «Айқап»  ағы  емес  пе  еді», – деп  жоғары 
бағалаған қос басылымды бір-біріне қарсы қойып, ұпай тү-
гендеушілерге жол беруге болмайды. 
Мақаламызды Бейімбет Майлиннің «Айқап» ойларыңда 
бар  ма?»  деген  жанашыр  пікірімен  бастап  едік.  Енді  сол 
сөзбен  ойымызды  қорытындылағанды  жөн  көріп  отыр-
мыз.  Алаш  арысы  «Айқап»  журналын  мегзеп  айтса  да,  ар 
жағынан «өткізіп алып, қап-ай деп сан соғуды қазақ қойдың 
ба?» дегенді ымдап тұрғандай көрінеді.
Осы орайда, «Айқапта» көтерілген мəселелердің бүгінгі 
таңда да өзектілігін, яғни журнал материалдарының өмір-+
шеңдігін айтпау қиянат болар еді. Айталық, журналдың 1913 
жылғы 15-нөмірінде жарық көрген «Қазақтың қазіргі халі» 
атты  мақалада  Бейімбет  Майлин  көтерген  мəселе – қазір  де 
көкейтесті. Алаш арысы қазақ тіршілігіндегі əдет-ғұрыптың 
кемшілік, кері кеткен жақтарын сынап-мінеп, олардың білім-
сіздіктен,  кəсіпсіздіктен  туатынына  тоқталады.  Қазақтың 
қыз  ұзату  тойында,  өлімге  ас  беріп,  еске  алуда  үлкен  шы-
ғынға бататынын айыптап, оның орнына халықты пайдалы 
іске, оқу-ағарту жұмысын дұрыс жолға қоюға, мектеп-мед-
ресе  салуға,  газет-журнал,  кітап  алдырып  оқуға  қаражат 
шығаруға шақырады. 
Қазақты  қап-ай  деп  өкінуден  арылту  мақсатын  көздеп 
«Айқапты»  шығарған  М.Сералиннің  мына  пікірі  де  көңіл 
төрінен  орын  иемденеді,  көкейтестілігімен  құнды: «Біздің 
ілгергі-келешек  күніміз  де,  бұл  дүниеде  күн  көріп,  жұрт 
қатарлы тұруымыз да жалғыз-ақ нəрсеге тіреледі. Ол – оқу. 
Мұнан былайғы заманда оқып, өнер білмесек, өнерлі халыққа 


32
жалшы  болудан  басқа  бізге  ешбір  де  орын  қалмайды.  Біз 
жұртшылық  болып  оқушы-талапкерге  жəрдем  бермесек, 
оқығандарымыз көбейе алмайды». Дəл бүгінгі күннің өзекті 
мəселесін көтеріп тұрғандай əсерге бөлейді. Қазіргі жастар 
мен сауданы кəсіп еткен, тек баюды ғана мақсат тұтқан бай-
манап, бизнес өкілдеріне ой салса игі.
Мұндай  құнды  ойларды  «Айқаптың»  əр  нөмірінен  мо-
лынан  ұшыратарыңызға  бəс  тігеміз.  Ендеше,  журнал  жа-
рияланымдарын  ұлттық  құнды  мұрамызға  айналдырып, 
қажетімізге жаратудан жаңылмайық.
                  
«Егемен Қазақстан» газеті,
2011 жылдың 12-сəуірі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет