Бағдарламасы (Syllabus) экономикадағы математика 5В050700 «Менеджмент» мамандығының студенттері үшін Павлодар, 20 г


Оқушылардың білімдерін тексеру критериі



бет14/14
Дата08.03.2023
өлшемі0,82 Mb.
#72477
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Пр сабақ вектор

11. Оқушылардың білімдерін тексеру критериі


Пәнді оқыту емтиханмен аяқталады. Емтиханды тесттік түрде тапсырады. Емтиханға жоспардағы барлық тапсырмаларды уақытында тапсырған студенттер ғана жіберіледі.



Әріптік жүйедегі баға

Баллдардың цифрлік эквиваленті

Пайыздық мазмұны

Дәстүрлік жүйеде бағалау

A

4,0

95-100

Өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

Жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

Қанағаттарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттарлық емес



12. Оқытушының талаптары, курс саясаты
Студенттер міндетті түрде сабақтарға қатысу керек. Сабақты босатқан жағдайда деканаттың орнатқан тәртібі бойынша босатқан сабағын тапсырады. Сабаққа екі рет кешігіп келу бір сабақты босатумен теңеледі. Екі сабақтан көп босатқан жағдайда оқытушы студентті сабаққа кіргізбеуге құқылы. Берілген курстың студенттерінің контингенті болмайтын бөгде адамдардың дәрісте отыруына тыйым салынады.
Тапсырмаларды көрсетілген мерзімде тапсыру қажет. Барлық тапсырмаларды тапсырудың соңғы мерзімі – емтихан сессиясының басталуына 3 күн қалғанға дейін.
Барлық тапсырмаларды тапсырмаған студенттер емтиханға жіберілмейді.
Студенттер әр оқу сабағы бойынша тақырыпты қайталауға және өткен тапсырмаларды орындап тапсыруға міндетті. Оқу материалдарын меңгеру деңгейі тест немесе жазбаша жұмыстар арқылы тексеріледі. Студенттерді тестілеу алдын ала ескертусіз өткізілуі мүмкін.
Студенттің оқытушымен өздік жұмысын (СОӨЖ) орындау барысында келесі төрт негізгі функцияларды ескеру керек:
Бірінші – оқу пәні бойынша сабақтар барысында оқытушы студентке берген ақпараттың белсенді қабылдануын болжамдайды.
Екінші – студенттер өздігінен оқытушының нұсқауларын негізге алып, оқу-әдістемелік құралдарды, әдебиеттерді меңгеруді, үй тапсырмаларын, бақылау және курстық жұмыстарды орындауды болжамдайды. Осы кезеңде студенттерден жұмыс әдістерін білуді, өздік ұйымдастырушылықты және тәртіпті талап етеді.
Үшінші – студенттің өзінің қиындық туғыздыратын жағдайларын талдау және жүйелеу, оқу материалын түсіну және меңгеру кезіндегі қиыншылықтардың себептерін анықтау, басқа оқу амалдарын орындау. Студенттер шешілмейтін қиындықтарын оқытушы үшін сұрақтар жүйесіне аударады (реттейді, құрастырады), сол сұрақтарға өз жауаптарын қосады.
Студенттердің төртінші функциясы оқытушыдан сәйкес түсініктеме, кеңес алудан тұрады.

13.Әдебиет тізімі
Негізгі
1) Казешев А. К., Нурпеисов С. А. Сборник задач по высшей математике для экономических специальностей. – Алматы, Ғылым, 2004.
2) Исин М. Е. Задачи с экономическим содержанием по высшей математике: учебно-методическое пособие. – Павлодар, 2006. – 102 с.
Қосымша
3) Красс М.С. Математика для экономических специальностей: учебник.- М.:Дело,2003.
4) Кастрица О. А. Высшая математика: примеры, задачи, упражнения. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2003. – 254 с.
5) Красс М. С., Чупрынов Б. П. Основы математики и ее приложения в экономическом образовании. – М.: Дело, 2003.
6) Исследование операций в экономике: учебное пособие для вузов / Под ред. проф. Н. Ш. Кремера. – М.: ЮНИТИ, 2003. – 407 с.
7) Кремер Н. Ш. Теория вероятностей и математическая статистика. – М.: ЮНИТИ, 2000.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет