Бағдат Оралбайұлы «Тегімізді тануға талпыныс»



бет51/153
Дата06.01.2022
өлшемі11,37 Mb.
#12762
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   153
Байланысты:
Шежіре

7. Жармағанбеттен - Айтмағанбет, одан Алтай, Жетпісбай, Амантай, Есен, Амандық. Алтайдан – Елубай, Есенкелді, Әсет, Әсем. Елубайдан – Анел, Жанел. Есенкелдіден – Нұрқиса, Жауқазын.

Өтеген қожаның шежіресін ұсынған Шаймұрат қожаның үлкен әкесі Садық қожаның зайыбы Нұрбибі Жомартқызы. Руы Шақа. Әкесі Әбілмұраттың зайыбы Қайша Тәжібекқызы. Руы Көшкін. Шаймұраттың жолдасы Үміткүл Қабиден қызы. Руы Қаракесек.



Мұхмұн қожа Шаһанәдірұлы
Халық ұғымындағы «қожа, төре» деген атаулардың тілімізге еніп, дербес мағынаға ие болуы тарих көшінің өтпелі кезеңімен сипатталып, анықтама алады. VІІ ғасырда араб елінде туған дін – «ислам» атты есіммен тарады. Келе-келе осы дінді тұтынған Таяу Шығыс пен Орта Азияны мекендеген әртүрлі ұлт пен ұлыс өкілдерін Ислам жұрты делініп, жалпылық атауға ие болды.

Дін-исламның қазақ топырағына еніп-тарауы – бірнеше ғасырға созылған бейбіт үгіт пен уағыздың нәтижесі. Даму тарихы VІІ ғасырдан бастау алған мұсылман дінін уағыздаушылар Орта Азия мен қазақ даласына «қожа» есімімен сіңісті. Бұлардың түп-төркіні әріректе келген арабтар еді.

Ал, «төре» деп жүргеніміз – Шыңғысхан шапқыншылығы кезінде келген монғолдар екені белгілі. Төрелер әкімшілік тізгінін ұстаса, қожалар идеологиялық уағыз-билікті таратып, қазақ елінің тілін, дінін, ділін нығайтты. Мемлекеттік тұтастықты сақтауда әр дәуірдің даму ерекшеліктеріне сай қызмет атқарды. Қожалар мекендеген отырықшылықты аймақтарда мешіт-медреселер ашылды. Олар көпшілік қауымның хат танып, сауат ашуына қолғабыс жасап, іс ұйымдастырды. Мұсылманшылдық шартына сай көпшілікті имандылыққа, тазалыққа тәрбиеледі. «Қара – төресіз, ел – қожасыз болмас» деген мәтелдің шығуы осы себептен болса керек.

Байырғы қыпшақ жеріне екі түрлі мақсатпен келген қожалар мен төрелер қазақ тілін тез меңгеріп, ұлттық ерекшеліктерге тез бейімделді. Қыз алысып, қыз берісу арқылы қан араластырды. Осы жағдайлардың өзі басында бірі өктемдікпен, екіншісі бейбіт қоныстану арқылы келген басқа ұлт өкілдерінің тез қазақылануына себепкер болды. «Алла» ұранды қожалар, «Арқар» ұранды төрелер сөйтіп үш жүздің құрамына ру ретінде қабылданып, билер кеңесінде елтаңба бөлісті. Ғасырларға созылған тарихи дамудың салдарынан үш жүздің бөлінбес тумалары ретінде қазақ болып кетті.

Рулық қатынас арқылы бірігіп, тұтастығын сақтаған қазақ елінің басынан өткен қиын кезеңдерінде де Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с) ту етіп көтерген имандылық-адамдық шарттары қожалар әулеті арқылы жетіп дамыды. Сондықтан да болар, қара халық қожаларды әр руға бөлісіп алып, мұсылманшылдықты уағыздаушы ретінде қадірлеп, пір тұтқан.

Тарихымыздың әріректегі сырын ашып, мемлекеттік дамуымыздың кезеңдік сипаттарын көрсетуге арналған әдеби-тарихи шығармаларда ел тізгінін ұстаған хандардың билік жүргізудегі бағыт-бағдарлары, ерліктері мен ездіктері салыстырмалы түрде баяндалып жүр. Кейінгі кездерде жаңаша ойлаудың нәтижесінде осы жайларды біздер хан тағдыры емес, халық тағдыры ретінде танып түсіне бастадық. Өйткені Әз Тәуке мен Абылайды қазақ халқының қамқоры, ұлт бірлігінің тұтастығын сақтаушы саясаткер, қаһарман ретінде қабылдадық. Шындықтың өзі де осы еді.

Сондай-ақ, осындай таным-түсініктер қожалар әулетінің сырын біліп, әулиеліктерін тануда халық санасынан жаңаша сипат алып отырғаны ақиқат.

Әзірге менің қолымда осы Мұхмұн қожа бабамыз туралы мардымды мағлұматтар жоқ. Дегенмен, Бекен Исабаев ағамыздың «Ұлылар мекені» атты еңбегінде және Тұрсын Жұртбаевтың «Бесігіңді түзе» кітабының 30-31 беттерінде: «Саяқыптың әкесі Мұхмұн мен Сарғалдақ бірге туысады, екеуінің әкесі Шаһанәдір» - деп көрсетеді. Жалпы, барлық қожаларға тән қызмет, төл қызмет: «Ислам дінін уағыздау, тарату, жергілікті халықтың бойына сіңіру және оның шарт-қағидаларын сақтау, орындау» болып табылатыны белгілі жайт. Сондықтан, Мұхмұн қожа бабамыз да осы бағытта еңбек етті деп тұжырымдауға толық негіз бар. Бұл бабамыздан бірнеше ұрпақ болыпты. Соның біразы Оңтүстік Қазақстан облысының аймағында қалыпты деген де әңгіме бар. Бір заманда Ақтайлақ бидің шақыруымен бұл жаққа Шығыс Қазақстан мен Арқаға Исламды таратуға қожалар келгенде Саяқып қожа Мұхмұн ұлы да келген екен. Енді сол туралы және Саяқып бабамыз туралы мәселеге тоқталмақпын.


Аллаһ Тағала Құран Кәрімде:

«Күдіксіз біз сіздерді бір

Ата мен Анадан жараттық,

бір-біріңізді танып, біліп

жүрсін деп ұлыстар мен

руларға бөліп қойдық» - дейді.

(14-хужрат).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет