Пучок карандашей.
Надежно закрепите клейкой лентой большой лист бумаги. Соберите в пучок
цветные карандаши - так, чтобы заточенные концы находились на одном уровне.
Предложите ребенку порисовать.
Кляксография.
Пусть малыш капнет краской на лист, наклонит его в разные стороны, а затем
дорисует кляксу так, чтобы получилось какое-либо изображение или сюжет.
Рисование ногами.
Закрепите на полу клейкой лентой лист бумаги. Вложите малышу между пальцами
ног карандаш и попросите, что-нибудь нарисовать. Это очень интересно.
Кукурузные початки.
Придумайте какое-либо изображение. Окуните початок в краску и прокатите по
листу чистой бумаги. Сделайте отпечаток «хвостом» кукурузного початка.
982
Вы убедились, что рисовать можно не только краской. А из рисунков ваших
малышей можно сделать: настенный календарь из 12 самых любимых работ; особо
эффектные работы можно отдать ламинировать и использовать как подставки для
тарелки; небольшие работы можно превратить в поздравительные открытки или
приглашения на семейные торжества.
Помогайте малышу создавать красоту. В будущем все это поможет ему научиться
самому главному - самостоятельному творчеству.
Литература:
1.Корчинова О.В. Декоративно-прикладное творчество в детских дошкольных
учреждениях. –м.: Изд-во Феникс, 2002г.
2. Республиканский Педагогический журнал «Дошкольное воспитание и
обучение».
3. Лыкова И.А. Программка художественного воспитания, обучения и развития
детей 2-7 лет.
4. Лыкова И.А. «Мой ребенок» - «Чудо рисунки» - М., -2008г.
РЕАЛИЗАЦИЯ ПРИНЦИПОВ ТРИЯЗЫЧИЯ В СИСТЕМЕ ДОШКОЛЬНОГО
ОБРАЗОВАНИЯ
Сарбаева Рыскул Ахмедьяновна
Шет ауданы «Балдырған» балабақшасы
К 2025 году 95% казахстанцев должны владеть казахским языком.
«Казахстан должен восприниматься во всем мире как высокообразованная страна,
население которой пользуется тремя языками.
Казахский язык-государственный, русский язык-как язык межнационального
общения и английский язык успешной интеграции в глобальную экономику» - сказал
Президент.
«Язык должен стать консолидатором народа Казахстана. Для этого языковую
политику надо проводить грамотно и последовательно, не ущемляя ни один язык, на
котором разговаривают казахский народ.
«Мы должны сделать рывок в изучении английского языка. Владение этим «лингва
фронха» современного мира откроет каждого гражданина нашей страны возможности
в новые жизни»
Из послания 2050
Н.А Назарбаев.
Сегодня перед педагогом стоит задача: формирование поликультурной личности.
Знание родного языка и государственного языка расширяют кругозор личности,
содействуют ее многогранному развитию, способствуют формированию установки на
толерантность и объемное видение мира.
Формирование в дошкольном возрасте у детей ключевых компетентностей имеет
огромное значение. У детей развиваются способности самостоятельно и творчески
983
решать разнообразные задачи и проблемы, уметь выражать свои мысли и чувства
разнообразными творческими способностями.
Принцип итеративности в обучающем процессе:
Он реализуется в двух направлениях:
Вертикальная интегрция-это объединение знаний по тематическому принципу, что
влияет на формирование у детей с целостного представления об окружающем мире.
Горизонтальная
интеграция-обеспечивает
взаимосвязь,
взаимопонимание,
взаимообагащение содержания всех разделов, всех областей программы.
Формы организации деятельности:
-речевые и фонематические разминки;
-стихотворные примеры, рифмовки;
-игры, ролевые игры, инсценировки;
-рисование;
-конструирование;
-лепка.
Ребенок дошкольного возраста не осознает, зачем ему нужно знать три языка.
Цели, которые перед ним ставят взрослые, для него слишком абстрактны. Мотивация
дошкольника действует по принципу «Здесь и сейчас», т. е ребенок не задается
отдаленными целями. Поэтому весь процесс постижения три языка выстраивается как
процесс удовлетворения личностных, познавательных, игровых потребностей в
интересном общении с взрослыми и другими детьми. Дошкольный возраст особенно
благоприятен для начала изучения иностранного языка: дети этого возраста отличаются
особой чуткостью интерес к осмыслению своего речевого опыта, «секретов» языка. Они
легко и прочно запоминают небольшой по объему языковой материал и хорошо его
воспроизводят. С возрастом эти благоприятные факторы теряют свою силу.
Обучение малыша - это очень непростое дело, которое требует совсем иного
последовательного подхода, чем обучение школьников и взрослых. Если взрослый
владеет иностранным, то это совсем не означает, что он может обучать других.
Столкнувшись с методически беспомощными, занятиями, дети могут надолго
приобрести отвращение к иностранному языку, разувериться в своих возможностях.
С дошкольниками должны работать только опытные специалисты. Практический
опыт работы автора в детском саду, позволяет с уверенностью сказать, что методика
проведения вариативных занятий, т. е непосредственной образовательной деятельности
должна строиться с учетом возрастных и индивидуальных особенностей структуры
лингвистических способностей детей и быть направлена на их развитие. Именно в
дошкольном возрасте развивается речь ребенка: совершенствуется ее практическое
употребление, растет словарный запас, происходитосознание словесного состава речи.
С другой стороны, обучение иностранному языку на начальном этапе большого
количества мелких действий, которые легко и с интересом выполняются дошкольником
в игровой форме и на которые трудно настроить ребенка 11-12 лет. Отсюда,
дошкольный возраст выгоден в психофизиологическом плане для владения языком.
984
Схема развития речевой активности детей в поликультурном языковом
пространстве в процессе интегрированного сотрудничества педагогов, специалистов
ДО и семьи.
Многие родители понимают, что знание иностранного языка стало необходимым
элементом образованности. Ребенок, владеющий иностранным языком, лучше
реализует свои возможности и добьется больших успехов в учебе и в жизни. Сегодня
всем предоставляется возможность опираться на факты, делать собственные выводы и
принимать решения. Преподаватель дополнительного образования для детей –
дошкольников-это прфессионал, котрый не просто хорошо знает свой предмет и умеет
грамотно делиться своими знаниями, а еще человек, который искренне любит малышей
и профессионально разбирается в детской хрупкой психике.
КМКК «Балдырган» с. Аксу-Аюлы есть дети с проблемами речевого развития. С
этими детьми занимается логопед, и преподаватель английского языка вариативной
части.
Психологами доказано, что изучение иностранного языка не просто показано детям
с замедленным речевым развитием, но и необходимо. Если ваш ребенок плохо говорит
на родном языке, занятия английским помогут ему не только выучить иностранный
язык, но и улучшить родной.
Занятия с дошкольником и проводят исключительно в игровой форме, чтобы
ребенку было весело и интересно. Главным принципом организации занятий по
изучению английского языка для детей – дошкольников является обучение без
малейшего принуждения, от простого к более сложному. Занимайтесь изучением языка
вместе с нами!
Список использованной литературы:
1.Посланию Президента Н.А. Назарбаева народу Казахстана «Казахстанский путь –
2050: единая цель, единые интересы, единое будущее» от 17.01.2014
2.Полилингвизм: проблемы и перспективы: Материалы Международной научно-
практической конференции. –Алматы, КазАТК, 2012, Т.1 - с. 3.
985
ҰЛТТЫҚ ОЙЫННЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ
Сарсекеева С.К.
Қарағанды қаласы №2 «Батыр» санаторлық балабақшасы ҚМҚК
Ойын өсіп келе жатқан бала ағзасы үшін өте қажет. Ойында баланың дене күші
артады, қолы қатайып, денесі шыңдала түседі, көзі қырағыланады, зеректілігі,
тапқырлығы, ынтасы артып, жетіле түседі. Қазақ халқы ежелден жас ұрпақты сегіз
қырлы, бір сырлы болып өсуін мақсат тұтқан. Баланы үнемі қамқорлыққа алып, жан-
жақты тәрбиелеп отырған. Қазақ халқының ұлттық тәлімімен өнегесі бүгінгі таңда
ұрпақ тәрбиесінің негізіне айналуы-ел мүддесі, заман талабы. Қазақ халқы мәдени
мұраларға бай халық екендігінде сөз жоқ. Сондай бір қомақты дүниелер қатарына
ұлттық ойындарды жатқызамыз.
Халқымыздың өмірде дені сау, шыныққан балалар тәрбиелеу жөніндегі кейінгі
ұрпақтарына қалдырған үлкен де бай мұрасы – ұлттық ойындар. Халық ойынның неше
алуан түрлерін туғызып қана қойған жоқ, соны іс жүзінде қолданып, оның тәрбиелік,
білімділік жақтарын да көре білді. Сондықтан олар «Бала ойынмен өседі» деген өмірлік
қортынды жасап, осы тәжрибелік қортындыны өздерінің бала тәрбиесі туралы
көзқарастарының негізгі арқауы етті. Бала ойынды тоқтатса, одан қол үзіп үйде көбірек
бола берсе, ол балаланың денсаулығы ата-аналарын мазасындыратын болады. Ересек
адамдардың еңбек етуі қандай қажет болса, баланың ойыны да сондай қажет нәрсе
ретінде қабылданған. Медицина ғылымы тарамаған, дәргерлік мекемелері жоқ елде
баланың денсаулығын бақылайтын, анықтайтын, қарапайым құралдардың бірі ойын
болғанын айта кету керек. Ойын әрі білімділік, тәрбиелік құрал ретінде, әрі бала
денсаулығын байқайтын дәргерлік диогностика ретінде де қолданылған.
Бала ойынының маңызына тоқтай келіп, Н.К Крупская мынаны ескерткен болатын:
«Егер бола ойнамаса, онда оның не ауырғаны немесе шамадан тыс педогогикалық
ықпалға түскені». Балалар ұлттық ойын үстінде өнеге алып, мінез қалыптасады, өзіндік
ерекшелік қасиеттері айқындала бастайды. Тәрбиеші ұлттық ойын үстінде әр баланың
игі бастамасын қолдап, оның бойындағы жақсы қасиеттерді өрбітуге, өзіндік мінез-
құлқын қалыптастыруға аса көңіл бөлген жөн. Баланың ойыны ересек адамдардың
еңбегіне еліктеуден өрістеп, бара-бара шын мәніндегі еңбекке айналады. Сондықтан
ұлттық ойын балаларды тәрбиелеудің де тиімді жолы, тәрбиелік құралы екендігін
дәлелдейді.
Осындай жауапты міндеттердің баянды болуы үшін егеменді еліміздің ертеңгі
қажетін өтерлік жерін, елін сүйетін, адамгершілік қуаты мол, білімді, парасатты, ана-
тілін, ата-баба салтын бойына сіңірген, оны қастерлей білетін азамат өсіруде
ұсынылатын ең басты құралымыз ұлттық ойындар. Себебі ұлттық ойындар баяғы
заманнан бері ұрпақ тәрбиесінің алтын діңгегіне айналған. Халқымыздың ұлттық
ойындарының көпшілігі «ойлауды қажет ететін ойындарға» жатады. Балабақшада
өткізілетін қимылды ойын түрлері баланы ептілікке, зейінділікке, ұқыптылыққа
баулиды. Балаларға арналған ұлттық ойын түрлері мысалы: «Айгөлек», «Қанталапай»,
«Арқан тарту», «Тақия тастамақ», «Түйілген орамал», «Аударыспақ», «Асық ойыны»,
«Хан», «Бес тас», «Тартыс» т.с.с.
986
Ойындар балалардың дене бітімінің ғана емес ақыл-ойының жаттықтырушысы.
Бала ұлттық ойын үстінде өмірде көрген білгеніне, өзіне ұнаған адамның іс-әрекетін
еліктей отырып, соны бейнелей ойнайды. Балаға бір тән қасиет бәрін өзім істеймін деп
талпынады. Баланың осы талпынысын қоштап, көмектесіп, сенім білдіріп отыру
тәрбиешінің ең бір ұтымды әдісі. Өйткені ересек адамдардың баладан айырмашылығы
сана-сезімі мен тәжрибесінің молдылығында ғана. Сондықтан да өз білгенін балаға
үйретуден жалықпау ересек адамдардың қасиетті борышы. Ал адам бойындаға
әдептілік, инабаттылық қасиеттер бір күнде қалыптаса қалатын қасиеттер емес. Бала
ойын арқылы дүниені танып, түйсігі арқылы қабылдап, ересектерді еліктей жүріп
үйренеді, өз бойына қабылдайды.
Қай елдің ұлттық ойыны болмасын, сол елдің қоғамдық идеологиясына, тұрмыс
тіршілігіне, айналысатын кәсіп-шаруашылық ерекшеліктеріне байланысты. Сыртай
қарағанда оңай тәрізді көрінгенмен ойын бала үшін іс жүзінде күрделі нәрсе. Тәрбиеші
ойын арқылы әр баланың игі бастамасын қолдап, оның бойындағы жақсы қасиеттерді
өрбітуге ықпал етсе ғана баланың өзіндік мінез-құлқын қалыптастыруға қол жеткізеді.
Әр баланың бойында өмірге деген белгілі бір бейімділігі, жаны қалайтын
қызығушылығы болады. Соны дер кезінде байқап, жан-жақты дамыта тәрбиелеуге көңіл
бөлген ата-анада, тәрбиеші де көп нәрсе ұтады.
Балабақша мен үйде дене тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру-баланың жан-жақты
дамуы ғана емес, сондай ақ олдардың жұмыс істеу қабілетінің жоғарлауын қамтамасыз
етеді.
Ұлттық ойындар:
«Айгөлек» - бұл ойында балалардың бір-біріне деген қарым-қатынасы мен
топталып ойнау, ептілікке, алға қойған мақсатын аяғына дейін орындату және сөздік
қорын, тілін дамыту мақсаты қойылған.
«Хан алшы» -ойын ауызбірлікке,ептілікке, зейінділікке, төзімділікке, достыққа
тәрбиелеп асықтың алшы, бүк. шік, тәйкі, хан деген ұғымдарын қалыптастырып, есте
сақтау қабілеттерін арттыруға арналған.
«Омпы» - асықты бір сызық бойына түзу арқылы дәл көздеп ата білуге, ептілікке
баулу, мергендікті бала бойына дамыту.
«Тақия тастамақ» - шеңбер жасап отырып, бала сезімін ояту, аңғара білуге,
шапшаңдыққа, ептілікке баулу.
«Көтермек» - баланың күшін сынап, өз бойындағы күшті қалыптастыра білуге,
жеңе білуге үйрету.
Тәрбиеші балалардың сәби шағынан бастап, дене бітімінің дұрыс жетілуіне мән
беріп, дәстүрлі жаттығулар мен қимылды ойын түрлерін қолдана білгені дұрыс. Дене
ойындарымен айналысқан балалардың бұзақылық мінез көрсетуіне уақыт болмай,
керсінше ой жылдамдығы мен дене бітімі қатар дамып сымбатты болатыны белгілі.
Ұлттық ойындар осылайша атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып
отырған және халықтық дәстүрлі шаруашылық, мәдени, өнер тіршілігінің жиынтық
бейнесі көрінісі де болған. Әрине, ойын өнер ретінде әдебиет пен мәдениеттің сан алуан
түрлерімен қабысып, бір-бірімен толықтырып байыта түседі. Ойын тек жас баланың
дене күш-қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке т.б ғана тәрбиелеп қоймай,
оның ақыл-ойының толысуына, есейіп өсуіне де пайдасын тигізеді.
987
Манашұлы Тұяқпай жырында:
«Балалармен ойнайды,
Ойнап жүріп ол бала
Кеудеге ақыл ойлайды» -деп түйіндеген.
Ойынның тіл дамытудағы ролі ерекше. М. Горкийдің сөзімен айтар болсақ бала
сөзбен де ойнайды. Ол сөзбен ойнағанда, өз ана-тілінің нәзік қасиеттерін үйренеді,
тілдің мағанасын ұғынады. Сонымен нақтылай айтсақ, ұлт ойындары, тіпті жалпы ойын
атаулы, біздің пікірімізше, тіл меңгерудің негізгі құралы болып табылады. Ойын үстінде
бала еш нәрсеге тәуелсіз. Өзін еркін ұстайды, ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың
баспалдағы. Ойын үстінде бала тілдің ішкі иірімдерін, сөйлеу дәстүрлерін, тілдің
психологиялық ерекшеліктерін жете түсініп, еркін білуге мүмкіндік алады. Қазақтың
ұлттық ойындарының тағы бір ерекшелігі оған өлең сөздің араласып келіп
отыратындығында. Ұлттық ойындар-ата-бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгіні
байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз.
Сондықтан оны үйренудің, күнделікті тұрмыста пайдаланудың заманымызға сай
ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып,
оның творчествалық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді. В.А.
Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда: «ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ
және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті,
ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған, дүние
туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап
жанар оты». Міне, ойын дегеніміз тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан ойға
жетелейтін, адамға қиялымен қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл-ой
жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы демекпіз.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Отбасы және балабақша №2 2010ж
2. Отбасы және балабақша №6 2002 ж
3. Қазақтың ұлттық ойындары. Е. Сағындықов. Алматы «Рауан» 1991ж
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ЭМОЦИОНАЛДЫ КӨҢІЛ КҮЙІНІҢ
ДАМУЫ
Сарсембаева Айгерім Кемелхановна, Мухтарова Қамар Жақсыбергеновна
Қарағанды қаласы, «Қарлығаш» балабақшасы
«Тәрбиенің құдіреттілігі - ол жеке тұлғаның жанды қайнар бұлағынан байқалады.
Қазіргі психологиялық - педогогикалық теорияда м.ж д.баланың жағымды
эмоцияларын дамыту тек кәсіби мамандыққа ғана байланысты емес ол, тәрбиешінің
жеке дербес қасиеттеріне де байланысты деп тұжырымдаған. Мектепке дейінгі ерте жас
шамасындағы балаларға ерекше қарым-қатынастар талап етіледі Олар өте мейiрiмдi,
нәзік, өте сенгiш келеді.Сондықтан бұл жас шамасындағы балдырғандарды
988
қамқорлыққа алу, жараламай тәрбиелеу өте маңызды.Топта балаларға жақсы және
жайлы болу қажет.
Ерте жас шамасындағы сәбиді тәрбиелеуде ешкім де анасын алмастыра алмайтыны
туралы ұмытпау керек. Сондықтан, ұстаз - психолог оларды ананың тұлғасындай
жұмыс істей білу керек.. Мысалы, шығармашылық жұмыстарды сәбимен бірге анасына
көрсету үшiн iстеу.Ата-ананың сенімділігі арта түсіп балаға деген анасынан басқа да
сүйіспеншіліктер оятады.Сәбидің эмоционалды көңіл-күйі саласының психологиялық
диагностика әдiстерi өте көп. Бірақ бұл әдістердің барлығын пайдалану мүмкіншілігі
бола бермейді. Бiрiншiден, тәрбиешілер тестеудiң нәтижелерiн дұрыс түсiндiрiп беру
үшiн жеткiлiктi психологиялық дайындықта болу қажет. Екiншiден, тәрбиешiге тестiң
нәтижелерi жиi үрейлi немесе қияңқы балалардың тобы көрсеткішінде жеке балаға
деген қарым - қытынаста әрекетсiздiкке әкеп соғады. Диагностиканың нәтижесі осы
жағдайда үлкен қателікке әкеліп соқтырады. Эмоцианалдық көңіл-күй пайда болуын
бағалауда Г.Степанова баланың іс-әрекет реакцияларын ескере отырып бес балдық
шкала жасаған. Бұл шкала бойынша баланың эмоциялық күйiн бағалауға болады.
М.д балалық шақ - денсаулықты қалыптастыру және жеке тұлғаның дамуындағы
адамның өмiрiндегi ең маңызды кезеңі. Сонымен қатар - бұл кезде бала айналасындағы
ересектерге, яғни ата-аналары мен ұстаздарға тәуелді. Келеңсіз жағдайлар, жүрiс-тұрыс,
әлеуметтiк және эмоционалдық мәселелер зардаптылары баланың болашағына тікелей
әсерін тигізеді.(баланы құқығы және жеке басының қасиетi) Баланың іс-әрекетін
сипаттайтын ең маңызды салалардың бiрi -негiзiнде нормалар және ережелердiң
меңгеруi оның әлеуметтiк дамытуы болып табылады: бiр жағынан, баланың заттық
әлемнің қағидаларын түсінуі қажет.Екінші жағынан - адамдарға деген қарым-
қатынастың ережесi. Бұл процессте баланың мінез-құлқының эмоционалды күйзеліске
ұшырауы ата-аналары мен айналасындағылардың кері әсерінен тууы мүмкін.Мiнез-
құлық эмоционалды күйзеліске ұшырайды. Баламен - аналық қатынастардың
бұзушылығы, қолайсыз психологиялық ахуал тағы басқалар патологиялық факторлар
негативтi факторлардың бiр қатарының әсерiмен бiрақ балада әлеуметтiк - эмоцианалды
сәтсiздiктiң белгiлерi қалыптасады. Орынсыз терiс эмоциялар болады, жеке
организмнiң дамуының процессiне кері әсер етеді. Демек, педогоктар мен
психологтерiнiң алдында осыған байланысты балаларды өмірге деген сүйіспеншілігін
арттырып, қоғамда және жеке адам басындағы қайғырулар, басқа адамдардың сезiмiнде
елең ету. (оған көмекке келу, қуану және қайғыру т.б) Өз эмоцияларымен басқара білу
- мектепке дейiнгi жастағы балалардың ең басты жетістігі.. Сондықтан эмоцияналдық
функция ол мектеп жасына дейінгі баланың орталық психикалық функциямен деп
аталады және соған еріксіз түрде айналады. Л.С.Выготскийдің айтуынша мектепке
барғанша баланың эмоцианалды- реакциялары баланың мiнез-құлығына тiкелей
үстемшiлдiк етуін жоғалтады. Сәби өз эмоцияларымен басқаруды үйренедi.” Бұл,
алайда, мектеп жасына дейінгі мерзiмнiң соңғы кезінде қызу өмiрдiң жеткiлiктi
тәжiрибесiмен ғана ие болатындай жағдай болуы мүмкiн. Ұлы педогоктардың
пiкiрiнше, м.ж.д. баланың эмоцианалды көңілінің дамыуы оның тәрбиесiнiң ең маңызды
шарттарының бiрi болып табылады. Мектеп.ж.д.баланың эмоционалды күйзелуі
болашақта жеке тұлға болып қалыптасуы үшін қауіп-қатер тудырады. Баланың iшкi
эмоция көңіл-күйінің қатынасы әлеуметтік жағдайы даму үшін ықпал етеді.Міне осыған
989
орай м.ж.д.баланың эмоционалды, әлеументті және адамгершілік жағынан дамуы тығыз
байланысты деген ұғым қалыптасады.Қазіргі заман педагогика ғылым тұрғысынан
қарасақ сәбидің әлеументтік-эмоцианалды дамуы ол м.ж.д баланың өте күрделі
социализациялық мәселесі.“Социализация - әлеуметтiк ортаға баланың бейімделуінің
күрделi, көп жоспарлы процессi. Бұл мәдениеттену, адамгершiлiк құндылықтардың
жүйелері.
Мынадай негізгі мақсаттар ерекшеленедi:Мектепке дейiнгi ересек жас
балаларының әлеуметтiк және эмоцияналды салаларының жұмыстардың мазмұнын
анықтау.Балалармен жалпы дәстүрлер, адамгершілік қағидалары туралы ойластыру
жене өткізу.Бала-бақшада баланың бейiмделуi қалай болады? Баланың бақшаға алғаш
келуі ол бала организмі мен психикасы үшін өте күрделі процесс.Ол шынымен жаңа
кезеңге өтедi, организмның дамытуы үшiн жаңа шарттар енгізіледі.Мамандар баланың
балабақшаға бейімделуінің (адаптация) 3 негізгі түрлерін ерекшелейді: жеңiл, орташа
және ауыры. Жеңiл бейiмделуі - балабақшаға келудің алғашқы күнінен бастап баланың
тәбеті төмендеп, балалармен ойнауға ниеті жоғалады, бiрақ бұл бастапқы 10-20 күндей
болады. Ата-аналар баласының бiрiншi айда кенеттен ауыратынын есте сақтауға керек,
бiрақ ауру зардапсыз 7-10 күннен аспайтын түрде өтедi.Орташа ауырлау бейiмделуi -
балалардың эмоционалдық кқңіл-күйі нормада (20-40 күндерден кейiн) ұзақ мерзiмнен
астам келедi. Алғашқы екi ай бойы балада тілдік немесе физикалық белсендiлiктiң
нақтылы өзгерiстерi байқала алады. Бұдан басқа, балаларда 30-40 күндерде салмақтың
ептеген жоғалтуы байқалады. Баланың ауыр бейiмделуi - (пневмония, бронхиттер,
құлақтың қабынуы және тағы басқалар) кедергiлермен ағатын көп ауруларда (бала көп
жылайды, анасынан ажырағысы келмейдi, отыруға арналған жағдайда ұйықтайды,
бұғады, мiнез-құлықтағы табанды өзгерiстерi болады. (өсу, салмақ) физикалық
көрсеткiштер де, зерделi дамыту да ауыр формасы бар балалардың бейiмделулерiнде
балабақшада кенет баяулайды. Егер баланың күйi 60 күннен астам бiр ыңғайланбаса
ата-аналар шара қолдану керек. Психологтар баланың бейiмделуiн жеңілдету үшiн
бірнеше негізгі жаттығуларды қабылдауына көңіл бөлу керек. Баланы бақшаға баруға
алдын ала әзiрлеуi, және үйрету (горшокпен қолдану қасықтар, шыны аяқ, пайдалану,
жуыну) өзiне қызмет көрсетудiң дағдыларын балдырғандар сөзсiз жасайды. Сәбидің
ата-аналарымен бiрге алдын ала мектепке дейінгі мекемеге кiрiп-шығуы, топ
бөлмесімен және тәрбиешiлермен, бақшаның тәртiбiмен танысуы керек. Балабақшаға
баласын беретiн, ата-аналардың алдында бақша туралы тек қана жағымды сәттерді
балаға айтуы, сонымен бiрге баланың жанында аз уақыт қалуға мүмкіндік беруге
болады.Ата-анасы баласын бақшаның ауласында серуенге шығарып балаларды
бақылатады. Балабақшада баланың машықтануы 1-2 сағаттан бастауға керек, бiр
жұмадан кейiн түскi тамақ және ұйқыға қалдыруға талаптануға болады. Ата-аналар
қашан бала күні бойы қалдыруға мүмкiн болатынына көз жеткiзгенде қалдырады.
Сәбидің жеке басының дамуы ерте кезеңнен басталады. Баланың дамыуында ықпал
етуші ол бала өмірінде кездесетін жағдайлардың түгелдей дерлiк бола алады! Баланың
даму процессiндесiнде ересектер үлкен ықпал етеді. Бiрақ баланың дамыту ортасына
беру өз ерекшелігімен көрінеді. Баланың эмоцияналды көңіл-күйін дамытуы, баланың
тілін дамытуы, баланың психикалық және психологиялық дамытуы – баланың жан
жақты дамытуы жанашыр адамдардың қатысуысыз өте қиын болар едi. 21-ғасырда
990
телевизор, интернет, реклама, т.б. Баланың дамуына әсер етпейді деу мүмкін
емес.Медия-деген үлкен «әлем терезесі» деуге болады, мұнда ең бастысы кішкентай
сәбилеріміздің осы «терезеге» дұрыс қарай білуге ықпал ету.Сондықтан баланың
аналитикалық қабілеттілігі мен ойлау жүйесін дамыту. 1ден 3 жасқа дейінгі баланың
эмоционалды көңіл-күйінің дұрыс дамыту үшiн оның жетiстiгiн дәлелдеп, үнемі
мадақтау маңызды. 3тен 6 жастағы баланың эмоционалды көңіл-күйінің дұрыс дамуы
әлеуметтiк белсендiлiкпен де байланысты. Бұл жас шамасында балалар әдетте сюжеттi
- рөлдi ойындар қызықты.Ойын кезінде әртүрлі жағдайларда адамдардың қарым-
қатынасын түсінуге көмектеседі. Баланың дамуы мектеп жасындағы балаларда да де
жалғасады. Балалардың дамытудың орталары (спорт орталықтары, арт-студия)
мамандандырылған орта бiлiм болады. Баланы дамытуы үшiн орталықтың әсері көп.
Бiрiншiден, баланың өз таңдауы, және сабақтан кейінгі эмоция жағдайын байқауға
болады. Баланың психикасының дамуына ықпал ететін ол биологиялық және әлеуметтiк
факторлар. Биологиялық фактор: (жүйке жүйесiнiң дамытуы) адам психиканың ортақ
ерекшелiктерi, сонымен бiрге тұқым қуалаушы жеке ерекшелiктердi бұл жерде есепке
алынады. Әлеументтік фактор: баланы қоршаған жақындары және дұрыс тәрбие
беру.Басқа балалармен ойын кезінде баланың эмоционалды портреті айқындалады.
М.ж.д.балалар үшін оқу-іс әрекетін ұйымдасыруда баланың эмоционалды көңілінің
ықпалы зор. М.ж.д.баланың эмоционалды компоненттерін есепке алуымыз қажет. Бiлiм
беру жолдары және әр түрлi іс-әрекет кезінде сәбидің эоционалды көңіл-күйіне ойын
ықпал
етеді.Эмоционалды
компоненттiң
функциялары
адамның
бағалы
құндылықтарының ең маңызды шарттары. Психологтар эмоция парасатының 5
тармағын ерекшелейдi. 1.Сезiм, яғни ол пайда болатында сезiмді ажырату. (өзін-өзі
тану) 2, Олар лайықты шеңберлерден шықпау үшiн сезiммен қарап анықтайтын
эмоциялармен басқару 3.Эмоцияларды бақылау - бұл қабiлеттiлiкті арттыру,
тыныштық күйiне өзiн келтiру. 4.Өзара арақатынастардың сүйемелдеу. 5.Жас
ерекшелікке байланыстысы мiнездемелер: М.ж.д. кіші балалар ертегiлердiң
кейiпкерлерiне еліктейді және қиыншылықта болысуға ниет қылады. Негізгі эмоциялар:
ренжу, қуану, тынышталу, қорқу. 3-5 жаста құрдастарына құштарлық сезiмi
дамиды.Жаңа әзiлдесу сезiмi оянады, әзiлдердi түсiнедi және әзiлдеуді жақсы көредi, өз
эмоцияларын баяулатып, кез келген ым арқылы және ымдап сөйлесу эмоциялардың
сыртқы белгiлерiн бiлдiреді. Негiзгi эмоциялары: қайғы, ашу, қорқыныш, таңдану,
қызығушылық. тыныштық, қуаныш. 5-6 жаста – мектепке баратын уақыттың
жақындауын сезiнедi:біреулер үрей сезiмдерi.ал, екіншісінде қуаныш сезiмдері пайда
болады. Негiзгi эмоциялар: қорқыныш, ашу, ыза, қайғы, таңдану, мүдде, тыныштық, ар,
жазалау, қуаныш, күндеушiлiк, жиіркенушiлiк. Эмоционалды көңіл-күйдің дамытуы
бағдарламада осындай 3 бөлiмнен тұрады: М.ж.д. баланың эмоц дамуында (театр)
сахналаудың әсері. Эмоциялар, бiр жағынан, бала күйiнің индикаторлары болып
табылады, екіншіден оның танымдық процесстерi және мiнез-құлық, логикаларына
оның ықыласы, қоршаған ортаны қабылдауды ерекшелiктiң бағытталғандығын
анықтауда ықпал етедi. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында бала
тәрбиесі мен білім беру жүйесін нығайтуда баланың эмоциялы күй-жағдайына көбірек
көңіл бөле отырып дамытудың негізгі мәселесі болып қарастырылған. Қоғамның
дамуындағы жеке адамның эмоциясы тұрақты нормада болуының қоғамға әсері,
991
экономикалық техниканың жетістіктеріне жетуге итермелеуіне орай, бүгінгі таңда осы
проблема ауқымды, өзекті мәселе.Сондықтан мектеп жасына дейінгі балалардың
бойында неғұрлым көбірек психологиялық көмек көрсетіп, ойындар ұйымдастыру
арқылы олардың сеніміне кіріп кері әсерден арылуға көп мүмкіншілік жасау қажет.
Мектеп жасына дейінгі балалардың эмоциялық күйінде көрінетін жағымды және
агрессия түрлерін ашып көрсетіп олармен жұмыс жасау мақсатын алға қойсақ дегім
келеді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1.Серікбаева К. «Отбасы мен балабақша арасындағы сабақтастық пен серіктестік
(Бала мен балабақша 2010)
2.Ақбарова Ж «Жанұядағы тәрбиенің ерекешеліктері» (Бастауыш мектеп 2005)
3.Тастанова Р «Ата-аналардың әдептілігі» (Тәрбие құралы 2005)
4.Мұқашева Ғ. «Тәрбиенің бастауы» (Бала тәрбиесі 2015)
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА ИННОВАЦИЯЛЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ
ЕНГІЗУ БІЛІМ БЕРУДІ БАСҚАРУ
Достарыңызбен бөлісу: |