Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



Pdf көрінісі
бет88/96
Дата08.01.2017
өлшемі14,44 Mb.
#1410
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   96

 

 

 

 

 

 

921 


 

БАЛА ТӘРБИЕСІ БАРШАҒА ОРТАҚ 



 

Өмірбекова Мамырайгүл Қазыбекқызы  

№16 «Алтынай» балабақшасыКМҚК Қарағанды қаласы 

 

Отбасы  –  шағын  мемлекет.  Осы  қағиданы  кейінгі  ұрпақ  біздерге  Қ.Аманжолов 



қалдырған еді. Әрине мелекеттің іргетасының мықты болып, ұлы державаға айналуы 

үшін отбасында ең алдымен психологиялық  жылылық болуы керек. Ал қазіргі таңда 

көптеген отбасылар шағын мемлекет емес, ырду – дырдуға толы базар маңына айналған 

тәрізді.  Отбасына  психологиялық  жылылықты  емес,  атмосфералық  жылылықты  да 

таппайтын отбасылар да баршылық. 

Отбасы 


                                            Әке 

 

 



 

 

                        Ана  



Бала  схемасынан  құралатыны  сөзсіз.  Қазіргі  кезде  әке 

отбасының тірегі, отбасын асыраушы, балаға қамқор, пана  ғана емес көп жағдайларда 

үйдегі ұрыс – керістің бастаушысы болса, ана себепшісі болып отыр. 

Ал  отбасында  әке  мен  анадан  басқа  да  отбасы  мүшелері  тұратыны  оларды  еш 

ойландырмайды. Әркім өз пікірін, өз құқығын қорғап әуре. Ал сонда бала қайда қалды? 

Оның пікірін құқығын кім қорғайды? Отбасындағы осындай жағдайларды көріп келген 

баланың сабақ процесіндегі жай – күйі не болмақ? Ол сабақ барысында не  ұғады, не 

түсінеді? Бұл сұраққа жауапты ата – аналарынан бұрын мектеп мұғалімдерінен, мектепе 

психологынан іздейміз.Әрине бұл мұғалімнің мектеп психологының міндеті, алайда қай 

бал  өз  әке  –  шешесін  жаман  десін  олардың  ұрыс  -  керісі    туралы  кез  –  келгені  айта 

бермейді.  Олардың  жүрегіне  қанша  жерден  жол  тартса  та,  жүректерінде  біз  жете 

алмайтын  құпия  жол  бар.  Ата  –  анасын  өз  пікіріндегі  шағын  мемлекетін  сол  жолға 

орналастырған бала отбасындағы жағдай туралы айта бермейді, айтпайды да. Осыдан 

барып бала бар сырын ішіне бүгіп, өз отбасының жағдайына ренжіп қатты күйзеледі. 

Кейде  бұл  жағдай  баланы  тұйықтыққа  әкеліп  тірейді.  Үйдегі  осы  әрекеттердің  соңы 

шешімін  таппаған  жағдайда  неге  әкеліп  соқтыратыны  туралы  отбасының  тірегі  мен 

жүрегі бір сәт ойланса игі еді. 

Бала – жаңадан ғана жетіліп келе жатқан жас өркен. Ал бұл жас өркеннің өмірден 

түңіліп жалғыздықты сезініп, тіпті өз өмірін қиюына себепкер болуына ешкімнің, тіпті 

туған ата – ананың да қақысы жоқ. 

Отбасындағы кикілжіңнің бала психологиясына әсер еткеннің тағы бір көрінісі – 

ол бала шамадан тыс агрессивті мінез- құлық танытады.  

Қорыта айтқанда отбасы – адам баласының өсіп – өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, 

алтын  бесігі.  Отбасының  негізгі  міндеттерінің  бірі  жас  ұрпақты  жақын  сезімдерге, 

нұрлы  мұраттарға  тәрбиелеу.  [1.145-146  –  б]  Отбасы  шағын  ұжым.  Оның 

басшыларының  мінез  –  құлқындағы  олқылық  бал  бойына  күйкі,  тұрпайы  сезім 

ұялатады. Ата – аналар ұнамсыз жағдайларға тіпті уақытша болса да бой алдырмауға, 


 

922 


 

жол бермеуге тиіс. Себебі күәкә көріністің ықпалы лезде тамыр жайып, оның бойына 

мінез болып қалыптасуы ықтимал. 

Отбасы негізінде балаға деген махаббат жатыр. Бірақ сол махаббат соқыр болмауы 

тиіс. 

Басқарудың  әр  түрінде  заңдар  әр  түрлі  болады:  Монархияда  –  ар  мен  намыс; 



халықтық  басқаруда  –  мейірім  мен  адамгершілік;  деспотияда  –  үрей,-  деген  екен  Л. 

Толстой[2. 78-б]. 

Көне  қазақ  халқының,  ұлттық  тәлім  бастаулары  туралы  айтар  болсақ:  жаңа 

қосылған жастар неке суын ішісіп, түтін түтеткен соң- ақ үлкендер олардың күнделікті 

тұрмыс - тіршілігін жіті көзбен бақылап ақыл тезіне салған. Әсіресе келіннің  алғашқы 

бастамасы,  жүктілік  білінгеннен  –  ақ  ерекше  күтім  жасауға  бекінеді.  Себебі,  тәрбие 

танымның бастау көзі (жүктіліктен) осы кезден қалыптасады деген тұжырымды қағида 

еткен. Оған ет жақын абысындары бас көз болып нәрлі тамақ жегізіп, ыстық суыққа 

ұрынбауын, ібіліс, албастыдан шошымауын қадағалап, кеңес беретін болған. Жас ананы 

осылайша бағып қағу, тоғыз ай, тоғыз күнге созылған. Босанған соң, үлкендер ұлықсат 

етісімен қалжа сойылып, жас босанған әйелді бір жеті, жас нәрестені алты аптаға дейін 

жақын абысын-ажындары күтіп баққан. Одан кейін абаланы қырқынан шығару, бесікке 

салу  салтанатты  тойлары  жалғасын  тапқан.  Қырқынан  шығаратын,  бесікке  салатын 

апаларымыз  елге  сыйлы,  өнегелі,  өнерлі  кісілерболуына  аса  мән  берген.  Осы 

апаларыңдай елге сыйлы, өнегелі, өнерлі деп ырым еткен. 

Осындай  ұлттық  тәрбиенің  нәтижесінде  ұрпағы  иманды,  инабатты,  мейірімді, 

бауырмал, қызы қылықты, ұлы ер мінезді болып өскен. 

Яғни саяси биліктің ұстаным өткен мен бүгінгі күннің өзінде әр қайсысы өзіндік 

сипатта  өзгеш  ұлттық  психологияға  жол  ашып  отырғанын  аңғару  қиын  емес.  Сол 

себептен педагогика мәселесіндегі ұлттық психология үлкен мәнге ие болатынын естен 

шығармауымыз  керек.  «Отан  отбасынан  басталады»,  яғни  ұлттық  психологияны 

обасынан  бастауымыз  қажет.  Әйел  және  отбасы  деген  ұғымды  бір  –  бірінен  бөліп 

қарауға  болмайды.  «Ер  –елдің  иесі,  әйел  –  үйдің  киесі»-  деп  дана  халқымыз  бекер 

айтпаса  керек.  Расында  шаңырақтың  шаттығы  отбасының  татулығы  ұрпақ  тәрбиесі 

аналардың жылылығы мен  мейірімділігінен бастау алады. «Әйел бір қолымен  бесікті 

тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді»- деген осының дәлелі. 

Бала әлем туралы және өзі жайында ақпараттарды ата – анасынан алады. Баланың 

басты ұстазы ата – анасы. Бала ата – анасын, ата – ана баласын танымайынша іс алға 

баспайды.  Баланың  бойындағы  табиғи  қасиеттер  адамгершілік  құндылықтары 

әуеліотбасында беріледі, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді, толысып әрленеді. 

«Адамзаттың адам бейнесіндегі хайуандардың озбырынан қорғануға құқығы бар» 

-  депЕ.Щульц  айтқандай,  ұрпағымызға  теГіс  әсер  ететін  ақпарат  көздеріне  тосқауыл 

қою  керек,  керісінше  ізгілік,  игілік  нәрін  себетін  ұлттық  сипаттағы  бағдарламалды 

көбейту керек.  

Қорыта  келгенде,  қазақ  балалары  үшін  ғасырлар  бойы  ата  –  бабамыз  қолданған 

тәлім – тәрбие беру үлгісіне қайта оралуға өмірдің өзі талап етіп отырған сұранысына 

немқұрайлық  танытпайық.  Отбасында  берген  тәрбие  жігеріңді  құм  қылып,  жерге 

қаратпасын десең,»бала бойыңа біткеннен бастап тәрбие бер» - деп ата – бабамыз тегін 



 

923 


 

айтпаған. Отбасы баланың эмоциялық тұрақтылығын, психологиялық және физикалық 

қауіпсіздігі мен жеке басының өсуін қамтамасыз ететін шағын орта.[3.96 – б] 

Жалпы  тәрбиенің  тарихи  дамуы,  бүгінде  тұлғаны  дұрыс  қалыптастырудың 

мынандай өзіндік стильдерін өмірге әкелді. 

1.

 



Авторитарлы стильде – ата – ана баланы қатаң бақылауда ұстайды. 

Нәтижесінде: бала тұйық, қорқақ, ешкімге жуымайтын және ашушаң тұлға болып 

қалыптасады. 

2.

 



Беделді стильде – ата – ан баланы өте жоғары деңгейде бақылауға алады, бала 

бойындағы дербес қасиеттерді байқағанда оны мойындайды. 

Нәтижесінде: бал әлеуметтік жағдайға бейімделген өзіне сенімді, өзін – өзі бақылай 

білетін, өзін жоғары бағалап жақсы көретін тұлға болып өседі. 

3.

 

Либеральды  стильде  –  ата  –  ана  бақылауы  әлсіз  болады,  бірақ  балаға  жылы 



қатынас жасайды. 

Нәтижесінде: бала тыңдамауға бейім, ашушаң, тепе – теңдікті сақтамайды, өзіне 

талап  қоя  алмайды,  өзінің  қандай  болу  керек  екенін  білмейді.  Өсе  келе  кейбір  бала 

белсенді, шешім шығарғыш, шығармашылықтың адамы болып қалыптасады. 

4.

 

Индифирентті  стильде  –  ата  –  ана  балаға  ешқандай  шектеу  қоймайды,  балаға 



немқұрайлы қарайды. 

Нәтижесінде:  бала  қатыгез  болып  өседі.  Ауытқыған  мінез  –  құлық  танытады, 

жағымсыз реакция береді. 

Демек баланың пайда болуы, дамуы және қалыптасу процесі ең бірінші ата – ана 

тарапынан берілетін тәрбие екенін ұмытпағанымыз жөн. 

Балабақша психологының ата – анамен атқаратын  қызметінің басты мқсаты – ата 

–  аналарға  бала  тәрбиесі  жөнінде,  әрі  отбасында  жақсы  микроклиматтың  болуына 

ықпал ету, көмек көрсету, кеңес беру. Педагогикалық – псхологиялық сүйемел жасап, 

білімдерін көтеру. 

Отбасы барлығының басы, баланың жеке басының жан – жақты дамуының негізі 

болатын тәрбие институты. Отбасындағы ата – ана мен баланың арасындағы қарым – 

қатынас  нәтижесінде  адамгершілік,  эстетикалық,  дене  тәрбиесінің  алғашқы  үлгісі 

қалыптасады.  Ал  әке  мен  шеше,  ата  мен  әже,  апа  мен  ағалар  баланың  ең  алғашқы 

тәрбиешілері. 

Отбасы  қоғамның  алғашқы  ұясы  болғандықтан,  оны  нығайту,  оның  тәрбиелік 

мәнін зерттеу, сол қоғамның басты назарында болуы керек. Бала тәрбиесі мәселесінде 

ата – ананың жауапкершілігі күшті. Олар үйде көрген өнегесін мектептен алған білім, 

тәрбиесімен толықтырады, жанұяда күнделікті болып жатқан сан алуан ірілі – ұсақты 

оқиғалар,  ата  –  ананың  баламен  сөйлесуі,  үй  шаруасының  істелуі,  әке  мен  шешенің 

еңбекке  көзқарасы,  демалысты  қалай  ұйымдастыруы,  өздерінің  туыстары  мен 

жолдастарына ықыласы, қонақ қабылдауы, бәрі де балаларға әсер етеді. 

Ата  –  ана  әртүрлі,  олардың  ұрпақ  тәрбиесіне  мектепке  көзқарасы  да  сан  алуан. 

Қандай  да    мектеп  болсын,  әлеуметтік  тұрғыдан  бұл  мәселені  «Отбасы  –  ата  -ана  - 

балабақша» үшбұрыштық жүйесімен жүргізгені абзал. 

Қазақ отбасы үш ұрпақтан тұрады. Олар – ата, әке, бала. Халық мақалында «Әке – 

асқар  тау,  ана  –  бауырындағы  бұлақ,  бала  –  жағасындағы  құрақ»,  деп  табиғаттың 

тамаша  құбылысына  теңеген  екен.  Бұрынғы  заманда  да,  қазіргі  кезде  де,  сөзсіз, 


 

924 


 

отбасында  әкенің  алатын  орны  ерекше.  Әке  –  ұрпақ  иесі,  панасы,  айбары,  үй 

басшысы.[4.75 – б] 

Жеті атадан санағанда екінші ұрпақ. Әке – бала үшін шыңы биік асқар тау. Ақылы 

мен  пайымы  терең  аналар  балаларын  үнемі  әкесін  сыйлап,  құрметтеуге  бейімдеп 

отырады. «Әкең ренжіп қалар, әкең жіберсе бар, әкеңе барып сәлем бер, әкеңнің керегін 

дайында», деп әкеге құрмет етуге баланы жасынан дайындап отырса, мұндай отбасында 

әрдайым тәртіп бірлік болады. Көп отбасында әйел адамдар, қаншалықты қиын болса 

да, өз қолына  отбасы тізгінін алып, өзі асырап- сақтаушы болып жүр. Бүгінде отбасында 

әке мейірімін, оның ыстық алақанын, қорғанын білмей өсіп жатқан балалар да аз емес.  

Жалғыз  қалған  ана  немесе  жалғыз  қалған  әкенің  қолында  оның  және 

айналасындағы адамдардың көмегімен жақсы өмір сүретін балалар да аз емес. 

Туысқаны  жоқ  қазақты  көрмеген  шығарсыз.  Жас  бала  да  жас  шыбық  сияқты, 

сондықтан  тәрбиеші  мен  ата  –  аналардың  психологиялық  сауаттылығынан  тәрбиелі, 

білімді де білікті, белсенді, өз – өзіне сенімді, өмірлік проблемаларды шешуде өзіндік 

шешім қабылдай алатын, жауапкершілігі мол түлға шығары сөзсіз. 

Бүгінгі  қоғам  алдындағы  мақсат  –  өмірдің  барлық  саласында  белсенді, 

шығармашылық  іс  –  әрекетке  қабілетті,  еркін  тұлғаны  тәрбиелеу.  Осы  себепті 

отбасыларға балабақша тарапынан білікті көмек қажет. Педагогтар мен ата – аналардың 

өзара әрекетінің арқасында ған бала тұлғасының мәселелрі табысты шешіледі. 

Адамзаттың өміріндегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Бала – дербес тұлға. 

Оның  бойындағы  табиғи  қасиеттер,  адамгершілік  құндылықтары  отбасында, 

мектепте,  әлеуметтік  ортада  нәрленеді,  толысып  әрленеді.  «Бала  нені  білсе  жастан, 

ұядан – өле – өлгенше соны таныр қиядан» деген нақылдың астарында қаншама мән 

мағына  жатыр.  «Бала  істеген  жауыздықтың  жазасын  тәрбиешіс  көрсін»  деген  Иран 

мәтелі  де  соны  меңзейді.  Бұл  орайда  балабақшаның  да  атқаратын  рөлі  зор.  Өйткені 

отбасы тәрбиесі мен балабақшадағы тәрбие бір – бірімен тығыз байланысты. Баланың 

басты ұстазы ата – анасы, ата ана баласын танымайынша, іс алға баспайды.Екі жақты 

байланыс нығайғанда ғана, барлық күрделі мәселелердің түйіні шешіледі. 

Ежелден  мәлім  қағида  –  адам  бойындағы  жақсы  қасиеттердің  пайда  болып 

қалыптасуына отбасылық ықпалдың алар орны ерекше. Отбасының рухани тірегі – ата 

– анасы. 

Психологиялық тәрбие үш тармақтан тұратын болса, соның бірі өзіңді – өзің тану, 

өзгені бақылау және өз эмоцияңды басқара білу. Әлеуметтік өмірдің негізі әлеуметтік 

иституттар  болып  саналады,  олар  адам  өмірін  қамсыздандырады.  Әлеуметтанудың 

маңызды тармағы – неке және отбасын зерттеу. Ал отбасы – әлеуметтік жұмыстарының 

маңызды  салаларының  бірі  әрі  негізгі  нысаны.Тарихи  дамудың  барысында  алдымен 

қоғамдағы  өндірістің  түріне  өмір  салтына  қарай  және  қоғамдық  қатынастардың 

әсерінен  отбасы  ме  қоғамның,  отбасы  мен  тұлғаның  қатынастары  үнемі  өзгерісте 

болады. 


Отбасы  қоғамның  ұйытқысы  болып  табылады.  Сондықтан  оның  қызметіне 

әлеуметтік  қатынаста  және  мәдениетте  болып  жатқан  барлық  үрдістер  әсер  етеді. 

Отбасына және оның адамгершілік жағдайына қоршаған ортасы мен әлемдік факторлар 

да тікелей әсер етпей қоймайды. Оны біз күнделікті өмірден, еңбек ұйымдарынан және 

тұрғылықты жерлерінен байқаймыз. 


 

925 


 

Неке  –  тарихи  өзгеріс  болатын  әйелдер  мен  еркектер  арасындағы  әлеуметтік 

қатынас    түрі.  Қоғам  өз  тарапынан  олардың  жыныстық  қатынасын  реттеп 

заңдастырады,  ерлі-  зайыптылық  және  туысқандық  құқықтары  мен  міндеттерін 

белгілейді.  Құқықтық  нормалары  мен  некеге  отыру  тәртібін  белгілейді.  Отбасы, 

жұбайлар,  ата-  аналар,  балалар  арасындағы  туыстық  және  мүліктік  қатынастырды 

реттеп отырады. Сондықтан да отбасына жай ғана некелік топ демей, оны әлеуметтік 

институт, байланыстар жүйесі, адамдардың өзара қимылы мен қатынастары белгілі бір 

құндылық пен нормаларға негізделген, ұрпақ жалғастыру қызметін орындаушы ретінде 

қарастырылуы керек. 

Әлеуметтенушылардың пайымдауы бойынша: қазіргі қоғамдағы отбасының негізгі 

қызметі  дүниеге  адам  әкелу,  әлеуметтену,  яғни  балаларды  осы  қоғамда  өмір  сүруге 

әзірлеу, олардың есеюіне дейін жағдай жасау. 

Қазіргі қоғамдағы отбасының осы қызметтері орындауға жақсы бейімделген. Шын 

мәнінде  балаларды  тәрбиелеу  мықты  биологиялық  механизмге,  туыстық  байланысқа 

сүйенеді, дүниеге адам әкелу жұбайлар арасындағы қалыпты қатынас. 

Отбасында 

жинақталған 

нақты 

жағдайларды 



талдау 

оның 


жалпы 

сипаттамаларымен қатар ерлі- зайыптылардың және балалардың өміріндегі  әйелдердің 

орны  мен  рөлін  қарастырудың  қажеттілігін  алға  тартады.  Отбасының  қарым  – 

қатынасына  қоғамдағы  әлеуметтік  топтардың  және  ерлер  мен  әйелдердің  қарым  – 

қатынасы әсері мол.  

Әлеуметтік  тұрғыда  қазіргі  отбасылардың  өте  нәзік  екенін  білдіретін  алғы 

шарттарды түсінуге болады. Алайда, отбасы тек қана еркек пен әйелдің одағы емес, ол 

балаларды  тәрбиелеуге  деген  тікелей  жауапты  екенін  ұмытпауымыз  қажет.  Дәстүрлі 

отбасында әйел көп уақытын еркекке қарағанда бала тәрбиесіне жарататындығы белгілі. 

Қазіргі  отбасы  салтын  өзгертетін,  оған  мүмкіндік  туғызып,  қайшылықтарын 

шешетін  әдістер  өте  көп.  Соның  бірін  дәстүрлі  әдіс  дп  атауға  болады.  Ол  бұрынғы 

отбасылық қатынастарды  реттеу әдістері арқылы дәстүрлі ережелер мен қасиеттерге 

сүйенеді. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер 



1.

 

Әлеументтану. Оқу құралы. Алматы, 1999. 145-146 – б 



2.

 

Социология негіздері Алматы, Ана тілі. 1993 78-б 



3.

 

Жаназарова  З.Ж.  социология  семьи/Учебно  –  методическое  пособие/тАлматы, 



Қазақ Университеті, 2001. 

4.

 



Биекенов К.Ү., Жаназарова Ж.З., Нұрбекова Ж.А. Отбасымен әлеуметтік жұмыс. 

Алматы, 2003 

5.

 

Қалдыбаева Т. Білім социологиясы. Алматы, 1997. 



 

 

 



 

 

 



 

926 


 

РАБОТА С РОДИТЕЛЯМИ В ДОШКОЛЬНОМ ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ 

УЧРЕЖДЕНИИ 

 

Панюшкина В.А. 



Детский сад « Ақжарқын» г. Караганда 

 

Основная  масса  строителей    коммунизма  были  далеко  педагогически  не 



просвещённые люди.  «В старом обществе каждая семья принадлежала к какому-нибудь 

классу, и дети этой семьи обыкновенно оставались в том же классе. Для наших детей 

предоставлены очень широкие просторы выбора. Наши дети, стало быть, пользуются 

совершенно  несравненным  простором.  При  таких  условиях  становится  просто 

невозможным  никакое  отцовское  усмотрение»,  считал  А.С.  Макаренко  [1].  Вопрос  о 

работе с родителями поднимала Н.К. Крупская, считая « Тут надо заботиться об уровне 

знаний  самих  родителей,  о  помощи  им  в  деле  самообразования,  вооружения  их 

известным  педминимумом,  их  практике  в  детских  садах,  привлечении    их  к  этой 

работе».  В  своих  трудах  она  делала  акцент,  что  детский  сад  является  «центром  » 

влияния на семейное воспитание. [2]  

В  середине  90-х  годов,  отношение  к  семье  как  к  институту  дающему  ребенку 

эмоциональный опыт, опыт отношений между людьми, формирующему нравственные 

и духовные и гуманистические ценности изменилось. Об этом свидетельствует  первый 

концептуальный документ, регламентирующий воспитательную работу в организациях 

образования  независимого  Казахстана  «Концепция  воспитания  детей  дошкольного  и 

школьного возрастов», принятая в 1995 году. В которой нашли отражение цели, задачи, 

принципы,  содержание  и  формы  воспитательной  работы,  было  уделено  должное 

внимание воспитательному потенциалу семьи.  

 Современная    концепция  дает  определение  семьи,  как  начальной  структурной 

единицы общества, первому  коллективу  ребенка, естественной среды его развития, где 

закладываются основы будущей личности. Возникает необходимость сотрудничества 

дошкольного  образовательного  учреждения  (ДОУ)  с  семьей  для  достижения 

всестороннего развития личности ребенка. Сотрудничество семьи и ДОУ заключается 

в  психолого  -  педагогической  поддержке  и  партнерстве  педагогов  -  воспитателей    и 

родителями. 

Многие    современные  родители  считают,  что  определив  ребенка  в  ДОУ,  они 

решили главный вопрос воспитания и развития своего ребенка. У некоторых возникает 

представление о том, что образовательную и развивающую работу родители проводят 

самостоятельно,  а    ДОУ  является  развлекательным  учреждением  для  малыша  и 

требования соблюдения режима и определенных норм поведения считают не уместным. 

С первого момента необходимо настраивать родителей на совместный воспитательный 

процесс ребенка. Дать понять, что  воспитание и образования ребенка это совокупность 

усилий,  как  родителей,  так  и  педагогов.  В  этом  аспекте  ДОУ  должно  проводить 

целенаправленную,  систематическую  педагогическо  -    просветительскую  работу  с 

родителями.    Для  эффективного  взаимодействия  с  родителями,  необходимо,  прежде 

всего, 


подготовить 

платформу, 

создавая 

благоприятную 

атмосферу 

для 


взаимодействия,  установления  доверительных  отношений,  пробуждения  интереса  к 

 

927 


 

возрастным и индивидуальным особенностям развития ребенка, что позволит вовлечь 

семью в образовательный процесс.  

В ДОУ используются различные методы и формы работы с родителями, носящие 

информационно  –  образовательный  характер.    Это,  прежде  всего:    родительские 

собрания, консультации, работа с родительским комитетом, совместная деятельность, 

родительские уголки и т.д. Следует обратить внимание, что в настоящее время такие 

формы и методы утратили свою эффективность, и для их реанимации необходим иной 

не формальный подход организации общения педагогов и родителей

Родительские  собрания  –  один  из  основных  информационно-образовательных 

форм  работы  с  родителями,  которая  носит  в  основном  характер  монолога.    Для 

активизации и пробуждения интереса родителей к жизнедеятельности ребенка в ДОУ, 

необходимо, прежде всего,  выявить «запрос», который позволит определить тематику 

родительских собраний, и рассмотреть именно актуальные вопросы. «Запрос» можно 

определить  с  помощью  анкетирования  или  же  создания  «почтового  ящика».  Выявив 

волнующие  вопросы,  можно  уже  определять  тему  собрания  и  начинать  подготовку 

материала. Аудио и видео ответы и рассуждения самих детей, слайд-шоу с их участием, 

этот  подобранный  материал  может  быть  основой  деловой  игры,  круглого  стола,  что 

позволит  родителям  посмотреть  на  возникшую  проблему  глазами  детей  и  более 

объективно  принять  «правильное»  решение.  Для  вовлечения  родителей  в 

педагогический  процесс  возможно  использование  на  родительских  собраниях  

показательно  -  развивающих  занятий  с  их  участием,  подготовить  выставку  рисунков 

или других творческих работ детей, что позволит глубже окунуться в жизнь ребенка, 

раскрыть  многогранность  его  личности,  его  способностей  и    интересов.  Тщательная 

подготовка  и  отступление  от  формального  подхода  позволит  монолог  педагога 

преобразовать в диалог с родителями, создать теплые дружественные отношения, как в 

родительском коллективе,  так и с самим педагогом.  

Важную  роль  играет  и  совместное  участие  родителей  и  детей  в  различных 

проектах.  Совместная  подготовка  и  участие  в  них  развивает  эмоционально  - 

нравственный аспект личности ребенка. Ребенок открывается, допускает в свой детский 

мир  взрослого,  делится  своими  проблемами,  заботами,  переживаниями.  Так  при 

совместном  времяпровождении  возникают  близкие,  теплые  отношения  с  ребенком. 

ДОУ таким способом реализует возможность сотрудничества педагогов и родителей, 

делая последних активным участником педагогического процесса.  

Следует  отметить  и  досуговую  форму  организации  общения  педагогов  и 

родителей.  Приглашение  родителей  на  праздники,  конкурсы  и    популярные  в  ДОУ 

соревнования не должно сводиться только к их присутствию. Необходимо вовлекать 

родителей    в  организационный  процесс,  например:  участвовать  в    разработке 

пригласительных,  в  создании  атрибутики    в  подготовке  конкурсов  и  творческих 

номеров. Для поддержания  интереса родителей к участию в таких мероприятиях  важна 

оценка результатов совместного труда и педагог должен не забывать об этом, отмечая 

и выражая благодарность. 

В  настоящее  время  появилась  возможность  использования  информационных 

систем.  Многие  ДОУ  имеют  свой  сайт,  WhatsApp  группы  для  родителей,  где  любой 

родитель  может  ознакомиться  с  его  жизнедеятельностью  и  оперативно  получить 


 

928 


 

интересующую  его  информацию.  Это  дает  возможность  наряду  с  традиционными 

папками – передвижками,  родительскими уголками с рекомендациями специалистов, 

которые читаются очень редко в связи с занятостью родителей, создать педагогическо-

просветительский журнал, на рассылку которого, может подписаться любой родитель. 

Особенность такой формы, прежде всего, должна быть не навязчивой, информативной, 

легкой для восприятия и в то же время имеющей глубокой смысл, дающий пищу для 

размышлений.  Это,  могут  быть  занимательные  педагогические  рассказы,  сказки, 

юмористические  рубрики  «Устами  младенца»,  которые  должны  готовиться 

профессиональным психологом, и которые с удовольствием будут читаться по дороге 

на  работу,  с  работы,  в  очереди,  и  т.д.  Использование  информационных  систем,  

позволит вовлечь, как можно больше родителей в совместный педагогический процесс. 

Таким  образом,  внося,  в  традиционные  методы  работы  с  родителями 

неформальные элементы мы достигаем более тесного, продуктивного сотрудничества. 

Делаем  педагогический  процесс  открытым,  позволяя  семье  быть  ведущим  звеном  в 

воспитании  и  развитии  гармоничной  личности  ребенка,  а  педагог  –  воспитатель 

становится помощником данного процесса. 

Рецепт продуктивного взаимодействия с семьей – это, прежде всего трудоемкая, 

систематическая работа, которая не имеет четких инструкций и указаний, и результат 

которой  в  большей  степени  зависит  от  инициативности,  гибкости,  терпения  и 

профессионализма самого педагога. 

 

Литература: 



1.

 

Зверева О.Л. Общение педагога с родителями в ДОУ: Методический аспект. – 



М.: ТЦ Сфера, 2005. 

2.

 



Крупская  Н.К.  Педагогические  сочинения  том  06:  Дошкольное  воспитание; 

вопросы семейного воспитания и быта. -  М.:  Издательство Академии наук, 1959г. под 

редакцией Гончарова Н.К.,Каирова И.В.  

3.

 



Макаренко А.С. Воспитание в семье и школе. -  Соч.: В 7 т.– М., 1957. – Т.4. 

4.

 



Свирская  Л.С.  Работа  с  семьей:  необязательные  инструкции.  Методическое 

пособие  для  работников  дошкольных  образовательных  учреждений.  –  М.:  ЛИНКА-

ПРЕСС, 2007. 

 

 



ЛЕЧЕБНОЕ ПЛАВАНИЕ КАК СРЕДСТВО ФИЗИЧЕСКОГО ВОСПИТАНИЯ 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет