Саулебекова Алтынай Сайлауқызы
Шет ауданы «Балдырған» балабақшасы
Бүгінгі таңда қоғам сұраныстарына сәйкес мектепке дейінгі білім беру жүйесін
жаңаша бағытта уақыт талаптарына сай құру көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр.
Осыған орай, мектепке дейінгі білім беруді инновациялық тұрғыдан қарау, озық іс-
тәжірибелер мен идеяларды насихаттау қажеттілігі туындап отыр. Мектепке дейінгі
ұйымдардағы инновациялық білім беруді енгізуде бірқатар маңызды мәселелерді
ескеру шарт. Олар:
-инновациялық бағытты дұрыс таңдай білу;
-инновациялық іс-әрекеттің тұжырымдамасы мен бағдарламасын жасау;
-инновациялық жобаны жүзеге асырудың тиімді жолдарын анықтап, жағдай жасау;
-инновациялық іс-әрекетті дұрыс жүргізу үшін қажетті құжаттарды кәсіби
сауаттылық тұрғысынан дайындап алу
Инновациялық іс - әрекеттің бағытын таңдау. Инновациялық іс-әрекеттің
мазмұны мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының приоритетті бағыттағы
бағдарламаларының (республикалық, аймақтық, өлкелік немесе муниципиалдық) және
мектепке дейінгі педагогика мен психология, әлеуметтану, медецина саласындағы
ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері негізінде анықталады. Бұл бағыттар
зерттеу жұмыстарын жобалау және оқып үйренетін пәндердің біртұтастығы мен
бірлігіне байланысты жіктеледі.
Инновациялық іс- әрекеттің бағыты: балалардың салуатты өмір салтын
қалыптастыру, денсаулығын нығайту, физикалық және психикалық дамуына жағдай
жасау, өмірін қорғау.
992
Балалардың дамуы-балалардың денсаулығын қорғауға, нығайтуға арналған
технология. Балалардың экологиялық-валеологиялық дамуы. Баланы алуан түрлі іс-
әрекет барысында дамыту. Әр түрлі іс-әрекет барысында балалардың шығармашылық
қабілеттерін, әлеуметін дамыту. Мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш
сыныптардың сабақтастығын қамтамасыз ету. Баланың жеке тұлға ретінде
қалыптасуына байланысты жалпы адамзаттық құндылықтар мен ізгілендіру
бағыттарын басшылыққа алу. Денсаулық сақтау, мәдениет және білім беру, әлеуметтік
ортаның өзара тығыз байланыстылығын қалыптастырады.
Педагогтар мен мамандардың кәсіби дамуы - мектепке дейінгі жастағы
балалардың біртұтас дамуын кіріктірілген педагогикалық процесс ретінде қарастыру.
Балалармен жүргізілетін жұмыстардың мазмұны және түзету жұмыстарының
технологиясы. Отбасымен және серіктестерімен жұмыс. Балабақша мен бастауыш
сыныптардың сабақтастығын сақталуы. Отбасы мен балабақшаның әлеуметтік дамуы.
Мектепке дейінгі ұғымдарды басқаруды жетілдіру - білім беру ұйымдарының
жаңа моделін құру. Білім мазмұнының сабақтастығын сақтау, жаңарту бағытындағы
жаңа педагогикалық технологиялар мен балама (альтернативті), вариативті
бағдарламалар дайындау. Дамытушы ортаны жобалау. Білім беруде және мектепке
дейінгі ұйымдарды басқаруда жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана білуге
мамандарды үйрету көзделеді.
Инновациялық іс - әрекет бағдарламаларын жасау. Мұндай іс-әрекеттер негізінен
эксперименттік тәжірибе арқылы жүргізіледі. Эксперименттік тәжірибе-бұл ғылыми-
педагогикалық қызметке бағытталған. Оның мазмұны педагогикалық құбылысты
зерттеу, табиғи немесе жасанды жағдайларда педагогикалық проблеманы шешудің
жаңаша жолдарын іздестіру, оған бақылау мен басшылық жасау. Тәжірибелік-
эксперимент (ТЭ) жұмысы –ол білім беру ұйымдарындағы ғылыми-тәжірибелік ерекше
қызметтің түрі болып табылады, оның негізінде педагогикалық жүйенің дамуына үлес
қосылады.
Мектепке дейінгі ұйымдарда ТЭ эксперимент алаңы ретінде жүзеге асырылады.
Оның педагогикалық шығармашылық жұмыстарының нәтижесінде білім берудің жаңа
тенденциялары пайда болады.
Ғылыми әдебиеттерде шығармашылық іс-әрекеттердің инновациялық қызметке
қатынасын төменгідей үш түрде ұсынады:
-модификациялық-бұл белгілі бір бағдарламаларды (әдіс-тәсілдерді) жетілдіру,
тиімділігін айқындау, өзгерту, өңдеу, толықтыру бағытында жүргізіледі. Мұнда
педагогикалық тәжірибеде қолданылған іс-әрекеттің жетістіктері тиімділік тұрғысынан
қарастырылады. Мысалы: Монтессори жүйесі немесе Вольфорд педагогикасы;
-комбинаторлық –бұл белгілі бағдарламалар мен әдістемелердің элементтерін
біріктіре пайдалану болып табылады;
-радикальды шығармашылық іс-әрекет-бұл білім беру жүйесінде ұқсастығы жоқ,
педагогикалық теория мен тәжірибеде бұрын соңды қолданылмаған жаңа, тың
идеяларды енгізу болып табылады;
Тәжірибелік-эксперимент жұмыстары бірнеше кезеңнен тұрады: диагностикалық,
прогностикалық, ұйымдастыру және тәжірибелік: талдау, айқындау, тәжірибеге ендіру.
993
Диагностикалық кезеңде-білім беру ұйымдарындағы бүгінгі күнгі жай-күйіне
мониторинг арқылы талдау жүргізіліп, қарама-қайшылықтары анықталады. Зерттеу
проблемасын айқындап, тақырып таңдалады. Аталған кезеңде зерттеу жүргізуге жағдай
жасаудың жолдары қарастырылады: мамандармен қамтамасыз ету, материалдық-
техникалық басза жасау, тарихи деректерді қарау көзделеді.
Прогностикалық кезеңде-инновациялық іс-әрекеттің тұжырымдамасы және
бағдарлама жоспары жасалады. Тұжырымдаманы ғылыми жұмыстың жетекшісі
(кеңесшісі) білім беру ұйымының ұжымымен бірлесе отырып дайындайды.
Тұжырымдамада-зерттеу жұмысының теориялық ережелерінің жүйесі. Бұл кезеңде
эксперименттің мақсаты, міндеттері, нысаны, пәні, болжамы анықталады.
Тұжырымдаманы дайындаудағы ең маңызды мәселе, инновациялық іс-әрекеттің
тиімділігін және нәтижеге жетудегі бақылау мен басшылықты бағалау көрсеткіштерін
анықтау қажет.
Ұйымдастыру кезеніңде-мектепке дейінгі білім ұйымының инновациялық
эксперимент алаңы мәртебесін алу бағытындағы жұмыстар қарастырылады.
Тәжірибелік кезеңде-инновациялық іс-әрекеттің тәжірибе ұйымдарында,
әдістемелік бірлестіктерде, педагогикалық кеңестерде, ғылыми кеңестерде талданып,
түзетулер мен өңдеулер жасалуы, бақылау топтарымен зерттеу нәтижелерін салыстыру
жұмыстары жүргізіледі.
Талдау, айқындау кезеніңде-алынған материалдар жүйеленіп, талданып, сандық,
сапалық нәтижелерінің көрсеткіштері аңықталады. Зерттеудің мақсат-міндеттерінің,
болжамының дұрыстығы тексеріледі.
Тәжірибеге ендіру-бұл кезеңде инновациялық технология сол ұжымның (қаланың,
ауданның, республиканың, т.б.) тәжірибесіне ендіріледі. Ол ғылыми тәжірибелік
конференцияға баяндама түрінде, педагогикалық басылымдардағы мақалалар түрінде
немесе оқу-әдістемелік нұсқаулар, көмекші құралдар арқылы таратылады.
Қоғамның дамуына қарай ғылым мен техникада оның басқару жүйесі де өзгеріп
отыратыны белгілі, осыған орай маман қызметінің мазмұны жаңарып, жаңа мақсат,
жаңа көзқарас, жаңа шешімдер мен жаңа мүмкіншіліктер қажеттігі туындайды. Мұндай
бетбұрыстар адамның іс-әрекетін өзгертіп қоймай оның жеке тұлға ретінде жаңаша
қалыптасуын талап етеді.
Қазіргі кезде жас ұрпаққа жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп
жатыр. Дарынды, шығармашылық тұлға қалыптастыру – білім мен тәрбие берудегі
мемлекеттік істің ең маңыздысы. Адамзат баласының өз ұрпағын мектепке дейінгі
оқыту мен тәрбиелеудегі ең озық тиімді ізденістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тың
жолдар іздеу педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту жалғаса бермек.
Білім, тәрбие жұмысына жаңа әдістемелік амал-тәсілдерді, құрал-жабдықтарды, жаңа
тұжырымдамаларды жасап, оларды қолдану инновация деп аталады. Инновация –
жаңалыққа талпыну, бұл сән немесе еліктеуін емес, қатал шындық, өмір қажеттігі.
Мемлекеттік тілді жан-жақты меңгертуде ақпараттық технологиялардың мүмкіндігін
тиімді қолдана білу, сабақ жүргізудің жаңа оқыту әдістерін әзірлеу – қазіргі кезеңде ең
өзекті мәселелердің бірі. Үйретілетін тілдік үйретудің әдіс-тәсілдерінің де жетілдіріп
жатқаны да белгілі.
994
Қазір педагогика ғылымында «оқутыдың жаңа технологиясы», «оқытудың
инновациялық технологиясы» деген ұғымдар кеңінен қолдануда.
Алдымен «технология» ұғымына тоқталайық. Бұл жерде ол «инновациялық
педагогикалық технология» мәніне ие болып тұр. Оның мағынасын түсінуіміз үшін
әлемдік педагогикалық тәжірибеде «технология» ұғымына көз жүгірткеніміз жөн. Ол
«техника» сөзінен шыққан, оның екі мағынасы бар.
1.
Оңдірістік құралдарының жиынтығы.
2.
Бір істі орындағанда қолданылатын тәсілдер жиынтығы.
Технология – грек сөзі, түсіндірмелі сөздікте бұл қандайда болсын жана істегі
шеберлік, өнерпаздық, іскерлік деген ұғымды білдіреді.
Білім беру саласындағы «технология» ұғымы өндірістік үдерістердегі
технология ұғымының басты қасиеттерін осы саланы жетілдіру үшін пайдалану
ұмтылысынан туындағаны анық. Өндірістік үдерістегі технология деп қолданғанда
алдын-ала көздеген нәтижеге жеткізетін, белгілі бір сапалық және сандық деңгейлердегі
өнім алуға кепілдік беретін, ғылыми негізделген алгоритмдер, әдістер мен құралдардың
жүйесін айтады.
Кез келген технологияның маңызы оның құрылымымен анықталады.
Технология белгілі бір мақсатты жүзеге асырады. Ол үшін құралдар пайдаланылады,
әдістеме жоғары деңгейге дейін жетіледі де, күтілетін нәтижеге қол жеткізіледі.
Технология маңызы.
МАҚСАТ – ҚҰРАЛДАР – ӘДІС-ТӘСІЛДЕР – НӘТИЖЕ
«Педагогикалық технология – оқыту мен тәрбие құралдарының арнайы
формаларының,
әдіс-тәсілдерінің,
жолдарының
жиынтығын
анықтайтын
психологиялық-педагогикалық нұсқаулар жиынтығы» Б.Т.Лихачев.
«Алдын ала жобаланған оқу-тәрбие үдерісінің тәжірибеде жүйелі әрі бірізді
жүзеге асуы». В.П.Беспалько.
«Инновация » термині педагогикада қазіргі таңда кеңінен қолданылуда.
Югославияның педагог ғалымы К.Ангеловский педагогика инновация мәселесін терең
түрде зерттеген. Ол инновация терминінің эканомика немесе техника ғылымдарынан
педагогика саласына келген дейді де, «кейбір педагогтар инновация терминінің орнына
реформа, жаналандыру, жетілдіру, оптимизация, оқыту модернизация ұғымдарын
пайдаланады»,-деп көрсетеді.
Инновация дегеніміз – мазмұнды жанашалау, ал жаңалық еңгізу дегеніміз –
инновациялық мазмұнды дамыту, жананы ұйымдастыру, ал «жанаша» жегеніміз жана
мазмұн, оны еңгізудің әдіс-тәсілдерін, технологиясын қамтитын құбылыс деп түсінеміз.
Г.В.Селевко «инновациялық педагогикалық технологияны» үш жақты сипатын
былай белгілейді:
- ғылымилық:педагогикалық технология – оқытудың мақсатын, мазмұның және
әдіс-тәсілдерін жасайтын, педагогикалық үдерісті жобалайтын, оларды зерттейтін
педагогика ғылымының саласы;
- үдерісті сипаттаушы: үдерісті сипаттау (алгоритмі) оқытудың жоспарланған
нәтижесіне жетуде қолданылатын мақсат, мазмұн, әдіс-құралдар жиынтығы;
-үдерісті іс-әрекеттік:технологиялық (педагогикалық) үдерісті жүзеге асыру,
барлық тұлғалық, құралдық және әдәснамалық педагогикалық құралдардың жұмысы.
995
Қазіргі мектепке дейінгі білім беру саласында инновациялық технологияларды
меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болуы мүмкін емес. Инновациялық
технологияны меңгеру тәрбиешінің интеллектуалды, кәсіптік-адамгершілік, рухани-
азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-
өзі дамытып, оқыту-тәрбиелеу үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Инновациялық технологияларды талдау барысында мына факторлар ескерілуі
керек:
-алынып отырған технология оқытудың тақырыбы мен мазмұнына сай болуы;
- тиімділігі, жүйелілігі және басқада жақтары. Инновациялық технологияны
пайдалануды төмендегідей кезеңдер арқылы іске асырылады.
1- кезең – оқып үйрену.
2-кезең – меңгеру.
3-кезең – өмірге еңгізу, тәжірибеде қолдану.
4-кезең – дамыту, нәтижесін тексеру.
Инновациялық технологияларды пайдалану негізінде мектепке дейінгі білім беру
тұжырымдамасының алгоритмі төмендегідей түрде ұсынылады:
- білім беру жүйесінің түпкі мақсаттар баяндау;
- аралық мақсаттардың болжамдық көрсеткіштерін баяндау;
- оқыту мазмұнына сүйену;
- көзделген мақсатқа жеткізетін және оқыту сапасын обьективті тексеру
әдістемесімен қамтамасыз ететін стандартты оқыту технологиясын ұсыну;
- оқытудың ұйымдастырушылық формаларымен шарттарын баяндау.
Енді инновациялардың мектепке дейінгі ұйымдарда пайдаланатын кейбіреуіне
тереңірек тоқталайық. А.С.Макаренка айтқандай «Бала өмірінде ойынның маңызы зор,
ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің, қандай маңызы болса, өскен соң
жұмыста да сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткерді тәрбиелеу алдымен
ойыннан басталады».
Оқу үдерісінде ойын оқытудың әрі формасы, әрі әдісі де болып табылады, сол
себепті ойын әрекеті тәрбиешімен баланың іс-әрекетінің бірлескен, өзара байланысты
технологиясының дидиактикалық категориясы ретінде де қарастырылады. Педагогтар
ойын үстіңде бала санасын дамыту, тәрбиелеу, оқыту қатар жүргізіледі, оны бала
белсенділікпен және асқан ыждағаттылықпен қабылдайтындықтан, ойындарды оқу
үдерісінде міндетті түрде енгізу жайлы айтады.
Қазіргі заманғы Қазақстандық білім беру үлгісіне көшуде және әлемдік білім
кеңістігіне енуде кәсіби білікті, құзыретті тәрбиеші – педагог қана өз жұмысын жаңадан
құрып, жоғары нәтижелерге жете алады.
Қолданылған әдебиеттер:
1.
«Балабақша»- Республикалық педагогикалық журнал.
2.
Музыкалық жетекшінің анықтамалығы
3.
Оқу процесінде дамыта оқытудың рөлі, педагогикалық теориялық негіздеулері.
4.
Қабдықайыров Қ. Инновациялық технологияларды диагностикалау – А., 2004
5.
Жүнісбек Ә. Жаңа технология негізі – сапалы білім. – №4, 2008
996
ИЗУЧЕНИЕ ИНОСТРАННОГО ЯЗЫКА КАК СРЕДСТВО РАЗВИТИЯ
РАЗЛИЧНЫХ СТОРОН ЛИЧНОСТИ РЕБЕНКА ДОШКОЛЬНОГО ВОЗРАСТА
А. В. Сафьянова
Центр изучения иностранных языков «Диалект»
XXI век – время расцвета информационных технологий. Расширяются
внешнеэкономические и культурные связи нашей страны, формируется социальный
заказ на владение иностранными языками, и с каждым годом потребность в их
изучении возрастает. Это в полной мере относится и к дошкольному периоду.
Родители дошкольников проявляют все большую заинтересованность в изучении
иностранного языка их детьми, в частности, в условиях дошкольных образовательных
учреждений, что во многом определяется принятием в Российской Федерации в 2002
году базисного плана, который предусматривает обязательное изучение иностранного
языка со второго класса.
Большинство педагогов, психологов и методистов считают введение раннего
обучения иностранному языку в дошкольных образовательных учреждениях
правомерным, так как дошкольный возраст – это тот период человеческой жизни,
когда формируются базовые качества личности, закладываются основы физического,
эмоционального и умственного развития (Ш. А. Амонашвили, Н. А. Бонк, Л. А.
Венгер, И. Н. Верещагина, Л. С. Выготский, П. Я. Гальперин, Н. А. Горлова, Э. П.
Комарова, А.А.Леонтьев, Е. И. Негневицкая, Г. В. Рогова, Е. Н. Трегубова, А. М.
Шахнарович и др.).
По мнению психологов А. А. Леонтьева, П. Я. Гальперина, Д. Б. Эльконина, зоной
наибольшего благоприятствования для начала овладения иноязычной речью является
возраст от 4 до 9 лет. Изучение иностранного языка развивает различные стороны
личности: память, внимание, прилежание, языковую догадку, эрудицию, дисциплину,
делает ребенка более активным, приучает его к коллективным формам работы в
группе,
побуждает
любознательность,
артистизм,
формирует
ребенка
интеллектуально и эстетически. Кроме того, появляется реальная возможность уже на
раннем этапе выявить детей, способных к языкам, и подготовить их к дальнейшему
серьезному обучению. В связи с этим появляется возможность начинать обучение
иностранным языкам уже в дошкольном возрасте.
В настоящее время не существует единых стартовых возрастных рамок начала
изучения иностранного языка. Модель «Российское образование –2020» фокусирует
внимание на необходимости получения образования в течение жизни с ранних лет и
выделяет систему раннего развития детей в качестве самостоятельного элемента
современной модели образования. Федеральная целевая программа развития
образования в качестве ожидаемых результатов видит «реализацию новых подходов к
формированию развивающей среды, наиболее полному выявлению и развитию
способностей детей» [1]. Родители имеют право выбрать для своего ребенка ту
программу дополнительного образования, которая, по их мнению, заложит основы для
будущего развития тех или иных способностей ребенка, в том числе и языковых.
997
В Европе важность изучения иностранных языков с раннего детства осознали
давно. Европейский некоммерческий проект в поддержку многоязычия «LIGHT»
(Language for Integration and Global Human Tolerance: Язык как условие интеграции и
всеобщей толерантности) является тому подтверждением. Приведем выдержки с
официального сайта этого проекта: «Проблема недостаточного владения языками
была осознана руководством EС уже в конце 80-х гг., когда была сформулирована
цель, остающаяся актуальной и поныне: каждый гражданин ЕС должен владеть, как
минимум, тремя общеевропейскими языками. На саммитах ЕС в Лиссабоне (2000 г.) и
Барселоне (2002 г.) эта цель была конкретизирована и обобщена в формуле «родной
язык плюс два иностранных» [2]. Рабочая программа Евросоюза «Общее и
профессиональное образование 2010», принятая в 2002 г., гласит: «Знание
иностранных языков относится к основным навыкам, которых требует просвещенное
европейское общество; владение каждого европейца двумя иностранными языками
должно стать правилом. Изучение иностранного языка, если это возможно,
необходимо поддерживать уже в раннем детстве».
Дошкольные образовательные учреждения все больше стремятся к тому, чтобы
поддержать индивидуальные способности ребенка, подготовить его к тому, чтобы он
мог соответствовать требованиям динамичного глобализирующегося мира.
Одна из существенных сторон этой подготовки – раннее овладение двумя и более
языками. К сожалению, большинство программ воспитания и обучения в дошкольных
учреждениях («От рождения до школы», «Радуга», «Детство» и др.) не содержат
раздела «иностранный язык», что приводит к изоляции данной дисциплины от
целостного процесса развития детей в дошкольном учреждении, и обучение
иностранному языку дошкольников рассматривается как дополнительный предмет.
Между тем, современное общество формирует заказ на обучение иностранным языкам
с раннего дошкольного возраста. В связи с повышением данного социального заказа
увеличилось количество дошкольных образовательных учреждений, обеспечивающих
его. Раннее обучение иностранному языку осуществляется сегодня в детских садах,
центрах развития, в рамках подготовительных к школе курсов.
Сегодня возможности практики иностранного языка для детей раннего и
дошкольного возраста расширились:
просмотр англо-американских обучающих программ и мультфильмов в
Интернете и по спутниковому телевидению;
прослушивание аудио сказок и чтение аутентичных книг со стихами и сказками;
выезды на отдых за границу, где ребенок оказывается в естественной языковой
среде, являющейся мощным механизмом, переводящим пассивные знания языка в
активные.
Перечисленные факторы позволяют начать приобщение ребенка к иноязычной
культуре с раннего возраста.
Так, с 2010 года в МДОУ «Центр развития ребенка „Матрешка”» (г. Витебск)
стартовала городская экспериментальная площадка по изучению влияния английского
языка на интеллектуальные способности детей. Были отобраны экспериментальная и
контрольная группы и утвержден учебный комплекс “My first English adventure”
авторов Mady Musiol и Magaly Villarroel. Также были выбраны разделы программы
998
развития и обучения в МДОУ для диагностики: окружающий мир, изобразительная
деятельность, развитие речи, игра.
В МДОУ «Матрешка» дети начинают изучать английский язык в 4-летнем возрасте,
приходя в детский сад. Усвоение иностранного языка осуществляется в процессе
общения ребенка с
педагогом. Все, чему учатся дети, можно объединить в тему под названием «Я в
окружающем меня мире». Тем не менее нельзя говорить об отсутствии тематического
планирования. Все темы, обсуждаемые с детьми, соответствуют определенной
Достарыңызбен бөлісу: |