Байгожина дана онирбековна



бет3/38
Дата17.01.2023
өлшемі2,17 Mb.
#61731
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Лингвостилистика – тілдің стильдік тармақтарын және сөздердің қолданылу заңдылықтарын тіл білімінде зерттейтін сала. Екінші бір мағынасында алғанда, көп мағыналы, көп салалы стилистиканың бір қыры [4].
Прецедент (лат. praecedens «алда жүруші, алдыңғы») – үлгі-өнеге немесе ақтауға негіз болатын оқиға, мемлекеттік органдар немесе сот шешімінің белгілі бір іске байланысты шығарылған және халықтың есінде қалған немесе қазіргі уақытта ұқсас әрекеттердің негізі болатын оқиға [5].
Прецедентті мәтін – сөйлеу әрекеті мен ойлаудың аяқталған дербес өнімі. Қандай да бір ұлттық, мәдени ортаның кез-келген мүшесіне таныс және коммуникация барысында бірнеше рет қайта қолданылуы мүмкін. Прецедентті мәтіндерге аңыз-әңгіме, өлең-ән сөздері және әдеби шығармалар т.б. жатады [6].
Мәдениеттің прецедентті феномендері – қоғамдық және тұлғалық қарым-қатынас, белгілі бір уақытқа тән рухани-адамгершілік құндылықтар туралы лингвомәдени ортаның санасында қалыптасқан көзқарастар жүйесі. Әлемнің елеулі, мазмұнды, айқын бейнесін жасауға ықпал ететін әлеуетті күш.
Фразеологизм – сөздердің тұрақты түрде тіркесуі арқылы жасалып, бейнелі, ауыспалы мағынаны білдіретін сөз тіркестері [4, 437 б.].
Концепт – адамның өмір сүруіндегі ақыл-ой, рухани немесе материалдық жағдайына қатысты, халықтың әлеуметтік тәжірибесінде бекітілген ұғым. Тарихи тамыры бар, әлеуметтік және субъективті түрде түсінілетін және осындай түсіну сатысы арқылы оған жақын басқа ұғымдармен байланысты немесе көптеген жағдайларда оған қарама-қайшы келетін ауызша белгінің мазмұндық жағы.
Интермәтін – бір мәтіннің басқа мәтінге енгізілуі. Интермәтін дегеніміз – таңбалар мен мәтіндер сипаты, өзге мәтіндердің өзгеріске түскен нұсқасы [7].
Цифрлық қоғам – әлемдік жоба, оның мақсаты жаһандық коммуникация желілері арқылы ақпаратты жинайтын, өңдейтін, құратын және тарататын микроэлектроника, жергілікті және жаһандық компьютерлік желілерді қолдануға негізделген коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы басқарылатын жаңа меншік қоғамын құру болып табылады [8].
Стилистика – адамның сөйлеуін, жазуының кез-келген көрінісі мен әртүрлілігін зерттейтін ғылым. Бұл тілді шығармашылық қолдану туралы ғылым және стильдің негізі, стиль категориясы.
Стиль (лат. stylus, грек. stylos «жазуға арналған таяқша») – образдар жүйесінің тұрақты бірлігі, ой түйінін ашу тәсілі, қаламгердің жазу мәнері. Стиль ғылыми стиль, мерзімді басылымдар стилі, ресми стиль және т.б. деп жіктеледі. Қаламгер қолтаңбасын анықтаумен қатар сөз өнеріндегі әдіс-тәсілдерді, бағыт-бағдарын ажыратады, түр мен мазмұнның бірлігін қалыптастырып, мәтіннің тұтастығын қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет