«Балалар әдебиеті» пәнінен студенттерге арналған ДӘріс материалдары



бет4/21
Дата14.02.2023
өлшемі222,12 Kb.
#67971
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
лекция Балалар әдебиеті

Бақылау сұрақтары:

  1. Абай Құнанбаев өмірі мен шығармашылық жолының бала тәрбиесінде алар орны қандай?

  2. Абайдың жыл мезгілдері өлеңдерінің танымдық мәні неде.

3 Абайдың өнер,білім, оқу-ғылым тақырыбындағы өлеңдерінің танымдық, тәрбиелік қуаты неде?
Негізгі әдебиет:

  1. Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті. Алматы, 1974.

  2. Ахметов Ш. Қазақ совет балалар әдебиеті. Алматы, 1976.

  3. Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі. Алматы, 1965.

  4. Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы(құраст.Ш.Ахметов).-Алматы: «Мектеп»,1980.-354б.

  5. Қазақ балалар әдебиетінің хрес.– Өңд.толықт.,1- бас. «Арман-ПВ» 2004. 1-кітап.

  6. Қазақ балалар әдебиетінің классикалық үлгілері. Алматы: Арда, 2011

Қосымша әдебиет:
1 Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. Т.1: Өлеңдер мен аудармалар. – Алматы: Жазушы, 1995. – 336 б.
2 Абай энциклопедиясы. – Алматы: 1995.





Дәріс –5
Тақырыбы: С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлиннің балалар әдебиетіне қосқан үлесі.
Жоспары:
1. С.Сейфуллиннің балалар әдебиетіне қосқан үлесі.
2. І.Жансүгіровтің балаларға арналған өлеңдері.
3. Б.Майлин – қазақ балалар поэмасының негізін салушы.
Дәріс мақсаты:
С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлиннің балалар әдебиетіне қосқан үлесін айқындау. І.Жансүгіровтің балаларға арналған өлеңдерінің танымдық, көркемдік, тәрбиелік мәнін ашу. Б.Майлиннің балалар поэмасына әдеби талдау жасау.
Дәріс мәтіні:
Сәкен Сейфулин қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы, балалардың сүйікті жазушысы. Оның «Маузер», «Бандыны қуған Хамит», «Бұлшық ет», «Балалар», «Келіншектің бесік жыры», «Ананың хаты», «Анаға жауап» деген өлең-әңгімелері өзінің жаңашылдығымен балалардың сүйіп оқитын шығармаларына айналды. Сәкеннің бұл шығармалары – балалар әдебиетінің дамыған жаңа дәуірінің бет ашары болды.Жасөспірімдердің еңбекпен айналысуы, сондай-ақ олардың әртүрлі ауыл шаруашылық жұмыстарына тікелей араласып, кетуі балалардың ой-өрісін кеңейтеді. Оларды тентек мінездіктен арылтып, саналы да тәртіпті адам болуға икемдейді. Сонымен қатар оларға практикалық іскерліктер мен саналы дағдылар туғызады. Мұнымен бірге еңбек балаларды әр нәрсені білуге талаптандырады, қазіргі материалдық дүние жөнінде азаматтардың құлшына кіріскен ер лік істеріне сүйене отырып, балалар мен жас өспірімдердің рухын көтеретіндей дәрежеде суреттейді.
Шаттық, қызық еңбекте,
Іс істейміз сүйсіне.
Темір қалақ үн қосар,
Күшті қолдың биіне.
Көкке өрлетіп қалаумен,
Қызыл қышты тізілту.
Қызыл күннің астына,
Орнатамыз қызыл ту...
Бұл өлеңде балаларды еңбекке тәрбиелеу, соған баулумен қатар, социялистік құрылыстың озаттарын, ондағы жас құрылысшыларды мадақтап, олардың еңбегін, Отанға берілгендік ынтасын жыр еткен. Барлық игі жұмыстар солардың жарқын болашағы үшін істеліп жатқандықтан, бұған жастардың өздері де белсене ат салысуы керектігі айтылған. Балаларды еңбек тәрбиесіне баулудағы бұл өлеңнің күшті де әсері болатыны осынысында.
Қараңғылық бұғауынан азат етіп, теңдікті өз қолдарына әперген революцияның жеңісін жас өспірімдерге ұқтыру, түсіндірудің алкен тәрбиелік мәні болды. Өйткені, езілген шаруа балаларының оқуға, өнер – білімге тең праволы болып қол жеткені тек революцияның жеңісі арқасында ғана екенін жас өспірімдерге түсіндіре білудің өзі балалар әдебиетінің басты міндеттерінің бірі болып есептелетін. Сәкен «Бұлшық ет» деген өлеңінде еңбек еткен адамның еңбегінің табысын сүйсіне жырлайды. Соны жас өспірімдерге үлгі етіп ұсынады.
Боянған түрлі шырайлы Балғын білек балтыр да,
Сұлу емес сырлы бет. Ширатылған түйіндей.
Ширатылған түйіндей, Бұлтылдаса бұлшық ет,
Шын сұлу күшті бұлшық ет. Кім тұрады сүйсінбей.
Көк темір құрыш болатпен,
Асусыз асқар тау кешкен.
Тас қопарып, жер үңгіп,
Шыңырау қазып, жер тескен…
Қайда жүрсе де біздің елде еңбек еткен адам сыйлы да болды, құрметке де бөленді. Отанын да, халқын да сүйсіндіріп, әрқашан даңққа бөлеп отырғанын жас өспірімдерге үлгі өнеге етіп көрсетті.Сәкеннің балаларға лайықты шығармалары оның поэзия саласындағы еңбектерімен ғана шектелмейді. Проза жанрында 1922 жылы жазған «Бандыны қуған Хамит » атты әңгімесі бар. Бұл әңгіме революция жеңісінен соң, өкіметке қарсы іріткі салу мақсатымен елдің үрейін, момын шаруалардың берекесін кеті ріп жүрген бандылардың қарақшылық әрекетін әшкерелеуге арналған. Мұнда да автор жаңа орнаған өкіметін оның ішкі жауларынан тазартып, көздің қарашығындай қорғай білу керектігін айту, соны жас өспірімдерімізге түсіндіруі көзделген. Әңгіменің композициялық құрылысында бір ерекшелік бар. Мұнда да оқиға желісі салған жерден бірден басталып кете қоймайды. Болған оқиғаны толық түсіндіріп, көз алдыңа елестетіп, айқын да дәл суреттеу үшін, Сәкен ең әуелі айналамен, оқиға болатын жермен, шығармада суреттелетін кісілермен таныстырады. Оқиғаның дәл өзіне жеткенше әңгімедегі кейіпкерлердің таптық көзқарасы, ұстаған мақсаттары, кәсібі, өздерінің кім екендігі бірте – бірте ашылып, айқындала береді. Оқиғаның қызықтығы бірін – бірі аңдыған екі көзқарастағы адамдардың қалай кездесетіндігінде болып, оқушы әңгіменің шарықтау шегіне жеткенше асығып, соған келе жатқан бағыттағы әр алуан суреттемелерге елігіп, зор әсер алып отырады.Әңгімеде суреттелетін банды бастығы Кудря мен оның ізіне түскен Хамиттің жеке басына тән ерекшеліктері, мінез – кескіндері, жүріс – тұрысы, сырт тұлғалары, күш салыстырғанда екеуінің бір – бірімен тең түсетіндері оқушысын өзіне еліктіре тартады. Сайысқа түскен екі адамның тағдыры немен тынар екен деген тынышсыз ойға шомдырып, өздерін патриоттық сезім билеп отырады. Жазушы банды бастығын суреттегенде: «Кудря жұрттың айтуынша және істеп жүргендеріне қарағанда, өзі балуан, жасаулы мылтықтан тай салу дегенді білмейтін, талайларды өлтірген», - деп оған мүлде адам баласы тең келмейтін алыптай етіп суреттейді.Әрине бұл арқылы жазушы жаудың да осал емес екенін көрсетеді. Ел тынышын кетіріп бүлік салып, ойына келгенін істеп жүрген осындай озбырға қарсы, соны ұстауға ояздық политбюро Хамитті жұмсайды. Ал Хамит кім? «Хамит ұзынша бойлы, жаурынды, тіп – тік сұр жігіт. Қырша мұрынды, шүңіріктеу қаракер тобылғы көзді, қырып жүретін сақалы, мұрты бар. Жасы 25 – 26 шамасында. Сом, сұлу денесі ылғи сіңірмен шиырылған көк ет еді. Бар денесі серіппелі көк темірден құйып жасағандай. Түйіліп жазылған қиғаштау қасы мен шұңғылдау көзі Хамитте зор қайрат, алкен қайсарлық бар екенін көрсетеді. Бет – аузы бүркіттің бетіндей». Хамиттің портретін осылай суреттеумен бірге еңбекте, істе төселген және дене шынықтырумен шұғылданып, ер көңілді кейпін жастарға үлгі етерлік қалыпта көрсетеді.
Қорыта айтқанда, Сәкен шығармалары балалар әдебиетіне жаңа тақырып, жаңа мазмұн әкелді. Ол балалар әдебиетін жаңа идеялармен толықтырды. Оның шығармалары жас өспірімдерге Отанға деген сүйіспеншілігі және он көздің қарашығындай қорғай білуді, халқына адал қызмет етуді үйретті. Сонымен қатар, еңбек ету – адам баласы болашағының бақыты екенін түсіндіруге күш салды. Сәкен шығармаларының айқын идеясы балаларды патриоттық рухта тәрбиелеп қана қоймай, ол сонымен қатар балалар әдебиеті тақырыбына жазып жүрген жазушыларға әдістермен қалай, қайтіп жазу керектігінің үлгісін көрсетті.
Майлин Бейімбет (шын аты - Бимағамбет) Жармағамбетұлы 1894 жылы қазіргі Қостанай облысы, Таран ауданында кедей шаруаның отбасында туған. Екі жасында әкесінен айырылған Бейімбетті бай қолында сауыншы болып жүрген анасы тәрбиелейді. Жастық шағы жоқшылықпен өткен Бейімбет жеті жасқа толысымен, бұғанасы қатпастан, қозы бағуға жалданады. Аул моладасынан азғана сауатын ашып, хат танығаннан кейін Бейімбет енді оқуға ынта білдіреді. Жасы 17 ге келгенде, ағайындарының жәрдемімен, Уфа қаласындағы медресе, Ғалияға келіп оқуға түседі. Білімге сусап келген Бейімбет оқуды өте жақсы оқиды. Оның алғашқы әдебиетке деген беймі де осында байқалады. Медресе ні әдебиетке ынталы шәкірттері «Садақ» атты қолдазба журнал шығарып тұратын. өлең жазуға талабы бар Бейімбет көп кешікпей осы журналдың белсенді мүшесінің бірі болды. әлеуметтік маңызы бар, дінді әжуа-сықақ өтетін «Мұсылмандық белгісі» атты өлеңі, «Шұғаның белгісі» атты ұзақ әңгіме осы «Садақ» журналында жариялана ды.
Бейімбет ескі дүниенің қатал езгісінен арылып, теңдікеке қолы жеткен өзі сияқты аул кедейлерінің басон құрау жұмысына белсене кіріседі. Осы тұста жазған «Кедейге» атты әйгілі өлеңінде ақын таптық бет алысын айқын танытады:

Сенің зарың – зарлайтыным өмірге,


Сенің арың – арлайтыным өмірде.
Сен не көрсең – менде соны көрмекпін,
Белді буғам ауырға да, жеңілге,-

деп, кедей шаруалар алдында сенің жыршыңмын, сеніңқуанышыңа да, қайғыңа да ортақпын деген халық ұлының адал сертін береді. Ол хал қының бақыты үшін бүкіл өмірін, бүкіл жазушылық қабілетін аяған жоқ. Мұғалімдік қызметін ақара жүріп, алдымен халық азарту жұмыстарын жолға қоюдың тарихи мәні барын ерекше сезінді. Соны зор шабытпен рухтана жырлау ең басты шыққан тақырыптарының біріне айналды. Қостанайда «Жаңа ауыл» газетін ұйымдастырды. өзінің осы тұста жазған әңгіме өлеңдерімен ел арасына жеткізді. Бейімбет Қызылорда қаласында «Еңбекші қазақ» газетінің редакциясына қызметке шақырды. Жазушы осы газетке жұмыс істеп жүрген кезінде, «Қазақ әдебиеті» газетінің редакторы болды.


Бейімбет Майлин - әдебиеттің түрлі саласында еңбек еткен жазушы. Оның қаламынан өлең, поэмалар ғана емес, сонымен бірге сан алуан көркем, очерктер фельетон, мақалалар менн посестер түйдектеліп шығып жататын.Өлең кестесінің шебер өрнекшісі, құлақ құршын қандыратын діл мар әңгімеші, оқиға тартысын қиыннан қиюластыра білген алкен драматург Бейімбет Майлин 1938 жылы 44 жасында қайтыс болады. Бейімбет «Кемпірдің ертегісі» ( 1916 жылдың қанды оқиғасынан бір сурет ) деген поэмасында балаларға алкен саяси маңызы бар тарихи мәселені өте қызықты да көркем етіп баяндаған. Мұғалім бола жүріп бала психологиясын жақсы білген Бейімбет балалардың қай нәрсеге болса да әуесқой болатынын ескеріп, алдымен балалар өздері қызығатын мәселенің айналасында сұрақ қоя беретін ерекшеліктерін де осы поэманы жазу үстінде шебер пайдаланғаны байқалады. Мұны ертегінің басталуынан – ақ айқын аңғаруға болады:

Айтшы, әжетай ! Айтшы, айтшы ертегі,


Ертегің ше еліктіріп ерістеді.
Ерте Күнде өзің айтқан «Ерікті»
Елдің, жұрттың кім дер сонда көркі еді? –
Әже, әже!.. Атам сонда барма еді?
Онда тағы нақ осындай шал ма еді?
Атам қайда барды дейсің кімменен?
Кімге ермей, дейсің, үйде қал деді ?
Айтшы, әжетай! Айтшы, айтшы ертегі!
Ертегің ше еліктіріп ерістеді.
Әсіресе «Әкең өлді» дегенің,
От боп жанып, жүрегімді өртеді! –

әкесі Қайранбай қан майданында қаза тауып, әжесінің бауырында жетім қалған баланың қойған осындай сұрақтары үлкен бір оқиғаның басталуына себепші болады.Соған байланысты жас баланың тілегін орындау үшін 1916 жылдың қанды оқиғасынан бір сурет басталып кетеді.


Балалар үшін қызықты етіп әңгіме бастаудың бір тәсілі осындай шеберліктен туады да, өзінің тыңдаушысын жалықтырмай одан әрі жетектеп отырады. Поэманың жалпы идеясы өткенді еске Алу арқылы жас өспірімдерге қан мен тер арқылы қолға ти ген бақытты тұрмысыңды ардақтай біл, көздің қарашығындай сақтай да қорғай біл легенді үйретеді. Сол арқылы жас өспірімдердің болашағына, алдағы өміріне жол ашады.Мунда ешқандай ақыл айту не құрғақ өсиетпен баланы мәз етерлік бос сөздер жоқ. Поэмада болашақ адамның жан дүниесін қалыптастыратын үлкен оқиғаға байланыстыра айтылған өмір танытарлық күрделі ойлар бар.
Бейімбет Майлиннің бұл поэмасы Макаренко айтқандай дәл осы тұрғыда адамзаттың азат болатындығы туралы көрегендікке негізделіп жазылған. Бұл («Қараңғыр»(Ананың ашуы)) өлеңде ата – анасын бебеу қақтыратын 13-14 жастағы қолды-аяққа тұрмайтын тілазар, әумесер баланың бейнесі суреттелген. Басында өз бетімен жіберіп тәрбиелеудің салдарынан еш нәрсеге қыры жоқ, байымы жоқ, түсіксіз баланы көріп оның өрескел қылықтарына айран қаласың:

Қараңғыр, қаңғырумен күнің кешті, Баққаның ертеңді – кеш доп пен асық,


Қараңғыр, дал – дұл қылып киімді ескі, Қараңды батырасың үйден қашып,
Тату боп жүрсең нетті, қараңғыр – ау, Шуақта мына тұрған ықтасында,
Қоймайсың Боранбаймен төбелесті. Қаңғырып бұзау кеткен қақпаны ашып,-деп басталады ананың ашуы. Салған жерден ақпа құлақ, тілазар баланың жексұрын тұрпаты бір ден-ақ көзге түседі. Балалығы ғой деп оның мінезінің өрескелдігіне бір жағы күлкің келсе де, анасын зар илеткеніне қарап ренжисің. Ана үмітін ақтайды деп отырған қадірмен баланың өсе келе шаруаға икемі жоқ, осындай ті лазар болғаны – ата – анаға үлкен күйік. Еркелікке салынып, жастайынан шолжаң өскен баланың шаруаға да қыры келмей, осындай есерсоқтау болатыны бір жағы ата –ананың өзіне де байланысты. Өйткені баланы бастан деген сияқты оның еркелік шолжағына тыйым салмай, баста өз бетімен қоя беру – он осындай бейбастыққа ұрындырған. Мұнысы соңынан әдетке айналады да өсе келе мұндай бала еңбек тәрбиесіне кетеді.Бала үшін оқуда еңбек. Бірақ соның өзіне де мұндай баланың мойны жар бермейді. Шаруаға да, оқуға да бейімі жоқ әумесер баланың тым өрескел сипати бір ден – бірге айқындалып, тұла бойыңды суытарлық бір түрлі жексұрын тип көз алдыңа пайда болады. Әрине мұндай тип Кіме болса да ұнамайды, өзімізден аулақ болсын легенді еріксіз айтқызады. Ата – ананың бар ой, арманы мен тілегі өзінің өмірінің жалғасы деп танылған баласының болашағы дәл осындай болмаса деп тырысады. Ең ар жағы қарғаса да, соқса да соның келешегін ойлайды, жақсы өсіп, дарқан болуын тілейді. Дәл солай ету үшін ата – ана алдымен балаға белгілі бір мақсатты көздейтін талап қоя білу керек. Сонымен қатар белгілі бір мақсатты көздейтін талаптың орындалуын да үздіксіз қадағалап, бақылап отыру қажет.Өйткені өмір сүре білуге әлі де үйренбеген, оған қалыптаспаған жас өспірімдер әсіресе күшті бақылаудың болуын қажет етіп отырады. Күшті бақылау бар жерде көздеген мақсаттан тиісті қорытынды шығаруға болады. Сонда ғана бала өз мінезін бір жүйеге қалыптастырып, қойылған талапты орындап отыруды дағдыға айналдырады. Осы қағиданы түсіне білген Бейімбет ананы бостан – бос ашуландырып, тектен – тек қарғап – сілете бермейді. Баланы жөнге келтіріп, ақылға көндірудің жолын іздестіреді. Ол жоғарыда айтылған белгілі мақсатты көздейтін талап пен соның іске Асуан қадағалайтын көшті бақылау екенін жазушы еске салады.
Қорыта айтқанда әумесер баланы белгілі дағдыға үйреткен, оған жүктелген мақсаты анық, нақтылы еңбекпен күшті бақылаудың жемісі болды дей аламыз. Өйткені «нағыз, шын, адал және ер кін еңбек адамның тұрмысына әсер етюді, егер ондай еңбекболмаған Күнде өзінің бағасын, адамдық қасиетін жоғалтқан болар еді. Еңбек тіпті адамның өсуі үшін керекті ғана жадай емес, оның адамның қолы жеткен қасиетін бір дәрежеге ұстау үшін де маңызы зор », - дейді К.Д. Ушинский. Ойын қызығына беріліп, тіпті әумесерленіп кеткен баланың қабілеті және таланты ендігі жерде осы еңбек арқылы көрінетін болады. Ана ашуыарқылы жеткізіп отырған Бейімбет өлеңінің балаларға беретін тәрбиелік әсері осындай.
Ілияс Жансүгіров 1894 жылы 1 май күні қазіргі Талдықорған облысы, Ақсу
ауданының бұрынғы төртінші аулында туды. Ілияс шешесінен жастайынан жетім қалып, әке тәрбиесінде өседі. Қатал мінезді әкенің тәрбиесінде өскен Ілияс жас кезінен бастап -ақ өткір мінезді, өжет, еңбек құмар және зерек болады. Өйткені оның әкесі Жансүгір қолөніріне мейлінше жетік болыпты. Ол аяқ киім тігетін етікші және темір мен ағаштан түйін түйетін ұста екен. Мұнымен қатар ескіше хат танитын, арабша сауатты кісі болғандықтан, халық ауыз әдебиетін көп оқып, көп жинапты. Бір сырлы, сегіз қырлы осындай шебер әке өз қолынан келетін бар өнерін Ілиясқа жас кезінен үйретті. Сондықтан Ілияста әкесіндей әрі етікші, әрі ұста, әрі әнші, домбырашы болған. Бір жағы әкесінен оқып, арабша хат таныды. Осының өзі Ілиясты әдебиетке қызығуы мен өмірге деген көзқарасының қалыптасуына көп көмегін тигізді. әкесінен көптеген қызықты әңгімелер, халық өлеңдерін естиді. Халық өлеңдері мен ертегілері оны халық өмірімен, арман-тілегімен зор болашағымен тереңірек танысуына мүмкіндік туғызды. Айналасындағы болып жатқан неше алуан өмір құбылыстары да баланың байқағыштық назарынан тыс қалмаған еді.

Ежелден ескеруші ем елдің сөзін,


Бұлақтың тазалауға тінтіп көзін.
Барма деп ашпаған сыр, айтпаған жыр,
Құлақты қырға түріп жүрген кезім.

дейді.
Әрі зерек, әрі ұғымтал бала мұнымен де қанағаттанып қоймай 1905 жылы жергілікті жерделі Қарағашта ашылған орталай мектепте оқып, оны 1911 жылы бітіріп шығады. Осы кездерден бастап өлең жазумен айналысады. Ілиястың алғашқы қызметі халық азарту жұмысына араласудан басталғандықтан, ол ең алдымен қараңғыда қалған өзіндей қазақ жастарының басын құрап, хат танытып, сауатын ашуды өзіне үлкен міндет етіп қояды. Сондықтан ол «Жалпы жасқа» деген өлеңімен ұран тастап:


Әйел, еркек, жалпы жас!
Көтеріл, көрін, көзіңді аш!
Жаңбырлы жазғы жапырақтай,
Көркей, көгер, гүлің аш!
Оқы, орталас, ұйымдас!
Бірік, бірлес, жиыл жас!
Жиылатын күн жетті,
Қайтып ұйқың қиылмас!-деп, ел арасына, қарамағында оқуда жүрген жасөспірімдерге үгіт жүргізеді. Ілиястың бұл кезде мол еңбек еткен соншалық, бас аяғы он шақты жылдың
ішінде жиырмадан астам кітабын бастырып шығарды. Ақын бұл тұста коллектив болып біріккен қазақ аулын, құлазыған қыр суретін өзгерткен альп өндіріс орындарын, бесжылдықтар туғызған толып жатқан жаңалықтарды өз жырының өрнекті арқауы етті. Қазақ балалар әдебиетінің іргесін қалаушылардың бірі болған ірі талант иесі Ілияс Жансүгіров 1938 жылы қайтыс болды. Бұл өлеңінде ақын Жетісу өлкесіндегі барлық табиғат сұлулығын даралап
сипаттайды.

Ыстық көл жер айнасы мөлдірейді,


Балқашты қамыс қамап желкілдейді.
Аттанған алты өзені Жетісудың,
Балқашқа бауырымдап еңкілдейді…
Ақын бұдан ары алты өзеннің әрқайсысының өзіндік сипати мен ерекшелігін оның халық шаруашылығына тигізетін пайдалы жақтарын көз алдыңа келтіреді.
Шу әне, тауды тартып, шыққан шулап,
Ойнақтап, ырғи жосып таудан тулап.
Асқардан ақтарылған ақ емес пе,
Қарқ болған қырғыз-қазақ суын сулап
деп одан әрі бұл жерді ерте заманнан бері қарай осы күнге дейін қазақтың қай тайпасы, қай елі мекен еткені баяндалады. Мұның өзі өлке танумен қатар бірталай тарихи мағлұматтарды білуге де септігін тигізеді. Табиғат сырын білуге құмарта, есі кете көңіл қоятын жас өспірімдер мұндай өлеңдердің әрбір жолын қызыға тыңдайды. Үлкен суреткердің көреген көзімен берілген табиғат образы көңіл-күйін білдіріп, адам сезімін терең оймен астаса береді.
Шымырлап іле қайнап құмды кезген,
Қыс қақпан, ұйық, дойыр, долы безген.
Алыстан араб көшкен керуендей,
Тоң мойын, томсарулы тұнжыр көзбен.
десе, Шелек өзені жайында мынадай суреттеулерді көреміз:
Арқырап асау Шелек орыпты тас,
Бурадай бұлқынады көк ала бас.
Ол баста күн шығысқа шыға шауып,
Жалт беріп етекке еңсей сапты құлаш.
Ілияс Жансүгіров балаларға өлке таныту мақсатымен Жетісудың өзендері мен көлдерін, тау-тастары мен жәндіктерін суреттесе, «Жер түгі» деген өлеңінде шығатын ағаштар мен өсімдіктерді тізбектеп өтіп, осылар арқылы балалардың табиғат тану қабілетін жетілдіре білуге көмектеседі.

Ағашта өзің білген қарағай, тал.


Жалғыз-ақ неше алуан түрлісі бар.
Долана, ұшқат, шатен, ырғай, арша.
Ақ сасық, қызыл қайың, арша, шынар.
Шырғанақ, сөңке, терек, сөгет, емен.
Үйеңкі, шырғай, балғын тораңғылар.
Сарыағаш, қойқарақат, жиде, шатен.
Тобылғы, түйеқұйрық, бауырқұрттар.
Қараған, бозторғай, шеңгел, шілек.
Сықылды ағаштардың талайы бар.
Адамның күші өзінің ақылында деп бағалайтын болсақ, онда осынша табиғат байлықтарының бәрі де соның игілігіне жұмсалатын дайын ас. Егер адам баласы табиғаттың осындай бай мұрасын өзінің білімдігімен пайдалана білсе, қойнындағы бар асылын адам игілігіне ақтарып салатындай шек жоқ. Ілияс жаратылыс байлықтарын суреттеумен қатар, соларды қадірлеу, күту, оны халық игілігіне пайдалана білуін жас өспірімдердің естеріне салады. Сонымен қатар жаратылыс байлықтары мен оның құпиясын суреттейтін және соны халық игілігіне асыратын маман кадрлар шығуына бағыт сілтейді. Табиғат байлықтары мен оның көрікті суреттерін суреттеуде ақынның алға қойған мақсаттары осындай идеяны көздейді. Балаларға жазылған Ілияс Жансүгіровтың шығармаларының қамтыған үшінші үлкен тақырыбы – еңбек тәрбиесіне арналған. Бұл Ілиястың 1929 жылы Ташкентте, Алматыда басылып шыққан «Малта», «Шәркей» деген суретті кітапшаларынан көреді. Бұл кітапшалар мектеп жасына дейінгі балаларға арналған. Жазушы мектеп жасына дейінгі балалардың ойлауы өте айқын және нақтылы болатынын ескерте отырып психологиялық ерекшеліктеріне тән материалдарды қызықта да күлкілі етіп, солардың өздеріне тарту екен. «Малта»да, «Шәркей» де еңбек процесінен шыққан еңбек жемісі екенін балаларға көптеген мысалдар келтірумен дәлелдейді.
Малтаның жасалу процесін ақын балаға былай түсіндіреді:
Жайылып келіп толтырған Ауыздарын қомпайтып,
Қоңырша қойдың сүті едім. Көбігімді ұлы алды.
Қатын қақтап сауған соң, Қаймағымды қызы алды.
Шелекте қалып бүркендім. Қаспағымды мысығы.
Пісірді де түсірді. Жуындымды күшігі…
Тостағынан томпайтып.
Малтаның өзінен өзі бірден жасала қоймайтынын, оның осындай қиын процестері бары, оған аналардың көптеген еңбек сіңіргені балаға жүйелі түрде айтылады.
Айран беріп балаға, Пісіп-пісіп толқыды,
Құя салды сабаға. Бетімде май күлкіді.
Тентек піскек түскен-ай, Қылшықтарын шайқады,
Күлдір-күлдір піскені-ай Тұзын татып байқады…

Бала өзі байқаған осындай әрбір құбылыстың мән-жайы, оның себептерін, осы процестің бәріне белгілі бір уақыттың кететінін, оған бірталай еңбек жұмсалып жатқанын да түсіне бастайды.


Серең сирақ сөреге,


Жайып қойды өреге.
Өреде күннің өткені-ай,
Шақылдап шекем кепкені-ай.
Ақын «Малта» өлеңінде тіпті құртты жасау үшін де көп еңбек жұмсалатынын пайымдайды. Мұндағы ақын мақсаты құрттың жасалу жолын үйрету емес, соған жұмсалатын еңбек процестерін таныту. Мектеп жасына дейінгі балалар осы махзмұны, тілі түсінікті әрі жеңіл, әрі қызықты, сонымен қатар ұйқасымы, ырғағы жақсы өлеңдерді тез жаттап алады да, ондағы сөз байлығын өздерінің күнделікті сөйлейтін лексикасына айналдырып жібереді. Осыған сәйкес сөз тізбектерін құрастыра сөйлеуге дағдылана бастайды, бұл өлеңді балалар оңай түсінетін тағы бір ерекшелігі – мұндағы кездесетін «Өре, саба, піскек, шүйке, шуда» сияқты қазіргі кезде қолданудан шығып бара жатқан қиын атаулардың бәрі де көрнекі етіп, суреттеумен берілген. Шынында да жұмыстың біржағын баланың өзіне істетіп оны еңбек процесінде араластыруы және өзінің сол жұмыстың тезірек орындалуына қызықтырып қою жазушының аса шеберлігін білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет