«Балалар әдебиеті» пәнінен студенттерге арналған ДӘріс материалдары



бет5/21
Дата14.02.2023
өлшемі222,12 Kb.
#67971
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Бақылау сұрақтары:

  1. С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин шығармаларының бала тәрбиесінде алар орны қандай?

  2. І.Жансүгіров өлеңдерінің танымдық мәні неде?.

3 Б.Майлин ертегі, реалистік поэмаларының танымдық, тәрбиелік қуаты неде?
Негізгі әдебиет:

  1. Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті. Алматы, 1974.

  2. Ахметов Ш. Қазақ совет балалар әдебиеті. Алматы, 1976.

  3. Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі. Алматы, 1965.

  4. Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы(құраст.Ш.Ахметов).-Алматы: «Мектеп»,1980.-354б.

Қосымша әдебиет:

  1. Қазақ балалар әдебиетінің хрес.– Өңд.толықт.,1- бас. «Арман-ПВ» 2004. 1-кітап.

  2. Қазақ балалар әдебиетінің классикалық үлгілері. Алматы: Арда, 2011




Дәріс - 6
Тақырыбы: А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытовтың, балалар әдебиетіне қосқан үлесі.
Жоспары:
1 А.Байтұрсыновтың өнер,білім, оқу-ғылым тақырыбындағы өлеңдерінің танымдық, тәрбиелік қуаты.
2 М.Дулатовтың балалар әдебиетіне қосқан үлесі.
3 М.Жұмабаев өлеңдерінің танымдық, тәрбиелік мәні.
4 Ж.Аймауытов – балалар сатиралық поэмасының негізін салушы.
Дәріс мақсаты: А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытовтың балалар әдебиетіне қосқан үлесі саралай отырып, шығармаларының ұлттық рухани құндылықтарын дәйектеу.
Дәріс мәтіні:
“Жан тұрмысы өркендеу үшін жас балаға ертегі тым қымбат нәрсе. Бала ертегіні жан-тәнімен тыңдайды. Жандандырып, суреттеп алып келсең ұғады. Мысалы, балаға өтірік айтпа деген құрғақ сөзің желге айтылғанмен бірдей. Егер сен балаға өтірігінен қор болғанын, зиян көргенін суреттеп алып келсең, міне, бала өтірік айтпау керек екендігін сонда ұғады. Қысқасы, балаға ертегі тым қымбат нәрсе. Бірақ ертегінің ертегісі бар. Кейбір ертектер баланы бұзудан басқаға жарамайды. Мысалы, дию, пері, жалмауыз кемпір, аруақ, көрден кебінін жалмап шығатын обыр, жын-шайтан секілді ертегілер баланы бұзады, қорқақ, жасық қылады”деп түсінетін Мағжан Жұмабаев қазақтың балаларға арналған ертегі поэмаларының негізін қалаушылардың бірі болды. Оның “Жүсіп хан”, “Өтірік ертек” атты ертегі поэмалары терең назар аударуға тұрарлық.
Ақынның бұл ертегі поэмаларын “Шын ертек”, “Өтірік ертек” атап отырғанының да өзіндік мәні бар. “Жүсіп хан” ертегі поэмасы қарадан шығып хан болған Жүсіптің қайғылы тағдырын өзек етіп, трагедиялық тұлғасын сомдаса, суретші Арлаудың “Мысық тышқан” деген он төрт суреті бойынша жазылған “Өтірік ертек” аллегориялық тәсілді ұстанған мысал жанрына жақын.
“Жүсіп хан” ертегі поэмасының оқиғасы бала қабылдауына қонымды, логикасына сіңімді, мазмұны түсінікті келуімен ерекшеленеді. Жеткіншек танымына сай болу үшін, ақын поэма прологынан шешіміне дейін жеті буынды жыр өлшемін тұрақты қолданған әдісі де ұтымды, әрі қызықты. Ақын ертегі жанрына тән ерекшелікті және балалар шығармасына қойылатын талаптарды сақтай жазуы да ақындық шеберлігінің белгісі.
Бар екен де, жоқ екен,
Аш екен де, тоқ екен.
Ертек-ертек-ертекте
Ала қарға – қазаншы,
Қара қарға – қазаншы,
Шымшық терген шөпшекті.
Қарлығашы қалбаңдап,
Жапалағы жалбаңдап,
Көрсетіпті көмегін.
Құс атаулы әйтеуір,
Болыпты бәрі әбігер,
Мен білем бе себебін?!–
деп жас оқырманға сұрақ қоя отырып, бала зейінін бір аударып алып, “ертегіде не болады” деген бала қызығушылығына түрткі жасайды. Сұраулы сөйлем мұнда оқырман мен ақын арасын жалғастырушы қызметін атқарып тұрғандай. Әрбір тармақ бейнелі суретке толы және оқиға динамикалы басталуымен ерекшеленеді.
Сөз бұл емес, сөз кейін,
Бұл сөздерін әншейін.
Кеуде кернеп демалыс.
Бұл бұлаңы түлкінің,
Бұл бастапқы бүлкілім,
Болғаннан соң жол алыс.
Тағы да айтам: бұл жерде
Жазбақ емен сендерге
Құстардың не қылғанын.
Бұл әншейін қомданып,
Даярланып домбыра алып,
Тамағымды қырғаным –
деп екінші рет бала зейінін басқа оқиға басталатындайәсерге дайындайды. Ақын кішкене оқырманының түсінігін ертегі мазмұнына тағы да жақындатып алып, баланың қиялын ұшқырлыққа, алғырлыққа даярлайды. Оқырман ертегішінің “Бұл бұлаңы түлкінің, // Бұл бастапқы бүлкілім, // Болғаннан соң жол алыс”, – деп өзге бір жайды меңзеп отырғанын байқайды. Демек, осы орайда М.Әуезовтің: “Қазақ ертекшісінің бәрі де көптен-көп ертегісін: “ертеде бір бай бопты”, “ертеде бір хан бопты”, “ертеде бір кемпір мен шал бопты” деп бастайды. Немесе, “ертек-ертек ерте екен” деген сияқты көпке ортақ, ерекше, өлеңше бастауымен келеді. Кейде “ерте күнде үш ағайынды жігіт бопты” деген сөздер ертегінің басын бастайды.
Осылайша ертегінің алдында үнемі айтылып отыратын дағдылы сөздері әңгіменің жолын ашады, жөнін аңғартады. Айтылатын өзге әңгіме емес, ертегі, оның өзге сөзден бөлек, өзіне тән айшығы, өрнегі бар. Тыңдаушы соны аңғарсын да, есітер әңгіменің ерекшелігіне бейімделе берсін демек” дейтін сөзін еске ала кеткен орынды.
Ал тамақты қыралық,
Бөрікті жерге ұралық.
Кіріселік кеңеске.
Кеңес мынау ұнаса:
Жер жүзінде тамаша
Талай жер бар емес пе?–
деп бала оқырман зейінін оқиғаға қайталап аударады. Ақын қолданған бұл тәсілдіңұтымдылығы: баланың ертегі мазмұнын дұрыс ұғына білуі және логикасына сіңіре қабылдауы үшін қолданылғаны. Ең алдымен бала қызығушылығы үшін Иран бақтарының сұлулығын суреттеп алады. “Жүсіп хан” ертегі поэмасының оқиғасы Иранда өтеді:
Иранда сонау құт қонған
Байға ғана құт болған
Бопты дейді Аббас хан.
Жасын тақта жасаған,


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет